Нарықтың атқаратын қызметтері мен құрылымы

Нарық қызметтері

Нарықтың  мәні оның функциялары арқылы толығырақ анықталады. Нарық мынадай маңызды қызметтер атқарады:

— Тауар өндірісінің өзін-өзі реттеу қызметі. Бұл мына жағдай арқылы көрінеді: тауарға сұраныс өскенде, өндірушілер өздерінің өндіріс көлемін көбейтіп, бағаны жоғарлатады, нәтижесінде өндіріс қысқара бастайды;

—Ынталандыру қызметі. Баға төмендегенде, өндірушілер өндіруді азайтады, осымен қатар, олар жаңа техника, технологиялар енгізу, еңбек ұйымдастыруды жетілдіру арқылы шығындарды азайту мүмкіндігін іздестіреді;

—Өндірілген өнім мен еңбек шығындарының қоғамдық маңыздылығын айқындау қызметі. Бірақ, бұл қызмет тек тапшылық жоқ өндіріс жағдайында жүзеге аса алады, сатып алушылардың таңдауы бар болғанда, өндірісте монополия болмағанда, бірнеше өндірушілер болып олар өзара бәсекелес болғанда;

— Реттеу қызметі. Нарық арқылы экономикадағы, өндірістегі және айырбастағы негізгі микро және макро пропорциялар белгіленеді; Шаруашылық өмірді демократияландыру, өзін — өзі басқару принциптерін жүзеге асыру қызметі. Нарықтық құралдар әсері мен қоғамдық өндіріс экономикалық жағынан қолайсыз элементтерден арылып отырады және осының арқасында тауар өндірушілер әркелкі түрге, буындарға бөлінеді, яғни дифференциялданады.

 

Нарық инфрақұрылымы

Нарық экономикасының қызмет етуі оның белгілі элементтерінің болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды.

Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі — өндірушілер мен тұтұнушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады — біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар, өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өңдеуге пайдаланады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы әрқайсысының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме нарықтық келісімдер формасында жүреді.

Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.

Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі — баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз: 1 баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі коньюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады. 2 осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін транскациондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды.

Нарық экономикасының төртінші орталық буыны — екі құрылымнан сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтұнушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтұнушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін нарық механизмінің өте маңызды элементі.

Нарық механизмінің бесінші элементі – бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын тілейді және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарығы субьектілерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. А. Смит бәсекені нарықтың “көрінбейтін қолы” деген. Көрінбейтін қол идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғамдық пайдаға шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің: бағаның, пайда нормасының, проценттің т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.         Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының, көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылуын және қызмет етуін талап етеді.

Нарық конъюнктурасы. Нарық инфрақұрылымының тиімділігі көбінесе экономикалық конъюнктураға байланысты, яғни нарыктың белгілі мерзімдегі уакытша жағдайы. Конъюнктура туралы төменде көрсетілген көрсеткіштер жүйесі мәлімдейді:                        —өндіріс пен кұрылыс динамикасы, тауар запастарының мөлшері, баға, процент, бағалы кағаздар курсының козғалысы;                                — пайда, еңбек акы және өндіріс шығындары дәрежесінің өзгеруі;        —еңбектегі және жұмыссыздар саны арасындағы қарым-қатынас; Экономикалық конъюнктураға «циклдық», «циклдық емес» және «кездейсоқ» факторлар әсері бар;

а)-циклдық факторлар әдетте негізгі капиталдың (өндірістік құрал- жабдықтардың) кезекті жаппай жаңаруына байланысты;

б)-циклдық емес факторлар экономикаға тұрақты түрде әсер етеді (оған ең, алдымен ғылыми-техникалық прогресс жатады);

в) кездейсоқ (уакытша, тез өтетін) құрғақшылық, аурулар, мода.

Экономикалық конъюнктураны жақсартудың әдістері:

а) Инвестициялық ахуалды қалыптастыру;

б) Фирмаларға мемлекеттік заказдардың берілуі мен көлемінің өзгеруі;

в) Салық және процент ставкаларының дәрежесін қайта қарау;

Халықтың  ақшалай жинақтарының мөлшерін реттеу.

