Монополия

Монополия және оның түрлері туралы қазақша реферат

Монополия —  бұл  мемлекеттердің,  фирмалардың,  ұйымдардың, сауда жасаушылардың қандай да бір шаруашылық қызметін жүзеге асырудағы айырықша құқығы. Монополияның түрлері:

• табиғи монополия;

• жасанды монополия.

«Монополияның үш негізгі көзі бар: «техникалық түсінік», тікелей және жанамалай үкіметтік қолдау және жеке келісім. Қашан қандай да бір нақты адам немесе кәсіпорын, басқа біреулер билік етуге жол жоқ жерде өз шарттарын қоя аларлықтай жағдайда қандай да бір тауарларды немесе игі қызметтерді бақылай алса, монополия сол кезде бар болып шығады».

Жетілмеген бәсекемен салғастырғанда монополияның өте маңызды нәтижесі болып өнім шығаруды азайту, бағаны көтеру және табысты тұтынушылардан өндірушілерге өткеру саналады.

 Монополиялық бағаның құрылуына қарсы  сондай-ақ, жақсы тұрмыстағы белгілі «таза шығындар» дегенге саяды. Олар тұтынушылар үшін заттың құнынан шығынға ұшырап, бәсеке баға үстінде ол өнімді сатып алар да еді, бірақ монополиялық бағада тауарларды алмастыратын төменгі сапалы заттарды сатып алуға мәжбүр. Монополистер (тағы басқа кімдер болса да) кейбір тұтынушылар үшін бұл шығындардың орнын толтырмайды, өйткені моно-полист өзі шығарған өнімнің санынан табыс таппайды. Қоғам кедейлене түседі, себебі тауарды алмастыратын төменгі сапалы заттарды шығаратын салаға қарағанда, өндірістік ресурстарды өнім санын қысқартатын экономика саласында одан да тиімді пайдалануға болар еді.

Біздің ғасырымыздың 30-шы жылдары Эдуард Чемберлен жасаған монополистік бәсекенің теориясы өзінің мақсаты етіп жетілген бесеке мен монополияның тайталастық күштерін жарастыруды қояды, алайда ол мақсат сөзсіз олардың орташа арифметикасы болып табылмайды. Егер рынок келесі белгілермен сипатталынатын болса, онда монополистік бәсекебар деп саналады:

1. Рынокта сатушылар мен сатып алушылардың көп болуы, мұның үстіне олардың бәрі ұсақсатушылар (немесе сатып алушылар) болып келеді.

2. Барлық сатып алушылар мен сатушылар рыноктагы баға туралы және сатылатын тауарлардың сипаттамалары туралы ең соңғы ақпараттарды біледі.

3.    Рынокқа шығу және одан кетудің толық еркіндігі бар.

4. Сатушылардың   өнімдері   өртекті   болып   келеді.   Сатып алушының көзқарасы тұрғысынан әрбір сатушының өнімі белгілі дәрежеде кез келген басқа сатушының өнімінен аздап болса да өзгешеленеді.

Төртінші белгісі шешуші болып саналады — әрбір өндіруші басқалардан гөрі өзгешелеу, бірақ алмастыруға болатын өнімдерді сатады. Рынокта көптеген сатушылар бар, алайда, олардың әрқайсыларының өнімдері бір-бірінен басқалау және осы қызмет саласында басқа өндірушілердің сатып жатқан өнімдерімен де өзгешелеу болып келеді. Ол фабрика таңбасына қарап немесе басқаша белгі  салу тәсілдерінін арқасында ажыратылады.

Монополистік бәсеке моделіне қарағанда антитрестік заңнама үшін олигополия теориясы өте маңызды болып келеді. Оның негізгі постулаты былай, егер рынок бірнеше сатушылардантұратын болса, онда барлық сатушылар белгілі дәрежеде өздерінің өзара тәуелділіктерін мойындайды. Сол себепті әрбір сатушы шығарылатын өнімнің көлемін және бағасын белгілей отырып рыноктағы өз үлесін ұлгайту мақсатында бағаны төмендетпейді деген сөз, себебі олар өздерімен бәсекелестіктегі сатушылардың да өздеріне дәл солай жауап қатып, бағаны азайтуын күтеді, сонда ғана түскен тауар тез өтетін болады.

