Оқушылардың саналы түрде мамандық таңдауында ата-ананың алатын орны туралы қазақша реферат
Мектеп, жанұя, қоршаған орта жасөспірімді болашақ қоғамның мүшесі ретінде қалыптастырады. Өскелең ұрпақтың болашақ еңбек жолына дайындығы негізінен отбасы тәрбиесіне байланысты. А.Д.Сазановтың айтуы бойынша еңбек ету-зорлық түрінде емес, творчестволық мағынаға ие болуы керек, және мұндай еңбекке әрбір жанұя өз баласын дайындауы қажет.
Творчестволық еңбек-ол адам өз жұмысын жақсы көргенде, одан қуаныш тапқанда және өз еңбегінің қажеттілігімен,пайдасын көргенде, сондай-ақ еңбек адамды тұлға ретінде көрсететін негіз болғанда, өз қабілетін аша алғанда орын алады.
А.Д.Сазанов: оқушыны еңбекке тәрбиелеуде тек жұмысқа дайындық қана алмайды,ол еңбек тәрбие алады, адамдарға қарым-қатынасы қалыптасады-деп есептеген. Жұмыстан қашатын, басқалардың жұмыс істеп жатқанына қаннен қаперсіз қарап тұратын,басқалардың еңбегінің жемісін жегенді ұнататын адамды А.Д.Сазанов нағыз тәрбиесіз адам деп есептеген. Керісінше, ортақ еңбек, ұжымдық жұмыс бір-біріне көмек көрсету-адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасын қалыптастыру.
Еңбек еткен адам тек дене тәрбиесі дамуын ғана емес, сондай-ақ психикалық, рухани тәрбие алады деп есептейді А.Д.Сазанов.
Сондай-ақ А.Д.Сазанов ата-аналардың назарын еңбекке баулу, қоғамға пайдалылығымен қатар адамдардың жеке өміріне де әсер ететіндігіне аударған.
Бірақ жанұяда еңбекке тәрбиелеуде квалификация берілмейді. Жастар квалификацияны мектепте, зауытта, ұжымда, курста ала алады. Алайда ата-ана жанұялық тәрбие квалификация алуға еш байланысы жоқ деп есептеуі керек. Керісінше жанұялық тәрбие адамның болашақ квалификациясында негізгі орын алады.
Отбасы қызметі- құрылымдық ұйымдастыру және дамумен тығыз байланысты. Отбасы тәртіп ережесі сыртқы орта және отбасы мүшелерінің өзара қарым – қатынас сипатына да әсер етеді.
Отбасы қызметі негізі екі тұрғыда қарастырылады:
әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелері қызметіндегі өзекті міндеттер.
Отбасында көрініс алатын мінез – құлық феномені және процестері.
Әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелерінің басты қызметтері: сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау, отбасы мүшелерінің бір – біріне көмек көрсетуі, сау қалуын қамтамасыз етуі, балаларды тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік, эмоционалдық және дене жағынан жекелік дамуы үшін алғы шарттарын құру, бір – бірімен тығыз эмоционалды байланысынта болуына қолдау жасау, сондай-ақ өзара мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасау.
Біздің қоғамда отбасы қызметі соңғы 100 жылдықта қатты өзгерді. Бір кездері экономикалық қызмет ең негізгі болып қаралып, отбасы мүшелерінің дене жағынан дамуы, сау қалу жақтары қарастырылды. Өндірістік төңкерістің арқасында, технология дамып және экономикалық қызметте әлеуметтік қорғау жүйесі өз маңыздылығын жоя бастады, ал уақыт талабына сай әлеуметтік – психологиялық қызмет өз рөлін айтарлықтай көтерді. Қазіргі уақытта көптеген отбасылар экономикалық тұрғыдан күн көрісіне қарағанда, бір – біріне психологиялық қолдау көрсетуді өздерінің негізгі міндеттері деп санайды.
Баланың ата – ана және құрбыларымен қарым – қатынаста болуы әлеуметпен кездесуге дайындық болып табылады. Осылайша, отбасы оларға белгілі бір әлеуметтік мінез – құлық үлгісін құрап, әлеуметтік өзара қимыл тәсілдеріне үйретеді. Қазіргі кезде баланың әлеуметтенуі оның құрбы – құрдастарымен қарым – қатынасы және мектеп, қоршаған орта туралы түсінігі басты рөлге ие екендігі мойындалып отыр. Қалай десек те, қоршаған ортада болып жатқан жағдайларды бала бағалай отырып, бәрінен бұрын өзінің ең жақын туыстарының тәжірибесіне сүйенеді. Осылайша, баланың отбасында маңызды мөлшерде меңгерген іс — әрекет үлгілері, оның келесі бір әлеуметтік тәжірибесін айқындайды.
