Психиканы дамытудың биологиялық шарттары туралы қазақша реферат
Адамның психикалық іс-әрекеті — өте күрделі құрылым. Оның ерекшеліктері алдымен баланың тіршілігі және тәрбиесімен сабақтас. Сөздік-логикалық ,ес, ұғынымды ойлау, заттық қабылдау және адамға тән басқа да жоғары психикалық функциялар биологиялық тұқым қуалаушылық жолмен қалыптасын, берілмейді. Бұл олардың тарихи даму процесінде өзгерістерге үшырап, жетіле түсуіне мүмкіндік береді.
Айтып өткеніміздей, адам психикасы дамуының негізгі ерекшеліктерін биологиялық заңдармен, жетілу, тұқым қуалау заңдарымен түсіндіру теория тұрғысынан алғанда қате болып табылады және практикада үлкен қиындықтарға әкеліп соқтырады, өйткені бұл жерде педагогка көпекөрнеу пассивті роль бөлінеді.» Маркстік педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы адамның психикалық даму заңдары әлеуметтік жағынан сабақтас, даму процесі баланың өмір сүру жағдайы мен тәрбиесінің күрделі жиынтығымен анықталады деген түсінікті басшылыққа алады.
Бұлай болған жағдайда дамудың биологиялық шарттарының, түқым қуалаушылықтың, бала организмі дамуының нейро-физиологиялық ерекшеліктерінің, оның психикасының дамуындағы ролі қандай?
Адамның өмірде қалыптасатын күрделі психикалық іс-әрекеті (ойлау, сөйлеу) мен неғұрлым қарапайым табиғи функцияларын (мысалы, қозу мен тежелу процестерінің арақатынасымен ерекшеліктері) ажырата білу керек. Психикалық іс-әрекет өзіне басқа да көптеген компоненттермен қоса осынау қарапайым функцияларды да қамтиды Мәселен, адамның музыкалық қабілеттері мен жоғары дыбыс айырғыштығының, математикалық ойлауы мен кеңістік анализі және синтезі функциялары арасындағы байланыс белгілі. Әдетте нышандар деп аталатын қарапайым, табиғи қасиеттер адамның сыртқы жағдайлар әсерімен қалыптасатын күрделірек іс-әрекеттердің құрамына кіреді. Белгілі бір жағдайларда қарапайым функцйялар женді жетілмеген немесе бүзылған кезде өздерінен жоғары орналасқан неғұрлым күрделі психикалык іс-әрекетті де айқындай бастайды. Мысалы, ми қабығының желке-самай бөлігіне зақым келгенде қарапайым кеңістік синтезі бұзылады да мүның өзі есептей білуге (акалькулия) зиянын тигізеді. Қалыпты даму жағдайында белгілі бір нышандар осы қарапайым функциялар» ға жатпайтын, сондықтан оларға тікелей тәуелді емес психикалық іс-әрекет дамуы шарттарының бірі ғана болып табылады. Тіпті қарапайым функциялардын өзі де арнайы ұйьшдастырылған әсердің ықпалымен дамитындығы дәлелденіп отыр. Мәсе-. лен, психологтар жоғары естігіштікті қальштастыру жолдарын тапты. Күрделі психикалық ісәрекет пең карапайың функцнялар арасында жылжымалы, жанама қарым-қатынастар болатындығын мидың шектелгеи бөлімдеріне зақым келген науқастармен жүргізілген орнын толтыру-қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде (А. Р. Лурия мен оның қызметкерлерінің зерттеулері) күрделі психиқалық іс-әрекет (сөйлеу-ойлау про-цестері) құрылымын қайта құрудың өте бай тәжірибесі дәлелдейді.
Ми қызметінің тұқым қуалай берілетін ерекшеліктерінің бірі — жоғары нерв қызметінің типі деп жорамалданады. Ол нерв процестерініқ күшін, қимылын және тепе-теңдігін сипаттайды. Алайда, дамудың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерінің бүл қатынасы да бір мағыналы болмай, езі баланын жеке басының қүрылымы мен оның даму процесінің күрделі жүйесіне еніп және көбінесе солармен анықталып отырады. Мы-салы, нерв процестерінің жоғары қозғалғыштығы бір жағдайларда тез ойлаудың, іс-әрекет тәсілін қайта қүру мүмкіндігінің ішінара негізі болса, екінші жағдайларда алаңдаушылық пен ырықсыздыққа да итермелейді.
