Оғыз мемлекеті

Оғыз мемлекеті туралы қазақша реферат

 Кіріспе

Тарихта қандай да бір мемлекет болмасын міндетті түрде оның белгілі бір пайда болуы мен қалыптасу тарихы болатыны белгілі.

Қазіргі Қазақстан аумағында ежелгі дәуірден бастап тайпалық одақтар мен мемлекеттік бірлестіктер болғандығы белгілі. Кез келген мемлекеттің құраушы азаматтары мен сол халықты құраушы этникалық бірлестік топтары болады. Біз қарастырып отырған Оғыз мемлекетінің де белгілі дәрежеде қалыптасу тарихы мен дамуымен қатар оғыз мемлекетін құраушы этникалық топтарда болды.

Оғыз мемлекетін қарастырмас бұрын, алдымен сол Оғыз мемлекетінің қалай және не себепті пайда болғанын қарастырып көрсек. Ең алдымен, Оғыз қауымдастығының басты пайда болуы сол территориядағы қарлұқ,қимақ тайпаларының ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен құлдырауға ұшырауы тарих сахнасында жаңа дамыған орта ғасырлық Оғыз мемлекетін өмірге әкелді.

Тақырыптың өзектілігі сонда, Оғыз мемлекеті кейінгі қазақ хандығының өмірге келуіне негіз бола отырып, қазіргі қазақ халқының пайда болуы мен қалыптасу тарихында зор орын алатыны белгілі болып отырғандығы.

Тарих өлі фактілердің қоймасы емес, ол дегеніміз едәуір дәрежедегі оқиғалардың көрінісі дейтін болсақ, онда сол қайнар көздердің бірегейі Оғыз мемлекеті екендігін естен шығармаған жөн. Сол себепті де Оғыз мемлекеті тарихын қарастыру үлкен дәрежедегі жұмысты қажет етеді.

Оғыз этимологиясының пайда болуы турасында осы уақытқа дейін нақты пікір этнонимі «ұыз» сөзінен пайда болды десе, ал екінші біреулер садақтың оғы «оқ» сөзіне көпше мағына беретін «уз» жұрнағы қосылып, «оғыз» сөзінің түбі тотемдік «өгіз» деген сөзден пайда болған деп дәлелдеуге тырысады.

Егемендікке ұмтылған Ежелгі Оғыз ұлыстары

   9-10 ғғ. Сырдың орта, төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайпалардың саяси бірлестігі құрылды. «Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Махмуд Қашғари, Марвази енбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар — бузук және үшүк (учук).

8 ғ. ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың «Көне Гузия» деп аталатын ордасы болды. 9 ғ. бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. 9 ғ. соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады. Печенегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-европа, финн-угор тектес ежелгі компоненттері және Жетісу мен Сібірдің халаджылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ процесс болды. 9 ғ. соңы мен 11 ғ. басында оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Оғыздар туралы алғашқы деректер 9-10 ғ. б. араб деректерінде мысалы,   әл-Якубидің  еңбегінде айтылады.

Орта Азия мен Шығыс Европаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғ. оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы — түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге — «иналамиға» — беріліп отырған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбаши» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, ел ішінде бақсы-балгерлер ықпалын жүргізді. Біртіндеп ислам діні де ене бастады.

10-11 ғғ. Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оған алым-салыққа қарсылық білдірген оғыз тайпалары көтерілістері себеп болды. Салжықтармен, қыпшақтармен болған соғыстарға шыдамай, оғыз мемлекеті 11 ғасырдың ортасында біржола құлайды. Жартысы қыпшақтардың қысымынан Шығыс Европа мен Кіші Азияға, жартысы Мәуереннахрдағы қарахандарға, хорасан селжұқтарына, қалғаны Дешті-Қыпшақ тайпаларына араласып кетті.

