Мердігерлік шартының жалпы ұғымы және түсінігі дипломдық жұмыс

МАЗМҰНЫ
Кіріспе…3

I. Мердігерлік шартының жалпы ұғымы және түсінігі
1.1 Мердігерлік шартының жалпы ұғымы….6
1.2 Мердігерлік шартының элементтері……8
1.3 Тараптардың құқықтары мен міндеттері….13

II. Мердігерлік шартының жекелеген түрлері
2.1 Тұрмыстық мердігерлік…23
2.2 Құрылыс мердігерлігі……32
2.3 Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарт…..43
2.4 Ғылыми-зерттеу, тәжірибе конструкторлық және технологиялық жұмыстар бойынша мердігерлік..50

Қорытынды….56
Қолданылған әдебиет тізімі……59
Қосымша № 1…..61

Кіріспе

Менің таңдаған дипломдық жұмысымның тақырыбы «Мердігерлік шарты және оның түрлері» деп аталады. Бұл шарт бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 616 б. 1 тармағында көрсетілгендей мердігерлік шарты бойынша бір тарап екінші тараптың тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға белгіленген мерзімге оның нәтижесін тапсырушыға өткізуге міндеттенеді, ал тапсырушы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге міндеттенеді.

Осы дипломдық жұмысымы жазудың басты мақсаты тақырыптың мазмұнын ашу болып тадылады. Ал осы мақсатқа жету үшін алдыма мынадай міндеттерді қойдым: Мердігерлік шартына жалпы түсінік беру оның элементтерін анықтау, тараптардың құқықтары мен міндеттерін ашу осы барлығына ортақ барлық ережелерден кейін мердігерлік шартының мынандай жекелеген түрлеріне тоқталу: біріншісі, тұрмыстық мердігерлік, екіншісі, құрылыс мердігерлігі, үшіншісі жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік, төртіншісі, ғылыми-зерттеу, тәжірибие конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік.

Осы мақсатқа жету үшін мен мынандай авторлардың еңбектерін пайдаландым Басин Ю.Г., Сулейменов М.К., Жайлин Ғ.А., Минс Б.И., Гаврилов Э.П.

Мердігерлік шартының тараптары атқарушы мен тапсырушы болып табылады. Мұнда өтемелі қызмет көрсету шартымен белгілі бір аналогия байқалады. Өтемелі қызмет көрсету шартының пәні-шарт бойынша атқарушы жүзеге асыратын қандай да бір әрекеттер. Өтемелі қызмет көрсету шартының пәні болып заттандырылған көрініс табылмайды. Қызмет көрсетудің нәтижесін реттеу құқықтық маңызға ие емес. Өтемелі қызмет көрсету туралы шарттың мердігерлік шарттаң түбірлі ерекшелігі осында. Соңғысында белгілі бір шамада мердігер қызметінің өзі реттеледі, бірақ негізгі құқықтық маңызға мердігер қызметінің нәтижесі ие болады, ол салынған ғымараттан, жазылған кітаптан, шаштаразға жүгінгенде сәнді бапталған шаштаң және тағы сол сияқтылардан көрініс табуы.

М.В.Кротовтың бір қызмет өтелмелі қызмет көрсету туралы нормалармен және мердігерлік шарт туралы нормаларынан да реттеле алады деген пікірмен келісе алмаймын. Ауызша нысанда берілген аудиторлық фирманың кеңесі қызмет көрсету жөніндегі қатынастармен қамтылады, ал сол аудиторлық фирманың жазбаша қорытындысы мердігерлік шарт туралы нормалармен реттелуге тиіс деген пікір туралы сөз болып отыр. Біріншіден, бұл жерде әртүрлі қатардағы ұғымдар салыстырылып отыр. Кеңес беру-бұл қызмет пәні, ал қорытынды, аудиторлық фирмамен және қорытынды жасайтын кез келген субъектімен, нәтижеге (бастапқы ақпаратты талдау негізінде шығарылған жалпы түйінге) қол жеткізу жүргізілетін болғандықтан, мердігерлік шарттың пәні екені айқын. Қандай қорытындылар жасалғаны, жүргізілген талдау мен жалпылау деңгейінің қандай екені аса зор маңызға ие және ол мердігер қызметінің соңғы нәтижесі ретінде бекітіледі.

