Бизнес-жоспар инвестицияны негіздейтін қорытынды құжаттардың бірі, ол жоспарланған өнім номенклатурасы және өнім шығару көлемі туралы, өнім өткізу және шикізат базасының сипаттамасы туралы, жер, энергетика және еңбек ресурстары туралы деректерді қамтиды, сондай-ақ,қарастырылатын жобаның коммерциялық, бюджеттік және экономикалық тиімділігі туралы көрініс береді және ең біріншіден, жобаның инвесторлары үшін салынатын инвестицияның тиімділігін негіздейді.
Бизнес-жоспар интеллектуалдық меншік объектісі, коммерциялық құпия пәні болып табылады және сәйкес қорғауды қажет етеді.
Қазіргі нарықтық қатынастардың даму жағдайындағы экономикалық жағдай кәсіпорындарға ішкі фирмалық жоспарлауға жаңа тәсілімдеме қолдануды талап етеді. Жоспарлау болашақта әрекет етуді көздейтін кез-келген ұйымға қажет. Кәсіпорындар барынша тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік беретіндей жоспарлау нысандары мен модельдерін іздеуге мәжбүр болады. Мұндай шешімдерге қол жеткізудін, оптималды варианты -бизнес-жоспар болып табылады.
Бизнестің табысты дамуының шешуші элементі — сауатты басқару және жоспарлау. Жоспарлау — табысқа қол жеткізудің қажетті шарты, алайда ол жеткіліксіз. өздерінің іс-әрекеттерін жоспарлайтын көптеген кәсіпорындар сәтсіздікке ұшырайды, сондықтан жоспарлаудың өзіне де ұтымды көзқараспен қарау керек.
Жоспарлау — болашақта, белгілі бір уақыт мерзімінде болатын оқиғалардың барынша нақты сандық сипаттамасы. Әрине, бизнес дамыған сайын, уақыт өтісімен ақпарат та өзгеріп отырады, өйткені экономикалық жағдайлар өзгеріске ұшырайды. Алайда бизнесті қоршаған ортаның өзгерісі ақпаратқа өзгерістер әкелгенімен, жоспарлау — қажетсіз күш-жігер мен уақыт жоғалту деп санауға болмайды. Егер жоспарлау дұрыс жүргізіліп, болып жатқан оқиғаларға сәйкес келсе, ол бизнесмен әлсіз және күшті жақтарын сенуге, қоршаған ортаның бизнеске тигізетін әсерін бағалауға мүмкіндік беретін құрал бола алады. Сонымен қоса, бизнес-жоспар банктерге салынған инвестицияның пайдалану тиімділігін бақылауды күшейтуге және мүмкін болатын проблемаларды алдын-ала айқындауға мүмкіндік беретін маңызды құжат.
Бизнес-жоспар коммерциялық кәсіпорынның барлық негізгі аспектілерін қамтитын құжат, ол алда тұрған мүмкін болатын проблемаларды талдайды, осы проблемаларды шешу тәсілдерін анықтайды.
Сонымен, бизнес-жоспар — бұл бизнестегі қол жеткізуді көздеген мақсаттың қағаз жүзіндегі жазылған моделі және осы алға қойған
мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық ресурстарды тиімді пайдалануға жағдай жасайтын кұрал. Жақсы құрылған бизнес-жоспар — жоспарланған іс-әрекеттерінің схемасы. Ол бизнестің болашақ жай-күйін айқындауға көмектеседі. Алға қойылған мақсаттарды белгілеуден бастап, ол мақсатттарға қол жеткізуге қажетті барлық ресурстар мен кезеңдерді қамтиды.
