Оңтүстік Қазақстан облысы территориясының көлемдiлiгi табиғи жағдайлардың әртүрлiлiгi жер реформасының нәтижесiн объективтi бағалауға, ол реформаны жүзеге асыру сферасын кеңейтуге, оның iшiнде жер ресурстарын тиімді пайдаланудың экономикалық негiзiн жасауға мүмкіндік бередi.
Жер реформасының нәтижесiнде аймақта шаруашылықтың барлық салаларының бiр деңгейде дамуына, қозғалмайтын мүлiктер нарығының дамуына жер қатынастары сферасындағы заңдардың нығаюына бағытталған қайта құрулар жүргiзiлiп жатыр.
Облыс территориясы табиғи-климаттық көп зоналылығымен ерекшеленiп, 4 зонаға бөлiнедi: солтүстiк, оңтүстік-батыс, оңтүстік – жазық, оңтүстік-шығыс – таулы. Территорияның табиғи жағдайлары да әртүрлi: шөлдер және шөлейттер, тау алды қыраттар мен тау жоталары орналасқан.
Табиғи шаруашылық қатынастарға қарай келесi зоналарға да бөлiнедi: қаракөл қойларын өсiру дамытылған шөлдi мал шаруашылық зонасы (Қаратау және қызылқұм зонашалары); мақта шаруашылығы дамыған суғармалы егiншiлiк зонасы (Келес, Сарыағаш зонашалары); таулы-жазықты – суғармалы емес егiншiлiк дамыған зона; жалаңаш–жазықты зона (Мақтарал ауданы, мұнда мақта шикiзатының 62% орналасқан).
2003 жылдың 1 қаңтарындағы статистикалық мәлiметтер бойынша ОҚО жер қоры 11724,9 мың га-ны құрайды, оның iшiнде ауылшаруашылық жерлерi – 6262,8 мың га, халық қоныстанған жерлер – 654,7 мың га, ерекше қорғалатын территориялар – 76,3 мың га, орман қорының жерлерi – 3036,9 мың га, өнеркәсiп, транспорт, байланыс, қорғаныс және т.б. ауылшаруашылығында пайдаланылмайтын жерлердiң көлемi – 54,8 мың га, су қорындағы жерлер – 34,1 мың га,қордағы жерлер – 1506,3 мың га, бiздiң республикамыздан тыс жерлерде пайдаланылатын жерлер 99 мың га. Облыс жер қорының көп бөлiгiн ауылшаруашылық жерлерi – 53,4%, орман қоры – 25,9%, қордағы жерлер – 12,8% құрайды.
Реформа жылдарында әртүрлi категориядағы жерлердiң үлес салмағы өзгертiлдi. 1991 жылы қабылданған “Жер реформасы туралы” заңға сәйкес жеке кәсiпкерлiкпен айналысуға берiлетiн жердiң, үй салуға, саяжай құрылысына, бау-бақша өсiруге арналған жердiң көлемi едәуiр ұлғайды. (1990 ж. 130,9 мың га-дан 2002 жылы 654,7 мың га-ға дейiн).
Ауылшаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерден елдi-мекен жерлерiнiң айырмашылығы, олар өнеркәсiптi, мәдени-түрмыстық және үй инфрақұрылымдарын орналастыруға яғни, халық қажеттiлiктерiн өтеуге пайдаланылады.
Елдi-мекендердiң құрамына кiретiн барлық жерлер бiр мақсатта орналастырылған – яғни елдi-мекеннiң дамуын қамтамасыз ету және бiрыңғай әлеуметтiк-экономикалық организм ретiнде қалыптасу. Ең маңызды принциптердiң бiрi елдi-мекен жерлерiн тиімді пайдалану. Ол дегенiмiз аз көлемдегi жерге ғылыми дәлелденген нормаларды ескере отырып, көп мөлшердегi үйлердi, ғимараттарды, сонымен бiрге жол жүйелерiн, алаңдар мен саябақтарды орналастыру, жердiң барлық категорияларын интенсивтi пайдалану.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауылшаруашылық жерлерi 1990-2001 жылдары 11024,0 мың гектардан 6262,8 мың га немесе 4761,2 га-ға қысқарды. Яғни, ауылшаруашылық жерлерiнің үлес салмағы 80%-н 53,4%-ға дейiн төмендедi. Мұның негiзгi себебi өнеркәсiптiң, транспорт, байланыстың дамуымен елдi-мекендер көлемiнiң ұлғаюы деп түсiндiруге болады.
Облыс жерiнiң пайдаланылуына талдау жасасақ:
Ауылшаруашылық жерлерi жөнiнен келесi аудандар: Созақ ауданы – 2090,5 мың га (облыс жерiнiң 33,4%) және Отырар – 712,2 мың га (11,4%); Мақтарал ауданы – 131 мың га (жалпы республикадағы егiстiк жерлердiң – 17,2%); Сайрам ауданы – 11,6%.
