Сақ тайпаларының әлеуметтік және мемлекеттік құрылысы. Қазақ мемлекеттігінің түп-тамырын зерттеуді сақ, үйсін, каңлы және ғұн тайпаларының әлеуметтік құрылымынан бастаған жөн. Ғылымда бұл көшпелі тайпалардың әлеуметтік құрылымы аз зерттелген.
Сақтар мен үйсіндер өмір сүрген (б.з.д.VIII ғ.- б. з. V ғ.) көшпелі қоғамда малға жекеменшіктің шығуына байланысты қоғам байлар мен кедейлерге бөлінді. Сөйтіп, мемлекеттік құрылымның пайда болуы жүзеге асты.
Сақтардың мемлекеттік құрылымынан олардың көшпелері Ахеменидтік Иран мен Грек – Бактриблық мемлекеттердің әсерін байқауға болады. Ал үйсіндерден Хань (Қытай) патшалығының әсері сезіледі.
Сақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастарды қалпына келтіруде жазба деректері мардымсыз, сондықтан археологиялық деректерге көбірек жүгінетін боламыз.
Алғашқы кездегі сақ қоғамын әскери – демократиялық жүйке деп түсіну керек. Ал әскери – демократиялық қоғамда ел басқару тізгіні тайпа көсемдерімен қатар қолбасшылардың, батырлардың қолында болады. Әскери демократия заманында байлық тек шаруашылықты ұйымдастыру жолымен ғана жасалмайды.Байлық –ендігі жерде – соғыс, басқа жұрттардың мал – мүлкін тартып алу арқылы жасалады. Түскен олжа жауынгерлер арасында тез бөлінбейтін. Тайпа көсемдері, қолбасылар, батырларға үлес бастапқыда көбірек, кейіннен тіпті толығымен тиетін болған.Бұл кейін мүлік теңсіздігіне әкеліп соғып, қоғамда бай, кедей топтар қалыптаса бастады. Бұл әлеуметтік теңсіздікке, таптық жіктеліске алып келді. Соңында таптық қоғамдағы меншікті қорғайтын, әлеуметтік қайшылықтарды шешетін, өндіріс пен соғысты, қорғанысты ұйымдастыратын аппарат – мемлекет пайда болды.
Мемлекеттік бірлестіктер | Аумағы мен орталығы | Мемлекеттің жоғарғы билеушілер, саяси құрылысы | Негізгі тарихи оқиғалар | Тарихи салдарлары |
Сақ тайпалары-ның бірлестігі (б.з.б. VII ғ.-ІІІ ғ.) | Қазақстан-ның барлық аймақтарын қамтыды. Тұрақты саяси орта-лығы туралы деректер жоқ. | Жоғарғы көсем-патша (Томирис). Әскери демократия. | Б.з.д. VI ғ. Парсыларға қарсы соғыс. Б.з.д. ІV ғ. А.Македонский әскерлеріне қарсы соғыс. Гректерге қар-сы Марафон ұрысына қа-тысу. Б.з.д. 490 ж. | Мемлекеттің алғашқы бел-гілерінің пай-да болуы: жа-зуы, сақтар-дың «аң стилі», қол-өнерідің мо-нуметтік сәу-лет өнерінің дүниеге келуі. |
Ғұндардың мемлекеттік бірлестігі (б. з.д. III ғ.-б.з V ғ. | Орталық Азия,(Моң-ғолдық Алтай өңі-рі),Шығыс Қазақстан. Тұрақты саяси орта-лығы жөнін-де деректер жоқ. | Тәңірқұты (Мөде,Чжи-Чжи, т. б.) Әскери-әкімшілік басқару жүйесі. | Б.з.д I ғ. Екінші жартысынан б.з. II ғ. Ор-тасына дейінгі ғұндардың Қа-зақстан жеріне қоныс аударуы. Шығыс Қазақ-стандағы Юэбань мемле-кеті. | Көшпелілер-дің алғашқы ірі және мық-ты мемлекет-тік бірлестігі. Мемлекеттік басқару құры-лымының қа-лыптасуы, түркелену үді-рісінің баста-луы. |