VІІІ ғасырдан бері тарихымызға берік орныққан, алайда әлі де оқулықтарымызға ене қоймаған бабалар Оғыздар (Өгіздер) болып табылады. Орта ғасырлардағы тарихының көмескі болуына байланысты: «Оғыздар кімдер?» деген сауалға зерттеушілер әртүрлі жауап беріп келді.
Олар, ең алдымен, Оғыздардың замана ағымына қарай әртүрлі этносаяси бірлестіктерге кіруге мәжбүр болғандарын және дамудың түрлі кезеңдерінде Оғыздар құрамынан түркі тілдес әртүрлі халықтарға негіз болған тайпалық бірлестіктердің бөлініп шыққандарын ескере бермейтін тәрізді. Сондықтан да тек лингвистикалық тұрғыдан алғанда оғыз тілділерге Түркия түріктерін, әзірбайжандарды, түрікмендерді, гагауздарды, саларларды, Қырым татарларын және т.б. бірқатар елдердегі этникалық топтарды жатқызумен шектелеміз. Мұнда бір ескерер мәселе, Орхонда ежелгі Оғыздар бірлестіктері батысқа жылжырдан бұрын оларға алғашқы кездері мүше болып, онан соң бөлініп кеткен тайпалық бірлестіктер оғыз тілдестерге жатпайды.

Бұлардың бәріне ортақ қателік: лингвистикалық немесе тарихи-филологиялық тұрғыдан ежелгі түркі тайпаларының этнонимдерін шығу себептерін толық айқындай алмайсыз. Тайпалар атауларының шығуы нақты этноәлеуметтік жағдайға тікелей тәуелді. Сондықтан да ру-тайпаларға қойылған генонимдер немесе этнонимдер олардың күнделікті тыныс-тіршіліктерін, олардың қандай тарихи тұлғадан тарағандарын және сандық құрылымдарын нақты ескеру негізінде пайда болған.
Осы тұрғыдан келгенде, «Оғыз» этнонимінің «өгіз» атауынан шыққаны күдік тудырмауы тиіс. Мұны зерттеушілердің көпшілігінің мақұлдайтынын да айта кеткен жөн. Кейбір еуропалық зерттеушілер өгіз бен бұқаны ажырата алмай, «Оғыз» атауын өгізбен емес, бұқамен байланыстырып қателеседі (Базен; Синор). Жалпы, «Оғыз» этнонимі түркілердің өздерінің және арғы бабаларының сиыр малын негізгі шаруашылық кәсібіне, күнделікті тіршілік көзіне айналдыруларынан туындаған. Мұны қытай жылнамаларын шұқшия зерттеген Баеддин Өгелдің (қазақша аудармасын Ә.Дәулетхан жасаған) ежелгі хұндар тарихына қатысты зерттеулерін оқыған адам айқын аңғара алады. Онда түркітілдестер сиыр малын өсіруге баса көңіл бөлсе, ал олардың шығыстағы көршілері – тұңғыс-манчжур (моңғол) тілдестердің негізінен шошқа шаруашылығын өркендеткендері анық айтылған.
В.Бартольд батысқа жылжығандардың сандық көрсеткіштерсіз, тек Оғыздар деп атал­ғанына назар аударды. Оғыздар ІХ ғасырда Жетісу арқылы Сырдарияның төменгі ағысына қоныстана бастағанда олардың сандық және сапалық тұрғыдан құрамдары өзгеріп кетті. Х ғасырдан бастап оларды араб географтары Ғұздар деп атай бастады. Махмұд Қашқаридың еңбегінде көрсетілген 22 Оғыздар тайпалары осы бірлестікке кіргендердің бір бөлігі ғана екендерін ұмытпаған жөн. Тарихи деректер Оғыз тайпаларының Учук және Бузук деп аталатын екі топқа бөлінгендерінен хабардар етеді. Кас­пий мен Арал теңіздерінен солтүстікке қарайғы аймақта Оғыздар күшті мемлекет құрды. Алайда солтүстік-шығыстан келген Қыпшақтар Х ғасырда оларды ығыстыра бастады. Оғыздардың біраз тайпалары Еділ өзеніне дейін барып, осында печенегтермен қақтығысса, ал екінші үлкен бөлігі Орта Азиядағы мұсылман иеліктеріне басып кіріп, Жерорта теңізіне дейін барды. Олардың 1065 жылы Дунайдан өтіп, Балқан түбегіндегі халықтарды тонап, Элладаға дейін барғандары белгілі. Қазіргі Осман түріктерінің біразы – солардың ұрпақтары. Бірақ олар қазір «түрік» атанып кеткен.

