Психиканың пайда болуы және дамуы

Психиканың пайда болуы және дамуы туралы қазақша реферат

Ғылым  бүткіл органикалық  дүниенің мәңгі бақи бір қалыпта тұрмайтынын, ол сан алуан сапалы өзгерісер нәтижесінде пайда болғанын жаратылыстану ғылымдарының мәліметтеріне сүейене отырып түсіндіреді. Біз адам психикасы бірден жасалмағанын, оның өзі жануарлардың өткендегі талай ғасырлық даму жолдарымен біртіндеп даярланғандығын, екеуінің арасында сабақтастық байланыс бар екендігін жақсы аңғарамыз.

Психика органикалық материяның барлығында бірдей бола беретін қасиет емес. Ол өсімдіктер дүниесінде жоқ. Тіпті тірі организмдердің төмендегі фомаларынан да оны табу қиын. Психика материяның жоғары формаларының, жанды материяның ғана қасиеті. Тірі материяның, төменгі түрлеріне (мәселен, қарапайым организмдерге) тітіркенушілік (сыртқы әсерлерге жауап бере алушылық), ал оның жоғары түрлеріне сезгіштік (заттардың қасиеттерін бейнелей алу) қасиет тән. Сезгіштік – психиканның ең бастапқы белгісі. Бұл организм сыртқы ортаны түйсіне алу қабілеті. Түйсік орталық нерв жүейесі бар барлық жануарларда және адамдарда кездесетін қарапайым психикалық құбылыс.

Психикалық әрекеттің дамуы нерв жүесімен дамуымен шарттас. Ал нерв жүесі құрылысының күделене түсуі психиканың күрделене түсуіне, онң жоғарғы формаларының пайда болуына жағдай туғызған.

Адамның даму тарихы сапалық жаңа саты, ол жануарлардың биологиялық дамуының одан бұрынғы жолынан түбірлі ерекшеліктері бар. Адамның жануарлардың өмір сүруінен ерекшелігі қоғамдық – еңбек әрекетіне көшу болып табылады. Осы өмірдің нәтижесінде психиканың жаңа түрі – адамның санасы пайда болады.

Еңбек әрекеті адамды жануарлар дүниесін ерекшелейді. Егерде қоршаған ортаға жануарлар бейжай түрде бейімделсе, табиғаттың бергенін   ғана пайдаланса, ал адам еңбек әрекеті үрдісінде табиғатқа белсенді және мақсатты әсер етеді, оны өзгертеді, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оған бейімделеді және пайдаланады.

Еңбек үрдісінде адам өзінің дене және рухани табиғатын өзгерте алады. Ф.Энгельстің айтуынша, адамды адам адам еткен еңбек. Алғашқа қауымдық кезеңнен бастап, еңбек үрдісінде адамны дене және психикалық қабілеттері жетілді, оның миы және сезім органдары, психикалық сапалары, қабілеттері қалыптасты.

Адамның даму тарихы сапалық жаңа саты, ол жануарлардың биологиялық дамуының одан бұрынғы жолынан түбірлі ерекшеліктері бар. Адамның жануарлардың өмір сүруінен ерекшелігі қоғамдық – еңбек әрекетіне көшу болып табылады. Осы өмірдің нәтижесінде психиканың жаңа түрі адамның санасы пайда болады.

Еңбек әрекеті адамды жануарлар дүниесінен ерекшелейді. Егер де қоршаған ортаға жануарлар бейжай түрде бейімделсе, табиғаттың бергенін ғана пайдаланса, ал адам еңбек әрекеті үрдісінде табиғатқа белсенді және мақсатты әсер етеді, оны өзгертеді, материалдық және рухани қажеттілік-терін қанағаттандыру үшін оған бейімделеді және пайдаланады.

Еңбек үрдісінде адам өзінің дене және рухани табиғатын өзгерте алады. Ф.Энгельстің айтуынша, адамды адам еткен еңбек. Алғашқы қауымдық кезеңнен бастап, еңбек үрдісінде адамның дене және психикалық қабілеттері жетілді, оның миы және сезім органдары, психикалық сапалары,қабілеттері қалыптасты.

Адам санасының қалыптасуы мен психологиялық сипаттамасы жаңаның басталуын, психика дамуының жоғарғы кезеңін білдіреді.Саналы бейнелеудің жануарларға тән психикалық бейнелеуден айырмашылығы – бұл заттық шындықты бейнелеу. Санаға жан-жақты сипаттаманы А.Н.Леонтьев өзінің «Іс-әрекет, Сана, Жеке тұлға» атты еңбегінде берген болатын.