Мазмұны
Кіріспе
1 С.Жүнісов шығармалары тілінің лексика-грамматикалық ерекшеліктері
1.1 Көркем образ жасаудағы кейіпкер тілі туралы
1.2 Кірме сөздердің қолданысы, стильдік қызметі
1.3 Көнерген сөздердің қолданылуы
1.4 Тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдердің қолданылуы
1.5 Диалектілер мен қарапайым сөздердің қолданылу ерекшеліктері
1.6 Антонимдік және синонимдік қатарлардың стильдік қолданысы
2 С.Жүнісов шығармаларындағы көркемдеуіш құралдардың қолданылу сипаты
2.1 Қаламгер қарымын танытатын көріктеу амалдары
2.2 Теңеудің стильдік көрінісі
2.3 Эпитеттердің қолданылу ерекшеліктері
2.4 Жазушы тіліндегі символдар жүйесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Әр ұлттық тілдің сырын жете тану үшін сол тілдің өзіндік заңдылықтарын білу аз, оның түпкілікті тамыры сол тілде сөйлеуші этностың жүріп өткен тарихымен, күнделікті өмірде тұрмысына орнықтырған мәдениетімен, күнкөрісіне арқау болған жан рухымен, ой-санасымен тікелей байланысты. Сондықтан да ұлттық тілді халықтың ой танымымен, тарихымен біріктіре қарау мәселесі тіл ғылымында кең өріс алған когнитивті лингвистика, психолингвистика, этнолингвистика т.б. ғылымдардың тууына себепкер болды.
Қаламгер қаламының қуатын оның сөзінен, ойын қоғамдық ісінен, психологиясын ұлт перзенті ретінде халқын сүюінен көреміз. Ұлттық сезімінен немесе табиғи дарынның қабілетінен туған ішкі жағдайлардың әсер етуінен ол тілдік тұлға сипатына енеді.
Иісі қазақ атына қанық, бейнелеп айтсақ, еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін есімін елі жақсы білетін, туған халқы үкілеп «Сәкен сері» деп атаған, әдеби туындыларымен кең танылған, көрікті сөз бен көркем ойымыздың аса көрнекті өкілдерінің бірі, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәкен Жүнісов – шығармашылық бақыттың шынайы биігіне көтерілген суреткер болды. Сәкен Жүнісов – сан қырлы тұлға. Ол – әдебиетші, жазушы, ақын, ұстаз, журналист, драматург, аудармашы.
Өзіндік үні, айшықты кестелі тілі, ауқымды тақырыбымен қазақ әдебиетінің қос тізгіні – проза мен драматургияны қатар ұстаған, кең тынысты, қуаты мол, қарымды, дарынды қаламгер Сәкен Жүнісов кейіпкерлерін сол кездегі дәуір тілімен сөйлетіп, қоршаған дүниені сол кездің санасына сай бере білген. Ұлттық дүиетанымды тарихи кезеңдік тұрғыдан берудің үлгісін жазушы С.Жүнісовтің прозалық шығармаларынан байқай аламыз.
Жас жазушының «Сонарда» деп аталатын балаларға арнап жазған алғашқы кітабы 1959 жылы жарық көрді. Бұдан соң жас жеткіншектер үшін жазған «Әжем мен емші және дәрігер» (1961 жыл), «Кімнің мекені жақсы» (1962 жыл), «Сақау бәтеңке» (1983 жыл), «Алдыңғы вагон» (1984 жыл) кітаптары жарық көрсе, 1968 жылы бүгінгі өмір тынысын өзек еткен «Өшпейтін іздер» атты хикаяты жарияланды.
Қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған дара тұлғалардың бірі, әйгілі әнші, сазгер Ақан серінің аңызға парапар, әрі қиын тағдыры Сәкен серіні о бастан-ақ қызықтырған. Сөйтіп, жазушы ізденісінің, зерттеулерінің өзекті арнасына айналған. Сал-серіге тән қадір-қасиетті бір бойына құйып алған Сәкен сері Жүнісовтің қаламынан туған «Ақан сері» атты дилогиясы (Ақан сері. Роман. – Алматы: Жазушы, 1971, 1977, 1981, 2002 ж.ж.) қазақ әдебиетінің қорына інжу-маржан болып қосылды.
