Қазақстанда 1988 жылы 20 ақпанда Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің бұйрығымен Сәкен Сейфуллин атындағы музей ашылды. Музей – ақынның өмірі мен қызметі туралы құнды жәдігерлер мен құжаттар жинақталған, үлкен тәрбиелік-ағарту жұмыстарын атқаратын мәдени орын. Ақмола – С.Сейфуллиннің өмірінде ерекше орын алған өлкен. Музей қоры мен экспозициясында С.Сейфуллин туралы жаңа деректер көрсетіліп, сақталып бүгінгі ұрпақтың танысуына мүмкіндік берілді. Музейде ақынның жеке заттары, қолданылған құжаттары ақынның сол кездегі қызметі, өмірі туралы келушілерге айтары мол дереккөзі деуге болады. Әрбір заты сол кезеңнің қайталанбас тарихи оқиғалары мен келушілердің көңілін толқытар тарихи деректердің көзіне айналып, музей экспозициясында көрсетілуде. Ақынның жеке заттарын ақын ақталған 1958 жылы жұбайы Гүлбахрам Қазақстанның тарихи орталық музейіне, Целиноград облыстық өлкетану музейіне өткізді. Музей қорында 5 мыңға жуық экспонаттар бар. Музей экспозициясында ақынның туған жері «Қарашілікті» бейнелеу материалдары, өмірінің соңғы кезеңіне дейін мәлімет беретін құжаттар қамтылған. Экспозиция, қор материалдары фотосуреттер, кітаптар, құжаттар, мұрағаттық материалдардың көшірмелері, газеттер, ақынның, отбасының жеке заттары болып табылады. Музей экспозициясы алты залдан тұрады. Бұл залдарда ақынның тәрбиеленген, өскен ортасы, Ніл, Ақмола, Омбыда оқыған жылдары туралы көптеген құнды деректерді көруге болады. «Төңкерістік қызмет», «Мемлекеттік және педагогтік қызмет» деп аталатын залдар ақын өмірі мен қызметін нақты бейнелі деректерді жинақтаған.
Ақынның тұтынған заттары алтын сағаты, патефон, шабадан, қолшатыр, аяқ киімі, асатаяқ, бас киімі, тақиясы қазіргі музей көрермендеріне мағыналы өмірінен хабар береді. С.Сейфуллин 1938 жылы қуғын-сүргіннің құрбаны болды. Музей экспозициясында осы кезеңге байланысты құжаттар, атап айтқанда, үйін тінту протоколы, айыптау үкімінің қорытындысының көшірмесі, ату жазасы туралы анықтама қойылған. Музей залдарындағы әрбір зат ақынның мағыналы өмірінен хабар береді. Музейде ақын өмірі мен қызметі туралы сабақтар, дәрістер келушілердің ақынның өмірін, қызметін жан-жақты танып, түп тарихымызды, ұлттық құндылықтарды ұмытпай, білуіне мүмкіндік беруде.
МУЗЕЙЛІК БАСЫЛЫМДАР
- ҚР ПМО «Мәдени мұра»;
- ҚР Тұңғыш Президентінің музейі «Мирас»;
- ҚР Орталық Мемлекеттік музейі «Еңбектері»;
- «Мәдени мұра», «Экспедициялар, зерттеулер», «Көнеден жеткен бір белгі», «Жауһар жәдігерлер», «Көрмелер туралы», «Тұңғыш Президент музейінен», «Өнегелі өмір».
Бақылау сұрақтары
- Қазақстандағы Республикалық маңызы бар музейлер.
- ҚР Президенттік мәдениет орталығы.
- ҚР Тұңғыш Президентінің музейінің қор, экспозициясы.
- ҚР Мемлекеттік Орталыфқ музейінің экспозициясы туралы айтыңыз.
- Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер музейінің батыс Еуропа өнері бөлімінде қандай өнер туындылары көрсетілген.