Сақтандырудың мынадай түрлері бар:Салалық белгілері бойынша:
Өмірді сақтандыру нарығы болып азаматтардың өмірі, деңсаулығы және енбекке жарамдылығы табылады.
Мүлікті сақтандыру нарығы, оның обьектілері болып жер, әуе және су көлігі, жүктермен байланысты басқа да мүліктер, қаржылық тәуекелдік табылады.
Жүктерді сақтандыру жүктерді, соның ішінде багажды, тауарларды және өнімнің басқа барлық түрлерін қоса алғанда иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан оның зақымдануы, жойылуы, жоғалып кетуі салдарынан келтірілген залалды толық өтемі мөлшерінде қайтару.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру барлық тәуекелдерді сақтандыру салдарынан үшінші тұлғаларға келтірілген залалды өтеу міндетіне байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды толық өтемі мөлшерінде қайтару.
Ипотекелық сақтандыру, ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кепілдік мүлік болып табылатын тұрғын үйдің нарықтық құны төмендеген жағдайда қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарызы келісімшарты бойынша міндеттемелерді орындамауы салдарынан кредитордың мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды толық өтемі мөлшерінде қайтару.
Ұлттық сақтандыру нарығы – жеке мемлекеттегі сақтандыру ұйымдарының қызмет ету сферасы. Институционалды түрде ұлттық сақтандыру нарығы сақтандыру ұйымдарынан, арнайы қайта сақтандырушы ұйымдардан, сақтандыру брокерлері мен агенттерінен тұрады. Ұлттық сақтандыру нарығындағы барлық қызмет ұлттық сақтандыру заңы шегінде жүргізіледі. Бұл заңның орындалуын бақылау мемлекеттік сақтандыруды бақылау органына жүктелген. Ең ірі ұлттық сақтандыру нарықтары АҚШта, Ұлыбританияда, Германияда және басқа да бірқатар елдерде қалыптасқан. Ұлттық сақтандыру нарығында Үкіметте, бұқаралық ақпарат құралдарында, халықаралық келіссөздерде сақтандыру ұйымдарының ұжымдық мүдделерін ұсынатын ұлттық сақтандыру ассоциациялары қызмет етеді.
Аймақтық сақтандыру нарығы өзара интеграциялық байланыстармен байланысушы жеке аймақтардың сақтандыру ұйымдарын, ұлттық нарықтарын біріктіреді. Ең ірі аймақтық нарық болып Солтүстік американ сақтандыру нарығы (АҚШ, Канада) саналады. Еуропалық экономикалық одастастықтың сақтандыру нарығында терең интеграциялық процесстер жүруде. Бұл “Еуропалық экономикалық одақтастықтың ортақ сақтандыру нарығын” құру туралы жоспарды жүзеге асырумен байланысты. Еуропалық экономикалық одақтастықтың ұлттық сақтандыру заңдарын толық сәйкестендіру көзделген.
Халықаралық сақтандыру нарығы – бұл ұлттық және аймақтық сақтандыру нарықтары жиынтығы. Мұндай мағынада халықаралық сақтандыру нарығы ретінде халықаралық сақтандыру операцияларының едәуір үлес салмағымен сипатталатын жергілікті сақтандыру нарықтары қарастырылады (Нью-Йорк, Лондон, Цюрих).
Қазіргі кезде Қазақстанда мемлекеттің сақтандырушы қызметінің тек жалпы мемлекеттік стратегиялық мағынадағы мүдделерді сақтандырудағы ғана басымдылығын көрсетуге болады. Осылайша, “Казагрополис” республикалық мемлекеттік ауыл шаруышылық сақтандыру кәсіпорыны (құрылтайшысы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігі) үшін басым бағыт болып ауыл шарушылығының өндірісін міндетті сақтандыру табылады. Ал “Казахинстрах” мемлекеттік сақтандыру компаниясы үшін инвестицияларды сақтандыру басым бағыт болып табылады.
Сақтандыру ұйымдарының ынтымақтастығының нысаны болып сақтандырушылардың одақтары мен ассоциацияларын құру табылады. Қазақстан Республикасында құрылған сақтандырушылар одағының мақсаты – сақтандырушыларға методикалық және ұйымдық ақпараттық көмек көрсету, сақтандыру бойынша заң және нормативтік актілер жобаларын дайындауға қатысу, сақтандыру қызметкерлерінің мамандандырылуын жоғарылату бойынша курстар мен семинарлар ұйымдастыру, сақтандырушылардың қаржылық тұрақтылығын нығайту бойынша ұсыныстар дайындау және т.б.
Енді сақтандыру нарығының қатысушылары жайлы қысқаша айта кететін болсақ, “Сақтандыру қызметі туралы” Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының қатысушылары:
- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;
- сақтандыру брокері;
- сақтандыру агенті;
- сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы;
- актуарий;
- уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор);
- өзара сақтандыру қоғамы;
- сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де жеке және заңды тұлғалар.
Қайта сақтандыру ұйымы – уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
Сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) – сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлға;
Сақтандыру нарығының кәсіби қатысушылары — өз қызметін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиялары негізінде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, актуарий және уәкілетті аудитор. Сақтандыру брокері – сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызметті өз атынан және сақтанушының тапсыруымен сақтандыру шарттарын немесе өз атынан және цеденттің тапсыруымен қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
Сақтандыру брокерінің қызметі ерекше қызмет түрі болып табылады және оны уәкілетті мемлекеттік орган лицензиялауға тиіс. Сақтандыру брокерінің өзі қатысып жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша өкілеттігі мен жауапкершілігі сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тараптарымен жасалатын тиісті шарттармен белгіленеді.
Сақтандыру агенті – берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттігі сақтандыру ұйымының тиісті құжаттарымен белгіленеді.
Актуарий – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттігі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің экономикалық-математикалық есептеулерін жүзеге асыруға байланысты қызметті атқаратын жеке адам;
Сақтандыру салалары, сыныптары, түрлері: Сақтандыру көпқырлы болып келеді: ол әр түрлі сақтандырушылар мен сақтандыру объектілерін қамтып, сақтандыру шарттарына қарай, сақтандыру жауапкершілігінің көлемі бойынша, ажыратылады. Сақтандыру қатынастарының алуан түрлілігінде дұрыс бағыт алып, біртұтас өзара байланысты жүйе құру үшін сақтандыру сыныптамасы қажет.
Сақтық қызмет — сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттарының жасау мен орындауға байланысты ҚР-ның заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет