Психологтар музыкалық қабілетті 150 жылдай зерттеп келеді.
Бірақ та осы күнге дейін әлі біржүйелі көзқарастар жоқ, не оның табиғаты, не оның құрылысы, не негізгі түсініктерінің мазмұны, осы құралдар арқылы психологтардың музыкалық қабілет, дарындылығы дегені не?
Н.А.Римский-Корсаков: … музыкалық қабілетке … ырғақтық және гармониялық есту сезімін жатқызады, бұл саздылығын, күйін есту, екпін мен өлшемді сезінуі, тональдықты сезінуі т.с.с.
Б.М.Теплов: … сазды сезінуі, есту сезімінің қабілеттілігі, ырғақ сезімі.
Америкалық психолог К.Сишор: … қандай да болсын музыкалық қабілеттілік, ол адамның дыбыс биіктігін, бояуын, күштілігін, ұзақтылығын айыра білу қабілеті: биіктікке, бояуына, есту сезімінің әуен мен гармонияны қабылдауы және қандай да болсын дыбыс биіктігінің вариациясын сезінуі.
Неміс психологі Г.Ревеш: … музыкалық қабілет — ол жай ғана есту сезімі, аккордты сезінуі (аккордтың негізгі түрі, оның ауысуы, дыбыс бірлестігін, тональдықты сезінуі), берілген әуенді, таныс әуенді жатқа орындауы, шығармашылық қиялы.
Сондықтан, музыкантта, жай адамда музыкалық қабілеттің психологиялық құрылысының ерекше айырмашылығы болады: музыканттарда – жеке психологиялық функция мен қасиеттерін нәзік те күрделі байланысын сезінуі, сонда жеке тұлғаның көркемдік стилі қалыптасады. Және де музыкалық қабілетінің психологиялық құрылысы нақты музыкалық мамандыққа байланысты (аспасшы, әнші, композитор), музыкалық аспаптың ерекшелігі, нақты кәсіби әрекетінде (жеке, оркестрде). Кім дыбыстың биіктігін жақсы сезеді: скрипкашы, дирижер, сыбызғышы, не пианист пе?
Осы үлгі арқылы музыкалық қабілетінің қарапайым және күрделі түрлері байқалады.
Қарапайым музыкалық қабілет (дыбыс биіктігін сезуі, сазды, ырғақты сезуі) – музыкалық қабылдауды, орындаушылық, әндетудің мүмкіншілігі.
Күрделі музыкалық қабілеттілік – кәсіби музыкалық іс-әрекетінде (композиторлық, орындаушылық), музыкалық форманы сезінуі, стильді байқауы, музыкалық дарындылығы.
Сондықтан айтуға болады – қаншама музыкалық дарынды адамдар, жай ғана музыканы сүйетін адамдар болса, соншама музыкалық қабілетінің құрылымы болады.
Музыкалық қабілет құрылым өтімінің (компенсациясының) 4 түрі бар (дамуы мен адамның қабылдау мүмкіншілігі):
— білім мен икемділік арқылы қалыптасуы (үлгі – парақтан нотаны оқуының дамуы, осы кезде білімділік пен икемділік жаңа психологиялық механизмді құрайды);
— жекеменшік стилі мен әрекетінің тәсілі (баяу оқушы өзінің екпіні арқылы еңбегінің жоғары деңгейінде ұтады (тиянақты, дәл жоспарлауы, бірізділігі, мақсат бағыттылығының әрекеті);
— өтімінің (компенсация) қабылдаушылығы арқылы мүмкін (қабылдауының жылдамдығынан зейінін реттеуі);
музыкалық қабілетінің жеке компонентінің қатысы арқылы болуы мүмкін (бір музыканта гармониялық есту сезімі фактура-гармониялық жағынан, ал басқа музыкантта — әуенділік не сазгармоникалық).