Омбы қаласы 1839-1882 жылдар аралығында Батыс Сiбiрдiң резиденциясы, 1882-1917 жылдар аралығында дала-генерал-губернаторлығының орталығы, кейiн Омбы облысының, Сiбiр қазақтары облысының, Сiбiр қазақтарының, Сiбiр әскери округiнiң орталығы болған. Ол ғасырға жуық далалық өлкенiң қажеттерiн қанағаттандырып, орыс-қазақ халықтарының саяси және әлеуметтiк-экономикалық байланыстарында маңызды рөл атқарды. Статистика бойынша, 1870 жылдардың екiншi жартысында Омбы қаласының тұрғындары бiршама азайыпты. Мысалы, 1863 жылы қала халқының саны 19,5 мың болса, 1870 жылы ол 30,5 мыңға өскен, ал 1877 жылы 25 мыңға дейiн азайған. Қала халқының азаюы әскери қызметкерлердiң оңтүстiкке көшiрiлуiмен түсiндiрiледi.
Омбы — Дала генерал-губернаторлығының 1882-1917жж. әкiмшiлiк-саяси орталығы.
ХIХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында Омбыда 34 ұлттың өкiлдерi тұрған. Негiзiнен, халықтың көпшiлiгiн украин, белорустармен біріккен орыстар құрайды. Сонымен біріге қазақтар да көптеп саналады. 1881 жылы Санкт-Петербургке кеткен генерал-губернатор Казнаковтың орнына, генерал-лейтенант П.В. Мещеринов келедi. Бұл кезде жоғарыда Өлкеге әкiмшiлiк өзгерiстер енгiзу мәселесi сөз болып жатқан болатын. Батыс Сiбiр генерал-губернаторлығын таратып, Ақмола облысын Омбы қаласымен бiрге орталығы Верный қаласы болып бекiтiлетiн жаңадан құрылмақшы Дала генерал-губернаторлығының құрамына қоспақшы болады. 1882 жылы 18-мамырда Дала генерал-губернаторлығын құру жөнiндегi императордың указы шығады. Алайда, жаңадан құрылған генерал-губернаторлықтың әкiмшiлiк орталығы Омбы қаласы болып бекiтiледi. Дала генерал-губернаторлығының алғашқы басшылығына сол кезде Жетiсу облысының әскери губернаторы болып қызмет атқарып отырған генерал лейтенант Г.А. Колпаковский тағайындалады. Колпаковский 1889 жылға дейiн Дала генерал-губернаторлығын басқарады. Кейiн оның орнын М.А. Таубе басады. Колпаковский тұсында қалаға еуропалық Ресейден және Сiбiрдiң басқа жерлерiнен қоныс аударушылар көптеп келедi. 1878-1888 жылдар аралығында қала халқының саны 10 мыңға көбейедi. 1890 жылы қалада 39238 адам өмiр сүредi. Оның 94-i көпес, 16683-i мещан болыпты. 1890 жылғы есеп бойынша, Омбы шаруаларының саны 4360-қа, дворяндар саны 8971-ге жеткен екен. Бұларға қарағанда әскери қызметкерлердiң қала халқының құрамындағы үлес салмағы азаяды. Санақта қазақтарды, алтайлықтарды, өзбектердi, түркмендердi, тәжiктер мен татарларды «бұратаналар» деп бөлгенi мәлiм. 1890 жылғы есеп бойынша, олар 263 адам болса, соның 246 қазақтар екен. 16 қазақ дворян сословиясына жатқызылыпты.
Негiзiнен, қала халқы саудамен, өнеркәсiппен, қолөнермен және басқа да кәсiптермен айналысқан. 1877 жылы Омбыдағы қолөнершiлердiң саны 1,5 мың болған. 1890 жылға қарай қолөнершiлердiң арасында мещандардың үлес салмағы өседi. Көптеген қолөнершiлер өздерiнiң өнiмдерiн жәрмеңкелерде сатады. 1880 жылдары Омбыдағы өнеркәсiп пен сауда әлi де болсын баяу дамиды. 1894 жылы қалада 29 жеке ұсақ өнеркәсiп орны және бiр iрi темекi фабрикасы жұмыс iстейдi. 29 өнеркәсiп орнында 96 жұмысшы iстесе, тек темекi фабрикасында ғана 272 адам жұмыс iстейдi. 1897 жылы қаладағы өнеркәсiп саны 73-ке дейiн өссе, ал 1900 жылы 870 жұмысшыны қамтамасыз еткен 113 өнеркәсiп жұмыс iстейдi. Негiзiнен, бұл өнеркәсiптердiң көпшiлiгi тамақ өндiрумен айналысады. Ал, 1914 жылғы «Азиатская Россияның» бiрiншi томында ХХ ғасырдың басындағы Омбы қаласын былайша сипаттайды «Омск, областной город Акмолинской области, в короткое время резко изменил свою убогую «приказную» физиономию. Теперь это уже торговый, с широким будущим, большой сибирьский город, насчитывающий до 128 тысяч душ, раскинувшийся верст на пять, на семь вдоль берега Иртыша с десяти тысячами разного рода здании, из которых каменных свыше пяти сот. Наибольшая площадь перед собором в центре города. Здесь же у Оми у пристани главный пульс торговой портовой жизни Омска: грузятся и разгружаются большие пороходы волжского типа, совершаются крупные торговые изделки. Омск служат в настоящее время складочным местом для снабжения всеми видами торговли как оседлого, так и кочевого населения обширного степного края. В городе открыто специальные торговые биржи и работают большое число частных коммерческих банков. Обороты только по операциям учета векселей, всех находившихся в 1911 году в Омске кредитных учреждений, выражались суммы десяти миллионов рублей. Омск является также поставщиком на всю округу земледельческих машин и орудии, которых здесь продается ежегодно на сумму, больше чем на три миллиона рублей. Фабрик и завод в Омске насчитывалось 182, с суммой производительности в 3700000 рублей. Торговых заведении было в тоже время около тысячи с оборотом 21 миллион рублей». [12]
Қазақстан қалалары өздерiнiң бүкiл тарихында орыс-қазақ халықтарының әлеуметтiк-экономикалық, шаруашылық және саяси дамуының негiзгi орталықтары болды. Қалалар қазақ шаруашылығының Ресейдiң капиталистiк экономикасымен байланысын нығайтты және натуралды шаруашылықтың ыдырауын тездеттi.
Өзiмiзге белгiлi, «қала материалды өндiрiстiң, адамдарды орналастыратын, қоғамдық және мәдени өмiрдiң орталығы болып табылады: Қалалар жайындағы даму деңгей ашық зерттелген. Әрине бұл зерттеулерге Омбыны қоспауға болмайды. Қала тарихы ұзақ уақыт бойы құрылған күннен бастап осы уақытқа дейiнгі кезеңі, экономикасы мен саясаты қазақ халқының тарихымен тығыз байланыста болған.
