Біріншіден, базалық деп аталатын, негіз болатын салық салымын қарастырайық. Олардың бір бөлігі Д. Рикардо және А. Смит өмір сүрген кезде қазіргі салық салымы жүйесі тәжірибе негізінде құрылған.
Қазіргі салық нормаларын қанағаттандыратын үш басты принципті қарастырайық. Олар: анықтылық, нәтижелілік, әділдік. Анықтылық А. Смиттің түсінігінше, әрбір салық алдын-ала және дауысты хабарландыруға тиісті. Мынадай қатынастарда:
Салық төлеуге тиісті адам
Сол салықты алушы адам немесе мекеме
Сол салықтың алыну немесе төлену кезеңі
Салық төлеушінің салық ретінде төлейтін соммасының нақты анықтылығы
Нәтижелілік салық төлеу міндеті атқарылуына байланысты қаражат және еңбектің, қосымша уақыттың жойылуы. А. Смиттің түсіндірілуінде ол үшініш және төртінші принциптер (уақыт үнемділігі, салық төлеу аймақтары және қосымша шығындардың аздығы). Шын мәнінде, билеушілердің салық салушыларға ұсынған арнайы шектеулері мен салық төлеу кезіндегі шарттары оларға негативті ықпал етіп отырды. (салық төлеуді мезгілсіз уақытта, ыңғайсыз жерде талап етуі және т.б.)
Қазіргі уақытта нәтижелілік принципі ұлғайтылған түрде көтерілуі қажет. Біріншіден, тек қана мемлекет шығыны ғана емес, салық жинау, сонымен қатар салықтық есеп және салықтың есептік ұсынылуы есепке алынуы қажет.
А. Смиттің кезінде бұл азаматтардың шығыны аз болды. Бірақ, қазіргі кездегі салық салымы жүйесінің шығындары азаматтың немесе мекеменің салығықай кезде де өз соммасына тең болатындай үлкен көлемде болды. Көптеген батыс елдерінде салық төлеушілердің мұндай шығындары әлдеқашан қабылданған және қатаң қадағаланады. Екіншіден, жоғары технологиялық және қымбат техникалық құралдардың салық қызметкерлерінің көбеюі салық органдарының шығындарының көбеюіне әсер етеді.
Салықтың әділдігі негізінде А. Смит салықтың, оның төлеушілері арасындағы ауыртпалықтың бірдеңгейлілігін түсіндіреді. Оның алдында мұндай деңгейлік кейде салық соммасындағы арифметикалық термин ретінде түсіндіріледі.
А. Смит әрбір азаматтан алынатын салықты оның кірісінің көлемін алынатын алымдарды салықтық әділдік деп есептеуді ұсынды. Басқаша айтқанда, салық салымының пропорционалдық ережесін еңігізді. Сол кезде бұл алға деген үлкен қадам болды.
Қазіргі кезде «салықтың әділдігі» идеясы әрі қарай салық салымының дамуына тікелей әсерін тигізді. Сол арқылы жоғары табыс табушылар салық түрінде олардың көп бөлігін төлеу керек болды.
Осы классикалық нормаға айналған салық салымының түрлерінен басқа қазіргі тәжірибе жүзінде тиым салу деп аталатын маңызды принциптердің қатарын жасап шығарды. Солардың ішінде мыналарды атап кетуге болады:
Заңсыз салық еңгізуге болмайды.
Салықты еселеп алуға болмайды.
Өндіріс факторларына салық салуға болмайды.
Негізделмеген салық дискриминацисына тиым салынады.
Бірінші принцип (тыйым салу) ерекше қарапайым: ол халықтың еркісіз халықтың еркіне қарсы немесе халықтың бақылауынсыз мемлекеттік басқармаға салық салуға тыйым салады. Сол атпен барлық буржуазиялық революциялар өткен болатын және қазіргі кезде әрбір мемлекетте әр түрлі салық алу заң басқарушы органдардағы (парламеннттегі) азаматтардың келісуімен жүргізілуі керек.
Келесі принцип (тыйым салу) оқиғамен байланысты, обьект сол бір уақыт аралығында ұқсас салықты бір рет ала алған кезде (яғни, заңсыз еселенген салық салымы). Мұндай оқиға қазіргі күрделі салық жүйесіне сай келеді. Осыған байланысты әрбір мемлекет басшысы бір мемлекеттегі әр түрлі басқару жүйесә ұлғайтылған салық құқығын пайдаланады.
Салық салымына өндірістің базалық факторларын еңгізу принципі маңызды мағынаға ие болады. Ондай факторларға еңбек және капитал жатады. Был тыйымның экономикалық сипаты болғандықтан, ол заңды құжаттарда енгізілмеген. Бірақ ол дамыған елдердің басшыларының оған қатаң бағынуға кедергі келтірмейді. Барлық дамыған елдердегі салық заңдылықтары сол негізгі тыйымға сәйкес құрылады. Өнеркәсіпке салынған капиталға және табысқа салық салынады.