Жайылым – Созақ–1906,1 мы га (барлық жайылымның 40,8%-ы), көпжылдық шөптер – Сайрам – 5,4 мың га (облыстағы ұлесi 25,6%), шабындық – Бәйдiбек – 35,9 мың га (28%), залеждер – 43,3 мың га (25%).
Аймақтың жер ресурстары тиімді пайдаланылса, ауыл шаруашылығының барлық өнiмдерi мен iшкi сұранысты толық қамтамасыз ете алады. Бiрақ, дефляцияға бейiм топырақты аудандар ерекше қорғауды, ерекше қамқорлықты қажет етедi.
Ауылшаруашылығына жарамды жерлер (егiстiк жерлер, жайылым, көп жылдық өсiмдiктер, залеждер) облыстың бүкiл жер қорының 87,6%-н құрайды немесе 10269,1 мың га, ал басқалары (ормандар, шалғындар, құмдар, батпақтар, су астындағы жерлер т.б.) – 12,4% немесе 1456,8 мың га
Жасалған талдауларға сүйенсек ауылшаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіру жылдарында ауылшаруашылығына жарамды жерлердің көлемi мен жердi пайдаланудың түрi, экономикалық факторлар үлкен өзгерiстерге ұшырады. Аймақта бүкiл республикадағыдай ауылшаруашылығына жарамды жерлердің көлемiнiң күрт қысқарғаны анық байқалады және жердiң сапалық жағдайы төмендедi.
1991–2002 жылдар аралығында бос, пайдаланылмай жатқан жерлердiң көлемi 0,3%-дан 2,0%-ға дейiн көбейдi. Негiзгi себеп жердi пайдаланумен игеруге арналған материалдық-техникалық базаның жетiспеуi.
Бос жатқан жерлердi игеру барысында жайылымдардың ауданы 2000 жылғымен салыстырғанда 2002 жылы – 8,9 мың га-ға, ал жайылымдарды игеру нәтижесiнде егiстiк жерлерiнiң көлемi 28,0 мың га-ға дейiн артты. Сапасы жоғары жайылымдарды интенсивтi және жүйесiз пайдалану өнiмнiң азаюына, мал басының кемуiне алып келдi.
Топыраққа антропогендiк ықпалдың күшеюi оның батпақтануына, эрозиялық бұзылуларға алып келдi. Бұл процестердiң прогрестi дамуы биологиялық циклдарды бұзып, топырақтың өнiмдiлiгiн төмендетедi. Жер ресурстарына жалпы антропогендiк ықпал көп жағдайда биосфераның өзiн-өзi реттеу қабiлетiн төмендетедi.
Сапалық жағдайына қарай ауылшаруашылық жерлерi келесiдей түрге бөлiнедi: тұздалған – 2968,6 мың га, жел эрозиясына ұшыраған – 3016,3 мың га, шайылған немесе су эрозиясына ұшыраған – 958,0 мың га. Зерттеулер көрсетiп отырғандай барлық жердің 3,8 млн га жер эрозияға ұшыраған, оның iшiнде жел эрозиясына – 3,2 млн га және су – 0,8 мың га жер.
01.01.2003 жылдағы жағдай бойынша облыста 880 га құрылыс барысында пайда болған карьерлер, iшкi және сыртқы отвалдар, үйiндiлер бар. Ал, маңызын жойған каналдар мен ашық алаңдарын қоса айтсақ бұл сан 2,3 мың га-ға дейiн жоғарылайды. Қаржының бөлiнбеуi салдарынан соңғы жылдары жердi рекультивация жұмыстары тоқтатылды. Жер өнiмдiлiгiнiң төмендеуi бiрiншiден эрозияға, тұздануға, т.б. байланысты. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы тұздалған жердiң жалпы көлемi 2968,6 мың га болса, оның iшiнде 734,2 мың га – әлсiз тұзданған, 856,7 мың га – орташа тұзданған, 550,5 мың га қатты тұзданған және 459,2 мың га-ры құмдар. Топырақтың мұндай күйге түсуi кең көлемде өнiм алып, минералдық және органикалық тыңайтқыштармен өте аз көлемде қамтамасыз етiлуiнен болып саналады. Ластануға қарсы ешқандай шаралар жүргiзiлмейдi. қоршаған ортаны қорғауға бөлiнетiн қаржының 20% ғана жердi ластанудан қорғауға жұмсалады екен.