ХVI ғасырдың екiншi жартысында Сiбiрдi жаулап алу процесi негізінде, төмендегі қалалар пайда болды олар: Тюмень, Тара, Тобольск Ресей мемлекетiнiң саяси және экономикалық Оңтүстiк-Шығыс пен Шығыс шекаралары қазақ территориясына жеттi. Алғашында орыстар мен Орта Азия сауда қарым-қатынастары Каспий теңiзi мен Закавказье арқылы өткен, Мәскеу мемлекетi Сiбiр мен Қазақстан арқылы Солтүстiкте жол бар екенiн сездi. Билiк басындағылар сауда жолдарын жаңа ашылған жермен жүргiзудi жоспарлаған болатын, сонымен қатар шекара арасындағы қауiпсiздiкті қамтамасыз ету керек екендігін түсінді. Сол себептен ХІI ғасырдың 90-шы жылдары Ресей қазақ шаруашылығымен байланысты нығайтуға бел байлады.
ХVIІI ғ. басында Сiбiр орыстары солтүстiгiндегi Мұзды мұхитқа дейiн жеткен болатын. Оңтүстiгiнде Саян мен Алтайға дейiн, ал оңтүстiк-шығысында Забайкалға дейiн, солтүстiк-шығысы Охот және Шығыс-Сiбiр теңiздерiне жеттi. Орта жүз көшпендiлерi орта және жоғарғы Ертiстiң сол жағасына қоныстанған еді.
Жаңа реформаны әзірлеуді патша сол жылдардағы белгілі либералдық пиғылдағы қайраткер, өз дәуірінің аса білімді тұлғаларының бірі граф М.М. Сперанскийге жүктеді. Оның сан қырлы қызметінің өзегі Орта жүзде дәстүрлі хан мемлекеттілігін жойған жаңа заң актілерін енгізу болды.
Аз зерттелген аудандарды неғұрлым толық зерттеу және жинақтап көрсету үшін М.М. Сперанский «Сібір жерлерін мәлім етуді» ұсынды.[13]
Бұл жобаны жасауға болашақ декабрист Г.С. Батюшков белсене қатысты. Сонымен бірге ол Сібірді басқару туралы заң жобаларына бірқатар қосымша, түсіндірмелік бөлімдер: құрғақтағы жол қатынастары, этаптар құру, жер аударылған «бұратаналар», «Орта Орда даласына» орыс билігін тарату бөлімдерін әзірледі. Бұл жаңалықтар сақталып қалған жергілікті басқару жүйесін жоққа шығарып, шексіз-шетсіз дала құрылысын Ресейлік губерниялық басқаруға біршама жақындатуға тиіс болды.
1822 жылғы 22 маусымда патша «Сібір губернияларына арналған мекемелер», «Бұратаналарды», басқару туралы жарғы, «Қырғыз-қайсақтарды» басқару туралы жарғы, Этаптар туралы жарғы, Жер міндеткерлігі туралы ережелер, астық қорлары, шаруалар мен «бұратаналар арсындағы борышкерлік міндеттемелер туралы ережелер үшін негіз болған 10 заңды бекітті. [14] «Сібір мекемелеріне» сәйкес, Азиялық Ресей 2 генерал-губернаторлыққа: орталығы Тобыл болған Батыс Сібір, орталығы Иркутск болған Шығыс Сібір генерал-губернаторлығына бөлінді. Біріншісіне Тобыл, Томск губерниялары мен Омбы облысы жатқызылды. [15] Ресей бодандығында болған Орта жүз аудандары соңғысының құрамына енгізілмекші болып ұйғарылды.
Орта жүздегі дәстүрлі мемлекеттілікті таратып, хан атағын «мүлде артық» деп жойып жіберген [16] үкімет Сібір қазақтары туралы жрғыға сүйеніп, басқарудың жаңа нысанын енгізді. Географиялық жағынан Оңтүстік Батыс Сібірді мекендеген қазақтар «көшпелі бұратаналар сословиесі» болып есептелді және тең құқықтарды пайдаланды., ал «Сібір қазақтары елі» ең алдымен 1838 жылы батыс Сібір қазақтарын шекаралық басқару құрылғңанға дейін Омбы облысына бағынып келген сыртқы округтерден құрылды. Өзгерістер қазақ руларының әкімшілік-аумақтық құрылымдарына қатысты
болды: даладағы жаңа үштаған- округ, болыс, ауыл бұрынғы рулық басқару жүйесін іс жүзінде жоқ қылып жіберуге тиіс еді. [17]
Орыстар мен қазақ хандарының арасында бейбiт қарым-қатынас 1694 ж. Түркiстан қаласында өттi. Алғаш рет 1620 жылы Орта және Жоғарғы Ертiске орыстар келдi, содан кейiн шағын қазақ партиялары тұзды көлдердiң орналасқан жерiн бiле бастады. Бәрiнен бұрын Ертiс өзенiнiң маңында жатқан Ямыш көлi олардың назарын аударды. 1624 жылы бұл жерде ұлкен көлемде алебастр табылған болатын. Бұл көлдiң бүлiнбеген тұзға байлығы туралы хабар Мәскеуге де жеттi, Мәскеу және бүкiл Ресей патшалығы Михаил Федоровичтiң жарлығы бойынша 1626 ж. жергiлiктi халықпен сауда жасауға бола ма екенiн бiлуге жiберілдi. Ал «Батыс Монголия көшпендi ойраттары бұл уақытқа дейiн Ертiс өзенiнiң сол жағасы Зайсан көлiнен қазiргi кездегi Трансiбiр темiр жолына дейiн (Петропавл мен Новосибирск қалаларының арасында) басып алған» — деп жазды И.Я. Златкин «Жоңғар хандығының тарихында». Қалмақтар өздерiн осы өлкелердiң қожасымыз деп есептегендіктен, орыстарға көлден тұз алуға рұқсат береді. Отыз жыл қалмақтар осы жердi иеленген, кейiн батысқа, батыстан жоғарғы Яннаға одан Волгаға өтiп кеткен. Содан бері қанша жыл өтсе де, осы өлкенi өзiндiкi ету Ресей патшалығының ойынан кеткен емес. Бұл өлкенiң одан арғы тағдырында маңызды тарихи роль ойнаған князь М.П. Гагарин болатын — «бүкіл Сiбiр губернаторы». Ресей тарихшысы Г. Катанаев есептеуі бойынша, Петр I бұл уақытта Батыстағы жұмыстарымен қолы тимей, Қырғыз Даласын бақылай алмаған. Ал оның коллегасы С.М. Соловьевта қарсы көзқарас қалыптасқан: «Ол Шығысты көзiнен таса қылмаған, өйткенi Ресей үшін оның маңызды екенiн бiлгендіктен, Ресейдiң материалдық жағдайының өсуіне, Еуропа мен Азия сауда қатынастарының орталығы болып қалатынын, Қытайдан Туркияға дейiн, Петрге бiрдей назар аударатынын бiлген». Ресейдiң беделдi тарихшыларының қарама-қарсы көзқарасына қарамастан, патшаны Саян, Алтай, Байраба, Ертiс және Есiл даласындағы оңтүстiк көшпендiлерiмен шекаралық iстер қызықтырмай қоймайды, деп айтуға болады, ал одан әрі қарай тарихи материалдарға сүйенеміз. 1714 ж. Петр I бiрнеше әскери экспедицияларды жабдықтауға бұйрық бердi. Патша жарлығында былай деп айтылды: жарлық, «№ 2811-мамыр 22. Подполковник Бухгальцаға тиiстi. Еркет қаласын иеленгенi үшін, Сiбiр Губернаторы князь Гагарин мырза бiзге айтуы бойынша, Сiбiрде қалмақ қаласы Еркетке жақын Дария өзенiнде құм алтыны бар». М.П. Гагарин табандылық танытып табиғи қазыналарды iздеудi жалғастырды. Ол қазақ даласын, ондағы жеке меншiктердi, кұмiс пен қорғасын рудаларын табуға шведтің оқымысты пленшiлерiн және шығыс тiлiн бiлетiн ақылды адамдарды пайдаланған .