С.Жүнісовтің ұлттық әдебиет әлемінде үлкен із қалдырған туындыларының бірі – «Жапандағы жалғыз үй» романы (Алматы: Жазушы, 1973, 1990 ж.ж.). Роман қазақтың сайын даласына тың игеру сынды ұлы дүбір, қызу науқанның келген тұстарын суреттейді. Ғасырлар бойы тылсым тыныштықта жатқан жер ананың құйқалы қыртысына ұстара түскен, кең даланың еркесі ақбөкен мен киікті үркітіп, мөлдір айна көлдерді қанатымен аялаған аққу, қазды бездіріп жіберген, даланың айбарлы сақшысы, топ-тобыменен жан иесін үркіткен, ит, құсты бездіруге мәжбүр еткен, ал адамдардың санасында түбегейлі өзгерістер жасап, жазираның өмірін түбірінен өзгерткен тыңның мәні менен мағынасын әркім әрқилы бағамдайды.
Қаламгер С.Жүнісов те уақыт шындығын суреткерлік таразының ақиқат безбені тұрғысынан келістіре суреттеген. Басты кейіпкер Қарасай бейнесі кезінде талай талас әңгімеге арқау болғаны аян. Жан-жақты сурет тапқан бұл образдан қазақ шаруасы өз арасында жүрген тағдыр талайы қиын замандастарын көрді. Тың көтеруге келдік дегенді желеу етіп, жергілікті халық арасында сойқанын салып баққан кейбір басбұзар, бұзақылардың бейнесін романға кіргізіп, шынайы суреттеген.
Жазушының «Заманай мен Аманай» хикаяты (повесть) (Алматы: Жазушы, 1985 ж.) ұжымдастыру (коллективтендіру) дәуірінің қилы кезеңдері жайында әңгімелейді.
Көркем әдебиет өзінің айтайын деген ойын образ арқылы береді. Оның негізгі құралы көркем сөз, сол арқылы адам бейнесін жасап, өмірдің, өмір құбылысының қилы қырын жан-жақты алып суреттейді. Көркем әдебиеттің басты құралы сөз болғандықтан да әрбір жазушы ұлттық тілдің сөздік қорын жете пайдаланып, оны шебер келістіріп қолдануға талпынады, соның нәтижесінде ғана көркем суреттеулер жасай алады. Көркем шығарма болу үшін, бірінші шарт – суреттілік, образдылық, яғни күндегі көріп жүрген адамдарымыздай өзіндік қимылы бар, ой парасаты, киім киісі, жүріс-тұрысы бар жанды адамдар болуы керек; екіншіден, сол образ типтік образ болуы тиіс, яғни қоғамдық тәрбие бере алатындай бір топ адамдардың басындағы жақсы не жаман қасиеттерді бір адамның басына жинақтап, оны нанымды етіп беру қажет; үшіншіден, шындық пен суреттілік бір-бірімен ұласып жатуы, яғни жазушының суреттеп отырған образы сол кездің шындығына сыйымды болуы керек; төртіншіден, ол шығарманың туу тарихы, өмірге келу себебі, яғни жазушы туындысының жазылу мақсаты болсын; бесіншіден, халықтық сипатта жазылған болуы керек; алтыншыдан, көркем әдебиеттің оқырманына тәлім-тәрбие бере алатындай дәрежеде, жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа қарай жетелей алатындай қасиеті – қоғамдық мәні болуы шарт т.б. міне, осы тұрғыдан алғанда, С.Жүнісов шығармалары – адамдар образы арқылы оқырманының эстетикалық сезіміне әсер ететін, әдемілікті түсінуге, мінез-құлықтарын жақсартуға көмектесетін, адамдар арасындағы әр түрлі қайшылықтарды көрсетіп, шындықтың бетін айқындайтын құрал.