Қарлұқ қағана­тының солтүстік-ба­тыс жағын­да, Сыр­да­ри­яның ор­та және төменгі бойын­да, оған жалғасып жатқан Ба­тыс Қазақстан да­лала­рын­да IX-X ғасыр­ларда Оғыз тай­па­лары­ның ежелгі фе­одал­дық мем­ле­кеті қалып­тасты. Оғыз­дардың ата-ба­бала­рының әуелгі қоныс­танған жер­лері Ыс­тықкөлдің маңы. Оғыз­дар IX ғасыр­да Сыр­да­рия бойына келіп ор­на­ласа­ды, бірақ он­дағы кан­гар-пе­ченег бірлестігімен ұзақ уақыт соғысуға ту­ра ке­леді. Махмұд Қашғари Оғыз елінің 22 кейбір де­рек­терде 24 тай­паға бөлінгенін және әр тай­па­ның өз белгі таңба­сы мен туы болғанын ай­та­ды.

X ғасыр­да Оғыз мем­ле­кетінің ас­та­насы – Ян­ги­кент не­месе Жаңа Гу­зия деп ата­латын қала бол­ды. Ол Қимақ да­ласы арқылы Са­рысу, Есіл және Нұра бой­ла­рына ба­ратын са­уда жо­лының үстінде ор­на­ласқан. Оғыз мем­ле­кеті өзінің са­яси және әле­уметтік тұрмы­сы жағынан көне фе­одал­дық мем­ле­кет бол­ды. «Жабғы” атағы бар жоғарғы би­ле­уші Оғыз мем­ле­кетінің бас­шы­сы бо­лып са­нал­ды. Оғыз жабғыла­рының орын­ба­сар­ла­рын Көл-еркін деп атаған. Жоғарғы би­ле­ушілер ор­ны мұра­гер­ге беріліп отырған. Оғыз хан­да­рын сай­лау кеңес­терде өткізілген. Жабғудың «инал” де­ген атағы бар өз мұра­гер­лері болған. Жас кезінде олар­ды тәрби­елеу үшін ар­найы қамқор­шы­лар (ата­бек­тер) тағайын­далған. Оғыз жабғыла­рының әйел­дері са­рай маңын­дағы өмірде ай­тар­лықтай рөл атқарған. Оларға «қатын” де­ген атақ берілген. Са­рай­да әске­ри кеңес­ке сүйенетін оғыз әскерінің бас­тығы (Сю­башы) маңыз­ды орын алған.