Экспедиция, князь А. Бекович-Черкастың басқаруымен Хиуа арқылы Амударияға жiберілдi, ал Хиуа ханы Шерғазы олардың барлығын жойып жiбердi. Екiншi экспедицияда Тобылдан И.Д. Бухгальцтiң басқаруымен шамамен 3 мың адам 1715 жылы жазда Ертiс бойымен жоғары қарай жүзген, ал қазан айында Ямыш көлiне дейiн жүзіп, сол жерде қыстап, кейiннен «көшпендiлер мен Ертiс бойындағы жоңғарлардан қорғану үшін қорған салады. Жоңғарлар орыстардың негiзгi мақсатын түсiнiп, 10 мың әскер жiбередi. Қорғанды қоршау басталғанда, экспедиция үшін 1715-1716 жж. қыс бiтпейтiндей көрiнген болатын, себебі азық-түлiк жетiспедi және түрлі аурулар өрши бастады.[17]
Жоңғарлардың қолдарында қалып қалмау үшін, олар кейiн шегiне бастады. Осыған байланысты отряд саны 700 адамға дейін кемiдi.
Гагаринге көмек ретінде жабдықталған керуен ақшасы мен азық-түлiгiк жіберілген болатын, бiрақ ол тұтқынға түсіп, әбден тоналады. Бухгальцтың соңғы шешімі, ол шегінуге бел буады. Факттiң өзi қызық, жоңғарлардың әскер басшысы Шерен Дондик олардың шегiнуiне қарсыласпады және жарты тұтқынын қайтарып бередi. Бұл «жанашырлық» жоңғарларға тән мiнез емес екендігіне, Омбы архивiнде табылған документтер куә болған. Орыстар бiрнеше рет делегацияларын тұтқындарды босату мақсатында жоңғарларға жiбередi, бiрақ олар тұтқындарды босатуға еш асықпайды. Сiбiр губерниясының документiнде көрсетiлгендей: «…сол жылы орыс ұсталары Иван мен екi Андрей Ургада мыс зауытын салады. Ол жерде мыңнан, бес жүзден қалмақтар мен бұхарлар жұмыс iстейдi, келер көктемде 1745 ж. сол зауытта мыс пушкаларын және ұсталар үлгiлеріне қарап сегiз пұттық шағын пушка құйып, оны Қалдан Сереннiң алдында ататын болады».
Экспедициядан қалғандар Ертiстен Омға дейiн жүзiп барып, сол жерде тоқтайды, ары қарай не iстеуiн бiлмейдi. Гагаринге адамдар жiберіледi. Сол жерге жаңа қорған соғуға бұйрық беріледi. Ол жердi 1716 жылы жаз бойы И.Д. Бухгальцаның отряды басқарады, ал күзге қарай, құрылыс бiткенде, қорғанды басқару майор Вельяминов-Зерновтың қолына берiледi. Осылайша қорған — Омбы қаласы болып салынған. [18]Сөзсiз, Ертiс бойына тағы бiр қорған салуға, қазақ иеленушiлері тарапынан , жоңғар қонтайшылары тарапынан да қарсылық білдіреді. Князь М.П. Гагарин бұл жерлердiң дипломатиялық мәселелерiн өз мойнына алады. Екi жақтың хат алып, хат беруiнде ол бұл жерлердi темiр металл қорларын табу мақсатымен алғандығына сендiргiсi келедi. Жоңғарлар бұл жағдайда қазақтар мен қытайларға қарсы күресуде қол ұштарын беретiнiн айтқан болатын. Бұл iстiң де өз негiзi бар. Бір айта кететін жайт, бұл кезеңде қазақ-орыс қатынастары талпынысты даму барысында болатын: Қайып хан «барлық Қазақ ордаларынан» деп өзiнiң Ресеймен бейбiт қатынаста болып, патша билiгiмен жоңғарларға қарсы одақ құру туралы арызын 1716 ж. қыркүйекте Тобольск қаласына жiбередi. Бiрақ, бұл келiссөздер нақты шешiмге алып келмейдi.
ХVIII ғасырдың басында Жоңғарлардың қазақ көшпендiлерiне қарсы шабуылдарды күшейді. Хандық билiк арасындағы алауыздық Дала жағдайын одан әрмен шиеленiстiрiп жiбердi. Қытай-жоңғар-қазақ күресiнен қорғану үшiн, орыс әкiмшiлiгi көшпендiлерге Барабин-Құлындық жерлерiне қоныстануларын сұранады. Қазақ орта жүзiнiң жауынгерлерi жоңғарлардың шабуылынан бас көтере алмай жатқанын пайдаланып, орыс әскерлерi 1752 ж. жазда Қазақстан жерiне баса еніп, солтүстiктегi Ақ басы — Есiл Омбы жерлерiн өз қарамағына қаратып, сол жерге 9 қорғаннан тұратын Жаңа Есiл сызығын соғады, сонымен бiрге Петропавловскiде де. Әлсiреген Қазақ хандығы бұл жерлердi қайтаруға шамасы келмейдi, бiрақ 100 жыл бойы күрес жүргiзген болатын. [19] Патшаның қоныстандыру саясатының тарихы міне осындай. Орыс колониязациясын екi кезеңге бөлуге болады: осы жерде ерiктi колонизаторлардың пайда болуы және осының iзiмен жылжыған билiк басындағылардың iсi сияқты. Ерiктi колонизациялар шаруалардан, қылмыскерлерден, өмiр қиындығынан қашқандар немесе жеңiл өмiр сүргiсi келетiндерден құрылған. Бұл қатынаста ерекше жақсы жер Оңтүстiк Орал мен бiздiң өлкемiздiң солтүстiк-шығысы болып табылатын. Бұл жерде ХVII-ХVIII ғ. мыңдаған есiмсiз адамдар өмір сүрген. Колонизациядан алып қойылған жерлер қоныстанушылардың өз қолында және оның сәттiлiгiнің барлығы да өздерiне байланысты едi.
