Нан және нан өнімдерінің сапасына қойылатын талаптар дипломдық жұмыс

Мазмұны
Кіріспе
ІІ Тақырып бойынша ақпараттық шолу
ІІІ Негізгі бөлім
3.1 Дипломдық жұмыстың әдістемесі
3.2 ЖШС «Алтын диірмен» корпорациясының сипаттамасы
3.3 Жұмыс нәтижесі
3.4 Шикізат сипаттамасы (ұн)
3.5 Шикізатқа қойылатын техникалық талаптар
3.5.1 Органолептикалық көрсеткіштері.
3.5.2 Физикалық-химиялық көрсеткіштер.
3.5.3 Қауіпсіздік көрсеткіштері.
3.6 Ұн сапасын сынау әдістері
3.7 Нан сипаттамасы
3.8 Нан өндіру технологиясы.
3.9 Нан сапасына қойылатын жалпы талаптар
3.10 Нан сапасын сараптау
3.10.1 Органолептикалық көрсеткіштерін анықтау әдістері.
3.10.2 Физика-химиялық көрсеткіштерін анықтау әдістері.
3.11 Нан және нан өнімдерінің саласы
3.12 Нан және нан өнімдерінің тағамдық құндылығы
3.13 Нан өнімдерінің классификациясы және ассортименттері
3.14 Нан өнімдерін сертификаттау тәртібі.
ІV Экономикалық тиімділігі
V Еңбек қорғау
VІ Қорытынды
VІІ Қолданылған әдебиеттер тізімі
Ұсыныстар мен қосымшалар

Кіріспе

Нан – біздің Отанымыздың байлығы ,халықтың негізгі тамақтану өнімі болып табылады.

Нан сапасы егіс шаруашылығымен өте тығыз байланысты.Ал егістіктен біз астық аламыз.Алған астығымыздың сапасы неғұрлым жоғары болса,одан алған өнім сапасы да соғұрлым жоғары болады.Астық өндірілсе – ауыл шарушылығының ірі саласы.Астықтан ұн,нан,макарон,жарма,тәтті тағамдар сияқты адам баласына ең керекті өнімдер алынады.Астықты жер жүзінің түкпір-түкпіріне тасымалдауға қолайлы,ыстықтан да ,суықтан да қорықпайды.Міне,осыдан барып барлық жер жүзіне кең тарап кеткен.Астық тамақ өнеркәсібінің шикізаты болғандықтан,ол ауыл шаруашылығынан тамақ өнеркәсібіне жақын.Астықтан алынатын ең маңызды өнімдердің бірі  — нан және нан өнімдері.Нан және нан өнімдері тұрғындардың тамақтануында негізгі орын алады.Бұл өнімдері күнделікті қолданылып отырады,сондықтан да тағамдық құндылығы жоғары болып саналады.Нан адамға қажетті минералдық заттардың жетткізушісі.

Нанның құндылығын тек оның химиялық құрамына қарап қоймай,сонымен қатар  оның дәмі,иісі, нанның жұмсақтығы,сыртқы пішініне де қарап бағалайды .

Халқымызды жоғары сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесін шешудің басты жолы алатын шикізаттарды дер кезінде ысырапсыз,шығынсыз,ұтымды,тиімді пайдалану,ал жақсы өмір қозғалысын қамтамасыз ету үшін ортамызды үнемі қажетті энергиямен,яғни белокпен, амин қышқылдарымен, май қышқылдарымен, минералды заттармен, витаминдермен қамтамасыз етіп отыру. Бұл энергия көздері нанда көп кездеседі,және организмге күнделікті түсіп отырады.

Халықты жоғарғы сапалы тағамдармен қамтамасыз ету ең  негізгі кезек күттірмейтін міндет. Сондықтан барлық тағамдар, оның ішінде астық және оны өңдегенде алынатын өнімдер барлық жағынан алға қойылған шартқа сәйкес болу керек. Ол шарт мемлекеттік стандарттарда (ГОСТ-тарда) көрсетілген.Стандарт халық шаруашылығында маңызды орын алады. Сол арқылы халық шаруашылығының барлық салалары бірімен-бірі байланысады .Міне сондықтан мемлекет көлемінде наның сапасы қатаң тексеріледі. Ол тексеру барлық мекемелерге бірдей құжат-стандарт арқылы жүргізіледі.

 Дипломдық жұмыс / 35 бет