Музыкалық есту сезімі — музыкалық қабілетінің негізі. Ол дыбыс биіктік есту сезімі, оның ішінде тембрлік, динамикалық. Дыбыс биіктік есту сезім бірдауысты әуен болса, оны әуенді дейміз. Сондықтан, баланың әуенді таза алуының қалыптасуы мен дамуы 6 кезеңнен тұрады.
Бірінші — бала жай ғана әннің сөзін бір қалыпты ырғақта айтады, ол берілген әннің ырғағымен сәйкес келсе.
Екінші – бала әуеннің бір-екі дыбысын таниды, сол бір-екі дыбысқа әуенді әндетеді.
Үшінші — әннің жалпы жүрісін таза алуда.
Төртінші – жалпы жүрісіндегі таза алудағы әуеннің кей бөлімдерін таза алады.
Бесінші — әуен таза алынады. Осы бес кезең фортепиано сүйемелдеумен қалыптасады.
Алтыншы – сүйемелдеудің керегі жоқ; бала әуенді сүйемелдеусіз таза орындайды.