Саланың реформадан кейінгі материалдық базасының жағдайы туралы қазақша реферат
Енді реформадан кейінгі ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы қандай халде деген сұраққа жауап ретінде біраз дерек келтірейін.
1-кесте
Қолда бар ауыл шаруашылық техникасының саны |
|||
№ |
1990ж. |
2000ж. |
|
1 |
Тракторлар-барлығы, мың дана |
220,1 |
49,7 |
2 |
Астық жинайтын комбаиндар-*- |
89,0 |
20,7 |
3 |
Жүгері жинайтын комбаиндар, дана |
2069 |
373 |
4 |
Жемшөп жинайтын комбаиндар мың дана |
15,6 |
2,4 |
5 |
Картоп жинайтын комбаиндар,дана |
747 |
203 |
6 |
Дестелегіштер,-*-мың дана |
41,9 |
7,3 |
7 |
Трактор соқалары-*- |
48,8 |
10,3 |
8 |
Қопсытқыштар-*- |
56,6 |
9,3 |
9 |
Дәнді дақыл сепкіштер-*- |
89,0 |
22,3 |
10 |
Жүгері сепкіштер,-*- |
12,8 |
1,4 |
11 |
Трактор шөп шапқыштары-*- |
30,1 |
3,6 |
12 |
Тырмалар-*- |
19,1 |
2,4 |
13 |
Шөпті сығымдап жинағыштар-*- |
9,5 |
1,3 |
14 |
Шөмеле салғыштар-*- |
8,2 |
0,6 |
15 |
Шөпе салғыштар-*- |
2,6 |
0,9 |
16 |
Дән құрғатқыштар дана |
535 |
238 |
17 |
Тыңайтқыш шапқыштар, мың дана |
7,6 |
1,4 |
18 |
Шашыратқыштар мен тозандатқыштар* |
9,5 |
1,9 |
19 |
Жаңбырлатқыш машиналар мен қондырғылар,-*- |
10,4 |
1,0 |
20 |
Суарғыш машиналар мен қондырғылар, мың дана |
4,2 |
0,3 |
21 |
Сиыр сауатын қондырғылар мен агрегаттар,-*- |
16,9 |
1,0 |
22 |
Тоңазытқыш қондырғылар,-*- |
1,9 |
0,5 |
Келтірілген кестеден ауыл шаруашылығындағы ең басты техникалық құралдар тракторлар мен астық жинайтын комбаиндардың санының 4 еседен астам, ал көптеген құрал-жабдықтардың 5-10 есеге дейін кеміп кеткені көрініп тұр. Оның үстіне қолда бар техникалық құралдардың көбінің қазіргі кезде ескіріп, тозығы жетіп тұр. Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасының күйін айқындайтын көрсеткіштердің бірі – осы салада пайдаланылатын электр қуатының көлемі. 1990 жылы бұл салада 13,7 миллиард киловатт-сағат электр энергиясы жұмсалса, 2000 жылы бар болғаны 2,6 миллиард киловатт-сағат қана энергия пайдаланылыпты, яғни оның көлемі 5,3 есе қысқарған. Қай заманда, қай елде, экономиканың қай саласында болмасын электр энергиясын кеңінен, көбірек қолдану техникалық, технологиялық озықтықты, ілгерілеуді, өндірістің жоғары деңгейін көрсетеді. Сондықтан да агроөнеркәсіп кешенінің таяу жылдары тезірек шешуді қажет етіп тұрған күрделі де, маңызды мәселелерінің бірі саланың материалдық-техникалық базасын жаңғырту, қайтадан қалыптастыру, нығайту болып табылады.