Ресейде мемлекеттік емес зейнетақы жүйесімен қамтамасыз ету 1992 жылғы президенттің «Мемлекеттік Зейнетақы Қоры» туралы жарлығынан кейін іске аса бастады. Ресейде алғашқы Мемлекеттік Зейнетақы Қоры пайда болды.
Ресейдегі Мемлекеттік Емес Зейнетақы Қорының жұмыс істеуі зейнетақы жүйесін реформалаудың басы болды, Ресейде мемлекетке тәуелсіз зейнетақы төленіп іске асыратын алғашқы Мемлекеттік Емес Зейнетақы жүйесі пайда болды. 1998 жылы Мемлекеттік Емес Зейнетақы Қорының жұмысын реттейтін заң қабылданған кезде, Мемлекеттік Емес Зейнетақы жүйесі жағдайы қиындады және мәнді сандық өзгерістер болған жоқ. Мемлекеттік Емес Зейнетақы Қорының қалыптасуы заңды реттеудің қатысуынсыз өтті, ал кейінгі дамуы Ресейлік зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінде Мемлекеттік Емес Зейнетақы Қоры орны мен рөліне байланысты мемлекеттік саясатқа қатыссыз болды.</h4> Әсіресе бұл мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз етуге қатысушылардың салық салымы мысалынан айқын көрінеді. Өткен жылдары салық салу жүйесінде 4 рет өзгеріс болды.
Әрбір 2 жылдан ойынның жаңа ережелері шығарылды. Бұл қорлардың, қатысушылардың, салымшылардың арсындағы ұзақ мерзімді қарым-қатынастарды ескере отырып, олардың болжамдалған нәтижелері мен өзара байланыстарының процестерін қиындатты.
Мемлекеттік зейнетақы жүйесін толық көлемде реформалау кезінде (яғни, 2002 жылы жаңа зейнетақы заңы күшіне енген кезде) елде өзіне 300-ге мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз ететін активтерді басқару бойынша 100-деген компаниялар және уақытша жүйе қалыптасты. 2003 жылы мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз ету нарығында жаңа қатысушылар пайда болды. Зейнетақы қоры адамдардың мемлекеттік емес зейнетақы қорларына шоттарды жүргізу бойынша олардың басты функциясына кіреді, сонымен қатар қорды басқару функцияларын жүргізу зейнетақы қоры администраторы бір зейнетақы шотына қызмет көрсету шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Өткен уақыттарда Мемлекеттік Емес Зейнетақы Қоры өз тұрақтылығы мен сенімділігін көрсетті.
1998 жылы болған қаржылық кризисті сәтті өткерді.
Мемлекеттік Емес Зейнетақы Қоры салымшылары 16 мыңнан жоғары кәсіпорындар мен 1,1 млн. аса азаматтар болып табылады. Қатысушыларының саны 5 млн. жоғары адамды құрайды — Ресей халқының 10 пайызына тең. 005 жылдың 1 қаңтарына қордың өзіндік құны 213,7 млрд. рубльден асты, оның ішінде қор резервтері – 175,4 млрд. рубль. Атап өтетін бір жайт, 30 ірі Мемлекеттік Емес Зейнетақы Қорының барлық зейнетақы резервтер жүйесінің 93 пайызы бар. Бұлар салалық қорлар немесе корпоративтік зейнетақы қорлары. [17, 13 б.]
1998 жылдың аяғында зейнетақы резервтері 4,25 млрд. рубльді құрады, яғни 6 жыл ішінде зейнетақы резервтерінің көлемі 40 рет өсті, ал қорға қатысушылар саны 3 есе өсті.
Зейнетақы резервтерінінің орташа мөлшері бір қатысушыға шаққанда, 1998 жылмен салыстырғанда 13 есе өсті және мыңнан аса долларды құрады. Осы көрсеткіштің орташа мөлшері 30 ірі қорларда 2 есе өсті. 1998 жылдан бастап қазіргі кезеңге дейін мемлекеттік емес зейнетақы алушылар саны 3 есе өеті және 500 мыңға жуық адамды құрайды. Мемлекеттік емес зейнетақы қарт адамдарды зейнетақымен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. [17, 13 б.]
Қазіргі уақытта мемлекеттік емес зейнетақының орташа мөлшері қарт адамдарға берілетін зейнетақының 30 пайызына жуығын құрайды. Осыған қарап мемлекеттік зейнетақымен салыстырғанда мемлекеттік емес зейнетақының өсу қарқыны артып келеді.
2003 жылға қарағанда 2004 жылы Мемлекеттік Емес Зейнетақы Қорына аударылатын зейнетақы аударымдары 40 пайызға жоғарылап, 30 млрд. рубльге жоғарылады. Бұл көрсеткіштер Ресейдегі мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің қарқынмен дамуын көрсетеді. Зейнетақы аударымдарының жалпы көлемінің 80 пайыздан жоғарысын заңды тұлғалардың зейнетақы жарналары құрады.
2004 жылдың аяғында жүргізілген әлеуметтік сауалнама жүргізу көрсеткендей жұмысшы азаматтардың 24 пайызы зейнетақыны тек мемлекет реттеу керек деп санайды, сұралғандардың 28 пайызы осы процеске тек мемлекет пен жұмыс берушілер араласуы керек деп санайды, 47 пайызы зейнетақыны қалыптастыруға мемлекет, жұмыс берушілер және жұмыс істеуші азаматтардың өздері де қатысуы керек. [17, 13 б.]
Соңғы уақытқа дейін көптеген азаматтар зейнетақымен қамтамасыз етуді жүзеге асыруға мемлекет міндетті деп санаған. Дегенмен 2002 жылғы азаматтардың өз зейнетақыларының қалыптасуы туралы зейнетақылық реформа олардың көзқарасын өзгертуге негіз болды. Мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі өзгерістерге ұшырады. Жаңа заңға сәйкес әр азаматтың зейнетақысы оның еңбек ету кезеңіндегі тапқан кірістеріне байланысты болады. Зейнетақының құрылымы да өзгереді. Зейнетақы 3 бөліктен тұрады:
1) базалық зейнетақы – ол барлық азаматқа әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз етеді. Базалық зейнетақының мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысушылардың барлығына бірдей бір ғана талап – еңбек өтілі мерзімі бес жылдан кем болмауы керек.
2) Еңбектік сақтандыру зейнетақысы – бұл зейнетақы еңбек ету кезеңіндегі салынатын міндетті сақтандыру төлемдерінің есебінен қалыптастырылады. Сақтандыру еңбектік зейнетақы жұмыс беруші жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерінің көлеміне байланысты.
3) Еңбектік зейнетақының жинақтық бөлігі – ол әр азаматтың атаулы зейнетақы шотынан жүргізіледі.
Еңбектік зейнетақының жинақтық бөлігі толығымен жұмыс берушінің төлейтін сақтандыру төлемдері мен және жұмысшының жеке зейнетақы есебіне байланысты.