Бизнес-жоспарды құру өнерін меңгеру бүгінде себептерге байланысты қажет:
− экономикаға қазір кәсіпкерлердің жаңа ұрпағы келіп жатыр,
олардың көпшілігі бұрын коммерциялық құрылымдарды басқарып
көрген емес, сондықтан нарықтық экономика жағдайында оларды
күтетін проблемалардың барлық шеңберін олар алдын-ала көріп
біле алмайды;
− шаруашылық проблемалар үнемі өзгеріп тұрады және тәжірибелі
жетекшілердің алдында болашақтағы шараларын жаңаша
көзқараспен қарау қажеттілігін тудырады;
− Инвестиция алу және әкономиканы көтеру үшін инвесторларға
жоспарлардың өміршендігін және тиімділігін дәлеледеу керек;
− Бизнес жоспардың мақсаты – кәсіпорын басқармасына келесі негізгі міндеттерді шешуге көмектесу:
− Болашақ өткізу нарығының сыйымдылығын және даму
перспективасын айқындау;
− Осы нарыққа қажетті өнімді өндіруге қажетті шығындарды
бағалау және оларды тауарды қолайлы бағамен сатудан түсетін
түсіммен салыстыру арқылы жоспарланған істің табыстылығн
анықтау;
− өнімді өткізу алдында кездесуі мүмкін кедергілерді алдын-ала
айқындау;
− өндіріс көлемінің көтерілуі мен құлдырауын анықтауға мүмкіндік
беретін бақылау көрсеткіштерін анықтау;
Бизнес-жоспар қазіргі нарықтық экономикада кәсіпкерлік көлеміне, қызмет ету өрісіне және формасына байланыссыз қолданылатын менеджменттің арнайы құралы.
Батыс елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы іскерлік жоспарлаудың бірқатар ерекшелігі бар. Қазақстандық заңдылық бойынша қазіргі кезде бизнес жоспарды құру міндетті емес. Ол көптеген қазақстандық кәсіпорындар үшін жаңа құжат. Бизнес-жоспарды құруға кіріспес бұрын, ең алдымен, қажетті ақпарат кешенімен жабдықталып алу керек.
Бизнес-жоспардың қажеттілігін дәлелдейтін бірнеше аргумент:
− Бизнес-жоспар құру арқылы бизнесменге батыл назарды айналысқалы отырған ісіне шоғырлануға мүмкіндік береді, бұл жекеленген ұсақ аспектілерге көңіл аудармауға жағдай жасады. «Бизнес әлеміне ұшпас» бұрын, кәсіпкер өз бизнесіне әсер ететін барлық маңызды шарттарды көзден таса қалдырып алмас үшін, болашақтағы іс-әрекеттің қоршаған ортамен үйлестіріп қарастыруы керек.
− Бизнес-жоспар жаңа кәсіпкерлік идеяны нақты бағалауға
көмектеседі. Егер бизнес жоспар жақсы құрылса, ол идеяның жүзеге
асырылуына негіз болады.
− Бизнес-жоспар істі жүргізуге көмектесетін құрал болып табылады.
Кәсіпорынды жоспарсыз басқару машинаны құралсыз жөңдеумен
тең. Жоспардың болмағанынан болғаны жақсы.
− Бизнес-жоспар фирманың бизнес-идеяларын фирмадан тыс
тұлғаларға жеткізіділеді, бұл қаржыландырылған көздерін тарту
немесе бірлескен кәсіпорын құру үшін қажет.
Инвесторлар, банкирлер, потенциалдық серіктестер келесі деректерді білгісі келеді:
− Сізге қанша ақша қажет?
− Ол сізге қашан қажет болады?
− Қаражат сізге не үшін қажет?
− Оны сіз қайтара аласыз ба және қашан қайтарып бере аласыз?
Сіздің жоспарыңыз осы сұрақтарға жауап бере алуы керек.