Гос.НПЦ Земнің (Жер қатынастары жерді ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік ғылыми өндірістік орталық) және жер қатынастарының мәлiметтерi бойынша соңғы 2 жылда Оңтүстік Қазақстан облысының егiстiк жерлерiнiң гумус қабаты күрт төмендедi (орташа 30%). Әсiресе, Мақтарал, Сарыағаш, Түркiстан, Қазығұрт аудандарында. Облыста 598 мың га егiстiкке жарамды жер болса, 2000 жылы оның 379 мың га-ры (76,2%) ғана ауылшаруашылығына пайдаланылады. 1999 жылы 487 мың га жер мүлдем пайдаланылмады, оның iшiнде 4,8 мың га – тұздалғандығы үшiн, 0,8 мың га-ры – жер асты суларының деңгейiне 2,3 мың га – сумен қамтамасыз етiлмегенi үшiн, 1,8 мың га-ры – мелиоративтi алаң болғаны үшiн.
Зерттеулер көрсеткендей, тұздалмаған жерлердiң жалпы үлес салмағы 72,3%-ды құраса, әлсiз тұзданған жерлер – 21,3% (19 см) , орташа тұзданған – 7%-ды (7 см), қатты және өте қатты тұзданған жерлердiң үлес салмағы – 3,8% (4 см).
Оңтүстік Қазақстан облысының қоршаған ортаны қорғау мәселесi даулы, қиын мәселе. Экономикалық құрылымда “экологиялық лас” салалардың орын алуы энергетика, түстi металлургия, мұнай, мұнай химиясы табиғатты қорғау шараларының жоқтығы, табиғи ресурстарды комплекстi пайдаланбау жер ресурстарының ластануына, территориялардың деградациялануына алып келдi.
Қазіргi қалыптасқан нарықтық қатынастарда шаруа қожалықтарының иелiгiнде 729,5 мың га жер бар. Акционерлiк қоғамдар мен серiктестiктердiң иелiгiне 378,9 мың га жер келедi. Соңғы жылдарда ауылшаруашылық кооперативтерi ерекше қарқынмен дамып, олардың иелiгiнде 2045,6 мың га жер, ал мемлекеттiк кәсіпорындардың ықпалындағы жердiң жалпы көлемi 374,9 мың га (ауылшаруашылық жерлерiнiң 6,0%). Көрiп отырғанымыздай аймақтың ауылшаруашылық жерлерi негiзiнен мемлекеттiк емес статустағы заңды тұлғаның иелiгiнде.
Ауылшаруашылық өнiм өндiрушiлерi өздерiнiң қандай өнiм шығаратынын, қанша өнiм шығаратынын өздерi анықтайды. Бағаға, сұранысқа қарай отырып, олар қандай ауылшаруашылық өнiмiн өсiруде.
Оңтүстік Қазақстан облысында техникалық дақылдар (мақта, май дақылы), бақша дақылдары картоп, көкөнiс өнiмдерi. Облыстың климаттық жағдайы мақта өсiруге қолайлы және бұл аймақ Қазақстандағы жалғыз мақта өсiретiн облыс болып саналады.
1990 жылғымен салыстырғанда органикалық тыңайтқыштармен жердi қамтамасыз ету қанағаттанарлықсыз деңгейде.
2003 жылы ауылшаруашылық бiрлестiктерi минералды тыңайтқыштардан – 3,8 мың тонна (1990ж. 81,0 мың тонна), органикалық тыңайтқыштардан – 10,2 мың тонна (1990 ж. 935,8 мың тонна) пайдаланылды.
Егер 1990 ж. әр гектарға 76,6 кг минералдық тыңайтқыштартар себiлсе, 2001 ж. оның мөлшерi – 5,9 кг, ал органикалық тыңайтқыштар 0,9 кг-нан 0,02 кг-ға дейiн төмендеген. Осының нәтижесiнде минералды тыңайтқыш себiлген жердiң көлемi 15,5 есеге дейiн (692,9 мың га-дан 44,7 мың га) және органикалық тыңайтқыштар – 22,5 есеге дейiн (49,5 мың га-дан 2,2 мың га-ға дейiн) қысқарды. Бұл бiрiншiден минералды тыңайтқыштардың бағасының көтерiлуiнен, екiншiден қаржымен қамтамасыз етiлмеуден.
Ерекше қорғалатын табиғи территориялар 2003 жылдың 1 қаңтарында 76,3 мың га-ды немесе облыс территорияларының 0,6% жерiн қамтыды. Олар көбiне қорықтар және ұлттық саябақтармен сипатталады. Бiздiң облысымыздың территориясы үшiн 0,6% деген өте аз мөлшер, себебi, Оңтүстік Қазақстанның табиғи-географиялық жағдайының әртүрлiлiгi, тарихи-мәдени ескерткiштерiнiң сан алуандығы ерекше қорғалатын территориялардың санын арттыруға негiзгi
себеп. Салыстыру үшiн айтар болсақ, алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттерде ерекше қорғалатын аймақтар көрсеткiшi бүкiл территорияның 3%-н құрайды.