Тіл мен таным сабақтастығының ерекше қызметі негізінде көркем тілде қалыптасқан тұрақты белгілерді зерттеу қазақ тіл білімінің жаңа бағыттарымен үндесіп, өзекті мәселелер ретінде сиптталады. С.Жүнісовтің шығармашлығы Е.Молдасановтың «С.Жүнісовтің «Ақан сері» романы тілінің көркемдік ерекшеліктері», Н.Нығметованың «С.Жүнісов драмалық шығармалары тілінің көркемдік ерекшелігі» атты ғылыми жұмыстарында жазушының «Ақан сері» романы мен драмалық шығармалары тілінің тілі көркем әдеби тіл тұрғысынан зерттеліп, сөз болған.
Біз диплом жұмысында С.Жүнісовтің шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін қарастыруды жөн көрдік. С.Жүнісовтің туындылары – өзінің тақырыптық, стильдік, құрылымдық жағынан ерекше дүние.
Шығарма тілін лингвистикалық талдау әдеби туындының эстетикалық табиғатын, көркемдік қырын түсінуге құбылыстардың көптеген мәселелерін шешуге тигізеді.
Сәкен Жүнісовтің шығармалары тіліндегі тілдік құралдар мен олардың семантика-стилистикалық жақтары бүтіндей лингвистикалық талдауға түскен жоқ. С.Жүнісов прозасындағы тілдік құралдар лексикалық деңгей элементтері мен одан жоғарғы тілдік қабаттардағы бірліктермен шектелмей, жүйелік құрылымдағы барлығы тілдік деңгей элементтері мен дыбыстың көркем әдебиеттегі поэтикалық қызметімен де ұштастырылады.
Сәкен Жүнісов шығармаларындағы тілдік құралдардың қолдану мақсатын айқындау, шығарма шырайын кіргізетін сөздердің экспрессивтік-эмоноциалдық бояуын көрсете отырып, олардың көркемдік-стилистикалық қызметін саралау, соның негізінде шығармалары тілінің көркемдік ерекшеліктерін көрсету, сол арқылы қаламгердің көркем шығармаларының басқа суреткерлерден ерекшеленетін стильдік қолтаңбасын анықтау, үшін біраз прозалық шығармаларын салыстыра талдағанымызда көркем шығармадағы лингвомәдени тілдік бірліктерді айқындап, олардағы ұлттық сипаттық басымдығы, метафораның фразеологиялық тіркестермен арақатынасы фразеологияның бейнелігін тудырудағы метафораның орны және оның жазушы тіліндегі қолданыс ерекшеліктері байқалды.
Жазушы шығармаларының тілдік ерекшелігі кейіпкер тіліндегі берілу жолдары, тілдік құралдардың қолданыс мақсаты, троп түрлерінің стильдік қызметтері, жазушы шығармаларындағы кірме сөздердегі өзгерістерді көрсету үшін қоғам, ондағы адам келбетін таныту мақсатында алынған бірліктер болып табылады.
Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы ғана емес, халықтың тарихи дамуының, дүниетанымы мен мәдени байлығының көрінісі. Адам танымын зерделей отырып, жазушы шығармаларына танымдық тұрғыдан баға беруде, ұлттық танымдық болмысы мен тілдік табиғатына, яғни шығармаларының тілдік ерекшеліктеріне талдау жасауды жөн санадық. Себебі шығармалардағы тілдік бірліктердің қолданыс даралығын танымдық үлгі (модель) қалыптастырушы таңба, ақиқат дүниенің көрінісін белгілейтін нысандар ретінде қарастырамыз. Көркем әдебиеттердегі кейіпкердің тілдік ерекшелігі мен сөз қолданысы, эстетикалық таным деңгейіне сай символдық таңбалардың қалыптасуының өзіндік ерекшелігі де бар. Осы орайда, жекелеген ақын-жазушылардың тілдік тұлғасын қарастырған зерттеу еңбектері болғанымен, белгілі бір кезеңге тән шығармалардағы кейіпкердің тілдік ерекшелігін, ой-танымы мен болмыс-бітімін біріктіре отырып, оны антропоцентристік аспектіде, ұлт психологиясына сай адам танымын этностың танымдық дүниесімен тығыз байланыстыра зерттеу қазақ тіл біліміндегі когнитивтік лингвистикада көп қарастырыла қоймаған. Осыған байланысты таным – мәдениет – тіл үштігінің принциптері негізінде, С.Жүнісов шығармаларындағы кейіпкерлердің танымдық ерекшелігін тілдік фактілер арқылы танымдық (когнитивтік) құрылым тұрғысынан ғылыми талдау жасау өзекті мәселе болып табылады.
