МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…….3-6
I тарау. Отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері…..
1.1. Балаларда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың теориялық мәселелері……..7-13
1.2. Отбасы балаларда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың факторы ретінде……14-24
1.3. Отбасында балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері……..25-34
IIтарау. Отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың жолдары……. 35
2.1.Балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы халықтық дәстүрлер………35-42
2.2.Отбасында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың бүгінгі әдіс-тәсілдері…..46-48
2.3.Отбасындағы балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда мектептің ынтымақтастығы…49-63
ҚОРЫТЫНДЫ……..64-66
Әдебиеттер тізімі…….67-69
Қосымша…..70
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қай заманда да, қай елде болса да отбасының адамзат ұрпағына тигізетін ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.
Отбасы — адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты, қызық дәурені осы отбасында өтеді. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап, ата-ана өздерінің негізгі борыштарын — тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.
Алайда, қазіргі кездегі елдегі әкономикалық әлеуметтік жағдайлардың
қиындығы, жұмыссыздық, материалдық-рухани қажеттіліктердің тапшылығы осының бәрі отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты күрделендіріп отыр. Бала тәрбиесінің негізі — бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ — бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана — баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге міндетті. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Оған «Балалар құқығы туралы Конвенция» (1995), Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» (1999), Қазақстан Республикасының «Балалардың құқығы туралы заңы» (2002), «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» (2004) сияқты құжаттар дәлел бола алады [1,2,3,4]. 2004 жылы ақпан айында Үкіметтен қолдау тапқан «Білім тұжырымдамасы» үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы балабақшадан бастап, мектеп аяқтағанға дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселесін жоспарлы түрде шешіп, отбасына педагогикалық көмек беруді мақсат етеді. Ал ата-ананың педагогикалық білімінің неғұрлым жоғары болуы олардың қоғам алдында өз балаларының тәлім-тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттырады. Сондықтан да баланы жағымды ортада тәрбиелеу мен оқыту қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақ халқының бала тәрбиесіне деген көзқарасының өзіндік ерекшеліктері бар. Келешек ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән беріп, балаларды ата-баба дәстүрінде тәрбиелеуді мақсат тұтқан қазақ отбасылары баласын мәдениеттілкке, зерделілікке баулып, халықының мәдениеті мен әдет-ғұрпын тәрбиенің бұлжымас құралы ретінде ұстанған. Бұл ретте педагогика тарихында қазақ ауылындағы отбасы тәрбиесі, мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру, балалардың даму ерекшеліктері, адамгершілікке тәрбиелеу және т.б. мәселелер зерттелген. Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесімен де бірқатар ғалымдар айналысқан, атап айтсақ, ресей ғалымдары Урунтаева Г.А., Афонькина Ю.А., Петерина С.В., Лисина М.И. және т.б. қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың жолдарын ұсынса, қазақ педагог-ғалымдары Шериазданова Қ.Т., Ауталипова Ү.И., Елеусізова С.М., Оразбекова К.К. және т.б. қарым-қатынас мәселелерін сөз етеді. Десек те, қазақ отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты, оның өзіндік ерекшеліктерін қарастырған еңбектердің өте аздығы анықталды. Сонымен, балалардың қарым-қатынас мәдениетін бүгінгі өмір талабына сай, ұлттық сипатта қалыптастыруды жүзеге асырудың қажеттілігі мен оны отбасы тәрбиесі жағдайында ғылыми-әдістемелік бағыттарының жеткіліксіздігі аралығында қарама-қайшылықтар байқалады.
Бұл қарама-қайшылықтардың шешімін табу бізге диплом жұмысымыздың тақырыбын«Отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру» деп айқындауға мүмкіндік берді.
Зерттеудің объектісі. Балаларда қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуы.
Зерттеу пәні. Отбасы тәрбиесі жағдайында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру процесі.
Зерттеудің мақсаты. Отбасы тәрбиесі жағдайында балалар бойында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін ұсыну.
Зерттеудің міндеттері.
1. «Қарым-қатынас мәдениеті» ұғымының мәнін ашу.
2.Отбасындағы балалардың қарым-қатынас мәдениетінің ерекшеліктерін
анықтау, олардың қалыптасу жолдарын көрсету.
3.Балаларда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы отбасының
мүмкіндіктерін айқындау.
4.Отбасы тәрбиесі жағдайында балаларда қарым-қатынас мәдениетін
қалыптастырудың әдістемесін ұсыну.
Зерттеудің ғылыми болжамы.
Отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға болады, егер:
— отбасы тәрбиесі жағдайында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру теориялық тұрғыда негізделсе;
— қарым-қатынас мәдениетінің өлшемдері мен көрсеткіштері нақты айқындалса;
— ата-аналарды отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мазмұны мен әдістемесімен қамтамасыз етілсе;
-отбасы тәрбиесі жағдайында балаларда қарым-қатынас мәдениетін
қалыптастыруды жетілдіру үшін мектеп тарапынан бірлескен әрекеттер жүйелі ұйымдастырылса.
Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында сұрақ-жауап, тест, сұхбат,
философиялық, психологиялық т.б. әдістердегі қарым-қатынас мәдениетіне
қатысты мәліметтерге жүйелі теориялық талдау жасау, салыстыру, өңдеу, жүйелеу, әксперимент әдістері пайдаланылды.
Зерттеу көздері. Философиялық, психологиялық, педагогикалық бағытта жазылған еңбектер, ғылыми-зерттеулер қорытындысы бойынша жарияланған мақалалар, адам тәрбиесі мен мәдениетін қалыптастыруға қатысты жазылған тұжырымдамалар және т.б.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімде жұмыстың өзектілігі, зерттеудің мақсаты мен міндеттері және басқа да ғылыми аппарат айқындалады.
«Отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың теориялық мәселелері» атты І-тарауда балаларда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың теориялық мәселелері қарастырылып, ғылыми әдебиеттерге шолу жасалады, сонымен бірге, отбасының балаларда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда негізгі фактор ретіндегі ықпалы дәлелденеді, отбасында балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері сөз болады, атап айтқанда қазақ отбасындағы тәрбие мәселесі жан-жақты талданады.
«Отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың жолдары» деп аталатын ІІ-тарауда балаларда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы халықтық дәстүрлердің алатын орны, атап айтқанда, халықтық педагогика, оның негізгі тәлім-тәрбиелік мәні сөз етіледі. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы, балаларда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы мектептің, сынып жетекшісінің, мұғалімдердің рөлі айқындалып, бұған қоса қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың басқа да әдіс-тәсілдері туралы айтылады.
Қорытынды бөлімде жұмыс бойынша айтылған ой-пікірлер тұжырымдалып, негізгі түйіндер жасалады. Зерттеу нәтижелеріне сүйеніп ұсыныстар беріледі.
Дипломдық жұмыс / 78 бет