ХIV ғасырдың екiншi жартысында Ресей мен Англия арасында бәсекелестік туады, жақын және Орта Шығыс жерлерiндегi ұйымдар жалға алынып Ресей мен Англия арасындағы бәсеке қалай да «қорғанға» айналса дегенге алып келедi. Көрсетiлген ой патша саясатының сыртқы көрiнiсiн шынайы мақсатын өте нақты көрсетедi. Сонымен қатар Қазақ даласы мен Ресей империясы арасындағы шекара соңғы жақтың есебiне қарай жылжыды және «Жабайы халықтан» қорғану үшiн әскери системасын күшейттi. Орталық билiк қазақ аудандарындағы жерлердi көптеген басқарулардың геостратегиялық мақсатын орыс сауда капиталының экономикалық экспанциясы дәлелденген.
Жергiлiктi орыс тiлдi халық үшiн бұл социалды база болатын, бiрақ ең алдымен, қазақ бөлiмi үшiн, өлiм жазасы Сiбiрге айдаумен бүкiл азаматтық қылмыстың орнын басты. Басқа да Сiбiр қазақтарының көзi крестьяндар, солдаттар, айдалғандар т.б. болды. Сiбiрлiк қазақтардың этникалық құрамында ең бiрiншi орында орыстар, украиндар, ал одан кейiн жергiлiктi халық болып келдi. Көптеген документтердiң мәлiмдеуiнше, ерлермен қатар Сiбiрге айдауға және «өлтiрушiлер», яғни әйелдер де болған, ең биiк жаза — өлiм жазасы болатын. Бұл мәлiмет жергiлiктi қоныстанушыларда «келiншектердің» көбейгендігiн көрсетедi. 1759 жылы Жоғарғы Ертiс қорғанынан 90 қылмыскер әйелдер жiберiлген. Олардың iшiнде 24-күйеуiн өлтiргендер, 10-баласын өлтiргендер, бiреуi әкесiн өлтiрген, қалғандары помещиктердiң имениелерiн өртегендер» т.с.с.
Денсаулығы жақсы әйелдердi офицерлер әйелдiкке алған, ал ауру-сырқаулары қатардағы казактарға тиген. Басқа да «әйелдердi құлшылыққа» алу көзi, яғни жергiлiктi халықтан әйелдер сатып алу едi, сонымен қатар қазақтардан да Омск қаласының картасында «Тұтқындар аралы» деп аталатын Затон аралы бар болатын. Бұл жерде тұтқындарды сату процесi өтетiн, былайша айтқанда, жұмысшыларды сататын болған. 1623 жылы «татар және ер жыныстыларды сатып алуға және бiреуге беруге болмайды» деген жарлық шығады. Әйелдер мен балаларды сатуға шығарды. 1649 ж. «татарлар мен ер жыныстылар бұрынғыдай сатылады». Тағы да 1734 жылдан Анна Ионовнаның жарлығы бойынша Сiбiрдегi құлдық заңдастырылады. Еркек қазақтың бағасы – 10 рубль, қазақ әйелдерi – 1 мерин – 6 рубль, қалмақ балалары – 10-15 тиын құраған. 1801 жылы қазақ балаларын сатып алуға болады, бiрақ жасы 25-ке келгенде олар бостандыққа жiберiледi деген жарлық қабылданады.. 1825 жылы қазақ, қалмақ және тағы басқа халықтардың балаларын сатуға тыйым салынды, бiрақ Батыс Сiбiрде әйелдердiң жетiспеушiлiгiне байланысты көшпендiлерден әйел жынысты балаларды сатып алуға рұқсат етiлген. Ресей үшiн, шаруалар құқығы жойылуы ХIХ ғасырдың екiншi жартысында басталады, «үй» шаруашылығымен айналысатын құлдар әдеттегi iс секiлдi қаралды. 1737 жылы 16 қарашада жарлықты талқылап, «әркiм өз үйiнде ешқандай ақы төлемей қалмақ және басқа да ұлттардың адамдарын сатып алу туралы», жарлық 1756 жылы 19 қарашадан «қайсақ тұтқындарын» асырады. «Сiбiр губернаторы, генерал-лейтенант Мятлев, Ямыш қорғанында әртүрлi азиялық тұтқындарды кiшкентай қыздар мен балаларды сатып алған, барлығы 26 адам болған». [20] Бiрiншi кезекте тiрi тауарды сатып алуға тек саудагерлермен iрi тұлғаларға ғана рұқсат етiлдi, ол үшiн сатып алуды жазып көрсету керек еді, яғни тауардың ұрланбағанын, оның жасын, бойын, сыртқы көрiнiсiн жазып көрсету керек болатын. Егер иесiнiң «тiрi тауарды» үйiнде ұстағысы келмесе, онда оларды қайта сатып жіберуге болатын, бiрақ тек рұқсат алған ақсүйектер ғана сата алатын болған. Бұл жағдайда қарақалпақ ханы Салтыковпен хат жазысты, хатта қазақ хандарының күшпен тартып алынған 5 орыс тұтқынын өздерiнiң жерлесi Ресей жерiнде тұтқында жүрген қалмақтарға ауыстырмақшы болған. Бұған жауап ретiнде Қазан генерал-губернаторлығының губернаторы Салтыковтың хаты: «Бiз жiберген ақсүйек Вершининдi Қазанға қайтарылсын»,- делінген. .[21] Затон аралында әйел заты жақсы өтетін болған. Көршi тайпа қыздарын күштеп алып, сатқан. Шынын айту керек, аралда орыс тұтқындары да сатылған, ерiксiз көшпендiлер қолына түскен. Билiк басындағылар оларды шығару үшiн жеке ақша бөлген. Мысалға, Орал маңында ұсталған орыс тұтқындары, үлкен көлемде Хиуа, Бұхара, Қоқан базарында сатылған. ХVIII ғасырда әрбiр дипломатиялық миссиясы, ортаазиялық хандарға жiберiлiп отырған. Бұл үшiн Николай I патшалығы 30 мың рубль жiберетін болған. Ал 1826 жылы Оренбург шекара комиссиясына 21 мың рубльдi орыс тұтқындарын қайтарып алу үшiн берiлген. 1721 жылы 19 қаңтарда Сенатқа патшаның жарлығы шығады, яғни Ямыш қорғанын қорғау, ал басқа қорғандардың тағдыры шешiліп қойған едi. Олардың борлығын жою керек, сонымен қатар Омбыны да. Онда былай дедi: «Жарлық 3716 19 қаңтар Ямышты нығайтып күшейтiңдер, ал қалғандарының жолын жабыңдар, Ямыштан басқасын. Қонтайшымен бейбiт қатынас құрыңдар және сауда қатынасын жақсартыңдар». .[22]
Бiрақ жарлық ұлы Петр патшаның өлiмiне байланысты орындалмады, Омбы қорғаны сөйтiп өмiрiн жалғастырды.