IX-X ғасыр­ларда Оғыз мем­ле­кетінде ескі ру­лық-тай­па­лық инс­ти­тут­тардың тез ыды­ра­уы жағдайын­да пат­ри­ар­хаттық-фе­одал­дық қаты­нас­тар да­мыды. X ғасыр­дың аяғы мен XI ғасыр­дың бас кезінде Оғыз елінде алым-са­лықты ти­янақты түрде жи­нап оты­ру жүйесі орын ал­ды, бұл – мем­ле­кет­те тұрақты басқару ап­па­раты­ның құрылғанын көрсе­теді. Оғыз­дардың көпшілігінің бас­ты кәсібі көшпелі мал ша­ру­ашы­лығы бол­ды. Оғыз тай­па­лары­ның бір бөлігі Сыр­да­ри­яның төменгі бойын қыс­тап, жай­лауға Кас­пий маңын­дағы да­лаға көшкен. Оғыз­дар негізінен жылқы, қой, ешкі, си­ыр, өгіз, түйе өсірген. Әсіре­се, қой өсіру ша­ру­ашы­лығы маңыз­ды рөл атқарған. Сон­дай-ақ оғыз бай-фе­одал­да­ры жер қайыс­тырған қалың жылқы үйірлерін ұстаған. Көшпелі оғыз­дар түйе, оның ішінде айыр өркешті ірі түйелер өсірген. Оғыз­дар аңшы­лықпен де ай­на­лыс­ты. Оғыз ке­дей­лері Арал теңізінен, Сыр­да­ри­ядан, тағы басқа да өзен­дерден ба­лық аулап кәсіп қылған. Қала­лар­дағы үй­лер көбіне тас­тан, ағаш­тан, қамыс­тан тұрғызыл­ды. Оғыз­дардың Сыр­да­ри­яның төменгі ағысын­да Жан­кент, Жент, Жу­ара, ал Сыр­да­ри­яның ор­та ағысын­да Қар­нақ, Сүткент, Фа­раб, Сығанақ және Са­уран т. б. қала­лары болған. Олар­да қолөнер кәсібі, со­ның ішінде мал өнімдері мен шикізат­тарды өңдеу да­мыды. Оғыз­дарда құмы­рашы­лық өндірісі де өркен­деді. Олар ме­кен­дейтін аумақтар­да темір, күміс, ал­тын, мыс және асыл тас­тар өндірілді.

XI ғасыр­дың ба­сын­да Оғыз мем­ле­кеті құлды­рай бас­та­ды. Оған алым-са­лықты жыртқыш­тықпен аяусыз жи­науға на­разы­лық білдірген оғыз тай­па­лары­ның көтерілісі се­беп бол­ды. Бұл жағдай X ғасыр­дың екінші жар­ты­сын­да өкімет ба­сына кел­ген Әли­хан­ның билік құрған кезіне жа­тады. Жабғының өкіметіне қар­сы ха­лық на­разы­лығын, Жент маңына келіп қоныс­танған салжұқтар­дың көсем­дері пай­да­лан­ды. Салжұқ көсем­дері Ян­ги­кент­тегі оғыз би­ле­ушілеріне қар­сы көтерілісті бас­тап, Жент қала­сын ба­сып ал­ды, бірақ оны ұзақ ұстап тұра ал­ма­ды. Осы кез­де ел ба­сына Әли­хан­ның мұра­гері Шахмәлік келіп, мем­ле­кет едәуір кұшейді. 1041 жы­лы оғыз­дар Хо­резмді жа­улап ала­ды. Алай­да, ара­да екі жыл өткен­нен кейін оғыз­дардың соңғы жабғысы Шахмәлік салжұқтар­дың қолы­на түсіп өлтіріледі.

Орта Азия мен Шығыс Еуропаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғасыр оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы — түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге — «иналамиға» — беріліп отырған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбаши» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, бақсы-балгерлерге табынды. Біртіндеп ислам діні де ене бастады.

                     Этникалық қауымдастығының қалыптасуы.

9 ғасыр бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен Жетісу даласын басып алады. 9 ғасыр соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады.

Орта Азия мен Шығыс Еуропаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғасыр оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы — түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге — «иналамиға» — беріліп отырған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбаши» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, бақсы-балгерлерге табынды. Біртіндеп ислам діні де ене бастады.

10-11 ғасырлар Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оған алым-салыққа қарсылық білдірген оғыз тайпалары көтерілістері себеп болды. Салжықтармен, қыпшақтармен болған соғыстарға шыдамай, оғыз мемлекеті 11 ғасырдың ортасында біржола құлайды. Жартысы қыпшақтардың қысымынан Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға, жартысы Мәуренахрдың қарахандарға, хорасан селжұқтарына, қалғаны Дешті-Қыпшақ тайпаларына араласып кетті.

Оғыздарды Еділ бойынан, Маңғыстаудан, Үстірттен өтіп, Еуропаны Азиямен жалғастыратын аса маңызды жолдар барынша қызықтырды. Бұл сауда жолдарын өз бақылауында ұстауға ертедегі орыс мемлекеті де мүдделі болатын. Хазарияның талқандалуы орыс көпестеріне Шығыс елдерініңбай рыногына жол ашты. Осының бәрі оғыз жабғуларын сыртқы саяси бағытында орыс князьдерімен одақ жасасуға бағдар алуға итермеледі.