− Бизнес-жоспар құру арқылы жүзеге асырылатын істер жоспарсыз оқиғаларға жауап беру арқылы жүзеге асырғанға қарағанда
табысқа әкеледі. Өйткені бизнес-жоспар басты мақсатқа зер
салуды, соған қол жеткізу үшін қажетті міндеттерге басты назарды
шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Бизнес-жоспардың құрылымы оның мазмұнының ұқсастығына қарамастан ол әр елде, әр салада әртүрлі құрылады. Алайда халықаралық деңгейде жасалатын инвестициялық жобаларды қүру ЮНИДО-ның ұсынған стандарттары бойынша жүргізіледі. Соның құрылымын қарастырайық. Негізгі тараулар келесідей:
− Жобаның қысқаша сипаттамасы (мақсаттары мен бизнес стратегиясын анықтау). Құрал-жабдықты қою және орналастыру мерзімдері;
− Жобаның алғы шарттары және идеясы;
− Нарықты талдау және маркетинг концепциясы (баға белгілеу
стратегиясы). Нарықтағы сұранысты бағалау;
− Жобаның орналасуы, құрылыс участкесі және қоршаған орта;
− Техникалық жабдықтау және технология. Жобаның базалық
технологиясы;
− Өндірісті ұйымдастыру және басқару. Өндірістік процесс. Өндіріс
көлемі. Өнімнің стандарттары мен технологиясы;
− Қаржылық жоспар және инвестиция тиімділігін бағалау.
Қаржылық бағалау негіздері.
− Жобаның ел экологиясына және экономикасына тигізетін әсерін
анықтау;
Енді тауарлардьщ әрқайсынына қысқаша сипаттама берейік.
Жобаның қысқаша сипаттамасы. Бұл тауарда жобаны ұсынып отырған компания туралы, оның құрылтайшылары, атқаратын қызмет түрлері, заңгерлік тіркелген және орналасқан жері, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы, жарғылық қорының мөлшері, құрылтайшылық құжаттарында келтіретін бірқатар маңызды деректер беріледі. Сондай-ақ жобаның қатысушыларына, ұсынылып отырған инвестициялық жобаға қысқаша сипаттама беріледі. Жобаны жүзеге асыру мерзімі, оның құны және қаржыландыру көздері, жобаны жүзге асыру кестесі т.с.с. мәліметтер осы тарауда көрсетіледі.
Жобаның алғышарттары және идеясы.Бұл тарауда ұсынып отырған жобаны жүзеге асыру үшін қажетті алғышарттар қарастырылады. Компанияның бизнесіне қатысты қазіргі және потенциалдық мүмкіндіктерді келтіріп, оларды қалай жүзеге асыру ниетін көрсету керек. Жобаның басты идеясы қысқа әрі айқын түрде тұжырымдалуы керек. Сондай-ақ, жобаны жүзеге асырудағы компанияның алдына қойған мақсаты негізделеді. Бұл бизнес-жоспардың ең бастапқы негізін құрайды. өйткені потенциалдық инвесторлар үшін қазіргі және болашақтағы бизнестің соңғы нәтижесін нақты сандық көрсеткішпен бейнелеу керек. Қаншалықты ұсынылып отырған тауар немесе қызмет түрінің бизнестегі компанияның мақсаттарына қол жеткізуге жағдай жасайтындығы туралы айту керек.
Мақсат дегеніміз — бір уақыт аралығында қол жеткізуді көздеп отырған қызмет нәтижесі. Міндет — бірқатар сандық және сапалық параметрлерімен сипатталатын, берілген уақыт мерзімі ішінде қол жеткізілетін қажетті қызмет нәтижесі.
Нарықтық талдау және маркентинг концепциясы.Бұл тарау потенциалдық инвесторларға компанияның нарықтағы жағдайы жақсы білетіндігін көрсетуге бағытталған: нарық сыйымдылығы, ондағы бәсекелестер туралы ақпарат, маркетинг тәсілдері және т.б.
Маркетинг жоспары фирма қызметін ішкі ұйымдастыру үшін, сондай-ақ серіктестер және инвесторлармен келіссөздер жүргізу кезінде қажетті құралдар болып табылады.
