Мүліктік емес жеке қатынастың негізгі тобына, біріншіден жеке мүліктік байланысты емес, екіншіден олардың объектілері мүліктік емес жеке құқық жатады. Олар жеке тұлғаның мүліктік емес жеке ізеттілігіне, ботандығы мен құқығына, жасайтын қызметінің түрін таңдауына байланысты туындайды.
Жалпы ереже бойынша азаматтық-құқықтық қорғау құралдарын тек олар бұзылған жағдайда ғана қолданады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 1-бабының 1-тармағына сай мүліктік қатынастар байланысты мүліктік емес жеке қатынас азаматтық құқықпен реттеледі. Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады, жеке мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынас реттелмейді
Бірақ, егер мүліктік емес жеке қатынас азаматтық құқық пәніне жақын болса, онда олар мүліктік қатынас болса да, болмасада да реттелуге міндетті. Бұл ғылымның күші ҚР АК ережелердің жазылуы мен азаматтық заңдардың нормативтік актілеріндегі ережелермен шектелмеу керек. Олардың міндетіне азаматтық құқықпен мүлікті — бағалыжәне мүліктік емес қатынасты айқындау жеткілікті емес, сонымен қатар азаматтық құқық пәнінің бірлігі деп дәлелдеу керек.
Бұл қатынастардың жасалуына байланысты мүлікті – бағалы қатынас осы қатынастың қатысушыларының материалдық игілігі үшін жасалған еңбектерінің саны мен сапасына өзара бағасын болжап көрсетеді.
Мүліктік емес жеке қатынасқа қатысатын қатысушылардың жеке дара қасиеттерін алдын ала болжап баға береді. Барлық қоғамдық қатынастар баға бере алатыны туралы айту қажет, алайда өзара бағалау қабілеті тек қана азаматтық құқығы пәніне жататын қоғамды қатынастарда болады. Адамның кандай да қызметіндегі және қандай субъектілік құрам болса да, бұл болған жалпы белгілерде мүліктік емес жеке және мүлікті-бағалы қатынастар бір бірлік болып табылады
Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастың екі топтың түрін атап көрсетуге болады
- жеке тұлға және субъектінің өз ойын айту формалары
- әлеуметтік бостандығын жүзеге асыру формалары
Бірінші топтағы қатынасқа субъектінің өзінің өміріне, денсаулығына, ар – намысына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне, имиджіне, жеке басты өміріне, күш-жігерінің бостандығына, атына, және т.б деген қызығушылығын жүзеге асыратын қатынастар жатады.
Екінші топтағы қатынасқа қозғалыстың бостандығын жүзеге асыру бойынша, қызметінің түрін таңдау, қоғамдық ұйымдарға қатысу, ғылым, өнер, әдебиет жетістіктерін қолдану, офис, тұрғын үй және басқа да әлеуметтік игіліктердің дербестік қатынастары жатады.
60- жылдары профессор О. А. Красавчиков ұйымдастыру қатынастарын азаматтық-құқықтық пәнінде бөліп көрсету туралы пікірін дәлелдеді. Ғылымда азаматтық қоғамдағы мүліктік және мүліктік емес салаларда мұндай байланысты ешкім жоққа шығарған жоқ, бірақ бұл пікірді заңда орнын анықтай алмады. Бұл жерде ұйымдастыру деген сөздің мағынасы негізгі мүліктік және мүліктік емес қатынасты тәртіпке келтіру мақсатындағы тең субъектілердің қатынасы болып табылады. Олардың көздеген объектілері негізгі қатынастардың орындалуына немесе тоқталуына және пайда болуына жағдай жасау мақсатындағы жасалынатын белгілі бір жұмыс болып табылады. Нақтырақ бірінші топтағы мүліктік емес жеке қатынасқа жататын,яғни, ар- намыс, қадір-қасиет, іскерлік бедел деген қатынастарға тоқталамыз.