Омбы қаласының қайғылы беттерiн, қаланың құрылуындағы адам тағдырының қиын сәттерiн айтып кету аса қажет еді. М.П. Гагарин Батыс Сiбiрмен байланысында таулы жерлердiң дамуына қарсыласпаған. Бiрақ күтпеген жерден жағдай өзгередi. Ол 1719 жылы патша ұлы Алексейдiң үстiнен жүргiзiлген сотты бiлу үшiн Петербургке шақырылады, ал оның орнына Петропавл қорғанына түсiп қалады, ол жерден қашуға талпынып Петр I жарлығымен асу жазасына кесiледi. Князь денесi терезе алдында 2 ай асылып тұрады. Билiктi асыра қолдануы, пара алушылық, заңсыз көмектесу және т.б. ашылады. Сiбiр губернаторының байлығын санау мүмкiн емес едi: алтын, күмiстер Тобыл сарайының терезелерiн лақтырған. Зерттеушi И.И. Завалишин былай деп жазады: Гагарин аттарын күмiспен, арба дөңгелектерiн алтынмен жалатқан.
Қорғанды соғуды Ом ауданында алғашқы бастаушылар князь Шаховский, Қайсаров 3 жыл түрмеде болады, кейiн iзсiз жоғалып кетеді; И.Д. Бухгальц көптеген жылдардан кейiн өзiнiң карьерасын Селенгин деген жерде жалғастырады. Ендi Омбы қаласының тарихына оралайық. Ресей әкiмшiлiгi Сiбiр мен Қазақстан территориясына енiп кiре бастады. 1745ж. Омбы мен Өскемен қорғандарының арасында 24 әртүрлi әскери нығайтулар есептелген. Орыс әскери күшi Сiбiр қалаларының есебiмен өстi: Тары, Тобыл, Түмен, Ертiс сызығы 920 верстқа дейiн созылды және қазақтардың өзен жағасының оң жағына өтетiн жолын жаба бастайды. 1755 жылы 6 наурызда көшпендi Орта жүз шаруаларына Ертiстiң шырайлы жерлерiне өтуге тыйым салынады. .[23]
М.Д. Бухгальцтiң кепiлiндегi Омбы қаласы уақытша нығая бастайды. Бiрақ бұл территорияларды қамту үшiн тұрғылықты база керек болды, сол үшiн 1768-1771жж. Ом өзенiнiң оң жағасына жаңа Омбы қорғаны салынады. 17 наурыз 1785 жылы Омбы қаласының елтаңбасы қабылданады: «Жоғарғы бөлiгiнде Тобыл елтаңбасы (1869 жылға дейiн Омбы Тобыл губерниясының құрамына кiрген). .[24]
Даланың төменгi бөлiгi күмiс, бiр бөлiгi кiрпiш сызығымен нығайтылған, өйткенi Сiбiр сызығында қырғыздарға қарсы басты қорған бар». Қала елтаңбаларында губернияның ерекшелiктерiнiң бейнеленуi Ресей дәстүрiне айналған еді. Елтаңба ерекше қағазға салынған. Кейiн, Павл I алдында елтаңба Герольдинда сақталды, қалаға көшiрмелерi ғана берiлген болатын. « олардың әрқайсысы 100 рубль тұратын».
1882 жылы Сiбiрдегi жаңа территорияның бөлінуiне байланысты, Омбы облысы пайда болады, ендi облыстық герб жасау қажет еді, бұл iс Омбы суретшiлерiне тапсырылған болатын. Сурет Петербургтегi Сiбiр комитетiне жiберілдi, Герольдинге мақылдау үшiн таныстырылған.
Елтаңбаның көрiнiсi, қызыл жазықтықта қазақтың ұлттық киiмiн киiп, күмiс атпен шауып келе жатқан алтын адам кейпiнде — «бұл облыста қырғыз-қайсақ халқы көшпендi өмiрiнде көп уақыттарын ат үстiнде өткiзедi» сол себептi осылай белгiленген. .[25]
Елтаңба Александр I-шiмен 18 ақпанда 1825 жылы бекiтiлген. Кезектi Сiбiрдiң бөлуiнде Омбының әкiмшiлiк ауданы сонымен қатар 21 қазан 1868 жылғы Жарлықта Ақмола облысының басты қаласы болатын. 5 шiлде 1878 жылы Ақмола облысының елтаңбасы нақты бекiтiлдi. «Жасыл матада биiк мұнаралы күмiс ескерткiш, мата шетiнде алтын жарты ай. Мата ежелгi патша тәжiмен әшекейленiп алтын емен жапырағымен қоршалған, Александрлық лентамен қосылған. Бұл елтаңба 1917 жылға дейiн сақталған еді. 1725 ж. санақ бойынша Омбы қаласында ерлер 993 адам, 1741 ж. – 608, 1745 ж. – 1092, 1772 ж. – 1186 ер адамдар болған. .[26] 1794 жылы Омбы қаласынан экспедиция «Ташкент маңын және Ташкент тауларындағы алтын және күмiс рудаларын зерттеуге» дайындалған. Бұл факт патша әкiмшiлiгiнiң әлi де «құм алтыны» туралы ойды жоғалтпаған болатын.
ХVIII ғ. соңында Омбы қаласы әсіресе, Дала өлкесiнiң қазақ халқымен азия-орыс сауда орталығы болып табылады. П. Рычковтың айтуы бойынша «Кiшi және Орта жүз қазақтары бұл жерге жылқы, (жылына 40-50 мың) түйе жүнi, терiлер алып келiп, мұның орнына орыс тауарларын айырбастады (нан, қант, мата, шұға т.б). Тауар айырбастау үшiн орыс чиновниктерiмен жергiлiктi тұрғындармен сөйлесу үшiн орыс және қазақ тiлдерiн меңгерген делдал қажет болатын. Сол үшiн Омбы қаласында «толмач-аудармашылар» дайындауға кiрiстi.Сөйтіп, 1789 жылы азиялық тiлдер үшiн мектеп негiзделе бастады.
Осындай үлгiмен, Омбы қаласында әлеуметтік — экономикалық құрылымның басталуы және оған бiрнеше әртүрлi материалды формадағы өндiрiстер кiретін болған. Билiк басындағылар қаланың саяси және экономикалық өмiрiнiң орталығы етiп тағайындаған.
Қала бiртiндеп өсе бастады және ХIХ ғасырдың ортасына таман өзіне тән, бiрқатар ерекшелiктерге ие болды:
- Сiбiр Мәскеулiк трактан алыс жатқандықтан Омбы iрi өнеркәсіп орталығы болмады,өйткені осы сауда байланысына, транзиттiк тасымалға, iрi сауда iстерiне, қала базарының дамуына бұл өзінің кері әсерiн тигiзетін. Билiк басындағылар қалада iрi өнеркәсіп сауда объектiлерiнiң салынуына қызығушылық бiлдiрмеген.
- Омбы алғаш рет қазақ даласынан арзан шикізатты жеткізу пункті ретінде қарастырылды.
- Омбыда Сiбiрге тән басты өнімдер болмағандықтан бұл аң терісі мен алтын, мұнда тек кішігірім саудагерлер ғана болатын .
- Қала халқының басым бөлігі әскерилер мен чионвниктер болып бұлардың қаазақ даласымен жақындасуы және оларды өз қол астында ұстауы үшін қала әскери провинциалды қалалар қатарына жататын
- Омбы Батыс Сібірдің өтпелі линиясын нығатудың орталығы саналды.
