Оқушылардың кикілжіңді қылықтарын алдын – алу мәселесі

Оқушылардың кикілжіңді қылықтарын алдын – алу мәселесі туралы қазақша реферат

Мектептегі жасөспірімдердің арасындағы туындайтын кикілжіңдерін түгелдей болдырмау мүмкін емес. Мектепте  баланың жеке тұлғалық әлеуметтену барысында оның рухани, ұнамды құндылықтарын түсіну арқылы оқушылар арасындағы кикілжіңдердің интенсивтілігін өзгертуге болады.

Кикілжіңдерді алдын алу жолында маңызды роль алатын – тәртіп болып табылады. Тәртіп – белгілі бір тәртіптілікке бағыну әрекеті арқылы балаға өзіне қажетті бостандығының толық дамуын қамтамасыз ететін әрекет.

Оқушылардың кикілжіңді қылықтарына мұғалімнің жеке тұлғасы үлкен әсерін тигізеді. Оның әрекеттесуі әртүрлі аспектілерден көрінуі мүмкін.

Біріншіден, мұғалімнің басқа оқушыларымен әрекеттесу стилі баланың өзімен жасты балалармен әртүрлі қарым-қатынасқа түсуінің алғы шарты болып табылады. Зерттеулердің көрсетуі бойынша оқушының алғашқы мұғалімінің педагогикалық тактикасымен қарым- қатынасқа түсу стилі, оның ата-анасымен және сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуін және жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді екен (О.Осадько). Мұғалімдердің жеке тұлғалық қарым-қатынасқа түсу стилі және педагогикалық іскерлестік тактикасының әсері балалардың бір-бірімен кикілжіңді қарым-қатынасқа түспеуінің алғышарты. Бірақ мұндай стильмен тек төменгі сынып мұғалімдерінің санаулылары ғана қолданады (15%). Бастауыш сынып оқушыларының мұғалімдерінің қарым-қатынасқа түсуінің айқын функционалды стилі (85%) бойынша, олар бір тактиканы қолданады (диктат). Бұл әрекет сыныптағы жеке тұлғалық қарым-қатынастардың арасындағы кернеуді күшейтеді. Кикілжіңдердің көбісі «авторитарлы» мұғалімдердің қол астында және жоғары сынып оқушыларының арасында байқалады.

Екіншіден, мұғалім оқушылар арасындағы болып жатқан кикілжіңдерге араласуға міндетті. Бұл, әрине, кикілжіңдерді басып тастау емес. Ситуацияға байланысты әкімшіліктік араласу немесе қарапайым кеңес болуы да мүмкін.

Оқушылар арасындағы делдалдық әрекет және оқушыларға арнайы оқылатын бағдарламалар. 

        Мектеп жасы оқу формаларының мүмкіндіктерін кеңейтеді. Балаларға арналған философия даму Институтының директоры (АҚШ), мектепте философияны оқыту бағдарламаларының авторы М.Липман когнитивті жұмысқа негізделген интелектуалды бағдарламасын ұсынады. Бұл жұмыс бірнеше деңгейлерден тұрады: «өмір» және «зорлық» сөздерінің мәнін, маңызын нақты мысалдармен баяндау; балалармен дискуссия жүргізу арқалы өмір және зорлық сөздеріне қатысты феноменологиясын қарастыру; оң құндылықтарға жету тәсілдерінің мүмкіндіктерін және терістерінен алыс болуын баяндау (Липман,1995).[18]

Кикілжіңді түсіну дағдысының дамуымен қатар, оны шешу мүмкіндіктері мен басқаруы да маңызды болып саналады.  Дж. Левидің пікірінше оқу бағдарламаларында кикілжіңді шешуге байланысты сұрақтар қарастырылуы қажет деді. Сұрақтар, бір шетінен, кикілжіңді пайда болуымен, ал екінші жағынан кикілжіңдерді алдын-алумен, шешумен және оны басқарумен байланысты болу қажет. Оқытылу курсы әдетте кикілжіңнің түсіндірмесінін айқындалуынан және әртүрлі адамдардың мінез-құлқы, қылықтары және қызығушылықтарының сәйкес келмейтіндігі туралы баяндама оқу арқылы басталады. Әрі қарай кикілжіңнің туу себептері туралы және олардың типтері (жеке тұлғалық және т.б.)  туралы негізгі түсініктеме береді. Бұл негізгі материалға, сонымен қатар ойын фартуфикация, құндылықты анализ теорияларын, топтық әрекеттесу, ұжымдық әңгімелесу және кросс-мәдениеттік әрекеттесу, сонымен қатар биология, тарих, психология, социология, экономика, білім беру және т.б. кикілжіңдік теорияларының анализдерін қолдануға болады. Оқытудың теориялық және тәжірибелік жағынан бөлінбейді, оның теориялары мысалдарымен қамтылып, кикілжіңді шешу жолдары туралы айтылады. Ал тәжірибелік оқыту өзіне рөлдік ойындарды нақты жағдайлардың анализін, тағы басқаны қамтиды. Сонымен қатар тәжірибеде маңызды болып, проблеманы тыңдай білу, шешу және т.б. жағдайлар жатады. Топтық оқуға ережелер енгізіледі (кооперативті атмосфера, басқаның пікірімен сезімдерін құрметтеу, топтағы болған барлық жайттың конфиденциалдылығын сақтай білу, оқушылардың бір-біріне көмек беруі).

