«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің экономикалық көрсеткіштерін талдау туралы қазақша реферат
«Оңтүстік Жарық Транзит» заңды тұлға ретінде ҚР ОҚО бойынша Әділет Департаментінің 2005 жыл 27 шілдеде тіркелген.
Серіктестіктің жарғылық капиталының алғашқы жариялаған мөлшері 97100 теңгені құрады. 2006 жыл 15 мамыр айында Қазақстан Республикасының Әділет Департаментінің 341617,5 теңгелік жарғылық капиталымен құрылып, мемлекеттік тіркеуге дейін толық қалыптасты.
2006 жылдың 1 қаңтарында бекітілген және төленген капитал 97,1 мың теңге болса, 01.10.06 жылғы ол 341617,2 мың теңге құрады.
Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты – жарғылық қызметтен таза табыс алу. Серіктестік қызметінің мәні:
— электр энергиясын беру және тарату:
— электр энергиясын беріп таратумен техрологиялық басқа да қызмет түрлері:
— Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салынбаған қызметінің басқа да түрлерінің тізімі заң актілерімен анықталатын қызметтің жеке түрлерімен серіктестік лицензия негізінде ғана айналыса алады.
2005 жылдың 23 желтоқсан №345 Бұйрығымен Серіктестік электр эксплуатациялауда электр энергиясын бөлу және тарату бойынша қызмет көрсету жөніндегі табиғи монополиялардың субъектілерін мемлекеттік тіркеуден Республикалық бөліміне енгізілген.
Жоғарыда аталған Заңның 15 бабына сәйкес табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеу тарифтерді немесе олардың шекті деңгейлерін орнатумен жүзеге асырылады. Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Агенттіктің орталық Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2006 жылы 13 ақпан №2 бұйрығымен 2006 жылы 1 наурызынан бастап әрекет ететін тарифтік тағайындалады.
Тарифті бекіту кезіндегі өкілетті орган табиғи монополия субъектісінің шығындары деңгейін шектейтін, тарифтік шығындар бөліміне кіретін, шығындар тарифіне кіретін, шығындарды реттеуді қарастыратын, шығындарды қалыптастырудың ерекше ережелерін қолданады.
Энергетика және ресурстар Министірлігінің электр энергетикасы және қатты отын Департаментінің облыс бойынша 110-0,4 КВА желілерінде нормативті шығындардың 21,8 % мөлшерін бекітті.
«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің берілген тарифтерде шығындар 25,6% құрады, яғни 3,8% немесе 65,7 млн КВт сағатқа нормадағыдан асып түседі. «ЦОТ Энерго» ЖШС-ң жүргізген сарапшылық бағалауы негізінде 2006 жыл нормативті сан 3308 бірлікті құрады. Бекітілген тарифтік сметада санды 3126 бірлік көлемінде қабылданған кәсіпорынның 22 құрылымдық бөлімшесі бар.
Тарифтік сметада еңбек ақыға 2005 жылы 198400мың теңге көлеміндегі сома қарастырылады. 2005 жыл үшін 166537,1 мың теңге, ал 2006 жыл 9 айы үшін 599789,0 мың теңге. Жоспар бойынша 2006 жыл 9 айы үшін еңбек ақы қоры 586120 мың теңгені құрады. 2005 жылы негізгі құралдардың күрделі жөндеу жұмысына 12160,7 мың теңге көлемінде ақша жұмсалады. 2006 жылы қаңтар айы мен қыркүйек ай бойынша 196819,1 мың теңге ақша көлемінде жөндеу жұмысы жүргізілді, оның ішінде күрделі жөндеу жұмысына 10797,5 мың теңге шығарылды.2005 жыл үшін 21629,9 мың теңге, 2006 жыл үшін 23574,3 мың теңге белгіленген активтегі инвестициялау жұмыс бағдарламасына сәйкес болды. Олардың ішінде 19979 мың теңге қаржыландыруға кетсе, қайта енгізілген объектілер 591,6 мың теңгені құрады.
2005 жыл «Кірістер мен шығыстар туралы есептілік» №2 нысаны 010 жолында өнімді өткізуден түскен түсім мөлшері 843619 мың теңге мөлшерінде болған. 2006 жыл 9 ай үшін өнімді өткізуден түскен түсім 2345052 мың теңге мөлшерінде болды.