- Өкімет мұнда басқада Сібір қалалары сияқты саяси тұтқындарды жібермеуге (1805 ж дейін) тырысты. Себебі бұл саяси себептер мен және жер аударылғандар көрші қазақтар мен араласпау үшін.
Омбы қорғанын және де әскери қорғандарын салу кезiнде Ресей патшалығының отарлық саясатының ең жарқын көрінісі Батыс тарихшыларының айтуы бойынша ХVI ғасырда көшпендi халық отырықшы халықтан жеңiлiп, өздерiнiң бастапқы жағдайларын жоғалтуда. Европалық экспансия мақсатында аграрлық- шикізат метрополия қалыптастырды.
Бұл кезеңде Ресей, Қытай және Туркия алғашқы Азия көшпендi халқын жаулап алушылар болды. Англия бұлардың iзiмен жүрдi. Ағылшындардың айтуынша, егер олар өздiгiнше және сенiмдi қозғалғанда, Орталық Азия орыс отарына емес, ағылшын отарына айналатын едi.
Iрi елдермен кең көлемде шекаралас қазақтар өз жағдайларының қандай қажет екенiн түсінді. Көршi елдердің қол сұғу өз шекараларының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету керек екендігінің дұрыстығын мойындатты.
«Ғылыми қызығушылық емес және қазақ, өзбек, түркiмен, қырғыз және тәжiк халқының тағдырына алаңдау емес, ағылшындар және орыстар Орта Азия және қазақ жерi, территорияларын иеленiп, халықты арзан жұмыс күшiне айналдыру, Африка отарларындағыдай, 1914 жылы Отарлаушы елдер арасынан отар елдерімен территориясы жөнінен Ресей 2 орын алады, отар жерi 17 млн. шаршы км.,халқы 33 млн. адам. .[27] ХIХ ғасыр қазақ қоғамының облыстың әкiмшiлiк, шаруашылық, шексiз өзгертулер қайта құрулар тұсы.. Жаңа реформаны әзірлеуді патша сол жылдардағы белгілі либералдық пиғылдағы қайраткер, өз дәуірінің аса білімді тұлғаларының бірі граф М.М. Сперанскийге жүктеді. Оның сан қырлы қызметінің өзегі Орта жүзде дәстүрлі хан мемлекеттілігін жойған жаңа заң актілерін енгізу болды, ол өзiнiң басқаруында келесi принциптердi қойды: жақында қазақ елi Ресей империясына берiледi, олар өздерiнiң территорияларына құқығын жоғалтады, бұл жағдайда автоматты түрде бүкiл империялық болады. Сол үшiнде қазақ пен орыс арасында «мемлекеттiк шекара» деген түсiнiк болмайды. Өзiнiң хаттамасында, Сенаттың тапсыруымен дайындалған, М.М. Сперанский қазақ-орыс қатынасын талқылауда, халықаралық құқықтық статус «сiбiр сызықтарына» аса мән бередi, ал сонымен бiрге осы сызықтарда арнайы мемлекеттiк организациялар салу, қазақ қоғамы мен Азия Ресей сауда қатынасының мақсаты Батыс Сiбiр өлкесiн құруда едi. Ендiгі жағдай Сiбiрдiң екiге бөлiнуiмен алға қарай бет ала бастады – Батыс Сiбiр және Шығыс Сiбiр. Батыс Сiбiр әкiмшiлiгiнiң орталығы ретiнде, Омбы маңызды роль атқарған еді. Генерал-губернатордың осы қалада тұруының аса саяси-стратегиялық маңызфы бар еді.
Алғашында бұл роль Тобылға тән едi, бiрақ уақыт өтуiмен өлкенiң басты басқармасының бұл қалада орналасуына байланысты қарсыластарының тарапынан үлкен түсініспеушілік тудырған еді. Шекара жағдайының қиындай бастағандығы, қазақ сұлтандарының көтерiлгендігі, Қытаймен қарым — қатынасының нашарлағандығы, қоқандықтардың қашқандығы – мұның барлығы Батыс Сiбiр мен Солтүстiк Қазақстан аумағындағы облыстарының орталығы Омбы қаласының пайда болуының алғаш белгілері болатын. Бұл пайымдаулардың 1819-1822 жылдары алғаш инициаторы болған Сiбiр губернаторы- М.М. Сперанский еді.
Бұл уақытта «Сiбiр қазақтарының жарғысы» шыққан болатын.. Бұл документтi маңыздылығы жайында жазылған деректер көптеп кездеседі. Жарлық бойынша қазақ даласының территориясында, көшпендi халықтар өмір сүрген делінеді. Орта және ұлы жүздiң бiр бөлiгi Сiбiр қазақ облысы деген атқа ие болған және Батыс сiбiр генерал-губернаторлығының құрамына кiрген, оның орталығы Тобыл қаласы болған.. 1824 жылы батыс Сiбiрдiң генерал-губернаторы Капцевич Батыс Сiбiрдiң басқару орталығын Тобылдан Омбыға ауыстырады. 1824 жылдан 1828 жылға дейiн ол осында өмір сүрген және бұл жер Батыс Сiбiрдiң орталығы болып табылған екен. .[28]
Жарлық бойынша, бiрiншi кезекте Орта жүздегi хандық билiктi әлсiрету керек, яғни оларға қазақ халқын таныстыратын қоғам қайраткерлерi ретiнде қарамауға тырысу қажет екендігі жайында айтылған, яғни бұл жарлық бойынша орыс басшыларының пiкiрлерiнше қазақ халқының ішкі саяси жағдайларын басқаруды өз қолдарына алуды мақсат еткен. Бiрақ қазақ халқының дәстүрлi қоғамындағы бұл социалды құрылымы өз басқаруын сақтаған болатын. Мiне, сол себептi Сперанскиймен оны қолданған әкiмшiлiктің тарапына жергiлiктi тұрғындар өз наразылықтарын бiлдiрген еді. Репрессиялық шектерге қарсы халық шықпау үшiн Мемлекеттiк Кеңестiң шешуi бойынша 3 қарашадан 1837 жылы, бұл шешiмнiң негiзi Сiбiр ведомствосының қазақтары «шекара сызығында емес iстерге: сатқындықта, өлтiруде, әскери сотпен сотталады». Бiрақ та патша үкiметi қазақтардан жердi алып қоюы мүмкiн еді және оларды тонауға кез-келген жауапкершiлiк әскери сотта қолында едi. .[29]
ХIХ ғасырдың отызыншы жылдарының соңында Сiбiр басқармасында бірқатар өзгерiстер пайда болды. Ережедегі кейбiр жарлықтар Қазақстанды қайта құрудағы қатаң саяси жаңа талаптарға жауап бере алмады. 1838 жыл Сiбiр комитетiнiң астанасы жабылғандығымен белгілі болды. Орталық басқаруды әскери әкiмшiлiк басқару iсi жүргiзiлген аумақтарға жақындату қажет едi, өйткенi. 6 сәуiр 1838 жылы Омбы облысы ауыстырылған болатын. Омбы Тобыл губерниясының округi болды, яғни жаңа округ құрылды. Қазақ даласын басқару iсi қайта ашық Шекаралық Басқаруға берілген болатын. 1839 жылы Омбы қаласы жүйелі түрде Батыс Сiбiр генерал-губернаторының орталығы болады және мұнда Батыс Сiбiр әскери-топографиялық түсiрiмінің Корпусының бас штабы, провианды комиссия, Сiбiр округiнiң артиллериялық гарнизоны мен жандармдар басқарымының 8 округтық корпусы орналасқан еді. Осыған байланысты қаланың саяси беделi жоғарылады. 1865 жылы қазақ даласын басқаруға жаңадан Дала комиссиясы құрылды. Тек 1868 жылдың 21 қазанында Ақмола мен Семей облыстары туралы жобаға қол қойылды. Реформалар өздерінің негізгі функцияларын жалғастырған еді, яғни көшпендiлердің өз дәстүрлерінің бiртiндеп жойылуын, билер мен старшындар басшылығына шек қою және туыстық аристократияның әлсiреуiне әкеп соғатын еді.. 1867-1868 жылдардағы жағдай уақытша тек екі жылдық тәжирибе жүзінде болатын. Бiрақ тек 21 наурыз 1891 жылы Ақмола, Семей, Жетiсай, Орал, Торғай облыстарын басқару туралы жағдай нақты қабылданған еді.
