Ойшылдар мен реформаторлар көзқарастары мен ұсынған реформалары

Ойшылдар мен реформаторлар көзқарастары мен ұсынған  реформалары туралы қазақша реферат.  Бірінші және екінші апиын соғыстары нәтижесінде қытайлықтардың жеңілуі Қытай қоғамында  елдің болашақ дамуы жөнінде бірнеше көзғарас- ойлар дамыды.  Көп ойшылдар басты дилемалы сұрақ – шетелдік державалардың жартылай отарына айналу ма , әлде «варварлар» сияқты  ұлы цивилизацияның мәнін жоғалту болды. Бұл сұраққа жауап қайтарған негізгі  ұйымдарды көрсете кетсек, олар «консерватолар»,  «новаторлар», «моралдық таза топ» болды. Бірінші топтың басты идеясы өзге шетел азаматтарын Қытай жерінен шығарып,  қоғамдағы экономикалық және  әлеуметтік қатынастарды өзгеріссіз қалдыру. Олардың пікірі бойынша Қытай бұрынғы билікті қайтару үшін көне мемлекеттің  билік еткен тұлғаларының өсиетіне жүгіну керек деді.  Қоғамда олардың әрекеті бойынша антихристиандық және  антишетелдік қозғалыстар өрледі. Тіптен олардың ұрандары «Жын-пері сеніміне өлім», « Ібілістерді жою» және тағы басқалары болды.

Осы ойшылдардың арасынан атақтысы болған Ханлинь Академиясының мүшесі Шэньши Чжоу Нань болды. «Реформа үшін қозғалыс» ликвидациясы нәтижесінде Цыси оны  мемлекеттің жоғарғы орнына отырғызу туралы сұрақ қозғады.

Ал екінше топ болса, олар Қытайдағы ұлттық әдет- ғұрыптарды сақтай отырып, шетелдіктерден көптеген заттарға үйрену керек деді. Бірақ  рухани жағынан емес, керісінше ,ғылыми және әскери  жетістіктерін  пайдалану  деп айтты.

Соңғы ұйымның пікірі бойынша мемлекетік билік орындарында отырғандарды көне нормаларды жоққа шығаратын адамдардан тазартып, мемлекетке «алтын ғасыр» қажет екендігін айтты. Елде өзге де мықты Фэн Гуйфень (1809-1874), Ван Тао (1828-1897), Сюэ Фучэн (1838-1894) ойлаушылары болды.

1861 жылы Фэн Гуйфеннің «Цзяо Биньлу протесті» еңбегінде  қытайлық ұлттық өнеркәсп ісін жүргізу, мемлекеттік билік жүйесіне реформа, батыс үлгісіне қарап мектептер салып, жұмыс жасау және т.б. Осының барлығы конфуцилік оқытудың рөлін көрсетті. Ал Сюэ Фучэн  және Чжэн Гуанинь болса, олар консерватизмге қарсы шықты, сондықтан оппоненттік топтар оларға қысым көрсете отырып, олардың тума- туыстарына террорлық әрекеттерді жүргізді.

Реформаторладың ішінен  Тань Сытун, Лян Цичао және өзіндік «Ұлы бірігу»теориясын ұсынған Кан Ювэйді айта кеткен жөн. Бұл теория  Кан Ювэйдің  1887 жылы жарық көрген «Ұлы Бірігу кітабында» толық түсіндірілген. Бұл қағида бойынша  адамдар мінсіз мемлекеттік құрылым құру үшін оған кері әсер ететін кедергілерден құтылу керек деді.  Сол кедергілерді айта кетсек-мемлекеттің тайпаларға , бай мен кедейге, кеңпейілді мен арамқорға, ұлттарға бөлінуі,  еркек пен әйелдің  арасындағы теңсіздік, отбасы қатынастары, мамандарға бөліну, адамдар арасындағы теңсіздік нәтижесінде  туындайтын қарсылықтар мен кейбірінің заңға қарсылығы, адам мен жануар арасындағы  кедергі, кедейлікке тап беруде  адамдардың иығына кеп түсетін  кедергілер жатады. Оның ойы бойынша бұл кедергілерді жою мүмкіндігі бар және бұл соңғы  200-300 жыл ішінде жүзеге асуы мүмкін деп пайымдады. Бірінші қадам бұл қарулы күш демобилизациясы, Ұлттар Кеңесін құру, дүниежүзілік парламент пен үкімет құру жөнінде дүниежүзілік конференция өткізу ұсынысы болатын .

Кан Ювэйдің идеясын өзге де реформаторлар қолдады, соның бірі Лян Цичао болды. Бірақ «Жүз күндік реформа» жеңіліске ұшырағандықтан,  ол революциялық   сипаты бар деп реформаны үлкен сынға алды.

ХІХ ғасырдың соңына қарай қоғамдық ой реформаторларының ішінен  Тань Сытунға (1863-1898) тоқтала кеткен жөн. Хубэй провинциясының губернаторының ұлы бола келе, ол 1885 жылы батыс ғылыми орталығынның негізін салды, Қытайдың көптеген қалаларында шенеунік болып жұмыс істеді. Манджурлердің бұйрығы бойынша Тань Сытун өлім жазасына кесілгеннен   кейін , оның «Адамгершілік туралы оқу» трактаты жарық көрді.

Бұл реформатор елде болып жатқан қайшылықтардың барлығы Цин империясының кесірі деп көрсетті. Ол Қытайдың  батыс державаларынан қысым көріп отырған Корея, Ауғаныстан, Иран, Осман империясымен кеңес құру идеясын ұсынды. Францияда болған революция нәтижесін үлгі ете отырып, мемлекеттің билігінде отырған монархтарды құлату керектігін көрсетті. 1898 жылы өз мақсаттарына қарсы тұрып, реформаның ұйымдастырушысының бірі  болып ымыраластыққа баруға міндетті болды.

ХІХ ғасырдың соңында Сунь Ятсен өзін мықты ойшыл ретінде көрсеткен жоқ, бірақ оның кейбір жұмыстары ілтипатқа лайық болды. Ол Ван Тао мен Чжан Гунинге жақын болды. 1893 ж соңына қарай солардың көмегімен Хунь Чжанға елдің қайта құрылымының меншікті жоспарының мазмұндамасын бар арнайы меморандумын жазып жіберді. Ол Қытайдың экономикалық және әскери  дәрменін  күшейту үшін батыс елдерінің жақсы табыстарын алып пайдалануды ұсынды. Оның пікірі бойынша  халыққа сауда мен егі, шаруашылығымен кедергісіз айналысу керек деді. Сол үшін Үкімет оларға саудагерлердің мүдделерін қорғап, көлік желісін кеңейтуге, ішкі кеден салықтарын азайтуға, пайда қазбаларын өндіретін шаруашылықтарын жүргізу үшін көмек көрсету керектігін жазды. Сонда Қытай Жапония дәрежесіне 20 жылда жетіп, батыс елдерін озамыз деп айтты. Бірақ Ли Хунчжан  бұл ұсынысты қабылдамады. 1894-1895жж болған Жапониямен соғыста жеңілгеннен соң ол ең бірінші биліктен Цин империясын құлату керектігін білді. Сунь Ятсен Кан Ювэйге қарағанда осынысымен ерекшеленді, себебі Кан Ювэй циндіктермен қалай да болса келісімге келуге болады деп ойлады.