Үйсіндердің мемлекеттік бірлестігі(б. з. д. III-II ғ.ғ – б. з. V ғ.) | Оңтүстік-Шығыс Қазақстан (Жетісу). Ас-танасы – Шығу (Чигу-чен). Ыстық-көл маңы (Қызыл аң-ғар қаласы). | Күнби (Гуньмо) Б.з.д. 64-51 жж. Ұлы және кіші Гуньмо. | Қытаймен елшілік туыс-қандық байла-ныстар. Үйсін-дердің Орталық Азиядан Жеті-суға келуі. Ғұн-дарға қарсы үй-сіндер мен қы-тай одағы. | Үйсіндер Қа-зақстан же-рінде ең ал-ғашқы мемле-кеттік бірлес-тік құрды, ал-ғашқы тұрақ-ты басқару ор-талығы бол-ды. |
Қаңлылар-дың мемле-кеттік бірлес-тігі (б.з.д. ІІІ-ІІ ғғ.-б.з. V ғ. | Сырдария өңірі: Оң-түстік Қазақ-стан. Аста-насы-Битянь қаласы. | Мемлекет би-леушілерінің қалай аталған-дығы туралы дерек жоқ. Әс-кери-демокра-тияның бас-тауы. | Ұлы Жібек жо-лының Ферға-надан Аралға дейінгі бөлігіне үстемдік үшін күрес. Қытай, Парфия, Рим, Кушан импе-риясымен бай-ланыстар. | Күш-қуаты-ның арқасын-да Қазақстан-да сауда мен қала өркение-тінің дамуы. Халық саны-600 мың адам |
Антикалық авторлардың деректері бойынша, сақтарда патшалар мен патшайымдар болған. Олардың қол астындағы жұртына әмірі күшті болды. Сақ патшалары соғыс пен бейбітшілік мәселесін шешті, басқа елдерге елші тағайындады, сырт елдермен одақ құру мәселесіне басшылық жасады, әскерді басқарды. Патшаны бір рудан ғана сайлады. Егер патша өлсе, оның орнына інісі патша болып сайланды. Үлкен мемлекеттік істерді шешуде патша кейде ел құрылтайын шақырды. Бұл сақтардың мемлекеттік жүйесінде демократиялық қағиданың болғандығын көрсетеді.
Артикалық автор Аррианның дерегіне сүйенсек, сақ патшасы елді өзінң сатраптары (қызметшілері) арқылы басқарады.Олар патшаның белгілі бір аймақтағы немесе тайпадағы өкілі болып есептеледі. Сақтардың басқару жүйесіндегі келесі бір буын – әскери –тайпалық ақсүйектер болатын.
Сақтардың әлеуметтік құрылымы жөнінде тікелей жазба деректер жоқ. Сақтармен мәдени-генетикалық туыстас, қоғамдық дамуы деңгейлес скиф тайпалары жөніндегі жазба деректерді сақтар тарихына қатысты ғалымдар жиі пайдаланады. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, сақтардың әлеуметтік құрылымында қоғамдық-әлеуметтік сатының ең басында патшалық ру тұрған. Патша тек сол рудан ғана сайланған. Бұл дәстүр жерімізде сақтардан кейін өмір сүрген ғұндарда, одан түріктерде, тіпті бергі Қазақ хандығында да жалғасын тапқан.
Алтайдағы Берел, Шілікті, Жетісудағы Бесшатыр, Есік, Тарбағатайдағы «патшп қорғандары» сақтардың патша әулеті мен ел басқарған ірі ақсүйектердің молалары.
Сақтардың Қазақстан аумағында ғана емес, тіпті Еуразия құрлығындағы ең көне мемлекеттігінің жәдігерлері (б.з.д. VIII ғ.) Шілікті даласында зерттелді. Ұзын саны 200-ден астам сақ-үйсін мәдениеттерінің ескерткіштері шоғырланған бұл жазықта сақтардың қырықтан астам ірі патша обалары бар. Соңғы зерттеулердің нәтижесінде үш ірі патша обасы зерттелді. Соның «Бәйгетөбе» деп аталатын біреуінен алтын киімде жерленген ерте сақ мемлекеті патшасының мүрдесі ашылды. Мола ерте заманда-ақ тоналып кеткен екен. Тоналғаннан қалған алтын түймелер, қаптырма әшекейлер мен зергерлік бұйымдардың саны 4000-нан асады.
