Отбасы татулығы бағдарламасы дипломдық жұмыс

Мазмұны

1. Кіріспе
2. Отбасы татулығы бағдарламасы
2.1 Бағдарламаның мақсаты және міндеттері
2.2. «Отбасы татулығы» бағдарламасының негізгі бағыттары
2.3. Отбасы татулығы қызметін құру қажеттігі
3. Отбасы татулығы қызметіне тұжырымдама
3.1. Мақсаттары және міндеттері
3.2. Негізгі ұстанымдары және этикалық қалыптары
4. Отбасы татулығы қызметінің негізгі әрекет мазмұны
4.1. «Баланың жеке басын дамыту мектебі»
4.1.1.«Баланың жеке басын дамыту мектебінің» мақсаттары мен міндеттері
4.1.2. Іс-әрекеттің мазмұны мен бағыттары
4.2. «Ата-ана мектебі»
4.2.1. «Ата-ана мектебінің» мақсаттары мен міндеттері
4.2.2. Іс-әрекеттің мазмұны мен бағыттары
5. Отбасы жүйесі- баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының негізі ретінде
5.1. Отбасы құрылымы, қызметі және дамуы
5.2. Отбасы дағдарыстары
5.2.1.Отбасындағы қалыпты дағдарыстар
5.2.2. Отбасындағы қалыптан тыс дағдарыстар
5.3. Отбасында баланың жас және психологиялық даму ерекшеліктері
6.Отбасын әлеуметтік-психологиялық зерттеудің әдістемелік негізі
6.1. Отбасы құрылымының психологиялық ерекшеліктері
6.1.1. «Отбасына бейімделу және топтасу шкаласы» сауалнамасы
6.1.2. «Отбасы социограммасы» тесті
6.1.3. Телімелі суретті тест «Отбасы кинестетикалық суреті»
6.2. Балаға әлеуметтік –психологиялық зерттеу жүргізу негізі
6.2.1. «Көркем сурет» әдістемесі
6.2.2.«Шварцландердің моторлық сынау» әдістемесі
6.2.3.Баланың жеке қасиеттеріне сауалнама (Холл және Хальберштат
6.2.4. Айзенк сауалнамасы ( жеткіншек 12-17 жас
6.2.5. «Адам суреті» тесті
6.2.6. «Балалар арасындағы бақталастықты анықтау шкаласы» сауалнамасы
6.2.7. Жеке тұлғалық агрессия деңгейін анықтау
6.3. Ата-аналарға психологиялық зерттеу жүргізу негізі
6.3.1.ОТТ сауалнамасы (отбасы тәрбиесін талдау) Э.Г.Эйдемиллер
6.3.2. ОТТ ата-аналарға арналған сауалнама
6.3.3.Ата-ананың балаға қатынасына сауалнама- тесті
6.3.4.Ата-ана қабілетін бағалау
6.3.5. « Бала тәрбиесі типтері»ата-аналарға арналған сауалнама
6.4.Ерлі-зайыптылар қатынасын диагностикалау
6.4.1. ТЭБ сауалнамасы (түсіністік, эмоцоналдылық, беделдік
7. Отбасы татулығы бағдарламасының әдістері
7.1.Отбасы психотерапиясы
7.2. Отбасы психотерапиясы мектептері және бағыттары
7.2. 1. Пало Алто мектебі
7.2.2. Жүйелі отбасы психотерапиясы
7.2.3.Стратегиялық отбасы психотерапиясы
7.2.4.Мінез-құлықтық отбасы психотерапиясы
7.2.5.Коммуникативті отбасы терапиясы
7.2.6. Ерлі-зайыптылық психотерапиясы
7.2.7.Отбасылық кеңес беру
7.3. Отбасы қатынасына психотерапевтік коррекция
7.4.Отбасы психотерапиясының әдістемелері
7.5. Отбасымен жұмыс. Мақсат пен міндеттер қою
7.6.Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері
7.6.1Отбасымен жұмыс жүргізуді бастау
7.6.2.Алғашқы сұхбатты жүргізу
7.6.3. Отбасымен жүргізілетін орта кезеңдік жұмыстар
7.6.4.Отбасымен орта кезеңдік жұмыста, қолданылатын тәжірибелік жұмыс ұстанымдары
7.6.5. Отбасымен жүргізілетін қорытынды кезеңдегі жұмыстар
7.7 Отбасы терапиясының техникалары
8. Отбасымен жұмыс жүргізетін мамандардың кәсіби хабардарлығы
8.1.Отбасылық психологтың теориясы және тәжірибесі
8.2.Отбасымен жұмыста нәтижелі кеңес беру дағдылары
8.2.1.Коммуникативті біліктілік
8.2.2.Бейвербалді қарым-қатынастың кейбір тұстары
8.2.3.Вербалды қарым-қатынас
8.2.4.Отбасылық кеңес беруде қолданылатын сұрақтың түрлері
8.5.5. Белсенді тыңдау техникалары

