Ізденіс жұмысының арқасында балада музыкалық ырғақ қатынасы ерте қалыптасады (9-10 айда – Б.М.Теплов). Балада музыкалық ырғақ элементі дене қимылынан бастап музыканың ырғақ қысымына қосылады.
Г.А.Ильин: … баланың бірінші музыка туралы түсінігі ырғақтық қабылдауы. 2,5 – 3 жаста бала музыка уақытының теңдігін байқайды, қарапайым ырғақтарды қабылдайды (екі кішкене ұзақтық және бір ұзағырақ ұзақтықты). 3 — 5 жаста әндеткенде ырғақтық қимылмен жүреді. 6 – 7 жаста, біріншіден, музыканың әсерлік (динамикалық) және ырғақтың жағын сезеді, ал әуені мен гармониясын нашар қабылдайды.
Музыкалық-ырғақтық үлгілер жүйесі арқылы музыкалық ырғақ сезімі дамиды және қалыптасады. Олар: екпіні жай, орташа, жылдам. Екпін, метр және ырғақтық сурет – міне, ол музыкалық сипатын білдіреді (6 – 7 жасар балалар).Метр — 2/4, 4/4 және ¾ ырғақ өлшемдер арқылы. Екпіндік сезімі – дыбыс қатарларының жүрісін қабылдау (екпіні жай, орташа, жылдам). Балалардың ырғақтық суретсезімі баяу дамиды, ауырлау. Музыкалық әрекетіндегі басты және тез алда дамуы – ол музыкамен музыкалық жүріс. Музыкалық жүріс – бұл ерекше әрекет, барлық музыкалық қабілет жүйесінің дамуы, алда жүретіні – ырғақ сезімі.
Музыкалық жүріс – халықтық, тұрмыстық, сахналы би және ырғақтық гимнастика мен аэробика т.б.