Леви мысал ретінде төмендегідей оқыту бағдарламасының жаттығуларының бірнеше нұсқаларын көрсеткен:

Орта білім алушыларға (12-ден 18-ге  дейінгі жас аралығы)

А. Кикілжіңдер  күнделігі. Мұғалімдер де, оқушылар да бір апта бойы кикілжіңдер күнделігін толтырады. Олар кикілжіңге түскен сайын, күнделікке жазып отырады және олар мынадай сұрақтарға жауап береді: кім кикілжіңге түсті? Кикілжің не үшін болды? Ол қалай аяқталды?  Ең соңғы кеште келесі сұрақтарға: кикілжіңнің қанша пайызында сіз өзіңіздің келіспеушілігіңіз туралы айттыңыз? Қанша кикілжіңдерде сіз ашуландыңыз? Сіз әдетте кикілжіңдермен қалай күресесіз? Басқа адамдардың арасында болып жатқан кикілжіңге қарап сіз оны шешетін жолдарын көресіз бе, олар қандай? Оларды сіз неге қолдаңғыңыз келеді?

Б. Кикілжің шешу жолдары. Оқушылар қысқа ситуациялық жағдайларды оқиды және өздерінің реакцияларын жазып отырады немесе айтады. Мұнда олардың қылықтарының стратегиялары (проблеманы шешуі, конфронтация, медиация) және олардың қолданылатын рөлдері қарастырылады.

В. Коммуникация дағдылары. Тыңдауда, вербальды емес қылықта, хабарлауда, эмоцияларын жеткізуде жаттығулар қолданады.

      Келтірілген жаттығуларды мектеп жасында оқытатын бағдарламаларда кеңінен қолдануға болады.

Мектептегі оқушылардың делдалдық әрекеті (школьное посредничество)

         Соңғы кездері батыс тәжірибелерінде оқушыларды медиаторлық іс-әрекеттің дағдыларына оқытуына арналған жұмыс саны көбейді, яғни «мектептегі делдалдық» деп аталатын бұл құбылыс мектеп өміріне өте маңызды бола бастады.

Мамандар оқушылардың делдалдық іс-әрекеттерге дағдылану туралы оқытылуының көрсеткіштері оңды болуына және делдалдылықты мектеп өміріне тәжірибе ретінде енгізуіне өзара жарысады. Д. және Р.Джонсондар пікірінше оқушыларға кикілжіңді конструктивті басқаруын үйрету қажеттілігінің маңызды аргументтері болып үш түрлі жағдайды көрсетеді. Бұл алдымен мектептердің жағымды да тыныштықта білім беруге қызығушылығы. Екіншіден, кикілжіңнің потенциалын қолдана отырып, зейінді қолдау, оқуға деген мотивацияны күшейту, интеллектуалды қызығушылықтарын тудыру, жұмыстың сапасын жоғарылату және мәселені шешу барысында шығармашылық жолдарды дамыту мүмкіндіктерін жүзеге асыру. Үшіншісі — болашақ ұрпақты өз өмірінде, отбасында, жұмысында, қоғамда, ұлттық және халықаралық жағдайларда туындайтын кикілжіңдерді конструктивті басқара білуіне дайындау. Кикілжіңді оқушылар конструктивті басқара білуге ерте үйренген сайын, кикілжіңді шешу процедуралары қысқартылып тренингтер ұзақ жүргізіледі. Авторлардың пікірлері бойынша кикілжіңдерді шешу жолдарына мектептегі оқушылар бастауыш, орта және жоғары сыныптарда оқуы қажет (Johnson D. And R., 1994).

