Наймандар мен Керейіттердің ұлыстары туралы қазақша реферат
I. Өмір сүрген уақыты: 1213 – 1218 жж.
II. Территориялық аймағы: Орталық Азияның шығысында — Қазақстанға шектесіп жатқан Монғолия аумағында пайда болды.
III. Орталығы:
а) Найман мемлекетінің астанасы Балықты Орхон өзеннің бойында орналасқан .
б) Керейіт мемлекетінің орталығы Битөбе.
IV. Тайпалары: Наймандар мен керейіттер тайпалары.
V. Деректер: а) Қидандардың Ляо әулеті кезеңінде «Ляо-ши» беттерінде «найман» атауы пайда болады, ол цзу-будың батыс тобы деп саналуы мүмкін.
б) Керейіттер туралы алғашқы мәліметтер XI ғасырдың соңғы ширегіне жатады, олардың христиан дінін қабылдауына байланысты айтылады.
г) Деректемелер жалайырлардың, наймандар мен керейіттердің көшіп-қонуын екі түрге белуге мүмкіндік береді. Бір жағынан, азды- көпті үлкен топтар болып кешкен (күрен әдісі) және екінші жағынан, жеке әулеттер оқшауланып немесе шағын бірлестіктер болып көшіп жүрген.
д) Керейіттер туралы алғашқы мәліметтер XI ғасырдың соңғы ширегіне жатады, олардың христиан дінін қабылдауына байланысты айтылады.
VI. Сыртқы саясаты:
а) 1190-1206 жылдары моңғолдармен күрес барысында найман, керей, жалайыр тайпаларының көптеген бөліктері Жетісу мен Ертістің батыс аймақтарына ығысып, қоныстана бастады.
б) 1208 жылы Шыңғысхан Алтайдағы Күшлікхан бастаған наймандарға соққы берді. Бұдан кейін наймандардың бір бөлігі Алтайдан Жетісу жеріне ойысты, ал екінші бір бөлігі Шығыс Қазақстанда қалып қойды.
в) 1211жылы наймандардың басшысы Күшлік хан қарақытайларды жеңді де, қысқы мерзімге болса да Жетісуға өз билігін орнатты.
г) 1218 жылы моңғолдар Жетісу жеріндегі наймандардыталқандап жеңді.
VII. Діни наным-сенімдері: Наймандар мен керейіттерді 11 билеуші тобы ұйғырлардың ықпалымен несториан бағытындағы христиан дінің, ұйғыр жазуын, сондай-ақ мемлекеттіліктің басқа да элементтерін қабылдады