Сөйтіп, физиологиялық, қарапайым, тұқым қуалай берілетін функциялар психикалық даму процесінің кейбір жақтарына әсер етуі мүмкін. Бірақ та олардың маңызы шешуші болып саналмайды. Даму процесінің негізгі мазмүны мен механизмдері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Солардың арасында жетекші болып балаларды оқыту мен тәрбиелеу жағдайлары есептеледі.
Адамның психикалық дамуының әлеуметтік сабақтастығын түсіну, даму процесін тек білім мен дағдыларды жай жинақтауға әкеліп саюға болады дегенді білдірмейді. Адамның психикалык дамуының әлеуметтік табиғатын ескеру бүл процестің күрделілігі мен сан кырлылығын түсінуге мүмкіндік береді, ейткені осылай қарастырғанда ғана даму қайсыбір жекеленген функциялардың жетілуі немесе сан жағынан қөбеюі түрінде емес, адамның бүтіндей дамуы, яғни жеке адамның дамуы ретінде көрінеді.
Оқыту мазмұиы және психикалық даму. Балалардың дамуының оқыту процесіндегі ең басты және анықтаушы жағы білімдерді іс-әрекет әдістерін күрделендіруден тұрады. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер, ең алдымен совет психологтары, оқыту мазмұны, яғни балаға берілетін білідерді және іс-әрекет әдістерін өзгерте отырып, баланың дамуын елеулі өзгертуге бола-тынын дәлелдеп берді.
Көптеген зерттеулерде (Л. А. Венгер, П. Я. Галъперин, Д, Б. Эльконин, В. В. Даөыдов) оқыту мазмұнына арнайы құралдарды (сенсорлық дамудағы форма, түс эталондары, математиканы оқытудағы түрлі үлгілер мен схемалар өлшемі) енгізу ақылой дамуының мүлдем өзгермейтін және абсолюттік деп есептелген сатыларында принципті өзгеріс туғызатынын көрсететін деректер алынды. Мысалы, Швейцария психологы Ж. Пиаже өзі жүргізген зерттеулер негізінде жеті-сегіз жасқа дейінгі балалар есеп амалдарын толық мағынасында қолдана алмайды деді. Пиаже сипаттаған «санның сақталынбауы» деген феномен көпке мәлім. Оны мынадай тәжірибеден көруге болады. Біркелкі екі ыдысқа тең мөлшерде су кұяды. Одан кейін бала бір ыдыстағы судын басқа жіңішке биік ыдысқа ауыстырылып құйылғанын көреді, Судың көтерілу деңгейіне қарай болжамдап бала су көбейді дейді. Алайда совет психологтарының зерттеу-лері көрсеткендей өлшем амалдарын пайдалануды үйреткен жағдайда мүндай феномен бес жасар балалар арасында да болмайды екен.
Пиаженің есебі бойынша 11 —12 жаска қарай ғана дамиды деген логикалық операциялардың, егер оларды орындаудың арнаулы қүралдарын енгізсе, мектепке дейінгі жаста да мүмкін екендігі анықталды. Мысалы, алты-жеті жасар балаларға заттарды арнаулы белгілері бойынша біріктіру үшін эталон-үлгі қолдануды үйреткен жағдайда, бүл балалардың жіктеу операциясының механизмі мен даму сатыларын елеулі өзгеріске түсірді. Зерттеулерден алынған деректер төменгі класс, тіпті кейде мектеп жасына дейінгі балалардың оқу пәндерінің ғылыми мазмүнын меңгере алатынын дәлелдеп отыр. Ғылыми білімдерді игеру балалардың ойының дамуын түбегейлі қайта құруға себепші болады.
Ғылымның белгілі бір пәніне сай келетін білімдер айрықша міндеттері, объектілері, операциялары бар күрделі құрылыммен сипатталады. Балалар жаңа операцияларды олардың өздеріне тән функцияларында, яғни берілген операция орындау құралы болатын іс-әрекетпен байланыстырып игеруі керек. Мысалы, арифметикалық амалдар арифметикалық есептерді шығару тәсілдері ретінде енгізіледі. Белгілі бір есептерді орындау үшін қажетті операциялар жиынтығы есеп шығару тәсілін құрайды.
