Полиорганоалкиленсиландар

Бұл полимерлерге жоғары жылутұрақтылық қасиеті тән. Полиорганоалкиленсиландардың полимерлі қатарында тек Si – С және С – С байланыс болғандықтан, олар жоғары гидролитикалық тұрақтылыққа және сілті мен қышқылдың әсеріне тұрақтылығымен ажыратылады. Бұл кластың жоғарымолекулалы полимерлерін металлоорганикалық катализаторлардың қатысында силациклоалкандардың полимеризациясымен немесе гидросиландардың дивинилсиландармен, H2PtCl6, органикалық асқынтотықтар немесе үшіншілік аминдердің қатысында, әрекеттесуімен алады. Полиорганоалкиленсиландар сәйкес мономердің қатысты жоғары құндылығына байланысты тәжірибелік қолданысқа ие болмады.