Оқу процесіне білім алушылардың достық қатынасы туралы қазақша реферат
Достық қатынастар таныстар тұлғааралық тартымдылықты (ұнату) сезінгенде пайда болады.
Ұнату (грек тілінен sympatheia – әуестік, ішкі ықылас) – біреуге (басқа адамдарға, олардың топтарына, әлеуметтік құбылыстарға) немесе бір нәрсеге оң (құптарлық, жақсы) қарым-қатынас, ол жылы шырайлық, тілектестік, көңілі толу, қарым-қатынас тудыру, көңіл бөлу, көмек көрсету (альтруизм) арқылы көрінеді.
Ұнатудың пайда болу шарты аумақтық жақындық болып табылады. Ол басқа адаммен байланыс жасауға қол жетімдік туғызады. Ал бұл адамдар бір-бірінен өздеріне не ұнайтынын көруге, оларды не жақындастыратынын бақылауға, бір-біріне ықыластарын білдіруге мүмкіндік береді.
Ұнатудың пайда болуының себептері ұғынықты немесе түсініксіз болуы мүмкін.
Біріншіден, көзқарастардың, идеялардың, құндылықтарының, мүдделерінің, адамгершілік идеалдарының ортақтығына қатысты. Екіншіден, сыртқы жағымдығы, мінез-құлық әдебі және т.б. А. Г. Ковалевтың (1970) анықтамасы бойынша ұнату – толық ұғынбай қарым-қатынас жасау немесе бір адамды екінші бір адамның тартуы деп бекер айтпаған.
Ұнату құбылысы ежелгі грек философтарының да көңілін аударған, атап айтқанда, бірқатар адамдар бір-біріне жанашырлық танытатын барлық заттардың рухани объективті бірлігі ретінде түсіндірген. Алайда бірнеше жүздеген жылдар бойы ұнату эмпатия ретінде қаралды. Ұнатуға осындай көзқарастарды, оның эмпатиямен араласып кетуін қазір де кездестіруге болады. Мысалы, «Ұжым, тұлға, қарым-қатынас» (1987) әлеуметтік-психологиялық ұғымдар сөздігінде ұнатуға эмпатия жақын келеді және «кейде ұнату альтруистік көмекке әкеледі, ал кейде адамның керісінше, мазасызданудың, сондықтан кері эмоциялардың көзі ретінде басқа адамнан қашқақтауының алғышарты болуы мүмкін. Белгілі бір адамдармен кездесуден қашуымыз мүмкін, кейді тіпті олардың түрінің өзі бізді мұңайтуы мүмкін» (96-бет). Сөз ұнату туралы емес эмпатия туралы болып жатқаны анық. Адамнан қашқақтау жағдайында оған деген жақтырмау туралы айтқан жөн, алайда ол мазмұндаған жағдайда міндетті түрде болуы қажет емес.
Ұнату мен жақтырмаудың табиғатын мазмұндай отырып, американдық әлеуметтанушы Дж. Мореноның гипотизасы бойынша (1958) ұнату мен жақтырмау көздері қастық сипатта болады, tele – адамдарды өзіне тартатын немесе өзінен қашыратын құпия қасиеттің нәтижесінде болады. Тele қасиеті бар адамдар топтарда биік әлеуметтік мәртебеге ие болады. Соған орай, Дж. Мореноның көрсеткіштеріне сәйкес кейбір адамдар әлеуметтік дарындылыққа ие болады, ол адамдарға жоғарыдан беріледі және осы адам өзінен шуақтай шашып жүретін tele эмоционалдық энергиясының ерекше бөліктерінің ағыны ретінде көрсетеді.
Бұл гипотизаны көптеген психологтар, әсіресе ұнату мен жақтырмауды анықтайтын негізгі фактор адамның басқа адамдармен өзара іс-қимыл үрдісіндегі мінез-құлқы, оның адамгершілік және моральдық қасиеттері, оның идеялық сенімі болып табылады деп атап өтетін отандық психологтар әділетті түрде сынға алды. Осы көзқарастарда да белгілі көркемдік бар.
Ф. Ларошфуко «басқа адамдар олардың барлық қадір-қасиеттеріне қарамастан, өздерінен кері итереді, ал басқалар қаншама кемшіліктері болса да өздеріне тартады» (1971, 162-бет) деп әділетті түрде атап өтті. Сүйкімділік, тартымдылық феномені ұнату табиғатын түсіндіру үшін қолданылады және қазіргі уақытта алайда tele орнына Дж. Морено басқа түсінік – аттракцияны пайдаланады.