Мердігерлікке арналған нормалар,  көбінесе  Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (616-683-6) ұсынылып келеді. Олан басқа Қазақстан Республикасында халыққа тұрмыстық, қызмет ету,  Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік комитетінің  22.09.І996ж.  №9/7-қаулысымен бекітілген, құнды және антимонопольды саясат туралы тәртіптерінде қолданылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін Ерекше бөлімін қабылданғаннан кейін құрылыс аясында мердігерік қатынастарда бұрын қолданған, Қазақстан Республикасының Құрылыс министрлігінің 3 наурыз, 1994. №5-5 өкімімен бекітілген, Қазақстан Рсспубликасының күрделі құрылыста мердігерлік шарттарының уақытша тәртіптері, Қазақстан Республикасының Құрылыс министрлігінің 30.06.1994ж. №7-5-Қаулысымен бекітілген, бас мердігерлердің ұйымдарының қосалқы мердігерлік қатынастарымен өзара қатынастарының ережелері күшін жойды.

Мердігерлік шарты бойынша белгілі жұмысты орындауға міндеттенетін тұлға, көбінесе кәсіпкерлік қызметінің субъектісі, жеке тұлға немесе жеке кәсіпкер,  коммерциялық заңды тұлға. Бip peтті  (жүйелі емес) негізде мердігерлік жұмысты кез келген әрекет қабілеттілігі бар жеке тұлға атқара алады. Кейбір жағдайларда. Лицензиялау туралы «17.04.1995ж. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес,  (содан кейінгі өзгерістер мен және толықтырулармен) мердігерлердің қызметі лицензиялануы тиіс. Мысалы, жобалау-іздестіру, құрылыс-монтаждық, жұмыстары ж.б. лицензиялануы керек.

Кейбір жұмыстарды орындау үшін арнайы дағды, дәрежелі мамандық қажет.  Сондықтан мердігер, мердігерлік шартты жалпы жасап, шартты орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл мердігер болып заңды да және жеке де тұлғалар қатысатын мердігерлік шарттарында мүмкін.

Бүкіл жұмыстың мөлшерін орындауға алғашқы шарт жасаған және басқа  тұлғаларды тартқан тұлға бас мердігер деп аталады (Қазақстан  Республикасының Азаматтық кодексінің 619-6. 1-тармағы). Тартылған тұлға (тұлғалар) қосалқы мердігер болып табылады. Алғашқы мердігер оның алдында тапсырысшы бола ды.  Жалпы тәртіп  бойынша қосалқы мердігерлік шартты жасауға тапсырысшысының келісімінің керегі жоқ. Бас мердігер тапсырысшысының алдында мердігерлік  шартының толығынан орындалуына  жауапты болады.

Бас мердігердің келісімімен, тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға  үшінші тұлғалармен шарт жасасуға құқылы. Мердігердің келісімі барлық жұмыс орындайтын тұлғалардың іс әрекеттерін үйлесіру қажет болғасын талап етіледі, болмаса бас мердігердің құқықтары мен мүдделері тікелей немесе жанама зиян шегуі мүмкін. Алғашқы мердігер және үшінші тұлға тапсырысшысының алдында іс жүзінде ортақ (немесе үлесті) борышкерлер болып келеді, себебі олардың жасаған барлық әрекеттеріне (орындаған жұмыстарына) жұмыстың ақырғы нәтижсі де байланысты болады. Құқықтық мағынада әрине, олар бөлек, бір-біріне байланысты (тәуелді) емес құқықтық қатынастардың субъектілері, өйткені олардың әрқайсысымен бөлек (дербес) мердігерлік шарттары жасалады.

 Дипломдық жұмыс / 63 бет