«9. бөлiм. -Ақмола, Семей және Жетiсу облыстарын басқаруға басты қала ретінде-Омбы қаласы тағайындалады, облысы-Ақмола-уақытша Омбы болады.
51. бөлiм. Омбы, Петропавл, Семей, Верный және Орал қалаларында патшалық басқарулар құрылды, жалпы негiзгi қалалық полициялар заңмен жұмыс жасады.
54. бөлiм. Омбы, Петропавл, Семей және Верный қалаларында дәрiгерлер, фельдшерлер көптеп кездесетін.
99. бөлiм. Ақмола, Семей облыстарына және Жетiсай Дала генерал-губернаторлығына мешiт соғуға рұқсат берiлдi. Мешiттер мен мектептер қаржыландыру қоғамның есебiнен алынды.
101. бөлiм. Әрбiр уезде және Омбы, Семей, Верный және Орал қалаларында бейбiт сот болуы керек еді. .[30]
Жағдайдың бiрнеше бөлiмдерiнiң мазмұны осылай болатын, егер де саяси жағдай тез өсе білгенде.
Дала генерал-губернаторлығының орталығы Омбы зерттелген еді. Жағдай бойынша генерал-губернаторлық үлкен күшке айнала бастады. Біп айта кететін жайт, Азиялық жергiлiктi әкiмшiлiк орган Ресейде әскери оқу орнын құру есбебiмен әскери министр Д.А. Милютинмен ашық қарсыластыққа көше бастады.
Әрдайым ауыстырылып отырған генерал-губернаторлар, өздерiнiң орындары тұрақты емес екенiн сездi,яғни Петербургтегі көптеген генерал-губернаторлар орынсыз қалғандықтан жаңа қызметтерге көз салып жүргендіктерiн түсiндi. Сол себептен Генерал-губернаторлар өздерi құрған жоспарларын , полициялықтардың функцияларын өз жадтарына байлауға тырысты.
А.П. Хрущев (Батыс Сiбiр генерал-губернаторы 1866-1875жж.) 1867 жылы жандарман басшысына полиция басқаруымен Батыс Сiбiр территориясын қаратып алуды ұсынды, оларды астаналық билiкке емес, генерал — губернаторлыққа бағындыруға тырысты. Үш облысты басқару орталығы Омбы қаласында болатын еді. Мемлекеттiк мүлiк министрлiгi басқару туралы жоба құрды, оған Омбыда орналасқан, Тобыл мен Томск губернияларыныңсы мүлiктерi кiретін еді.
Айтып өту керек, генерал-губернаторлықтың жағдайы орталық билiкпен қарым — қатынасына ғана байланысты емес, бiрақ қарама-қайшылық жағдайда Сiбiрмен қарым-қатынастың шиеленісуіне әкеп соғуы мүмкін еді. Сондықтан, генерал-губернаторлар мен олардың орын басушылары, қаладағы саудагерлер мен кәсiпкерлер арасында тығыз қарым-қатынас орнаған болатын. Губернатор аса сақтықпен басқару ісін жүзеге асыру керек еді. Егер ол дәл осылайша тiл табыса алмаса, өз беделінен айырылып қалуы мүмкін еді. Бірақ, генерал-губернаторлардың өз қол астындағы канцеляриямен қарым-қатынасы қиын күйiнде қалған боатын.. Сiбiр губернаторының iшкi губерниялары сияқты, басты шешiмдерге сенат пен министрлiк қол қоюға мiндеттi, бiрақ жоғарыдағы рұқсат берiлетiн барлық заттар туралы генерал-губернаторға баяндауға тиіс еді. Бұл факторлар Омбының қалалық өмiрiне қатты әсер еттi. .[31] Территориялық бөлiнудiң iзiмен, өлкенiң соттық системасы қарала бастады. Соттық реформа 1864 жылы империя жағасында көп қаралмаған болатын. Дала өлкесiнде қоныстану тек қана 1899 жылы ғана қолданысқа түсе бастыған еді.. Мұның себебі көп болды:
- 1870-1880 жылдардағы елдегi iшкi саясаттың ерекшелiгiнің бірі, финанс-экономикалық мәселелері.
- Халықтың тығыздығының аздығы, хабарласу жолдарының әлсiздiгi, «өзге ұлттардың» үлкен көлемде болуы, саяси айдаушылардың көп көлемде болуы, арнайы сот органдарының сақталуы.
- Арнайы заңгерлердің соттық қызмет үшiн аз болуы.
Бұл жағдай Трансiбiр магистралiнiң құрылуымен және Томск заңгерлер факультетiнiң ашылуымен өзгере бастады. 1899 жылдың 14 мамырында Дала өлкесiнің соты-салтанатты түрде ашылды. Сібір және Дала өлкесінің соттық құрылымы Еуропа және Ресей губерниясымен салыстырғанда Сiбiр мен Дала өлкесiнiң соттық құрылымы нығайған болатын. Сот құрамының қысқартылған мүшелерінің барлығы 19 адам: 4 сот мүшесi, сот төрағасы, хатшы, 3 хатшының көмекшiсi, прокурор хатшысы, 4 жолдас прокурор. Облыстардың өлшемiнiң үлкендi, сонымен бiрге хабарласу жолдарының дамымағаны Петропавл, Ақмола, Көкшетау, Атбасар секiлдi қалаларға шығуы соттың уақытын ұзартып жiберетiн еді. Iрi қалаларда бiрнеше бейбiт қатысушылар болатын, мысалы, Омбыда- 3, Петропавл- 2. Сотқа жаңа система енгеннен кейiн реформалар аса қажет бола бастады. Соттық тергеулердiң сапасы төмендей бастады, тергеу уақыты көптеп ұзара бердi, халықтың көзiнше жаңа соттың абыройы түскен болатын. Облыстық және өлкелiк чиновниктердiң үнемi министрлiкке баруы айдаудағыларға қаражат жетпеуiн ескерткен болатын. Тек саяси билiктер, Мемлекеттiк Думада 1911 жылдың мамырында Омбы сот палатасында заң қабылданған еді.[32].
