Психология туралы қазақша реферат

Психология туралы қазақша реферат

Психологияда адамның жан дүниесінің ғылыми негізінде зеттеудің орнына, тек қана жан деген не, оның қандай қасиеттері бар, адам өлгенде онымен бірге жаны да өле ме, жоқ па, егер өлмейтін болса ол қайда кетеді, қандай адамның жаны тозаққа барады, бір иненің ұшына неше періште отыра алады немесе бір иненің көзінен неше періште өте алады дегендей құрғақ, ешкімге керексіз мәселелермен шұғылданатын ғалымдар көбейе түсті. Мұндай психология – жанды материямен ешбір байланысы жоқ абсолюттік ұшы-қиырсыз, еш уақытта өзгермейтін субстанция (негіз) деп білді.

Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс — әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл — әрекетіне оның мінез – құлқына, ниет – тілегі мен бағыт – бағдарынан айқын байқалады. Ниет – тілектердің мәні адамның тіршілігіне, іс — әрекет түрлерінен, әлеуметтік ортада атқаратын қызметі мен ісінен айқын көрінеді. Сөйтіп, жеке адамның ішкі дүниесінің сыры, жан сарайы, психикасының даралық ерекшеліктері сыртқа байқалып тұрады.

Адамның мұқтаждықтары адамның әрекетін меңгеріп, басқарып отырады. Егер адамда мұқтаждық болмаса, адам тіршілік те, әрекет те етпейді. Сондықтан адамның бір мұқтаждықтары қанағаттанатын болса, олардың орнына басқа мұқтаждықтар пайда болып отырады. Қанағаттандарылған мұқтаждықтар орнына басқа мұқтаждықтар пайда болуы адамның әрекеттерінің, қылығының прогрессивтік түрде ғылымды, өнерді, мәдениетті т.б. әрқашан да алға қарай дамытып отыратындығын көрсетеді. Егер адамдардың мұқтаждықтары бір қалыпты тұрып, өзгермесе, жаңа мұқтаждықтар пайда болмаса, адамның әрекеті де бір қалыпты тұрған болар еді. Олай болса, тарих та болмас еді. Сондықтан тарих пен қоғамның дамуы үшін, адамның мұқтаждық әрекеттері өсіп, дамып отыруы қажет.