Диплом жұмысының нысаны көрнекті жазушы С.Жүнісов шығармаларының тілі ұлттық таным тұрғысынан талдауға түсті.
Диплом жұмысының дереккөздері ретінде әр жылдары жарық көрген шығармалар жинағы алынды.
Диплом жұмысының негізгі әдістері мен тәсілдері. Диплом жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты сипаттама, салыстырмалы талдау мен жинақтау, концептілік талдау, жүйелеу және оны түсіндіру, аналитикалық талдау әдістері қолданылды.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты – Сәкен Жүнісовтің тілдік тұлға ретінде танытатын ұлттық құндылықтарды оның көркем туындыларында сөз қолдану даралығын анықтау арқылы көрсету. Қазіргі антропоцентристік бағыттың ғылыми теориялық қағидаларына сәйкес шығармадағы кейіпкердің дүниетанымы мен болмысын, тілдік қолданысын этностың ұлттық танымымен байланысты концептілік құрылым ретінде тұжырымдау, сондай-ақ диплом жұмысында жазушы шығармаларындағы кейіпкер қолданысындағы фразеологизмдер, тілдік көріктеуіш тәсілдері, ұлт психологиясының когнитивтік құрылымы анықталады. Бұл мәселелерді анықтау үшін мынадай міндеттер қойылды:
— қаламгер кейіпкерлерінің тілдік құралдарды – фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, диалект сөздер, синоним сөздер мен антонимдік қатарлардың қолданылу ерекшеліктерін анықтау;
— сан қилы көріктеуіш тәсілдерді қолдану аясында кейіпкердің тілдік тұлғасын анықтау;
— С.Жүнісов шығармаларының қазақ әдеби тіліне тигізген әсерін анықтап, көркемдік ерекшелігін талдау;
— қаламгер тілін стильдік-семантикалық тұрғыдан саралау, яғни жазушының қазақтың сөйлеу тілін көркем шығармада қалай пайдаланғанын байқап, ол қолданған бейнелеу-мәнерлеу тәсілдерін талдау;
— жазушы шығармаларының сөз (лексикалық) байлығын бағдарлап, оның лексика-грамматикалық ерекшеліктерін бағамдау;
— кейіпкер санасындағы ұлттық танымға сәйкес символдық ұғымдардың қалыптасуын нақты дәйектеу;
— жазушы шығармаларындағы кейіпкердің сөйлеу мәдениетіне тілдік тұлға тұрғысынан сипаттама беру;
— ұлттық дүниетанымның ерекшелігін айқындап, мәнін ашу.
Диплом жұмысының теориялық және практикалық мәні. Жұмыста ұсынылған тұжырымдар, нәтижелер қазақ тіл біліміндегі лингвокогнитивтік, психолингвистикалық зерттеудің ғылыми-теориялық негіздері мен ұстанымдарын нақтылай түсуге, айқындауға өз деңгейінде үлес қосады. С.Жүнісов шығармаларының концепт құрылымдарын анықтау арқылы лингвомәдениеттану, этнолингвистикалық білім негіздерін тереңдетуге ықпал етеді. Сондай-ақ диплом жұмысы нәтижелерін этнолингвистика, стилистика, көркем мәтінді лингвистикалық талдау пәндеріне қосымша ретінде пайдалануға болады.
Диплом жұмысының жаңалығы мен нәтижелері:
— диплом жұмысында жазушы С.Жүнісов шығармаларындағы кейіпкер тілінің ерекшелігі мен тілдік тұлғасы анықталып, олардың семантика-стилистикалық жақтары көрсетілді.
— қаламгер шығармаларындағы кейіпкер тілінде қолданылатын тілдік көріктеуіш құралдарына талдау жүргізілді.
— адам санасындағы қалыптасатын символдық белгілердің лингвомәдени мазмұны сипатталды.
— ұлттың дүниетанымдық ерекшелігін анықтау мақсатында кейіпкердің тіліне психолингвистикалық тұрғыда талдау жасалды.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыс / 75 бет