Осының нәтижесінде олигополистік сатушылар үйлестіру мен болжалдауға назар тіктейді. Бәсеке бүркемелеу арқылы бағаны төмендетуден (сапаны жақсарту, несие шарты, жеткізіп беру қызметтері арқылы, тіпті болмаса, жасырын ішінара бағаны азайту арқылы) және бағалық емес, бәсекеден, мысалы, өнімдерді бөлшектеу, жарнама және өнім таратуды ынталандырудан көрініс табады. Мұндай бәсеке, алайда, бәсекелестердің қарсы шаралары алдындағы қорқынышқа немесе орташа жиынтық шығындардың өсуіне орай шектелінеді (ол олигополистік үстеме таза табысты бөліп шығарудың мүмкін еместігіне жеткізеді). Монополистің бәсекедегі олигополияның қарама-қайшылығы — бәсекелес сатушылардың көптігінен таза табыс мөлшерлі деңгейге дейін төмендейді, олардың әрқайсылары бәсекелестерінің есебінен рынокта өз үлестерін ұлғайтуға тырысады. Сол себепті фирмалар арасында үйлесу мүмкін емес.

Демек, бір жағынан олигополия арасында, және екінші жағынан, бәсеке мен монополия (тіпті монополиялық бәсеке) арасындағы негізгі теориялық айырмашылық болып, олигополиялық рынок жағдайында баға және өнімдер саны туралы шешім қарсыласыңның қас-қабағын ескере отырып қабылданатын болып табылады. Бәсеке жағдайында істеп жатқан бірде-бір фирма, бірде-бір монополист басқалардың қас-қабақтарын ескермейді, — нақтылы сатушы да өз бәсекелесіне ықпал ете алмайды, ал монополисте күресерліктей жеткілікті қарсылас тіптен жоқ. Басқа жағынан алғанда, олигополистер арасындағы үйлесім жетіле қояр ма екен — олардың шығындарының қисық сызықтары (көрсеткіштері) өзгешеленуі мүмкін, ал тиімдірек жұмыс істейтін фирмаларда шектеулі шығын немесе тіпті одан да жоғары, бірақ «нарықтық» бағадан төмен денгейде өнімдерді өткізуді ұлғайту үшін бағалардың біркелкі төмендеуін іске асыруға салдарлы себептер болуы мүмкін. Олигополия теориясы, олигополия жағдайындағы баға құрылымы мен шығарылатын өнім саны туралы шешім монополия жағдайындағы шешімдермен бірдей, дұрысы, бағалар да, өнім шығару да болжанған бәсекелі және монополистік деңгейлер арасында болады деп күтіледі..

Олигополистерге де және монополистерге де басқа фирмалардың әрекеттері ықпал етеді. Олигополистің баға стратегиясы оның   шығындарымен   ғана   емес,   сонымен   бірге   онын,   бәсекелесінің баға стратегиясын есептеуімен анықталады. Монополистің бағасы оның шығындарымен және монополис тауарына сұранымның қисық сызығымен (көрсеткішінің) анықталынып, ауыстырылатын тауардың бағасымен белгіленеді. Олигополистер мен монополистер арасындағы айырмашылық мынаған саяды: бәсекелес фирмалардың әрекеттері олигополиске ықпал етіп ғана қоймайды, сондай-ақ оның әрекетіне бағынышты да болады. Ситуация өзара тәуелділікпен сипатталынады, ал әрбір олигополистің әрекеттері мен қарсы әрекеттерін алдын ала айту қиын. Жетілген және жетілмеген бәсекелердің негізгі ұғымын оқып, үйренудің антимонополиялық заңнаманы зерттеймін деген заңгерлер үшін өте үлкен мәні бар, себебі ол антимонополиялық саясаттың жеке экономикалық өкіметтің қиянат жасамауын бақылау арқылы тұтынушы тұрмысының әбден жақсартуға көмектесуге болатындығын көрсетеді. Антимонополиялық заңнаманы қолдану бәсекелі рынок жүйесін, ол қалай жұмыс істейді, оған қандай шектеу тән және оны неге қорғау керек деген сауалдарды түсінуді талап етеді.