А.Д.Сазанов: “Жанұяда дұрыс еңбек тәрбиесін алған бала болашақта өзінің арнайы дайындығында да үлкен жетістікпен әкетеді. Ал жанұясында ешбір еңбек тәрбиесін алмаған бала болашақта еш квалификация лһала алмайды, еңбек жолында жолы болмайды, олардан нашар жұмысшы кадрлар шығады”-деп жазады.
Бұл ұлы кеңес педагогының идеялары бүгінгі күніде актуалды. Еңбекке тәрбиелеу жанұяда ерте жастан басталып, ойын түрінде болуы керек. Бала өзінің ойынщықтарының таза болуына, әрі реттеліп тұруына, өзінің ойнайтын жерінің тазалығына жауап беретінін түсінуі керек. Өсе келе жұмыстары қиындай түседі. Бірақ балаға өте көп жұмыс тапсыруға болмайды. Оларға берілетін жұмыс баланы әліне сәйкескелуі керек.
Баланың еңбек сүйгіштігі, тәрбиелілігі, еңбекке жауапкершілігі, т.с.с. барлығы жанұя мүшелерінің еңбекке деген қарым-қатынасына байланысты қалыптасады.
Егер жанұяның әрбір мүшесі өз жұмысына жауапкершілікпен қараса, бар күшін сүйікті жұмысына арнаса, адал еңбек етсе, оны көріп өскен баланың бойында әрине еңбекке деген дұрыс қарым-қатынас, адамдар еңбегіне силастық қалыптасады. Әрине, тек өзінің жақсы іс-әрекетімен ата-ана тәрбиеде қажет еткенде ғана баланың бойында еңбекке қызығушылық орнайды. Ата-аналар жүйелі түрде баланың жастық ерекшелігін ескере отырып оны тек жұмыс істеуге ғана емес, сондай-ақ ойлау еңбегіне де тәрбиелеу керек. Әке мен апа-жасөспірімнің ең жақын адамдары, ол ең бірінші ата-анадан кеңес сұрайды, өзінің болашақ еқбек жолын таңдағанда әрине бұл кеңестің дұрыс болғандығы қажет.
Ата-ананың өз мамандығына деген қарым-қатынасы блаға әсер етеді. Кейде аата-аналар балаға дұрыс еңбек тәрбиесін бере алмайды, оны болашақ еңбек жолына дайындай алмайды. Бұл жерде мектеп негізгі орын алуы қажет. Ата-ананы баласының болашақ мамандығын таңдауға дайындау-ұстаз бен ата-ана жұмысының негізгі кезеңі. Әрине бұл жұмыс пен мектептің іс-әрекеті аяқталмайды.
Ұстаздың жанұямен жұмыс істеуі үшін оның оқушы жанұясымен жақын таныстығы керек. Осы мақсатта әртүрлі әдістер қолданылады, алғашқыда әрине әңгімелесу бақылау, сауалнама жүргізу сияқты жұмыстар жүргізіледі. Бірақ жанұяны зерттеудің негізгі жолы-осы жанұяны көру. Бұл жанұя туралы түсінік береді, жанұяда қандай көмек қажеттігі туралы, ата-ананың балаға еңбек тәрбиесіне ісері туралы толық мағлұмат алуға мүмкіндік береді.
Педагог оқушының үйіне барғанда өз алдына қоятын мақсаты: ата-ананы баласының кәсіби қызығушылығын бақылауға және қажет кезде бағдар беруге үйрету: жасөспірім қандай әдибеттер оқу қажеттілігі жайлы, оған пайдалы жұмыстармен айналысу т.с.с. кеңестерберу. Сондай-ақ ата-анаға кәсіби бағдар беретін оқулықтар оқуға бағдар беру.
Баланың жанұясында болып, ата-анамен баласы туралы әңгімелесіп, мұғалім ата-анамен жақын қарым-қатынас орнатады, және олардың назарын баласының болашақ мамандығын таңдауға бөледі.
Кейбір жанұяда ата-аналарының өз мамандығына деген қарым-қатынасы баланың қызығушылығын оятып, болашақта осы мамандықты таңдауға да әкеледі. Сондықтан ата-аналар балаларына өз еңбегі туралы оның қоғамдағы орны туралы жұмысынан алатын рахаты туралы жиі әңгімелесуі қажет. Бірақ балаға міндетті түрде белгілі бір мамандық таңдауға итермелеуге болмайды. Ата-ана баланың мүмкіндігін, икемділігін анықтауға көмектесіп, оны еңбек жолын таңдауда дұрыс беруі керек.