Психолог-консультант

Психолог-консультант туралы қазақша реферат

Психолог-консультант тен клиенттің арасында ол келешек өміріне жаңа мақсаттар, жаңа ойлар, жаңа бастан кешірулер, жаңа әрекеттер табатындай қарым-қатынас болуы керек. Осыған орай психолог, теориялық бағдарға тәуелсіз, өз жұмысында өмір, өмір мағынасы, адамның өмірдегі орны, құндылықтар, индивидуалдылық (даралық) секілді ұғымдарды қолданады.

Біз қазіргі кезде психологияда қалыптасқан психологиялық консультация  практикасынасына мүмкін көзқарастар сипаттамасына тоқталамыз, осыған орай негізгі бағыттарын сипат бере өтсек:

Тереңдік психология – психоанализ (З. Фрейд), индивидуалды психолгия (А. Адлер), аналитикалық психология (К. Юнг), транзактты анализ (Э. Берн) және т. Б: бихевиоралды бағыт — әлеуметтік үйрену, әлеуметтік компетенттіліктің тренингі; өз бетінше оқу; когнитивті терапия; рационалды- эмоционалды терапия (А. Эоллис) және т. Б. Гукманистикалық бағыт – гештальттерапия (Р. Перлз), топтық терапия (К. Роджерс), логотерапия (В. Франкл), психодрама (Морено).

Санасыздық концепциясы – З. Фрейд теориясының негізгі пункті екендігі баршамызға мәлім.  Санасыздық ұғымы адам өмірінің күрделігі мен әркелкілігін сипаттауға жағдай жасайды.

Психоанализдің негізгі міндеті адамды басқаратын санадан тыс сфераны  ашып көрсетуге және де оқуға мүмкіндік береді. Психодинамикалық теориясы позициямен жұмыс істейтін психолог клиентпен жұмыс жасай отырып, клиенттің өзінің санадан тыс үрдістерін түсініп, оларға әсер етуіне талпынады. Бұл жағдайда психолог пен клиенттің әсер етуі мақсатына жетті деп санауға болады. Бұл теория бойынша, жеке тұлғалық тұрақты мінез сипаттары өте ерте қалыптасады деп саналады. Бұл балалық стереотиптер ересек адам мінез-құлқында әр түрлі нұсқада көрінеді. Адам өмірі оның өткенімен анықталады.

Клиентпен жұмыс жасаушы психолог бұл стереотиптерді бөліп, бір-бірімен

және адамның балалық тәжірибесімен  байланысын жасйды. Содан клиенттің ойлары мен әрекеттері психоанализ терминдерінде анықталады, яғни интерпретацияланады.