Сөйтіп, оқытуда балалар белгілі бір есептерді жәие оларды шығарудың тәсілдерін игереді. Кең көлемде есеп шығару мүмкіндігі тәсілді жалпылауға байланысты, ал әркелкі мөлшерде жалпылау тәсілі алдымен өзінің құрылымымен ерекшелен-еді. Мәселен, көптеген балалар 1-класта арифметикалық есептерді нақтылы амалға бағдарлай әрі одан арғы тікелей арифметикалық іс-әрекетке көше отырып шығарады. Сондықтан да балалар есепті кері шығаруда кателіктерге үрынады. Мысалы, «Бала досына үш қарындаш берді, өзіне бес қарындаш қалдырды. Оның неше қарындашы болды?»— деген есепте балалар алу амалын (өйткені бүл амал оларды әдеттегідей «берді», «қалды», деген сөздермен байланыстырылды) қолданады. Демек, балалар арифметикалық амалдың жалпылама мәнін түсінбейді, Түсінбеушілік арифметикалық есепті шығару тэсілініа өз күрамына «тендік-тенсіздік», «бөлшек — бүтін» катынастарын және арифметикалық амалды енгізетін кұрылымның күрделілігінен келіп шығады. Жалпылау тәсіліне үйретілген балалы тікелей және кері есептерді бірдей оңай шығара білген. Зерттеу нәтижелері, жалпы тәсілді игергенде еңбекте де, кәсіптік оқуда да неғұрлым жоғары нәтижеге жетуге болатынын көрсетіп отыр.
Сонымен, оқыту мазмұны, балалар игеретін білім мен іс-әрекет тәсілдерінің ерекшеліктері, оқытудағы белгілі бірі азділік балалар-дамуының негізгі қырларыныц бірін сипаттайды.
Тәсілдер мен білімді қолданудың психологиялық механизмдерінің дамуы. Іс-әрекеттій, жалпы типін аыықтайтын қайсыбір біркелкі тәсілдерді балалар әр түрлі дәрежеде сәтті қолдануы мүмкін. Бүл нақтылы іс-әрекетті жүзеге асырудың негізіне жататын психологиялық механизмдердің ерекшелігіне байланысты болады. Психологиялық зерттеулерден алынған деректер бүл механизмдер жекелеген оқу пәндеріне тән операциялар мен қарым-қатынастар түрінде ғана болмай, жалпылама сипатта бола-тынын көрсетіп отыр. Мәселен, Д. Я. Богоявленский, Е. Н. Ка-банова-Меллер, Н. А. Менчинская және тағы басқа психологтар ақыл-ой іс-әрекетінің жалпылама тәсілдерінің (абстракция, салыстыру, анализ, синтез) балалар ақылойы дамуының жалпы процесінде алатын маңызын кәрсетіп берді. Мысалы, «бөлшек — бүтін» қатынасын арифметикалық есеп шығаруда қолдану үшін бала, бүл қарым-қатынас жөніндегі жалпылама бі-лімді есептің нақтылы шарттарымен үйлестіріп және шарттардан осы қарым-қатынаска сай келетін элементтерді (балада болған. қарындаштар — бүтін, ал қалғандары мен оның бергендері — белшектері) бөліп шығаруы тиіс
Психиканың пайда болуы, яғни генезисі және оның дамуы туралы іфоблемалар өзара тығыз байланысты. Сондықтан да психика дамуы туралы жалпы көзқарас психиканың туындауы жөніндегі мөселенің теориялық ерекше-ліктерімен сипатталады.
Атылған проблема бойынша ғылымда бірнеше теориялық бағыт қалыптасқан. Ең алдымен бұлар арасыңда философиялық ой-пікір тарихында Р.Декарт есімімен байланысты ғылыми елеуге тұрарлық «антропопсихизм» бағдары. Оның мәні: психиканың пайда болуы адамның келіп шығуымен байланысты. Психика тек адамға тән қасиет. Осылай пайымдаудан адам психикасының біз білетін тарихтан бұрынғы болмысы түгелдей жоққа шығарылды. Мұндай пікір қазіргі күнде де өз қолдауын табуда. Бұған Қарама-қарсы, екінші теория «панпсихизм», яғни бүкіл табиғатгың жан-рухи қасиетке иелігі жөніндегі ұғам. Бұл біріне бірі қайшы екі көзқарастың аралығывда кеңірек өріс «биопсихизм теориясы бар. Биопсихикошілдердің пікірі — психика жалпы материяның қасиеті емес, ал оның тек жанды бір ғана тән нөрсе. Қойылған проблеманың орай өрістеген жөне бір өзқарас: психика барша материяның қасиеті емес, ал олардың арасындағы жүйесіне (нервная система) ие болғандарына ғана төн с. Мүндай тұжырым «нсйропсихизм» деп аталған-Ғылыми психология аталған тұжырмдардың бір-де-бірін толығымен құптай алмайды.Оның дәлелдері тіпті басқаша: психологияның туындауы жөніндегі мөселенің шешімін өмірдің өте күрделі формасы — психиканың туындауына себепші болған жағдайларды зерттеп танумен байланыстырады. Тіршілік пайда болуының негізгі шарты қоршаған оргамен тұрақгы зат алмасуға икемелген күрделі ауызды (белокты) молекулалардың түзілуі. Өздерінің тірдей қалпын сақтап қалу үшін олар қоршаған ортадан қорек заттарды сіңіріп, сонымен бірге қалыпты өміріне зияңць қорышлған қорек қалдықтарын сыртқа шығарып отырады Ассимиляция және диссимиляция деп аталған бұл екі процесс зат айналымының құрамды бөлектері болумеі күрделі ақуызды түзілімдердің негізгі жасау шарты болып табылады. .