 

 

Мектептегі делдалдар (школьные посредники) – оқушылар немесе олардың топтарының арасында туындаған кикілжіңнің шешу жолдарын іздестіретін, шешуге көмек беретін, арнайы бағдарламаны оқыған оқушылар. Олардың мақсаты – дауласып жатқан екі жақтарға дұрыс араласу немесе бірін-бірі дұрыс түсінісуіне көмек беру, кикілжіңді шешуге мүмкіндік беру.

 

Д.Шапиро

Д.Шапиро мектептік делдалдылықтың келесі позитивті функцияларын көрсетеді:

  1.  Кикілжіңдерді шешудің альтернативті жолдары туындайды.  Оқушылар арасындағы кикілжіңді болдырмау үшін, оларға өздерімен жасты оқушылар көмектеседі, мұнда олар әдеттегідей үш мүмкіндіктерді қолданады. Мектептің әкімшілігінен көмек сұрау, төбелесу немесе даулы ситуациядан аяқ тарту.
  2.  Кикілжің оң процеске айналады. Делдалдылыққа бірлесіп әрекеттесуі, «жеңу-ұтылу» принципі бойынша емес, кикілжіңнің бір-бірінің қызығушылықтарына сай шешілу мүмкіндіктерін ашады.
  3.  Бір-бірімен қарым-қатынасқа түсушілігі жақсарады. Кикілжіңге сай кернеу мен ызалану сезімдері басылады, мектептегі ортақ атмосфера және оқушылар арасындағы қарым-қатынастар жақсарады.
  4.  Тәртәп жақсарады. Мектеп өміріне делдалдылықты енгізу тәртіпті жақсартады, оқушылардың сабақтан шеттетілуі азаяды.
  5.  Оқушылар кикілжіңді тек шешу жолдарын ғана үйренбейді. Делдалдылыққа иелену процесінде  оқушылар белсенді тыңдау дағдыларын, лидерлік және басқада пайдалы коммуникативті әрекеттерді үйренеді. (Шапиро, 1997)

Сонымен қатар мектеп мұғалімдерінің мұндай жұмысты оқушыларымен жүргізгенде алынған пайданы көрсеткені жөн.

Айтылғандардың барлығын эмпирикалық көрсеткіштермен аргументтеуге болады. Медиаторлыққа оқытатын бағдарламаның эффектілігін анықтау үшін әртүрлі оқу орындарына жүргізілген зерттеулер бойынша кикілжіңдерде өзара жасты оқушылар медиаторлар болуы арқылы алынған нәтижелердің 85-95%-інде кикілжіңдер оң шешілді. Медиаторлық бағдарламаны оқыту арқылы мектептерде оқушылардың кикілжің сұрақтары бойынша мектеп мұғаліміне немесе әкімшілігіне сұрануының саны азайды және оқушылардың мектептен тыс жерлерде кикілжіңді шешу үшін медиациялық және әңгімелесу әрекеттерін қолдануды үйрене білді. Джонсондар мысал ретінде мұғалімнің айтқанын келтіреді: «Бағдарламаны енгізбей тұрғанда, оқушылар кикілжіңді жеңіске жету және ұтылатын күрес ретінде көрді, жағымсыз ситуациядан қашып кету үшін барлық жауапкершілікті мұғалім мойнына ілетін» (Johnson D. And R., 1994).  Шапироның көрсеткіштері бойынша АҚШ-та жүргізілген зерттеулерге байланысты мектептік делдалдық әрекет, мектептегі оқушылардың сабақ жіберу санын, бұзықшылық жағдайларының және оқушының сабақтан шеттетілуінің санын азайтты (Шапиро, 1997).

Джонсондардың пікірінше делдалдылыққа үйрету үшін үш жағдай қажет: кооперативті оқыту, медиация және оқу дискуссиялары.

1. Кооперативті оқыту, кикілжіңдер конструктивті түрде шешіле алатындай контекст тудырады. Егер мектеп біреудің арқасында өзінің ұтуы үшін қарсыластық ориентациясын қойса, онда оқушыларға кикілжіңдерді конструктивті шешуге үйрету немесе оқытудың маңызы аз. Кооперативті оқыту өзіне көздеген мақсатына жетуіне бағытталған күштерді (нәтижелілігі, оқу материалының тұрақтылығы, ішкі мотивацияны, мақсатқа жету мотивациясын қосқанда), ең жақсы психологиялық қасиеттерді (психологиялық денсаулығын, өзін-өзі бағалауын және әлеуметтік алатын орнын қосқанда) құрайды. Кооперативті оқытудың осы эффектілерінің барлығы бір-біріне әсер етеді. Кооперативті контексттің құрылуы кикілжіңдерді конструктивті басқаруына арналған оқыту процедураларын жүргізуге мүмкіндік береді.

