НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА  ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ туралы қазақша реферат

Қазақстан Тәуелсіздігінің жиырма жылдығын кешегі кеңістіктегі елдер арасында өзін қайта жаңғырту көшбасшысы сатысына көтерген түбейлі саяси және әлеуметтік – экономикалық реформалар жасау жолындағы ауқымды да зор жетістіктермен қарсы алып отыр. Біздің мемлекетіміздің халықаралық жоғары беделінің айшықты дәлелі Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға табысты төрағалығы және Астана Саммитін ең жоғарғы дәрежеде өткізуі болып табылады. Төрт мұхит кеңістігіндегі барлық беделді мемлекеттердің басшылары қатысқан жаһандық бас қосуда 54 мемлекеттің қатысуы мен қорытынды құжат – Астана декларациясының қабылдануы бұл Саммиттің тарихи маңызы мен салмағын еселей түссе керек. Қазақстан  ұлттық мемлекеттілігінің негізін қалады және нығайтты, елдің аумақтық тұтастығын және мызғымас шекарасын қамтамасыз етті, экономиканың нарықтық даму жолына түсіріп, әлемдік қауымдастыққа ойдағыдай интеграцияланды. Қазақстанда бірден бір барынша қарқынды даму жолындағы экономика құрылды, ашық демократиялық қоғамдық институт қалыптастырылды, тұрғындардың әлеуметтік өмір стандарттары жақсарды. Ең бастысы – осы жылдар ішінде көп ұлтты көпвекторлы Қазақстан халқы ел ішіндегі ерекше тұрақтылық және барлық көрші мемлекеттермен бейбіт жағдайда өмір сүріп келеді. Қазақстанға халықаралық қоғамдастықтағы ең беделді де ықпалды мемлекет ретіндегі шынайы атақпен қатар, өзінің әлеуметтік – экономикалық дамуы жолында елеулі жетістіктерге жеткен мемлекет деген үлкен баға берілді. Осы орайда, ең алдымен, Қазақстанның осындай зор жетістіктерге жетуінің ерекше маңызды факторларының бірі 2030 жылға дейінгі Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясының қабылдануы және ойдағыдай жүзеге асырылуы болып отырғандығын ерекше атап көрсеткен жөн.                                                                                             Нұрсұлтан Әбішұлы кешегі кеңестік кеңістіктегі ең жемісті және тиімді интеграциялық бірлестік – ЕурАзЭҚ-тың бастауында ғана тұрған жоқ, сонымен бірге оны алға жылжытатын нағыз интергация «моторы» болғандығын атап көрсетті. Ең алдымен, Қазақстан    Президентінің 1994 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қабырғасында сөйлеген тарихи сөзінде айтылған батыл еуразиялық идея ЕурАзЭҚ-тың бүгінгі жетістіктерінен нақты көрініс тауып, өмірде іс жүзінде асырылып отыр. Еуразиялық мемлекеттер одағын құру туралы сонда айтылған жобада бұл идея «кеңестік кеңістікте экономикалық — әлеуметтік жаңғыруды, тұрақтылықты және қауіпсіздікті нығайту мақсатындағы егемен мемлекеттердің интеграциялану формасы» деп айқындалған болатын. ЕурАзЭҚ-тың құрылуы кеңестік кеңістіктегі елдердің мемлекет аралық қатынасы тарихындаға аса зор оқиға болды. Ол мемлекеттер арасындағы интеграциялық қатынастарды жаңа сапалы деңгейде шығарды. Бұл ретте біздің мемлекеттеріміз үшін өзара сауда – экономикалық байланыстарды жаңа стратегиялық бағыттарға шығарып, бүгінгі геосаяси жағдайға сәйкес келетін түбегейлі жаңа байланыстарды орнатуға тура келді. Ол кезеңде мемлекеттер арасында еркіндікке ұмтылған бастамалар белең алып отырған еді. Бүгінде ЕурАзЭқ-тың жемісті дамып келе жатқандағын барша жұрт көріп отыр. 2010 жылы 5 шілдеде Қоғамдастықтың 10 жылдығына байланысты Астана қаласында өткен ЕурАзЭқ Мемлекет аралық кеңесінің мәжілісінде қабылданған бірлескен мәлімдемеде былай деп атап көрсетілді: «Дамудың жаңа сапалы деңгейіне шығу үшін интеграциялану стратегиясының маңызын жете түсіне отырып, Қоғамдастыққа мүше мемлекеттер ХХІ ғасырға халықаралық «Еуразиялық экономикалық қоғамдастығын»  құру арқылы кіріп отыр». Біз өзара тиімді ынтымақтастықтың және сенімнің жаңа қағидаттарына негізделген ұйым құрдық. Биылғы жолдаудың 9- бағыты индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына арналды. Өткен жылы елімізде 288 жоба іске асты. Жолдауда Елбасы биыл қосылатын бірқатар жобаларды атап айтты. Олар – Балқаш жылуэлектр станциясының 1 модулінің құрылысы, 2 теміржол бағытының тартылуы, Жамбыл облысындағы минералды тыңайтқыштар зауыты, Атырау мұнай өңдеу зауытындағы мұнайды терең өңдеу кешені, газ-химиялық, газөңдеу кешендері. Ауыл шаруашылығында да атқаратын шаруа қыруар. Нарықтық экономика, жаһандану жағдайында елімізде кез келген өндірістің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін персоналды басқарудың қазіргі кездегі түрлері мен әдістерін тәжірибеде пайдалану мәселелері ерекше мәнге ие болып отыр. Қазіргі кезде меншік түрі әртүрлі кәсіпорындарда нарықтық қат