Серіктестіктің қаржылық есебін құруда өткізілген өнімнің өзіндік құны 2005 жыл үшін 563443 мың теңгені құрады. 2006 жыл 9 ай үшін өткізілген өнімнің өзіндік құны 1 630464 мың теңге болды.
2005 жыл үшін «Кірістер мен шығыстар туралы есептілік» №2 нысан 040 жолында кезең шығындары 296390 мың теңге сомасында көрсетілген. Бұл сома 264146 мың теңге мөлшерінде өткізу шығындары, 2925 мың теңге сый ақы төлеу шығындарынан тұрады.
№2 «Кірістер мен шығыстар туралы есептілік» нысанының 0740 жолында 2006 жыл 9 ай үшін кезең шығындары 1 022733 мың теңге көлемінде көрсетілген. Бұл сомадағы жалпы әкімшілік шығындар көлемі 368763 мың теңге, өткізу шығындары 144360 мың теңге , сыйақылар төлеу шығындары 509610 мың теңге.
№2 «Кірістер мен шығыстар туралы есептілік» нысанында негізгі қызмет нәтижелерін тексеру кезінде табыстың жалпы сомасы (кірістер мен шығыстар туралы есептіліктің) 060 жолының мәліметтеріне сәйкес келді.
Қ.Р-ң «Табиғи монополиялар туралы» заңының 7 бабының 7 тармағына сәйкес серіктестік реттелген қызметтің (тауар,жұмыс қызмет) әрбір түрі бойынша активтердің, табыс, шығындардың жеке есебін жүргізуге міндетті.
Операциялық қызметтің ақша қозғалысы келесі көрсеткіштермен беріледі:
— Ақша түсімі 2005 жыл үшін 390018,0 мың теңге.
— Кеткен ақша 2613,0 мың теңге.
Инвестициялық қызмет нәтижесінде ақшаның азаюы 2516,0 мың теңге. Қаржылық қызметтің ақша қозғалысы келесі көрсеткіштермен берілген:
— Ақша түсімі 13389880,0 мың теңге
— Кеткен ақша 81447,0 мың теңге.
Қаржылық қызмет нәтижесінде ақшаның өсуі 13308433,0 мың теңге. Есеп жыл басында ақша 0-ге тең, есепті кезең соңында 28343,0 мың теңге құрады. Операциялық қызметтің 9 айлық ақша қозғалысы келесі көрсеткіштермен берілген:
— Ақша түсімі 1 4484884,0 мың теңге.
— Кеткен ақша 2 254821,0 мың теңге.
Операциялық қызмет нәтижесінде ақшаның өсуі 12 230063,0 мың теңге. Инвестициялық қызметтің ақша қозғалысы келесі түрде көрсетілген.
— Түскен ақша -0
— Кеткен ақша -4499 мың теңге.
Кесте-1
«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ң экономикалық көрсеткіштерінің сипаттамасы.
№ | Көрсеткіштер | 2005 жыл | 2006 жыл | ауытқу | ||
сомасы | % | |||||
1 | Сатудан түскен табыс ( мың теңге) | 843629 | 2345052 | 1501423 | 1,8 | |
2 | Қысқа мерзімді активтер(мың теңге) | 14209519 | 1195433 | -13014086 | -0,9 | |
3 | Негізгі құралдардың орташа жылдық құны (мың теңге) | 3985656 | 4196972 | 211316 | 0,05 | |
4 | Еңбек ақы мөлшері | 166537,1 | 599789,0 | 433251,9 | 2,6 | |
5 | Ұзақ мерзімді активтер( мың теңге) | 4225290 | 4168794 | -38056496 | -9,0 | |
6 | Қор қайтарымдылығы (1/3),теңге | 0,2 | 0,5 | 0,3 | 1,5 | |
7 | Қор сыйымдылығы (3/1) теңге | 4,7 | 1,8 | -2,9 | -0,6 | |
8 | өндірігһлген өнімнің өзіндік құны, мың теңге | 563443 | 1630434 | 1067021 | 1,8 | |
9 | Жалпы пайда | 280176 | 714588 | 434412 | 1,5 | |
10 | Кезең шығындары, мың теңге | 296390 | 1022733 | 726343 | 2,4 | |
11 | Қорлар | 294342 | 256332 | -38010 | 0,1 | |
12 | Дебиторлық берешек | 13886833 | 863282 | -13023551 | 0,9 | |
«Оңтүстік Жарық Транзит » жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің сатудан түскен ттабысы жыл басында 843629 мың теңге, жыл соңында 2345052 мың теңге, өткен жылмен салыстырғанда 1501423 мың теңге жоғарылады. Қысқа мерзімді активтері жыл басында 14209519 мың теңге, жыл аяғында 1195433 мың теңге, өткен жылмен салыстырғанда 13014086 мың теңгеге азайды. Негізгі құралдар 2005 жыл 3985656 мың теңге,2006 жыл 4196972 мың теңге өткен жылмен салыстырғанда 211316 мың теңгеге көбейді. Осымен жалпы пайдаға келетін болсақ 2005 жыл 280176 мың теңге,2006 жылы 714588 мың теңгеге ие болды. Өткен жылмен салыстырғанда 434412 мың теңгеге жоғарлаған, кәсіпорын қызметінің экономикалық тұрақтылығы бұл көрсеткіштердің тұрақты өсуін қажет етеді.
