Өлкелік, облыстық және аудандық газеттерде бесжылдық мәселелерінің жазылуы туралы қазақша реферат
Отызыншы жылдардың бас кезінде кеңес үкіметінің ауыр өнеркәсіпті дамытуға ерекше мән беруі- не байланысты Қазақстанда балқаш, Қарағанды; Ембі мұнай кобинаты сияқты ірі алыптар қатарға қосылды. Ауылдық жерлерде жаңажан бірнеше мың колхоз және жүздеген мал, астық колхоздары құрылды. Әйтседе, республикада ауыл шаруашылығаның бұл саласында көптеген кемшіліктер де болды. Мәселен, колхоздар ұйымдық – шаруашылық жағынан әлі де болса әлсіз, өз бетімен тік тұрып кете алмайтын жағдайда еді.
Міне, сондықтан да бұл шараларды тезірек жүзеге асыру үшін баспасөздің жан жақты көмегі қажет болды.Осыған орай, енді Қазақстан Өлкелік партия комитеті- нің 1933 жылғы 4 маусым күні болған бюросында Л.И.мирзоян қазақ баспасөзінің жайы мен міндеттері туралы сөз сөйлеп, осы мәселе туралы қаулының жобасын ұсынады. Көп кешікпей “Өлкелік басылымдар — “СоциалисттікҚазақстан” мен “Казахстанская правда” газеттерінің жұмысын қайта құру туралы” Қазақстан өлкелік партия комитетінің қаулысы жарияланды.
1933-1936 жылдары Өлкелік партия комитеті республикалық газеттердің редакторларын іс- кер, тәжірибиелі кадрлармен нығайтып отырды. Қазақстан өлкелік партия комитеті1934жылы мау- сымда белгілі жазушы, публицист Ғабит Мүсреповты “С.Қ-ның” редакторы етіп бекітті. Редакция аппараты Бейсенбай Кенжебаев, Аманғали Сегізбаев,Нұрсейіт Ерубаев, Байжасаров, Ахмет Елші- беков, Мерғали Ешмұхамбетов, Ануар Омарбеков,Несіпбай Манашев, Жұмағали Сәрсеков және т.б. толықтырылды. Белгілі журналист және әдебиет сыншысы Құлмырза Өтепов 1938 жылға дейін үзбестен “С.Қ” газетінің партия тұрмысы, насихат, баспасөз, әдебиет бөлімдерін басқарды. Ірі публицист және әдеби сыншы Ілияс Қабылов “С.Қ”-ға эстетика және әдебиетті зерттеу мәселелері жөнінде мақалалар жазып тұрды.
Осы жылдары саясат және экономика тақырыптарына мақала жазып жүрген ақтаған СЧ Бәйішев еді. Ол әрі “Социалистік Қазақстанның” редакторы болды.
1937 жылы Қазақстанда 267, оның ішінде 137 газет қазақ тілінде шығарылды. Олардың тира-жы 660 мыңға жуық дана болды. Бұрынғы жылдардың қайсысымен болсада да көп, жалпы тиражы 5,3 млн.аса дана болып, 408 түрлі кітап басылып шықты.
Радио хабарын тарату жедел дамыды. 1937 жылдың көктемінде республикада 307 радиотора бы, 57 мың радиоқабылдағыш жұмыс істеді, бұл 1935 жылдың осы уақытындғы сынан 3 еседей артық еді. Бірақ осының өзі халықтың “Қапшықтай білмейтін қағазсыз” га- зетке деген өскелең қажетін өтей алмады.
1937 жылы 5-12 мамырда Қазақстан Комунисттік партисының бірінші съезінде Орталық Комитетті сайлады. “Социалисттік Қазақстан”мен “Казахстанская правда” Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің органы болды.
Қазақстан Компартиясы бірінші съезінің шешімдерін орындауға комунисттер мен барлық ең бекшілерді жұмылдыра отырып, республика баспасөзі, комуниттік партияның тарихы мен теория- сын оқып үйрену “ұлт кадрларын даярлау жәнеоларды идеялық, саяси жағынан тәрбиелеу тақы- рыптарына баса көңіл аударды”. Сол кезде партияның ішкі демократиясын өркендетуге “Ауыл ко-ммунисі”, “Большевик Казахстана”мен“Казахстанская правда” және басқа газеттерде жарияланған мақалалар мен корреспонденциялардың тигізген пайдасы орасан зор болды.
Қазақстан Комунисттік (большевиктер) партиясының ІІ съезіне (1938 шілде) дейін республи- ка баспасөзі едәуір дами түсті. Қазақстан Компартиясының І съезінен кейінгі уақытта жаңадан 4 облыстық және 16 аудандық газет пайда болды. Бұрынғы 9 журнал енді 13-ке жетті. Газеттердің тиражы 300 мың данаға дейін өсті.