Ағылшын сөзі attraction «сүйкімділік», «тартымдылық», «құштарлық» ретінде аударылады. Психологияда осы терминмен оң эмоционалдық қарым-қатынастың қалыптасу үрдісі мен нәтижесін белгілейді (Г. М. Андреева, 2006). Аттракция – бұл сезімнің бар болуы, басқа адамға қатынасы және оның бағасы. Ұнату мен жақтырмау ерекшелігі оны ешкім әдейіліп белгілемейді, ол бірнеше психологиялық мінездің себептеріне сәйкес өздігінен пайда болады.
Осындай себептердің бірі бір адамның басқа адаммен ассоциациясы («ассоциациялық ұнату немесе жақтырмау»): біз бұрыннан білетін және бірнеше рет сөйлескен сүйкімді немесе тартымды адамға ұқсас адамды ұнатамыз, одан қанағат табамыз және керісінше сіздің қас-дұшпаныңызға ұқсас адамды жақтырмаймыз.
Балалар ерте жастан-ақ тез және сенімді түрде өзіне не ұнайтынын анықтағанмен, осы уақытқа дейін үлкен адамдардың бірін не себепті ұнатады, енді біреулерінен не себепті қорқатыны түсініксіз (Stevenson, 1965).
Ұнатудың пайда болу тетігі белгісіз болып қалғанмен, балаларды тәрбиелеу мен балалар тобында оң әлеуметтік климат орнатуға үлкен қиындық туады. А. А. Рояк (1974) атап өткендей, егер балалар мектепке дейінгі баланы ұнатпаса, тәрбиешіге оның балалар арасындағы сыйлы еместігінің себебін анықтау, кейде тіпті басқа балаларды оған дұрыс көзбен қарауға көндіруі өте қиын болады. Кейбір жағдайда ұнатуды қалыптастыру тетігін түсіну аттракцияға алғышарт болатын факторларды анықтауға көмектеседі. Л. Я. Гозманудың (1987) айтуы бойынша олар мыналар болып табылады:
аттракция объектісінің қасиеті;
аттракция субъектісінің қасиеті;
аттракция объектісі мен субъектісі қасиеттерінің арақатынасы;
өзара іс-қимылдар ерекшеліктері;
қарым-қатынас ахуалының ерекшеліктері;
мәдени және әлеуметтік контекст;
уақыт (уақыт бойынша арақатынастың даму серпіні).
Сонымен, аттракцияның, сонымен ұнатудың да пайда болуы мен дамуы ұнатудың объектісі (оның сүкімділігі) сияқты жақсы көру субъектісінің (оның бейімділігі, бір нәрсені артық көруі) ерекшелігіне байланысты болады және нақты әлеуметтік жағдайлармен анықталады.
Қиын еңбек аптасынан соң дәмді тағам жеп, сусынмен, музыкамен рахат алып, каминнің маңында демалып отырғанда, осы кезеңде біздің қасымызда отырғандарға жылы ықыласпен қараймыз. Ал мигреньнен азап шегіп жүргенде кездескен адамды ұнату мүмкіндігі барынша аз.
«Ассоциациялық ұнату» үрдісін экспериментті түрде Павлом Левицки (Lewicki, 1985) жүргізген. Студенттерге екі әйелдің фотосуреттерін көрсетіп, олардан олардың қайсысы анағұрлым дос пейілді екенін сұрағанда, пікірлер екіге бөлінген. Сынақ өтіп жатқан басқа топта осы фотосуреттер сүйкімді әрі ашық жүзді экспериментатормен сөйлескеннен кейін көрсетілгенде фотосуреттегі әйелге ұқсас әйелге 6 есе артық дауыс берілген. Келесі тәжірбие кезінде экспериментатор сынақ жүргізіліп жатқандардың жартысына жаратпай қараған. Одан әрі өз сауалнамасын екі әйелдің біріне беру керек болғанда, экспериментаторға ұқсас әйелмен ешкім сөйлескісі келмеген. (Мүмкін сіздер өздеріңіз де біреуге ұқсайтын адамға жақсы немесе жаман қараған кездеріңізді естеріңізге түсірген шығарсыздар). Осы ассоциациялық ұнату мен жақтырмау — феноменінің болу фактісі – басқа эксперименттермен де дәлелденген. Олардың біреуінің нәтижесіне сәйкес колледж студенттері процедураны ыстық әрі қапырық бөлмеде өткізгенге қарағанда, жайлы бөлмеде өткізілген жағдайда олар танымайтын адамдарды оң бағалаған (Griffitt, 1970). Осыған ұқсас нәтижелерге талғамды, сәнді жиһаз қойылған және жұмсақ түспен жарық түсірілген қонақ бөлмеде және жұпыны, лас әрі тар бөлмеде фотоға түсірілген адамдарды бағалау кезінде қол жеткізілген (Maslow, Mintz, 1956). Осы жағдайда бірінші жағдайдағыдай әдемі жағдайдан туған оң сезімдер баға беруші адамдарға ауысқан. Уильям Уолстер осы зерттеуден пайдалы қорытындыға келді: «Романтикалық кешкі ас, театрға бару, жұптар үйде бірге өткізетін кештер және бірге демалу өз маңыздылығын ешқашан жоғалтпайды. Егер сіз өз байланысыңызды сақтап қалғыңыз келсе, екеуіңіздің де қатынастарыңыз жақсылықпен байланысты болуы тиіс» (Walster, 1978). |
Шетел әлеуметтік психологиясында В. П. Трусов (1984) когнитивтік және мінез-құлықтық көрсеткіштермен салыстырғанда «семантикалық фильтрдің» ықпал етуіне аз ұшырағандықтан саяси басымдықтарды зерделеу кезінде эмоционалдық көрсеткіштердің (ұнату — жақтырмау) көрсеткіш функциясы бірнеше рет анықталғанын атап өтті.