965 жылы Хазария жеңілгенге дейін оғыздар хазар қағандарымен ұзақ уақыт күрес жүргізді. Оғыздардың хазарлармен қан төгіс шайқастары, Маңғыстауға батыс жағынан іргелесетін далаларда өткен болса керек. X ғасырдың орта кезінде Каспий теңізінін солтүстік-шығыс жағасына дейін жеткен Хазар державасының шекарасы осы жерден басталатын еді. Хазар қағанатының талқандалуы оғыз державасының саяси қуатынын өсуіне себепші болды. X ғасырдың аяғында оғыз жабғулары орыс князьдерімен біріге отырып, Еділ Бұлғариясында күйрете женді. Орыс шежірешілері 985 жылы князь Владимирдің торқтармен (оғыздармен) одақтаса отырып, бұлғарларға жорық жасағаны туралы айтады. Князь әскерлері Еділмен немесе Камамен қайықпен жүзді, ал тұрқтар жағамен өздерінің жауға мінетін аттарымен жүріп отырды. X — XI ғасырлар шегінде оғыз мемлекеті құлдырай бастайды. Алым -салықтардың жыртқыштыкпен жиналуына наразы болған оғыз тайпаларының көтерілістері жиілей түседі. Оғыздардың тарихи аңыздарына қарағанда, бұл көтерілістер өкімет басына X ғасырдың орта кезінде немесе оның екінші жартысының бас кезінде келген Әли ханның басқаруына қарсы жүргізіледі.

Оғыздар Қазақстан аумағында

         Оғыз тайпалары кең-байтақ жерді мекендеді. Оғыздардың қоныстары Ырғызда, Жайықта, Жемде, Ойылда, Аралсор көлінің оң жақ жағасында болды, шығыста оғыздардың кейбір топтары Балқаш көлінің оңтүстік жағасына дейін барды, мұнда олардың Ғорғұз деген бекінісі болды. Оғыздар, сондай-ак Арал маңын, Сырдария аңғарын, Қаратау баурайын, Шу оңірін мекендеді; бірақ олар бұл жерлердің бәрінде бірдей көп болған жоқ.

Олар Каспийдің солтүстік өңірінде, Сырдарияның төменгі ағысында мейлінше тутас қоныстанды. Огыздар билеушілерінің бірінің бекіністі ордасы Дахлан каласы болды. «Нұзхат әл-мүштақ» шығармасында оғыздардың әскері көп болғаны және олардың Таразға жасаған шапқыншылықтары туралы айтылады. Соғыстардан кейін бітім жасалып, сауда жүргізіліп тұрды. Мұнда Шаштан мұсылман көпестері келіп, мал, негізінен түйе мен жылқы сатып алып жүрген.

Оғыздарға түрікмендер (Түркіменстан), трухмендер, терекмелер (Иран түркілері), азерилер (Иран азербайжандары), азербайжандар (Азербайжан), және селжұқтар, османлылар (тарихи халықтар), түріктер (Түркия), гагауздер (елі қазіргі Молдавияда) сонымен бірге қазіргі кавказ бен қырымдағы түркі халықтары (қарашай, балқар, құмық, қырым татарлары) қыпшақтар мен аралық топ ретінде жатады. Оғыздардың қазір үш тәуелсіз ірі мемлекеті бар: Әзербайжан, Түркия, Түркіменстан. Үшеуінің де туында ай таңбасы бар екен. Ендеше осы ай таңбаның өзі олардың Ұлы атасы Оғыз қағаннан таралғандығын да әйгілеп тұрғандай.