2. Оқу дискуссияларының жағымды жақтарын: кооперативтілік пен кикілжіңді де қамтиды. Авторлар оқу дискуссияларының әртүрлілігін (полемика) және қарапайым индивидуалды оқытудың, дебаттардың әртүрлілігін бөліп көрсетеді және келісім жолдарын іздейді. Оқу дискуссияларын ұйымдастыру үшін оқушыларға тақырып ұсынылады, екі-екеуден бөлініп, қарама-қарсы позицияларын қорғауға дайындалады. Джонсондар полемика процесін бес негізгі сатыдан тұрады деп қарастырады:

— ақпарат ұйымдастыру және оны жеткізуге дайындық;

— өзінің позициясын көрсете де қорғай алу;

— қарама-қарсылық, қорғаныс және аргументтік позициялардың қақтығысынан      концептуалды кикілжіңнің туындауы;

— екі жақты позициялардың бір уақытта сұрақтарын қарастыру және қосымша ақпарат іздестіру;

— екі перспективаның да позицияларын синтездеу:

Оқушылардың кикілжіңдерді интеллектуалды-конструктивті шешу тәжірибесінің арқасында оқушылар позитивті тәжірибе жинайды, ал ол тәжірибе өз алдына өздерінің қатарластарының қызығушылық кикілжіңдерін эффектілі шешуіне көмек береді.

3. Медиациялар бағдарламасы  авторлардың пікірінше, келісімге келуді оқушыларға үйретудің және кикілжің арасында делдал болуына үйрететін ең жақсы тәсіл болып саналады. Әрбір әңгімелесу процедурасы- кикілжіңді анықтаумен, ұсыныстарымен позиция ауысуымен, екі жақты пікірлерді қарастырумен, дұрыс шешімге келумен айқындалады.     Джонсондар мұны келесі алгоритмде бөліп көрсетеді:

  1. Өзіңіздің тілектеріңізді айтыңыз («Мен осы кітапты қазір алуым керек»)
  2. Өзіңіздің сезімдеріңіз туралы атыңыз («Мен қобалжып тұрмын»)
  3. Өзіңіздің тілектеріңізбен қайғыларыңыздың себебін түсіндіріңіз («Сен бұл кітапты екі сағат бойы қолдандың. Маған осы кітапты қазір бермесең, мен баяндамамды дайындап үлгермеймін. Көп күткеніме қам жеймін»)
  4. Өзіңіздің басқаның сезімін және себебін түсінгеніңізді көрсетіңіз («Мен түсінемін, сен…. »)
  5. Кикілжіңді шешудің үш альтернативасын табыңыз.
  6. Біреуін таңдап, қол алысыңыздар.

Медиаторлық әрекетті оқып білу үшін келесі қадамдарды қолдану қажет.

  1. Қастасудың тоқтатылуы: қастасулық қақтығыстардың тоқтатып, қарсыластарды суытыңыз;
  2. Медиаторлық процеске қарсыластарды енгізу: қарсыластарды медиация процесіне енгізіп және олармен ерікті әңгіме құру үшін, медиатор медиация процесін түсіндіріп, негізгі ережелерді енгізеді. Ең алдымен медиатор өзін таныстырады. Содан соң медиатор қарсыластардан проблеманы шешуге өздерінен еркілерін сұрайды. Олар келіссе медиатор ары қарай түсіндіреді;

а) «Медиаторлық процесс – бұл ерікті процесс: менің міндетім сіздердің кикілжіңіңіздің шешімін табу»;

б) «Мен бейтараппын. Мен ешкімге жақтас емеспін, сіздердің қайсыңыз дұрыс немесе дұрыс еместігіңізді шешпеймін»;

в) «Әр қайсыңыз кикілжің туралы өзіңіздің пікіріңізді айтуға құқыңыз бар және сіздің сөзіңізді ешкім бөлмейді»;

г) Сіздер қабылдайтын ережелері мынадай:

  • Проблеманы шешуге келісу;
  • Есімдерді атамау;
  • Сөзін бөлмеу;
  • Шындықты айту;
  • Егер сіз шешіммен келіссеңіз сіз оны ұстануыңыз қажет;
  • Медиатор медиаторлық процесте айтылғандардың барлығы конфиденциалды болып саналады (сізде, медиаторда не туралы әңгімелескендеріңізді ешкімге айтпау);

