Қытай қоғамынының Еуропа державалары мен Цин империясына қарсы азаттық күресі

Қытай қоғамынының Еуропа державалары мен Цин  империясына  қарсы азаттық күресі туралы қазақша реферат. ХІХ ғасыр Қытай тарихында ең  ауыр кезең болды.  Себебі осы кезде Еуропа Қытай қоғамын күштеп цивилизацияға көшірді. Олар қоғамға билік, жеке меншік, саясат, діни қызмет деген жаңа  қосымша әлеуметтік институттар енгізді. Бұл Батыс елдерінің алып келген діні- христиан ,  ортағасырларда-ақ толық қалыптасқан және бұл ілімнің негізі қытайлықтардың дінінен әлдеқайда өзгеше болды.

Қытайдың қоғамы батыс цивилизациясын,  экономикалық не рухани жағынан болсын , қажет еткен жоқ. Ал Еуропа елдерінің мақсаты елден еңбек кіші мен байлықтарын, яғни негізгі капиталын тартып, ұрлау болатын.

Қытай мен Еуропа елдерінің сауда қарым- қатынастары ХVIII ғасырдың соңына қарай  кеңейе түскен болатын. Батыс мемлекеттері Қытайдан фарфор,  жібек,  шай алды, және басқа да тауарлар Еуропада үлкен сұраныстарға ие болды. Бірақ Қытай елге еш тауарды сатып алған жоқ. Сондықтан Еуропа елдері сатып алынған тауарларға күміс ақша төлеуге мәжбүр болды. Сол кезде британдықтар Үндістаннан әкелінген апиынды  Қытайға өткізе берді және көп ұзамай жергілікті халық , әсіресе  теңіз жағалауында тұратын адамдар апиынға тәуелді болып кетті. Апиын алып келу жылдан жылға үлкен қарқынмен өсіп, Қытай үшін ауыр жағдай алып келді. Нәтижесінде XIX ғ ортасында болған Апиын соғыстарына алып келді. Бұл екі соғыста Қытайдың жеңілуі еуропалық державалардың жартылай отарының болуына ықпал етті. 1840-1842 жылдар аралығында болған соғысты Ұлыбританиямен жасасқан Нанкин келісім шарты  1842 ж 29 тамызда аяқтады.  Бұл тең емес құқылы келісім бойынша Ұлыбританияға 15 млн күміс лян, Гонконг аралы мен 5 қытайлық порттың ашылуы өтті.

Бұл соғыста Гуанчжоуға жақын ауылдар тұрғындарын  шэньшилер біріге ұйымдастырып, ағылшындарға қарсы төтеп беріп, тіптен британдық десантты жою үстінде болды. Бірақ цин үкіметі шетелдерге қарсы соғыс циндіктерге қарсы соғысқа ұласып кетеді деп  шэньшилерді қолдамады.

Апиын  соғысында Қытайдың  жеңілуі  халықтың  үлкен бөлігінде наразылық тудырды. Бұл шетелдіктерге де,  маньчжурлерге де қарсы қозғалыстар жүргізді.  Шарулардың ауыр жағдайы  билікте отырған династияға қарсы  жаңа соғысқа итермеледі.   ХІХ  ғ ортасына қарай 100 шаруалар көтерілісі  өтті. 1850ж маусымына қарай тайпиндер (қозғалыс мүшелері )  ұйымдасқан күш жинап,  Қытайдың «әділет қоғамын» құрып,  және Цин империясына соғыс жариялады. Соғыс 1850-1856 жылдар аралығын қамтыды.  Тайпиндер қозғалысы әскери  сипаттағы жүйеде болса да,  демократиялық сипаттқа да тән болады. Себебі соғыстың басшылары халықтың сайлауымен таңдалды.  Әйелдер құқығы ерлер құқығымен теңесті. Қыздың аяғын байлау және тоқалдыққа беру  деген сияқты көне салт- дәстүрілер тоқтатылды.  Он алты жасқа толған азаматқа жер үлесі бөлінді.  Бақылау астындағы территоряларда апиын шегуге, спирттік ішімдіктер ішуге және азарттық ойындар ойнауға тыйым салынды. Ал қылмыс жасағандарға қатал жазалар қолданылды.

Қалалардағы барлық  қолөнер орындары, сауда орталықтары мен күріш  қоры мемлекет меншігі болып саналды. Ал мектептерде  тайпин идеологиясы негізінде діни сипаттағы білім оқытылды.

1856 жылға таман тайпин лагерінде кризис басталады, және осы әлсіздікті пайдалануға Англия мен Франция көз жұмбайды. 1856-1860 жылдар аралығында Екінші апиын соғысы басталады. Әрине, жеңіс мықты әскери күші бар державаларындың жағында болады.  Соғыс нәтижесінде Қытай шетелдерге тағы да  5 портын ашу туралы  келісім  жүргізеді. Ал 1860 жылдарда ағылшын және француз іскерлері  екінші тайпин қозғалысын басып жаныштайды.

     Апиын соғыстарынан кейін мемлекет батыс державаларының тәуелді отары болды. Сондықтан мемлекетке жаңа реформа керек болды. 1861-1865 жылдар аралығында тарихта дамудың жаңа жолы, «цзы цән», яғни «өзін- өзі күшейту» саясаты жүргізілді.  Егер 1861-1870 жылдарда билік органдары қытай  шаруаларының билігін жаныштаумен өтсе, 1870-1885 жылы лагерде екі негізгі топ ұйымдастырылады.

Бұл саясаттың  көзделген алты мақсаты ресми түрде жарияланған болатын: солдаттарды дайындау, кеме жасау, машина жасау, әскери күшті жаңарту, үкімет басына қабілетті адамдарды алып, мерекелерді уақытында өткізу болды. Реформаны жүзеге асыру  1895 жылға дейін созылды.

ХІХ ғасырдың  70 жылының  І жартысында  120 қытайлық студент АҚШ-қа оқуға кетеді.  Бірақ 80 жылдарға таман студенттер батыстың идеологиясын қабылдау мүмкін деп  елге қайтарады.

Қытай-Франция соғысы нәтижесінде жеңілгеннен соң  «өзін- өзі күшейту» саясатының соңғы  деңгейі аяқталады.

1898-1899 жылдар аралығында болған Ихетуандар көтерілісі Қытай қоғамның элита арасында емес, қарапайым шаруалар арасында да етек алды. 1898 жылдан бастап елде христиан миссионерлеріне қарсы Хубэй және Юаньань , жазда Шанхай провинцияларында  антибатыстық  қозғалыстар жүргізілді. Бұл жағдай Солтүстік Қытайда ушыға түсті. 1896ж Шаньдунь провинциасында  жергілікті христиандарға қарсы  «Үлкен қылыш» қозғалысы өтті. Қытай қоғамында өзге де «Ақ лотос», Чжу Хундэн басқарған «Ихэцюань» ұйымдары қатысты.

1898-1899жж аралығында өткен Ихэтуан көтерілісіне қатысқан шаруалар, оларға қарағанда тұрмысы жоғары қала тұрғындары, солдаттар, жұмысшы, монахтар, соның ішінде люмпендер де болды. Бұлардың мақсаты шетел азаматтарына қарсы шығу емес, олар тек христиан миссияларына қарсы шығып, оларға шабуыл жасау болатын. Себебі Қытай халқы үшін тек  үш қасиетті ілім бар- конфуцилік, буддизм жіне даосизм.