Есіктен ашылған белгілі алтын киімді адам жерленген ірі оба, Бесшатыр, Боралдай үлкен ғимаратты ескерткіштері (б.з.д. VI-IV ғғ.), т.б. сақ қоғамында терең әлеуметтік және мүлік теңсіздігінің, таптық жіктелістің, мемлекеттің болғандығынығ куәсі.
Скифтер мен сақтарды ел басқарудың ұлыстық қағидасы болғанға ұқсайды. Олардың патшалығы үш бөлікке бөлініп басқарылған.
Ел басқару жүйесінде, қоғамның келесі әлеуметтік биік тұғырында тайпа, ру көсемдері, ақсүйектер тұрды. Антикалық жазбалар деректеріне сүйене болсақ, скифтердің осындай ақсүйектерінің сыртқы ерекшелігі-олардың ерекше қалпақ киюі.
Сақтар мемлекетінде жауынгердің, әсіресе қолбасышылар мен батырлардың орны жоғары.
Мемлекеттің келесі бір әлеуметтік тобын абыздар, сәуегейлер, бақсылар, ем-домшылар құрады. Бұлар да сақ қоғамының сыйлы адамдарына жатты. Жалпы, білім-ғылым әлі дұрыс дамымаған ерте кездегі, тіпті орта ғасырлардағы мемлекеттерде елді өзінің тылсым өнерімен соңынан ертетін, діни сеніммен ұйытатын адамдар сол заманның идеологтарының рөлін атқарған. Сондықтан діни адамдар мен олардың арасынан шыққан үлкен басшылармен, көрнекі тұлғалармен кейінгі замандардағы мемлекеттер де санасып отырған.
Сақ мемлекетіндегі келесі әлеуметтік топ-қауымның еркін мүшелері. Мемлекеттің көпшілік халқын да осы әлеуметтік топ құрады. Олардың әрқайсысының өз меншік малы, жеке үй-жайы, шаруашылығы болды. Бұлардың еркек кіндіктілері тыныштық кезде өз шаруашылығымен айналысты да, ал жаулап алушылық немесе ел қорғау соғысы кезінде әскер сапынан табылды. Сақтардың кішілеу, орташа қорғандары осындай еркін қауым мүшелерінікі. Олардың барлығына жуығынан жебенің ұшы, қанжар, найзаның ұшы сияқты қарулар табылуы жоғарыда айтқан ойымызды дәлелдейді. Сақтардың ерлерімен қатар әйелдерін де кейде қарумен жерлеген. Мұның өзі сақ әйелдерінің де жауынгер болғандығын көрсетеді.
Сақ-скиф қоғамында өз малы, мінетін аты, қосын тігетін арбасы жоқ өте кедей-кепшіктер де болды. Олар қоғамның басқаларға тәуелді бөлігін құрады.
Сақ мемлекетіндегі әлеуметтік сатының ең төменінде құлдар болды. Әдетте, басқа елді жаулаған кезде қолға түскен тұтқындар құлға айналдырылатын. Жалпы көшпелілердегі құлдық мәселесі-көп талас тудырған мәселе. Бүгінгі ғылыми тұжырымдар бойынша, көшпелі елдерде құлдық отырықшы елдердегідей аса дамымаған. Көшпелілерде құлдықтың тек алғашқы түрі-үйішілік түрі ғана болатын. Яғни, құлдар қоғамдық өндірісте елеулі рөл атқармаған, тек ауқатты адамдардың есігінде жүріп, үйішілік жұмыстар атқарған.
Сонымен, сақ қоғамы-патшасы, нөкер жасақтары, ел басқарушылары, елшілері, әскері, діни идеологтары, байлары, кедейлері, құлдары бар қоғам болған. Ал мұндай әлеумттік құрылымды басқару мемлекеттіліксіз мүмкін болмағаны анық.
Ғұн мемлекеттілігі. Сақтардан соңғы Қазақстан аумағында және көрші аймақтарда үлкен мемлекет құрып дәуірлеген халық-ғұндар еді. Б.з.д. ІV ғасырда-ақ Қытай мемлекеті ғұндарды өздерінің «солтүстік-батыстағы күшті бәсекелесі, жауы» деп есептеген.
