Оғыз мемлекеті

Оғыз мемлекеті туралы қазақша реферат

I. Өмір сүрген уақыты:  ІХ-ХІ ғғ.
II. Территориялық аймағы:  Сырдың орта, төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында  бірлестігі құрылды
III. Орталығы: Янгикент қаласы
IV. Тайпалары:  оғыздарға жататын рулар: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка.
V. Деректер: а) Орыс шежірелері 985ж. Владимир князьдің оғыздармен одақтаса отырып, бұлғарларға жорық жасағаны туралы  айтады.

                б) Махмуд Қашғари, Марвази енбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр,   имур, қарабулақ, тутырка, т.б.

               г) Махмуд Қашғари оғыздар алғашында 24 тайпадан  құралған дейді.

VI.  Сыртқы саясаты:

а) 965 ж. оғыз жабғуы мен Киев князы Святославтың арасында Хазар қағанатына қарсы соғыс одағы жасалынып, мұның нəтижесінде Хазар қағанаты талқандалды.

б) Х-ғас. аяғында оғыз жабғуы орыс княздарымен біріге отырып, Еділ Бұлғариясын күйрете жеңді.

в) Ə ли-хан, Шахмəліктің тұсында мемлекет күшейіп, 1041ж. оғыздар Хорезмді жаулап алды.

г) Оғыз мемлекеті қыпшақ тайпаларының соққыларынан ХІ-ғас. басында құлады.

VII. Діни наным-сенімдері:  Оғыздар мәжусилер болып, бақсы-балгерлерге табынды. Біртіндеп ислам діні де ене бастады.