Оғыз қаған деген кім? Ол — Оғыздардың аңызға айналып кеткен арғы атасы. Алғаш рет Оғыз мемлекетін құрған кісі. Ертедегі скиф тайпаларының грекше айтылуы Ишкуза (Ашкуз) Мен көне заман тарихшысы Геродот еңбектеріндегі скифтердің атасы болып есептелетін «Таргитай» деген адам осы Оғыз қаған болар деп ойлаймын. Скифтер — Қара теңізден Алтайға дейінгі аймақты аймақты мекен еткен негізінен түркі-иран тілдес көшпенді тайпалар. Оғыздардың ата мекені — қазіргі Амудариядан Шығысқа қарайғы жерлер. Оғыз халықтарының бәрі қазір еуропалық нәсілдегі (монголоид белгілері аз) халықтар. Оғыз халықтарың 5 мың жылдық тарихы бар. Кейін олар скифтер мемлекеттерінің, одан хун империясының, одан соң Батыс Түрік қағанатының құрамына енді. Орталық Азиядағы Оғыз мемлекеті қайта бөлініп, 9-11 ғасырларда қыпшақтар мемлекеті орнағанша Орталық Азияда іргелі мемлекет болып тұрды. Осы кезеңде (9-11) қазіргі жоғарыда аталған Оғыз халықтары тілі жағынан бөлініп, (түркімен, түрік, әзербайжан) негізінен қалыптасып болады.

Оларды арабтар ғуз-дар деп атаған. Оғыз сөзі ус, ғұз деп аталады да «өзен, су» деген мағына береді (Мысалы: Аягөз-алақан өзен, су-мағынасы: кішкене өзен). Қазіргі Азербайжандар — оғыз тайпалары мен ирандықтардың араласуынан шыққан түркі тілдес халық болса, түріктер оғыздар мен кавказ халықтары және гректердің араласуынан шыққан түркі тілдес халық. Ол жерлерге түркі халықтары Осы Орталық Азиядағы ата мекенінен барған. Ал өз мекенінде қалып қойған Түрікмендер — Оғыздар мен Үндіиран (арий) тайпаларының тоғысқан тұсынан қалыптасқан түркі тілдес халық. Тілдік деректері мен тарихи қалыптасуы, салт-дәстүрі мен дүниетанымы жағынан Оғыздар Түркі халықтарың ішіндегі қарлұтарға (өзбек, ұйғыр) жақын.

9-11 ғасырларда құрылған Оғыз мемлекетінің қазіргі мұрагерлері Түрікмендер. Ал түріктер мен әзірбайжандар ол кезде қазіргі қоныстарына — Кавказ бен Кіші Азияға жетіп тұрақтаған болатын. Оғыздардың мемлекеті Қазіргі Каспий мен Аралдың Солтүстік-Шығысын алып жатты. Кейін қыпшақтар оларды біртіндеп оңтүстікке ығыстырады. Осы тайталас кешегі Түрікмендер мен адайлардың арасында да жалғасқан еді. Түрікмендер нәтижесінде қазіргі аймағынан (Қарақұм, Амудария) табылды, Азербайжандар Батыс Кавказда, Солтүстік Иранда қалыптасты, Түріктер Кіші Азияға барып, әйгілі Осман империясын құрады. Одан кейінгі тарих белгілі.

Оғыздардың тарихы көне скифтердің (сақтардың), массагеттер, печенегтер, ирандықтар, парсылар, кавказ елдері және көне мемлекеттер Шумер, Ассирия, Хет, Элам, мен Үнді халықтарының тарихымен ұштасып жатады. Енді оғыздар туралы сөз соңында осы халықтан шыққан әлемге әйгілі тұлғалардың аттарын атай кетуді жөн көрдім. Көбін қамтып атап шығу мүмкін болмағандықтан тек он шақты адаммен шектегім келіп отыр.

VІІІ ғасырдың орта түркештер мұрасы үшін қарлықтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуді тастап, тау баулайлары мен Шу алқабына келіп қалған болатын. Осы арада олардың «Көне Гузия» деп аталатын ордасы бартұғын. ІХ ғасырдың бас кезінде оғыздар көсемдері қарлұқтармен және қимақтармен одақтасып, қакғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдарияның төменгі жағы мен Арал өңірі даласын басып алады. ІХ ғасырдың соңғы кезінде олар хазарлармен одақ құрып, печенеттерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қарастырады.