Кесте-2
«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ң мүлік және қаржы қорларының құрамы мен құрылымын талдау.
№ | Көрсеткіштер | 2005 жыл | 2006 жыл | Ауытқуы |
1 | Мүлік құны | 184 34809 | 5364227 | -13070582 |
2 | Иммобилдік қор | 4225290 | 4168794 | -56496 |
3 | Мүлік құны% | 0,2 | 0,7 | 0,5 |
4 | Мобилдік қор | 14209519 | 1195433 | -13014086 |
5 | Мүлік құны% | 0,7 | 0,2 | -0,5 |
2 | Меншікті капитал | 4355439 | 4057861 | -297578 |
3 | Қаржылық капитал% | 0,2 | 0,3 | -0,1 |
4 | Тартылған капитал | 14079370 | 1306367 | -12773003 |
5 | Қаржылық капитал% | 0,7 | 0,2 | -0,5 |
Кестеде көрсеткендей кәсінорынның мүлік құны 13070582 мың теңгеге төмендеді. Берілген кәсіпорындарда мұндай төмендеу иммобильдік және мобильдік қордың төмендеудің әсерінен пайда болады. Мобильдік қордың төмендеуі серіктестің қызметіне кері әсерін тигізеді. Мобильдік қордың- 13014086 мың теңге үлес салмағы 0,5 пайызға төмендеді. Иммобильдік қордың үлестік қатынасы 0,5 орынға төмендеуі қаржы нәтижесінде кері әсерін тигізуі мүмкін. Бұл үшін жаңа құрал жабдықтарды енгізу шараларды қолға алу қажет. Меншікті капиталдың үлес салмағы 0,1 пайызға төмендеді. Айтылып отырған кәсіпорынның өзіндік капиталдың кемуі баәқалған. Тартылған капитал 12773003 мың теңгеге азайды. Үлес салмағы 0,5 пайызға төмендеді.
Кесте-3
Негізгі құралдардың техникалық жағдайын талдау.
(«Оңтүстік Жарық Транзит » ЖШС-ң )
№ | Көрсеткіштер | 2005 жыл | 2006 жыл | Ауытқу | |||
Σ | % | Σ | % | Σ | % | ||
1 | Негізгі құралдардың бастапқы құны | 4322400 | 100 | 4374837 | 100 | 52437 | — |
2 | Негізгі құралдардың тозуы | 97219 | 0,3 | 206074 | 0,4 | 108855 | 0,1 |
3 | Негізгі құралдардың қалдық құны | 4225181 | 0,7 | 4168763 | 0,6 | -56418 | -0,1 |
4 | Тозу коэффициенті(2/1) | 0,02 | 0,04 | 0,02 | |||
5 | Жарамдылық коэффициенті(3/1) | 0,97 | 0,95 | -0,02 | |||
6 | Нақты құн(3/баланс) | 0,2 | 0,7 | 0,5 | |||
7 | баланс | 18434809 | 5364227 | -13070582 |
Негізгі құралдардың техникалық жағдайын талдауда негізгі құралдардың нақты коэффициентінің кәсіпорын үшін ұтымды мәні 0,5-тен кем емес, ал негізгі құралдардың жарамдылық және тозу коэффициенті 0,5-тен кем емес болуы қажет. Біздің талдау бойынша жарамдылық коэффициенті жыл басында 0,7 жыл аяғында 0,6 мәнді көрсетті. Ал тщзу кщэффициенті 2005 жылы 0,3-ке 2006 жылы 0,4-ке ие болды.