Компания бұл тарауда потенциалдық инвесторларға өзінің нарыктағы алатын үлесін және ролін көрсетуі қажет. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде өндірілетін тауар немесе қызметті өткізу тұрғысынында қолданылатын маркетингтік әдістер мен тәсілдер кешені және бәсекелестермен күресу техникасы қажетті нарық үлесін жаулап алуға және нақты уақыт мезетінде өткізу көлемін нақты сандық шамаға жеткізуді қамтамасыз ете алатындығын дәлелдеуі керек.
Жобаның орналасуы, құрылыс учаскесі және қоршаған орта.Бұл тарауда жобаны жүзеге асыру үшін жерді таңдау туралы шешімді қабылдау негізделеді. Өнімді өндіру ісі жүзеге асырылатын құрылыс үйлері, жер учаскелері қандай қағидаға сүйеніп алынғаны көрсетіледі.
Техникалық жабдықтау және технология.Бұл тарауда жоба шеңберінде қарастырылған ұснылып отырған тауар немесе қызмет өндірудің технологиясы мен техникалық сипаттамалары келтіріледі. Жобаның базалық технологиясы, оның артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетіледі.
Таңдап алынған құралдардың техникалық сипаттамасы, олардың өндірушілер туралы, құрал-жабдықтың жұмыс істеу режимі, техникалық-технологиялық линия жұмысы туралы мағлұматтар беріледі.
Өндірісті ұйымдастыру және басқару,ұйымдастырушылық жоспар және менеджмент — бұл фирманың іскерлік кестесі, қызметінің құқықтық қамтамасыз ету сұрақтары, кәсіпрорында басқаруды ұйымдастыру, персоналды басқаруды ұйымдастыру, компанияның құрылымдық бөлімшелері мен қызметтерінің өзара қызметін үйлестіру.
Сондай-ақ, бұл тарауда өндіріс процесін ұйымдастыру ерекшеліктері, өндіріс көлемі, шығарылатын дайын өнімнің стандарттары мен технологиясы туралы ақпарат беріледі.
Қаржылық жоспар және инвестиция тиімділігін бағалау. Қаржылық бағалау негізі.Қаржылық жоспарлаудың негізгі міндеті ағымдық және ұзақ мерзімді сипаттағы қаржылық ресурстарға деген қажеттілікті анықтау болып табылады. Бұл жұмыс компанияның қолда бар экономикалық потенциалын анықтаудан, яғни оның шамасын, активтерінің көлемін және олардың қаржыландыру көздерін анықтаудан басталады.
Қаржылық жопарлаудың объектілері болып мыналар табылады: өнімді өткізуден түскен түсім, пайданың қалыптасуы және қолданылуы, шығындарды жабу көздері, бюджетпен, банктермен, сақтандыру және инвестициялық компаниялармен арадағы қарым-қатынастар.
Жылдық қаржылық жоспардың табыс бөлігінде жоспарланған пайда, әр тоқсанға есептелген тозу құны, баланстан шығарылған мүлікті сатудан түскен түсімдер және т.с.с табыстар көрініс тапса, шығындар бөлігінде-салықтық төлемдер, несие үшін төленетін проценттер, сақтандыру шығындары, таза пайданы қорлануға жұмсау, резервтік қорлар бейнеленеді.
Жобаның ел экологиясына және экономикасына тигізетін әсерін анықтау. Бұл тарауда ұсынылып отырған жобаның ел экономикасы және экологиясына тигізетін әсері негізделеді. Яғни жобаның барлық қатысушылар үшін әкелетін пайдасы қарастырылады, жобаны жүзеге асыру шешімін қабылдаған потенциалдық инвесторларға келетін үтыс дәлелденеді. Сондай-ақ, жобаның қоршаған ортаға әкелетін салдары көрсетіледі. Егер өндірістің табиғатқа теріс салдары болса, оларды жою немесе кері салдарын мейлінше төмендету шаралары, бұл шараларды қаржыландыру көлемі сияқты мәселелері де осы тарауда бейнеленеді.