Бұл өте күрделі ақуызды молекулалар, каоцерваттар пайдалы коректер мен оларды қорытуға немесе өміріне қауіп туғызатын не зиянды өсерлерге жауап бергізетін ерекшс қасиеттерге ие. Мысалы, мұүндай молекулалар тек қоректі заттарға ғана емес, сол заттарды қорыттуға себін тигізетін жарық пен жылуға да ұнамды өрекетпен жауап береді. Аш шектен артық — механикалық не химиялық — қалыпть жасауына кедергі болатын әсерлерге қарсылық білдіреді. Зат алмасу процесіне қатысы жоқ, бейтарап әсерді тіпті елемейді.
Каоцерваттардың индиферент (қатысы жоқ) әсерлерді елемей, зат алмасу процесіне себепші әсерлерді сезу қасиеті тітіркену деп аталады, ал бұл тітіркену құбылысы органикалық емес материяның органикалық жағдайп ауысқанында көрінеді Бұдан шығатын қорытынды: әрқандай тірі организм сыртқы тіркендіргіштерге таңдамалы (белсенді) қатынас жасап, тірі материяның өзіндік реттеу (саморегуляция) деп аталатын жаңа сапалық қасиетін танытады. Тітіркену — бұл биологиялық бейнелеудің (отражение) ең қарапайым формасы болумен, өсімдік жөне жануарлар эволюциясының барша кезендеріндегі тірі организмдерге төн құбылыс, яғни бұл тірі организмнің барша биологаялық мәнді әсерлерге жауап беру қабілеті Осылай, органикалық дүниеге өсу барысында бейнеленудің сапалық жаңа формасы келіп шығады, әлбетте, бұл бейне айнадағыдай дөл сипатты бере алмайды. Солай да болса, осы бейне өзінің енжар, кездейсоқ сипатынан арылып, тіршіліктің қажетгі шартына айналды.
Тіршілікке маңызды әсерлерге болған тітіркену процестері, тітіркенудің жоғары маманданған формаларының калыптасуы және олардың ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыруы өсімдік дүниесі деп аталған өмір кезеңінің сипатына айналады. Мысалы, күн жарығына орай өсімдік тамырының терендеуі, дарақ діңінің қисық болуы, өсімдіктің күн сәулесін бағуы сияқты құбылыстар — бөрі осы биотикалық өсерлерден болған тітіркенудің нәтижесі. Өсімдік өмірі үшін мөнді жөне бір жағдай бар. Биотикалық әсерге қарқынды зат алмасумен жауап беруші өсімдіктер нақты зат алмасу кезінде өзге өсерлерді «байқа-майды». Олар қоршаған ортада белсенді (актив) бағыт-бағдар таңдай алмайды. Мысалы, адым жерде күн сәулесі жарқырап түсіп тұрғанымен, өзі тасада қалған өсімдік жасай алмайды.
Мұндай өмір сүрудің енжар (пассив) формасынан тіршілік эволюциясының келесі кезеңі — жәндік-жаңуарлар дүниссі — айрықша сипатқа ие. Бұл кезеңдегі жалпы, ең қарапайым тіршілікгің даму барысында пайда болған бейнелеудің бастапқы формасы — сезу (чувствительность) екені жөнінде ғылымдық болжам бар (А.Н.Леонтьев). Бұл болжам бойынша, ең қарапайымдарынан бастап әрбір тірі организге төн құбылыс — жануардың тек зат алмасуға қатысты биологиялық әсерлерге беріп қоймастан, биологиялық мәнсіз не «бейтарап» әсерлерге де, егер олардың өмірлік қажеттілігі жөнінде хабар түссе, жауап бере алуы. Басқаша айтсақ, жануарлар, тіпті ең капайымдары да, қоршаган оріада белсеңці түрде бағығ-бағдар іздестіреді, өмірлік маңызды жағдайларды қарастырады, төңіректегі барша өзгерістерді байқастырады. Мұндай алғаш биологиялық маңызсыз, ал соң өмір қажеттілігіне айналған өсерлерді бақылау қабілеті — сезү деп аталады. Сезу құбылысы психиканың туывдауында объектив биологиялық белгі қызметін атқарады.