“Социалисттік Қазақстан”,“Казахстанская правда”,“Советтік Қарағанды”және “Соц.Қараган- да”газеттері стахановтық қозғалысты тағы да онан әрі өркендетуге үлес қосты. Отанымыздың эко- номикасы мен қорғаныс қуатын нығайту жолдарындағы күресте облыс- тық, аудандық газеттер де елеулі жұмыс істеді.
Мерзімді баспасөзде республиканың 20 жылдық тарихында қол жеткен табыстары ойдағы- дай насихатталды. Газеттер беттерінде “Еңбек тәртібін нығайтайық”, “Қыдырымпаздыққа салы- нып, жұмыс уақытын босқа өткізушілер болмасын” деген айдармен кәсіпорындар мен мекемелер- ден түскен хабарлар мен хаттар жиі басылып тұрды.
Республика баспасөз Отан қорғаушылық маңызы бар кәсіпорындарын, алдымен түс- ті металлургия кәсіпорындарын ерекше бақылауға алды. Онда өздерінің қызметкерлерін арнайы жіберіп, немесе жұмысшы тілшілермен жұмыс жасап тұрды.
Мерзімді баспасөз және басқа басылымдар сан және сапа жағынан да өсе берді. Ұлы Отан соғысы қарсаңан да республикада жалпы тиражы 1 млн дана болып негізінен қазақ және орыс тілінде 322 газет шығарылды. Тоғыз республикалық, 28 облыстық және 193 аудандық газет шығарып тұрды.
1934 жылы 15 қаңтарда Қазақтың Мемелекеттік университеті ашылды. Бұл сол жыл- дары Қазақстандағы 13-ші жоғары оқу орны болды. Оларды 4266 жас жігіттер мен қыздар оқыды,олардың 62%қазақ жастары еді. Қазақ университетінің ашылуын қазақ халқының мәдени өміріндегі тарихи оқиға деп бағалап, газет бұл күнді халықтық мереке ретінде атап өтті.
Отызыншы жылдардың орта шенінде қазақ тілінде газет,журналдар,кітаптар мен оқу лықтардың көп шығарылуы, жергілікті мектептерде сабақтың ана тілінде жүргізілуі қазақ тілі мен әдебиет мәселелерін кең зерттеу жұмыстарын кезекке қойды.Республикалық газет ғылыми-техникалық терминдерді батыл қабылдау арқылы қазақ тілінің сөздік қорын байы та түсу жөнінде,қазақтың әдеби тілі мен жазбасын дамыту жөнінде проблемалық мәселе- лер көтеріп отырды.
Екінші бесжылдықта Қазақстанның баспасөзі де дамыды. 267 газет шығып тұрды. Оның 137-сі қазақ тілінде еді.
Баспасөз әдебиет пен өнер мәселесіне үлкен көңіл бөліп отырды. Осы кезде халық- тың тек материялдық талаптары ғана емес, рухани талаптары да өсті. Соған байланысты әдебиет пен өнердің және баспасөздің де рөлі арта түсті.
Бұл міндеттерді шешу ісімен бүкіл қазақ баспасөзі, оның ішінде“Қазақ әдебиеті”га-зеті, “Әдебиет майданы” мен “Литературный Казахстан”, “Әйел теңдігі”, “Ауыл мұғалімі” журналдары сияқты мәдениет мәселелеріне арнналған баспасөз органдары шұғылданды.
Қазақастанда жазушылар съезі 1934 жылы 12 маусымда ашылды. Қазақ жазушыла- ры баспасөзге белсене қатысты. Жаңадан Жақан Сыздықов, Тайыр Жароков, Әбділдә Тәжібаев, Ғали Орманов, Ғабдол Сланов, т.б. корреспонденциялары, мақала, өлең, әңгіме очерктері “Социолисттік Қазақстанның” беттерінде көріне бастады.
Өлкелік баспасөз ауылдағы мәдениет ошағы – клубтар мен кітапханалардың, оқу үйлері мүйістерінің жұмыстарына да үлкен көңіл бөлді.
Қазақ АССР Орталық Ақтау комитеті халық тілегін орындай отырып, 1928 жылы латын алфавитін мемлекеттік “алфавит” деп жариялады. 1929 жылдан бастап өлкелік газет шағын хабар, заметкаларды латын әріпімен бастырып шығарып, газет оқушыларын жаңа алфавитке үйретті. Газет, журнал, баспалар 1930 жылы жаңа алфавитке тегіс көшірілді.
Бұл латын алфавиті 1940 жылға дейін қолданылды. 1940 жылы орыс алфавитіне көшу мәселесі қаралды.