ХIХ-ХХ ғасырда Сiбiр әкiмшiлiгiнде шетел шекара сызықтары саяси тұрғыда қарастырылады және Сiбiр әкiмшiлiгiнiң құрылуы мен Орталық Азияның байланыстылығы қаралған. Сiбiр темiр жолын соғу негiзiнде әкiмшiлiктi өз деңгейiне қою керек болатын еді. Генерал-губернаторлардың қолында — билiк өкiлiнiң маңыздысы болды: татулық, кедендiк, пошталық, оқу т.б. Бұл шектеу губерния әкiмшiлiгiнiң құқығын кеңейте түсті. Тарихи анықтамада Сiбiр губерниясы мен облыстарын басқаруда, генерал-губернатордың билiгi күшейгенiн көрсетедi. .[33] 1897 жылы Жетiсу облысын Түркiстан генерал-губернаторлығына Дала генерал-губернаторлығы жайында белгілі бір сұрақтар туындай бастады. Бұл жайындағы әңгіменің еш пайдасы жоқ екендігі 1882 жылдағы оқу жүйесінен басталады, ал 1886 жылдың басында жаңа ат туралы сыбыс шықты. Бiрақ, Дала генерал-губернаторлығына М.А. Таубе басқа нұсқа ұсынған болатын: Ақмола мен Семей облыстарының жаңа генерал-губернаторлығын құру , сондай-ақ Тобыл мен Томск губернаторларының орталығы ретінде Омбы қаласын орнату еді. Бiрақ жоба Сiбiрден де, Петербургтен де қолдау таппады. Бұл мәселенi талқылау маңызды жиналыстарда 1903-1904 жылдарда қаралды. Бұл кезекте М.А. Таубе iшкi iстер министрі В.К. Плевенiң қолдауын пайдаланды, бiрақ бұл кезде де бiрлiк құра алмады. Плеве В.К., Таубе М.А., Сухотин Н.Н., Кутайсов П.И., сонымен бiрге бұл жаққа бет бұрған Игнатьев А.П., сөздерi бойынша бүкiл Сiбiр үшiн бiр ғана генерал-губернаторлығын құру керек еді. Болашақ Сiбiр генерал-губернаторына өте үлкен көлемдегi Омбы өлкесiн басқару, бiр бетке қосылған жоғарғы азаматтық қол бастау, сонымен бiрге Сiбiр әскерiн басқару, қызметтерi тапсырылатын едi.
Бүкiл Сiбiрдiң бiр орталықтан басқарылуы көп пайда әкелмейтiндей көрiндi. Сiбiр темiр жолының құрылуы Сiбiрдегi генерал-губернатордың проблемасын шеше алған жоқ, деп санаған олар, сонымен қатар оны күшейттi. Тағы да бұл территорияға шақырып тұрған жол екi Сiбiрдегi генерал-губернаторлықтың төрт губернияның әртүрлi билiгiнiң қол астында қалды: темiржол басқармасы, жандармандар мен барлық полиция, әртүрлi шендер т.б. Ресей империясы құрамындағы Сiбiр орны туралы және генерал-губернаторлық билiктiң қажет екендiгi туралы бәсеке тынышталмады. Сiбiрдi басқару жөнiндегi ведомстволық қарсы сөздер және орталық пен жергiлiктi билiктердiң iстерiне келiспеушiлiк туды. Бұл жерге бүкiл елдегiдей, үлкен координатты билiктiң күшеюi, Сiбiр өлкесiн қамту жөнiнде нақты анықталған программа қажет екенi сезiлдi. .[34] Ғасырдың басында қазақтар жергiлiктi билiкке өз қарсылықтарын күшейте түсті.
1905 жылы Семей губернаторы Галкин жоғарыдағыларға барлық күштерiмен қазақтарды Омбыға жиналысқа жiбермеуiн бұйырды. Ақмола облысының қазақтары ерекше жетiстiктерге жетіп, жұмыс жасаған еді. Ал жетiстiктерi аз болған жерлер, мысалы Дала өлкесiнде қарсылық күшейе түскен болатын. Берiлген бөлiмде Қазақ өлкесiнiң тарихына казактар ролi көрсетiлмеген, тек 1882 жылы Сiбiр казактарының әскерiнiң 300-жылдығының тойлануы ғана берілген. Әскердiң белгiсi Омбыдағы Никольста сақталуға жіберiлген еді. Ауданы 1.5 миллион десятина жер казактарға қолданысқа бекiтiлген болатын. 1891 жылы казактар территориясында 175-жылдық, яғни Омбы қаласының құрылу уақыты тойланған болатын. Сол уақыттағы документтерде орыс ойлары айтылған еді. Осылай 1864 жылғы қорытындыда Тобыл губерниясына губернатор А.И. Деспот-Зенович айқындағандай, тұрмыстық заттарды сақтау мен татарларды басқаруда шек қойғандықтары бекер екен, өйткенi «татар халқы» өзiнiң тарихи жолында көптеген ауыр физикалық және моральдық қақтығыстарда, көп қиындық көрген», мұндай көзқарастар татарлармен ғана шектелместен, бүкiл Сiбiр өзге ұлттарына жайылған болатын.
Г.Н. Потанин орыс интеллигенциясының «өзге ұлттарға» көрсетiлетiн зорлықтарға қарсы тұруға мiндеттi, туралы сұрақ қойған болатын. Ол отандық бақыттың өзге ұлтты тайпалардың моласында құруға болмайды деп есептеген. Қазақ тұрмысының және байлығының құрылымын ол қазақ интеллигенциясымен бiрлесу қажет деп түсінді. .[35]
Билiк шеңберiнде орыстарға сенбеушiлiк қажет болмады. Сiбiр өзге ұлттарының қараудағы жоба системасы қайта талқыланғандықтан, олардың қоғамдық басқаруы, әскерлерiнiң жайылуы, көшпендiлерге жердi қолдануға шек қоюы, православ шiркеуiнің белсендiлiгiнiң арттыруында еді. Сiбiр басшыларын дәстүрлi өзге ұлттық қоғамдардың нығаю толғандырды, бұл саяси көзқарас бойынша қауiптi көрiнгендіктен, бұл жағдайға қарсы тұру үшiн сот басшылығына унификация жариялау керек болатын, өзге ұлттар арасында орыс тiлiн дамытуына бақылауға тырысты. Осындай үлгiмен, Омбы қаласы, Дала генерал-губернаторлығының маңызды өлке оқиғалары мен, олардың саяси статусы үнемi өсiп отырды және ол алдағы қала тағдырын анықтаған саяси карьераның орталық нүктесi ретiнде оқымыстылардың, ойшылдардың орталығы болатын. Қаланың әкiмшiлiк статусының өзгеруi қала тағдырының кейiнгі жағдайына, Омбы қаласына да, сонымен қатар оларға бағынған облыстарға оң әсерiн тигiзген еді.