Сол немесе басқа кандидат үшін дауыс берудің нәтижелерінің анағұрлым нақты сәйкес келуі кандидаттың эмоционалдық бағасын берді.
Топтағы тұлғааралық қарым-қатынас топтың топтасуына әсер етеді. Басқа жағынан топтасуы бойынша топтағы тұлғааралық қарым-қатынасты анықтауға болады. В. Н. Васильева мен
Н. А. Васильевтің (1979) деректері бойынша төменгі сыныптарда қыз балалардың топтасуы ұл балаларға қарағанда жоғары, алайда 5-сынытан бастап ұлдар қыздарға қарағанда анағұрлым топтасып жүреді (14.1-кесте). Ерлердің әйелдерге қарағанда топтасуы жоғары екендігі студенттік оқу топтарында да дәлелденген: ерлердің топтарында топтасу коэффиценті 0,28-0,53 шегінде, ал әйелдерде – 0,08-0,11.
Осы деректер қыздар мектепке келгенде ұлдарға қарағанда бір-бірімен жылдам оң қатынасқа түседі, алайда бұл байланыстары берік болмайды және орта және жоғары сыныптарда оңай бұзылады. Ұлдар мен қыздардың арасындағы байланыстың болмауы 1-8-сыныптардағы топтасу нөлге тең (0,09-дан 0,16-ға дейін) және тек 9-10-сыныптарда ғана 0,27-0,59-ға өсті.
В. А. Гончаровтың (2001) деректері бойынша 7-8-сыныптардағы оқушылар арасында «шеттетілгендердің» саны қыздаға қарағанда анағұрлым жоғары, дегенмен олар сыныптағы өздерінің жағдайын жете түсіне бермейді.
Қыздар темпераметтерінің немесе интеллектерінің ерекшелігіне, ал ұлдар мінездерінің ерекшеліктеріне байланысты қабылданбайды. Қыздарға (37-42%) қарағанда ұлдары (41-54%) көп оң таңдау жасалған оқушылардың саны қыздарға қарағанда ұлдардың арасында топтасушылық жоғары екенін көрсетті.
Я. Л. Коломинский (А. А. Реан, Я. Л. Коломинский, 1999) атап өткендей қарама-қарсы жыныс өкілдерін жеке өзара қарым-қатынас жүйесінде жағымсыз жағдайдағы төменгі және орта сынап оқушылары таңдайды. Егер «жұлдыздар» қарама-қарсы жыныс өкілдерін 30%-ы таңдаса, шеттетілгенде – 75%.
Шетел авторларының деректері бойынша ерлер арасындағы қарым-қатынас көбінесе жанжалдылығымен және жарысушылығымен сипатталады (E.Aries, E.Johnson, 1983; R. Auckett et al., 1988; K. Farr, 1988). Жанжалды қарым-қатынастарды ұлдар өздері арасында әлсізді шеттету жолымен күш көрсетумен анықтайды. Қыздар арасындағы жанжалды жағдайлар эмоционалдық деңгейде дауласумен, шет қақпайланумен шешіледі. Олар көбіне бір-бірін «сөз қылады».
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Золотнякова А.С. Проблемы психологии общения (социальный и личностные типы общения, их профессиональные, познавательные и генетические аспекты). Ростов-на-Дону, 1976.
2. Яров В.А. Психология взросления. М., 1999.
3. Ильин Е.П. Психология общения и межличностных отношений. — СПб.: Питер, 2009. — 576 с.