Печенгтермен ұзақ уақытқа созылған күрес-тартысы олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға себепші болады. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының

үнді-европа және фини-угор тектес ежелгі (негізінде түріктендірілген) этникалық компоненттері және сонымен бірге Жетісу мен Сібірдің: халаджылар, жағарлар, чаруктар, қарлұқтар. Имурлар, байандұрлар, қайлар секілді көшпелі және жартылай көшпелі тайпалар да кіреді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ және күрделі процесс болды.

Әу баста оғыз тобының оғызы өзегі Жетісуда ұйымдасады, алайда батысқа қарай жылжу барысында Оңтүстік және Батыс Қазақстан жерінің көшпелі және жартылай отырықшы халқының есебінен едәуір дәрежеде толығады.

Қорытынды

Сөйтіп, Оғыз этникалық қауымының қалыптасуы күрделі да ұзақ үрдіс болды. Оғыздардың құрамына Сырдария аңғары мен Арал Каспий даласының ертедегі этникалық компоненті де,Жетісу мен Сібірдің жартылай көшпелі және көшпелі рулары мен тайпалары да енді.Оғыз тобының алғашқы ұйытқысы Жетісуда қалыптасты, алайда өзінің батысқа қарай жылжу үрдісінде ол Оңтүстік және Батыс Қазақстан аумағындағы көшпелі және жартылай отырықшы халық есебінен едәуір толықты.

Оғыз халқы қалыптасуының тездетуіне ескі қандас туысқандық байланыстардың ыдырап,жаңа аумақтық шаруашылық бірлестіктердің құрылуы және ертедегі феодалдық қатынастардың орнығуы себеп болды.Алайда орта ғасырлардағы бұл үрдіс толық аяқталған жоқ.Оғыз тайпалары қазақ,татар,қырғыз башқұрт, түркімен,өзбек,       қарақалпақ халықтарының қалыптасуында компоненттердің бірі болып қатысты.

Ел даналығы айтпақшы,қазақ түрік емес,қазақсыз түркі емес. Еуразия даласында өзінің мәдени өркеніштігімен географиялық орны мемлекеттік дәрежедегі үйлесімділігі жөнінен оғыздар қай кезде қай қоғамда көшбасшы.

Бүгін біз оғыз мемлекетінің Еуразия даласындағы алатын орнымен мемлекеттік дәрежеде атқарған қызметіне уақыт пен кеңістік аралығында серуен құрдық. Тарихтың күрделі белестерінде өткен  заман оқиғасының жаңғырғанын көрдік.Тарихта бір тұңғылық,егер мемлекет біртұтас саяси организм десек онда мемлекеттік дәрежеге көтерілген Еуразия даласында алып кеңестікті билеген оғыздар біздің отандық тарихнамамыздың жарқын әрі санасы деп саналады.

Осынау ғибрат мол тағылымды әрқашанда жадымызда ұстап тәуелсіздігіміздің іргетасын нығайта түсу әр адам  үшін азаматтық парыз.

                       Пайдаланылған әдебиеттер 

  1. Қазақстан тарихы очерктері, Алматы,1994
  2. Қазақстан тарихы Қ.С. Қаражан, Әбсеметова Ж.,Алматы,2011
  3. Оғыз-наме (қазақ тіліне аударғандар Ә.Дербісәлиев, М.Жармұхамбетов, Ө.Күмісбаев). А., 1995
  4. Қазақстан тарихы (Көне заманнан бүгінге дейін). 5 томдық 1996
  5. Әбілғазы Түрік шежіресі., А.,1992
  6. Қозыбаев М.Ұ. тарих зердесі 2 томдық А.,1998
  7. Салғарин Қ. Қазақтар. А.,1989
  8. Г.В.Кан, Н.У. Шаяхметов, Қазақстан тарихы,Алматы,2009
  9. Ч.Мусин Қазақстан тарихы, А. 2003