Нарықтық экономикаға өту барысында жердi жеке меншiкке беру басталды.
Оңтүстік Қазақстан облысының жерiне қойылған бағаларға анализ жасағанда оларды қайта қарау керектiгi анықталды.
Ең бiрiншiден мұндағы жер ресурстарын бағалауда назарда ұстайтын нәрсе, ол аймақтың табиғи-экономикалық жағдайының әртүрлiлiгi. Шымкент қаласының жер ресурстары комитетi мен географ ғалымдары бiрлесе отырып, қаланың территориясының бағалық зоналарға табиғи, әлеуметтiк, экономикалық жағдайларды ескере отырып бөлдi. Оның нәтижесiнде территория 5 бағалық зонаға, 24 зонашаға бөлiнедi.
Жер учаскелерiне келiсiмдi бағаға келетiн болсақ олардың қалыптасуы мемлекет бекiткен төлемдер бойынша жүргiзiлуi керек. Алайда, олар стихиялы түрде жүргiзiледi, яғни жердiң бағасы нарықтағы сұранысқа, жер учаскесiнiң жағдайына және халықтың сатып алу қабiлетiне байланысты бағаланады.
Жерге төлемнiң қандай түсi болса да, ол сол жердi түсiн оқып, экономикалық зерттеудi қажет етедi.
Қазіргi күнде жерге төлем енгiзу, жердi бағалау ең маңызды проблемалардың бiрi.
Жер құнының бағалық төлемдерi сапалық жағдайы 1979 жылы анықталған балл бонитетi бойынша анықталып жүр. Соңғы 10 жылдықта топырақтың өнiмдiлiгi жердi экономикалық пайдаланудың шарттары өзгердi. Осыған байланысты әрбiр ауданның ауылшаруашылығына жарамды жерлерiн бағалау жүргiзу абзал.
Жерлердi ақшалай бағалау кезiнде келесi жағдайларды пайдалануымыз керек
– нарықтық -жердi сату – сатып алу кезiнде сол жерге сапасы жағынан ұқсас жердi алып бағалау;
–шығындық – жердi игеруге кеткен шығынды есептеу арқылы бағалау;
– кiрiске қарай бағалау.
Жалдық құн, жер салығының мөлшерi тiкелей сол жердiң бағасына байланысты.
Ауылшаруашылық жерiнiң бонитетi мен өнiмдiлiгi ешқандай жағдайда да жердiң салық мөлшерiн анықтай алмайды. Жердiң салығы сол жерге деген сұраныс пен ұсынысқа тәуелдi болуы керек.
Қазақстан Республикасындағы жер салығының мөлшерi 0,002%-дан (мақта өсiретiн зона) 0,03%-0,07%-ға дейiн (суармалы емес және егiстiк аймақтарда) ауытқып отырады.
Қазақстандағы жер салығы басқа елдермен салыстырғанде өте төмен екендiгiн көре аламыз.
Жердi тегiн төлемсiз пайдалану формасынан ақылы формаға өту барысында жерге арендалық құн енгiзу өте маңызды. Жердiң жалдық құны әрдайым ауысып отырады. 1998 жылы ол жер учаскесiнiң номативтi құнының 3%-н құраса, сәл кейiн оның мөлшерi 5%-ға жеттi. 1999 жылдың мамырында жер салығының 80-120%-н бөлiгiн қамтыды.
Жалдық көлемде енгiзуде 1 га жерден алынатын өнiм, жер учаскесiнiң орналасуы табиғи-климаттық жағдайлар назарға алынуы керек деген ұсыныстар жасалуда.Жалдық төлемнiң мөлшерi жер рентасына да байланысты белгiленуi керек.
Нарықтық экономика жылдарында арендалық төлем жер учаскесiнiң нормативтi құнының 5-8% қамтуы керек. Арендалық төлем 2 жақтың келiсiмiмен ақшалай және натуралды формада жүргiзiледi. Мерзiмi 5 жылдан 49 жылға дейiн берiледi.
Жер арендасын жүйелi түрде қалыптастыру үшiн ҚР “Жер арендасы туралы” заң қабылдау керек. Қазірде арендалық қатынастар Азаматтық кодекстiң жалпы статьялары бойынша және Жер туралы заңдарға сәйкес жүргiзiледi.
Әлемдiк iс-тәжiрибе көрсетiп отырғандай жалға алушы ақша төлеп алуға тырысады. Бұл процесс объективтi және Қазақстан Республикасы үшiн де прогрессивтi процесс екендігі анық.