Бұл күндері түркі тілінде сөйлегендігі дәлелденіп отырған ғұндар басында тайпалық одақ болып, одан күшті мемлекет құрды.
Ғұндардың мемлекеттік тарихы жөнінде деректер, негізінен, қытай жылнамаларында мол сақталған.
Ғұндарда мемлекеттіліктің негізі б.з.д. ІV ғасырлардан бастады. Ғұндар мемлекеттілігін толық қалыптастырып, онығ саяси жүйесін құрушы ірі саяси тұлға- Мөде тәңірқұты (қытай деректері Маодун деп атайды) болды.
Ғұндардың саяси жүйесі өте күрделі болды. Мемлекеттің басында тәңірқұты тұрды. Ғұн тарихын көне қытай тілінен қазақ тіліне аударушы ғалым Қ. Садғараұлының пікіріне сүйенсек, бұл сөз бүгінгі қазақ тілінде де бар. «Тәңірқұты» елдің қарулы күшінің бас қолбасшысы болды.
Мөдеге дейін тәңірқұтын сайлау тәртібі болатын. Онығң үстіне жекелеген аймақтарды (24 аймақ болған) ру ақсүйектері басқарып отырған. Олардың әрқайсысында 2 мыңнан 10 мыңға дейін әскері болған. Сондықтан мемлекеттің ішіндегі аймақтардың белгілі бір дербестігі де бар.
Мөде тәңірқұтынан бастап мемлекет толығымен бір орталыққа бірікті. Ендігі жерде елбасын сайлау қағақ жүзінде ғана жүрді. Тақ мұрасы алғашында ағадан ініге , кейін әкеден балаға өтіп отырды.
Ғұндарда үш ақсүйек тайпа болды. Соның ішінде си люань-ди тайпасынан ғана патша сайланды. Елдегі ақсүйек үш тайпа тек өз арасында ғана қыз берісіп, қыз алысты. Мемлекеттік ірі қызметтерде осы үш ақсүйек тайпа өкілдері тағайындалды.
Ғұндардың мемлекеттік басқару аппараты өте үлкен және күрделі болды. Тәңірқұтынан кейінгі мемлекеттік ауазым елдің Шығыс және Батыс бөліктерін басқаратын кіші хандар болатын. Әдетте, Шығыс бөлікті басқаратын кіші ханның мәртебесі артығырақ болды. Ол орында тәңірқұтының тағын болашықта мирас етуші ханның үлкен баласы отырды. Елдің оң, сол бөлігінің әрқайсысында азық-түлікке жауап беретін уәзірлер , қолбасшылар, әскербасылары, мал-жанның есебін жүргізушілер, тәртіп сақшылары болды. Мемлекет әбден күшейген кезде ғұндар елі үшке бөлініп басқарылды. Олар Шығыс, Батыс және сол екеуінің ортасында орналасқан тәңірқұтының өз орасы еді.
Ғұндар еліндегі осы үш аймақ 24 әкімшілікке бөлінді. Олардың әрқайсысына мыңбасылар, жүзбасылар, онбасылар, билер, кіші бектер,т.б. лауазымды қызметкерлер тағайындалды. Егер жоғары лауазымдарға тек тәңірқұтының туыстары тағайындалатын болса, ал орта, төменгі басшылықтарға өзге ғұн тайпаларынан шыққан аса қабілетті адамдар тартылды.
Ғұндардың діні тәңірлік дін болды. Олар патшасын «Көк тәңірінің өзі жаратқан адамы» деп түсінді.
Ғұндар көшпелілердің алғашқы мемлекетін құрды. Көшпелі мемлекеттің негізгі белгілері осы ғұндар дәуірінде қалыптасты. Құрылтай жиналысы дүниеге келді.
Ғұндардың өзінің әдет-ғұрпыны негізделген заң ережелері болды. Онда жер-су мәселесі ерекше мән берілді. Ғұндар мемлекетінде, Қытай деректеріне қарағанда, тұрақты ғұн әскерінің саны 300 мың болған. Ресми іс қағаздарын жүргізіп, мөр басу рәсімі қалыптасты.