Қосымшалар
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

    Осы әдістемелік құрал тәжірибелік психология және психотерапия Еуразиялық институты (ЕИТПП) және Қазақ  Психологтар Қауымдастығы (ҚПҚ) мамандарының отбасы татулығын сақтау және  сәтсіз отбасының алдын-алу жұмыстарын қорытындылау  болып табылады.  Жұмыстың өткізілу орны  тәжірибелік орталық ЕИТПП « Баланың жеке басын дамыту мектебі» және «Ата-аналар мектебі» шеңберінде сабақтарда жүргізілді, бұл қызмет Оңтүстік Қазақстан облысында  төрт жыл көлемінде тәжірибеден өтті. Бағдарламада ата-ана және балаларға жүргізілген сабақтар деңгейі, жалпы отбасы жұмыстарына теориялық және практикалық материалдар шетел авторларының (Ресей, Ағылшын, Француз)  сондай-ақ әдістемені құрастырушы-авторлардың отбасы дағдарыс күйзелісінен тәжірибе жұмыстары, жас ерекшелік және отбасы психологиясы мәселелерімен ізденушілер  М.В Коляева, Ф.Ә Бизақованың эксперменталды жұмыстарының нәтижелері, сондай-ақ білім беру саласы қызметкерлерінің түрлі жас ерекшелігіндегі балалармен жүргізілген жұмыстары, тәжірибелері және зерттеулері  толық енгізілген.

ОҚФ РҚБ «Қазақстан психологтарының ұлттық ассоциациясы» қызметкерлері  (2007 жылы «Қазақ Психологтар Қауымдастығы» деп, атауы қайта өзгертілді) 2003 жылдан бастап «Баланың жеке басын дамыту» мектебі ұйымдастырылды, негізгі  жобаның мақсаты- 18 жасқа дейінгі балаларға  кәсіби психологиялық қызмет көрсету, тәрбиеде қалыптасатын  жеке ерекшеліктері және қабілетінің дамуына мәнді жағдайлар туғызуды қамтамасыз ету.  Ал 2007жылдан бастап ЕИТПП мамандарымен «Баланың жеке басын дамыту» мектебінің жұмыс тәжірибесі жинақталып және жүйеленіп, отбасы қатынасының аймақтық дамуының нәтижесі, баламен жүргізілген психологиялық және психотерапевтік жұмыстары зерттелінді.

ОҚФ РҚБ  «Қазақстан психологтарының ұлттық ассоциациясы» қызметкерлері 2005 жылдан бастап, бірлестікте  ОҚО әкімшілігі және білім беру департаменті  және БҰҰ ЮНИСЕФ  балалар қоры қолдауымен «ОҚО балаларын күтудің балама түрлерін дамыту және  оның қызметін бағалау» жобасын  жүзеге  асырды.  Сондай-ақ 2006 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында отбасын қолдау орталығы қызметінің мазмұны бойынша жобаның жүзеге асырылу нәтижесіне тұжырымдама құрастырылды. Осы бағдарламада қызмет баламен жұмыс аясында патрионатты  отбасы, асырап алушы ата-ана, әлеуетті ата-аналарды оқыту   қосарлы деңгейде жүзеге асырылды.

Ал 2007 жылдан бастап тәжірибелік психология және психотерапиялық Еуразиялық институтының мамандары осы тәжірибені кеңейте ата-ана және отбасы жұмыстарында қолданысқа енгізді. Соның нәтижесінде «Ата-аналар мектебі» құрылды, негізгі мақсаты-отбасы мүшелерінің нәтижелі өзара әрекет етуін  қамтамасыз ету, ата-аналар және ерлі-зайыптылар қабілетін дамыту болып табылады. Ата-ана және ерлі-зайыптылар арасында  нәтижелі әрекетті  арттыруға байланысты  оқыту тренингтері жүргізілуде. Жеке сабақтар тұлғааралық қатынаста  ата-ана мен бала және ерлі-зайыптыларда  нәтижелілікті қалыптастыру, отбасы ішілік өзара қатынасты көтеруге байланысты жүргізілуде.

Бұл әдістемелік құралда отбасы татулығына бағытталған жұмыс нәтижелері берілген. Бұл еңбекте отбасы татулығы бағдарламасы мен  тұжырымдамасы ұсынылды. Ата-ана мен бала және ерлі-зайыптылар қатынасында татулықты сақтауда қолданылған қажетті ұсыныстарда қарастырылып өткен.

Енгізілген материалдар арнайы отбасымен жұмыс жасайтын мамандар үшін баға жетпес көмек болуы мүмкін: отбасы жүйесіне түсінік, отбасында әлеуметтік-психологиялық зерттеуді әдістемелік негізде жүргізу, отбасы татулығын сақтау әдістері, отбасымен жұмыс жасайтын кәсіби  мамандар біліктілігіне ақпарат, ата-ана және бала, жалпы отбасымен жұмыс жасау ерекшеліктері қарастырылған .

   Дипломдық жұмыс / 136 бет