Тіршілікке қажет әсерлер туралы хабар (сигаалдар) тиісті мүшеге түсуімен бейтарап тітіркеңдіргіштерді де қабылдай алатын сезу қасиегі өмір (тіршілік) формасына түпкілікті өзгерістер енгізді. Ең бастысы, тіршілік иесі қор-иіаған ортада бағдарлау қабілетіне ие болып, онда болып әртүрлі өзгерістерге белсенді қатынас жасай отырып, өсімдіктерге тән емес, өрекет-қылықтың (поведение) жекеде өзгермелі формаларын қалыптастыра бастады.
Алғашқы кезде мұндай жеке өзгермелі әрекет қылықтың қалыптасуы өте баяу болды, солай да болса, бұл процесті эксперимент жағдайыада (Брамштедт) байқауға қод жетті: бір жасушалы жануарлар жылуды сезеді де, жарықты қабылдамайды. Сондықтан да олар бір жағы жарық, екіншіс — қараңғы, суы теңдей жылы камерада бір қалыпты жайы жасайды. Ал егер камерадағы судың бір бөлігін ғана жылың жануарлар сол бұрышқа келіп жиналады. Егер камеранда суық су тарапына ұзақ уақыт жарық түсіріп, жылы жағын қараңғыласа, жануарлар әрекеті өзгере бастайды, яғни екі біржасушалылар температураның көтерілуінен хабар беру? сигаалға айналған жарықты сезе бастайды. Өсімдіктерд жануарларды ажырататын жекелеген әрекетқылық ба өзгереді және пайда болған өзгерістер ұзақ уақыт сақталы өте жай жойылады.
Жоғарыда баявдалған тітіркену, сезу процестері біржасушалылар өмірін қамтамасыз ете алады, ал оларда көпжасушалылар деңгейіне көтерілуімен пайда болаты тіршілікке бұлар жеткіліксіз.
Көпжасушалылар дөрежесіне өту — тіршілік жағдайын күрделендіріп жіберді: қоршаған ортадаш бағыт-бағдар таңдаудың белсеңдлік ролі артып, күрделі қозғалыстар мен қозудың жылдам жүрісін қамтамасыз ету қажеттілігі туыңдайды. Бүл көпжасушалылардың дене құрылымының күрделенуіне, тітіркенуді сезуге байланысты арнайы жасушалардың пайда болуына, бұлшық ет қысқарту тар жасушаларының түзілуі мен торлы — тармакты (диффуздың сипатқа ие жүйке жүйесінің дамуына өкелді.
Мұндай жүйке көрінісін, мысалы, медуза, актини жөне теңіз жұлдызшаларында байқауға болады. Бұл даму кезеңіне тән құбылыс: торлы жүйке жүйесіне орай жүрісі бірқанша жылдамдасады. Бірақ, тіршілік дамуыңда ұнамды із қалдырғанымен, диффуздық жүйке жүйесінің кемшілігі де бар: қозу торлы жүйке тармақтарымен бүкіл дене бойлап таралады. Сондықтан сырттан келген әсерді қабылдап, өңдеп және бейнелеп танитын жетекші органньи болмағанынан бұл деңгейдегі тіршілік иесінің әрекет-қылығы шектеулі болатыны табиғи фактор. Мұндай кемшілік бұдан әрі эволюциялық даму барысында, өсіресі құрылықтагы тіршілік формасына өтумен, диффуздыққа қарағаада бір шама күрделірек ганглиозды жүйке жүйесінің қалыптасуымен шегерідді.
Құрылықтағы тіршілікке өту өмір жағдайларының едәуір күрделенуін туындатты.
Жануарлардың тума (инстинкттік) әрекет-қылығын
Жүйке жүйесі эволюциясының келесі кезеңін анық (белгілі нүктелерге топтасқан) жүйке жүйесінің болуымен байлшысты. Мұндай жүйесі жоғары омыртқасыздарда,соның ішінде күшті дамыды. Ганлиоздық жүйкенің туындауы және оның көмеімен күрделі өрекет-қылықтардың қалыптасуы -тіршілік эволюциясындағы өте маңызды ілгерілеу болды.