Қазір барша кәсіпорындар немесе жекелеген нарықтар конъюнктураның өзгеруін зерттейді, оның болашағын болжайды. Нарық экономикасы әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді:

— Маржиналдық (шекті) талдауға;

— Балама таңдау шығындарына;

— Экономикалық рационалдыққа;

Маржиналдық талдау принциптері негізінде нарық субъектілерінің іс-қимылы жүріп отырады. Олардың әрекеттеріне әсер ететін орташа емес, шекті шамалар болады. Осының нәтижесінде нарықты тауарлармен толық қамту, нарықтық бағаның өзгеруі, нарық экономикасының бір жағдайдан басқашаға ауысуы бірте-бірте жүріп отырады. Жаңа шекті субъектінің пайда болуы, нарық экономикасына, ондағы сұраныс пен ұсынысқа мәнді әсер етпейді. Жетілген нарық жағдайында, яғни үлкен және үнемі болатын ұсыныс кезінде, шаруашылық жүргізушілер өте көп болғанда, олардың әркайсысының нарықтағы жеке үлес салмағы шексіз аз шамада болады. Маржиналдық бағыт нарыктық ортаның, үзілмей қызмет етуін қамтиды деуге болады; сұраныс пен ұсыныстың күрт тербелуіне жол бермейді; тауар өндірушілер мен тұтынушылар тепе-теңдік болмысын қамтамасыз етіп отырады.

Балама  таңдау шығындарының принциптері. Балама таңдау шығындарына тікелей шығындар және ресурстарды пайдаланудың немесе кәсіпкерлік әрекеттердің осыдан басқа, өзгеше әдістерінен бас тартудың салдарынан түспеген табыстың және тікелей шығындардың жиынтығы жатады. Нарық экономикасының ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің варианттарының ішінен ең ұнамсыз болса да әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін вариантты таңдап алынуы. Балама таңдау шығындары принципі өндірушілерді бар ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырады.

Экономикалық рационалдық принцип табыс пен шығындарды салыстырып отыруға негізделеді. Раңионалдық талдау өзгеріп тұратын варианттардан жасалады. Осы варианттардың ішінен мүмкін болатын пайда ең аз көлемде болса да, күмәнсіз табысты қамтамасыз ететін вариант алынады. Рационалдыктың критериі — табыс төтенше құқықтың болуымен байланысты. Фирма неғұрлым өзінің пайдасын көбейтуді көздейді, ал тұтынушылар — капиталды шектеп пайдалана отырып, барынша өздерінің хал-ахуалын жақсартуды көздейді. Нарық экономикасын осы аталған принциптер негізінде құру тепе-теңдік болмысына жетуді қамтамасыз етеді. Осы болмыс – нарық механизмінің орталық проблемасы. Бұл жағдай екі қарама-қарсы күштерді колдануға негізделеді: бір жақтан сұраныс пен ұсынысты, екінші жақтан нарықтағы бағаны.

Сирек кездесулік мәселесі нарық экономикасының өте маңызды шарты болып табылады. «Сиректік» деген түсінік — экономистер үшін өте маңызды методологиялық құрал, әсіресе, тауардың пайдалылығын дәлелдеуде қолданылатын құрал. Демек, шекті пайдалылық теориясында «сиректік» деген негізгі және ешқандай түсіндірме тілемейтін, физикалық ақиқат болып табылады. Сиректік мәселелерін зерттеу, белгілі бір тұрғыда кейбір игіліктердің тапшылығын дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Классикалық мектептің өкілдері Д.Рикардо, А.Смит «сиректік» түсінігін күнмен байланыстырады. Олардың айтуынша, сиректік еңбектің санымен қатар, тауардың құнын белгілейтін маңызды факторларға жатады. Осы замандағы нарықтық қатынастар теориясында «сиректіктік» түсінігі белгілі трансформацияға ұшырап отыр. Егер бұрын сиректік табиғи және әлеуметтік факторлармен баланыстырылған болса, қазір сиректік нарықтың қызмет өту мерзімімен байланыстырылып отыр. Сұранысы мол жаңа игілік бір мезетте және толығымен кажеттіліктерді қамтамасыз ете алмайды. Бұл үшін белгілі бір уақыт мерзімі қажет. Осыдан тұжырым: сиректік мол болған сайын, осы игіліктің кажет санын өндіруге соншама мол уакыт керек.

Қазақстанда  нарықтың экономика жүйесінің  қалыптасуы мен дамуының мәселелері