Сонымен, оқушы — музыканттың жалпымузыкалық, тұлға — кәсібилік дамуы оқу процесінде қалыптасады. Оқу процесінде, оның ұйымдастыра білу кезінде даму нәтижесінің көрінісі, жетістігі болып саналады. Ол оқу барысындағы дамушылық нәтижесі, проблеманың шыңы, негізі.
Музыкалық — орындаушылық сыныпта, жалпы мектепте музыкалық оқу дамуының принциптері келесіде:
1) оқу- ілім беру практикасындағы қолданатын материалды көбейту, оқушылардың репертуарын (шығармалар көп болу керек, көркем — стильдің көптігі) көбейту. Көркем — ойшылдық сапасын көтеру;
2) оқу материалының (музыкалық шығармаларды орындау үшін) бір бөліктерін жедел оқыту, ұзақ созылатын орындаушылық класынан бас тарту;
3) музыкалық орындаушылық сабақтарының ұлғайту барысындағы теориялық көлемі, сабақта музыкалық — теориялық және музыкалық орындаушылық класын қолдану;
4) еліктеу тәсілінен бас тарту, орындаушының белсенділігі, өзіндігі, шығармашылық инициативасының басымдылығы. Еркіндік пен тәуелсіздік беру;
5) қазіргі ақпараттық технологияны қолдану (аудио, видео);
6) жас музыкантты «оқыта» оқуға үйрету.