3. Кикілжіңге қатысушыларға бір-бірімен табысты әңгімелесуін                     қамтамасыз етіңіз. Бұл әңгімелесу келесі қадамдардан өтуді талап етеді:

а) сезімдерін және қажеттіліктерін түсіндіре отырып, екі жақта бірігіп кикілжіңді анықтау;

б) аргументтермен алмасу;

в) әр қарсылас бір-бірінің позицияларын түсіну үшін, көзқарас қалыптастыру;

г) екі жаққа да тиімді болатын үш алтернативалар табу;

д) келісімге жету және қол алысу.

4. Келісімді формальді түрде сақтау: келісім контрактпен нақтылануы    қажет. Дауласушылар қабылдаған келісімді орындауға келісуі қажет және медиатор «Контракт сақтаушы» болады.

Медиаторлық дағдыға үйрету бағдарламасы мектептің күнделікті өміріне енгізілуде. Күнде екі оқушы сыныпты арнайы түрде мұғалім-медиаторлар болып бекітіледі. Егер де оқушылар өз бетінше кикілжіңді шеше алмаса, онда олар асханамен ойын алаңын айналып жүрген, кез-келген кикілжіңді шешуге көмек беретін, арнайы бөлек келген оқушы медаторларға барады. Сыныптың оқушыларының барлығы кезекпен осы қызметті атқарады. Аптасына екі рет медиаторлық дағдыларын толықтыру мақсатында сабақтар жүргізіледі.

Джонсондар өздерінің статьясында, екі оқушының арасында, олардың біреуі екіншісінің құрылысын абайсыздан құлатқаны үшін туындаған ұрысты бейнелейді. Меган сол үшін ренжиді. «Абайсыздан болды ғой, — дейді Сьюзан.– Менің бұзғым келмеді. Не үшін сонша өкпелейсің? Үлкен міндет!». Бір кезде «Медиатор» деген эмблемасы бар арнайы көйлек киген Сэм және Боб келеді. «Бүгін біз сыныптық медиаторлармыз. Сендердің проблемаларыңды шешуге біздің көмегіміз қажет пе?» — «Ия» — деп Меган мен Сьюзан де жауап берді. Олар негізгі ережелермен (бір-бірінің сөзін бөлмеу және бір-бірінің атын атамау) келісті және сыныптың тыныш бұрышына баруға дайындалды. «Сен бірінші айт, Меган, — деді Сэм. – Сьюзан қобалжыма, сенде де мүмкіншілік болады. Жарайды, Меган не болды?». Бес минуттың ішінде проблема шешілді. Сьюзан өзінің кінәлі екенін мойындады және екеуі бірігіп жаңа құрылыс жасауға келісті (Johnson D and R., 1994, p.126-127).

Д. Шапироның оқушылардың делдалдыққа оқыту жоспары туралы мұғалімдерге арналған бағдарламасы, өзінде келесі міндеттерді құрайды: оқушылардың өзін-өзі, басқа адамдарды түсінуі үшін, қақтығыстардың пайда болу себептерін, өзара қарым-қатынасқа түсу және кикілжіңдік жағдайларды жеңу үшін арнайы сабақтар жүргізіледі. Дискуссиялар жаттығулармен, ойындармен, және т.б. толықтырады. Жаттығулардың, ойындардың, ситуациялар қою әртүрлілігі, ертегі батырларының өзара кикілжің шешуі және т.б. әдістер, оқушылардың он сабақ барысында делдалдық іс-әрекет дағдысын біртіндеп игеруіне және кикілжіңді шешуде нағыз мектеп делдал болуына көмек береді.

Шапироның мектептік делдалдық әрекетінің сатыларының жалпы көрінісі, толығымен қарапайым медиатордың жұмыс бағдарламасына сәйкес келеді. (Шапиро, 1997).[18]

Мектеп қушылары арасындағы туындайтын кикілжіңнің түрлерін, туындау себептерін, алдын алу мәселелерін көрсете келе, мектеп оқушыларының кикілжің проблемасына жағдайында, оны шешу барысында делдалдық әрекеттесуді қолданудың маңыздылығы анықталды. Оқушылардың бұл иеленген делдалдық құнды дағдылары алдағы өмірлік қарым-қатынасында нәтижелі жетістіктерге жетуге көмектеседі.