Ғұндар мемлекеті б.з.д. ІV ғасырдан б.з. V ғасырының жартысына дейін өмір сүрді. Әрине, басқа көшпелі империялар сияқты олар бірде күшейіп, бірде әлсіреп отырды. Б.з. ІV ғасырынан бастап ғұндардың бір бөлігі Еділден асып Еуропа жеріне қарай аяқ басты. Содан былайғы 200 жылдың ішінде олар Еуропаның жартысын жаулап алып, өз билігін орнатты.
Үйсін мемлекеттілігі. Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі үйсіндер мемлекеті болып есептеледі.Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді,елшілік жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады.
Сақ дәуірінде болған малға, еңбек құралдарына және тұрмыс бұйымдарына деген жекеменшік үйсіндерде де кең қанат жайды.Қоғамның билеуші және бағынышты топтарға бөлінуі мейлінше айқын байқалды. Қоғам-ру ақсүйектері мен тәуелді ұсақ өндірушілер, жартылай тәуелді құлдарға бөлінді.
Жерді жеке иеленумен қатар иерархиялық иелену түрі де дамыды (рулық,тайпалық,қауымдастық). Ежелгі үйсіндерде әлеуметтік-экономикалық қатынастар өтпелі кезеңге тән сипатта болды.
Дамудың мұндай ерекше түрінің олу себебі экономикалық құрылысқа байланысты. Жартылай көшпелі және жартылай отырықшы үйсін қоғамында өндірістің екі негізгі түрі болды: мал және жер. Мал түріндегі байлықтың жиналуы, мал-мүлік, жиһазға жекеменшіктің, тауар алмасудың дамуына әкелді.
Әйтсе де көшпелі қоғам ерекшелігіне сай-әлеуметтік қатынастар аса ірі және шағын дәулетті мал иелерінің жекеменшік қатынастары түрінде дамыды. Рулық құрылыстың ыдырауы барысында туындаған таптық қатынастар құлиеленушілік сипатқа ие болды. Дегенмен ежелгі үйсін қоғамында құлдың еңбегін пайдалану өзіндік ерекше түрде дамыды; яғни, құл еңбегі өндірістің негізгі тірегіне айналған жоғ,ал құл иелену классикалық түрге жете алмады. Жазбаша және археологиялық деректерден ежелгі үйсін қоғамында б.з.д. ІІ-І ғасырлардың өзінде-ақ жекелеген адамдардың қолында байлықтың шоғырланғандығы байқалды. Қытай деректерінде: «Үйсіндерде жылқы көп. Олардың ең бай адамдарында төрт-бес мың жылқы болады»,-деп көрсетілген.
Демек,малы көп дәулеттілер болса, малы аз немесе жоқ кедейлер тобының да болғандығы даусыз. Сонымен қатар үй малдарына салынған таңбалар, металдан, тастан және қыштан жасалған мөрлер де жекеменшіктің пайда болғандығын көрсетеді. Ертедегі жылнамашылардың мәліметіне қарағанда, үйсіндердің кейбір әскербасылары мен шенеуніктерінде, күнби сарайының жанындағы тағы да басқа лауазымды адамдардың алтын және мыс мөрлері болған.
Үйсін мемлекетінің басында үлкен күнби тұрды. Кей зерттеушілер үйсін мемлекетінің елбасын күнби деп те атап жүр. Қытай тілінде үйсін патшасын гуньмо деп атаған. Үлкен күнбиден кейінгі мемлекеттік лауазым кіші күнби болды. Бұл-бас уәзір. Одан кейінгі лауазым тулы (дулы), бұл Қытай мемлекетіндегі үлкен уәзермен дәрежелес болды. Әскер оң және сол қанатқа бөлінді, оларды екі қолбасы басқарды. Елдің жоғарғы сотының қызметін оңқа билер деп аталатын екі орынбасары атқарды, оларды даруға (дарту) деп атады. Абыз атанған лауазым діни басшылықты іске асырды. Бұдан кейінгі мемлекеттік лауазым-бүкіл ұлыстың ұлы бегі (биі) болды. Оның екі орынбасары болған. Ел билейтін лауазым иелерінің тапсырмаларын орындатып отыратын атқосшы мансаптары болды.
Үйсін мемлекетініің астанасы Ыстықкөл жағалауындағы Чигучен қаласы болды.