Мемлекеттік сектор курстық жұмыс

Мазмұны

Кіріспе ……..4
1 тарау Мемлекеттік сектордың экономикалық саясатты жүргізу құралы ретінде теориялық негізделуі.
1.1 Экономикалық жүйедегі мемлекеттік сектордың орны және рөлі ………7
1.2 Мемлекеттік саясатты жүргізуде мемлекеттік сектор объект ретінде……20
2 тарау Қазақстан Республикасының мемлекеттік секторы нарық экономика жағдайында.
2.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік секторын қазіргі замандағы талдау……31
2.2 Қазақстан Республикасында мемлекеттік секторды басқару……..39
2.3 Қазақстан Республикасында мемлекеттік секторды тиімді пайдалану облысында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары….52
3 тарау Қазақстан Республикасының мемлекеттік секторын дамытудың мәселелері мен даму жолдары.
3.1 Қазақстанда мемлекеттік секторды басқару стратегиясы…….57
3.2 Мемлекеттік сектор объектілерінің қызметін басқару тиімділігін жетілдіру жолдары…..65
Қорытынды…….72
Қолданылған әдебиет тізімі……..76

Кіріспе

Қазақстанда соңғы онжылдықта болған экономикадағы түбегейлі өзгертулер шарттарында мемлекеттік меншікті қалыптасу мен дамыту мәселелері ерекше ғылыми-теориялық құндылығы мен практикалық мағынасына ие болды. Сондықтан нарықтық экономика жағдайындағы ғылыми негіздердің, бағыттарының тенденцияларын және мемлекеттік меншікті  дамыту мен қызмет етуінің түрлерін  жетілдіруі, және де  мемлекеттік секторды экономикалық саясатты жоспарлаудың объектісі мен мен құралы ретінде қарастыруы өте өзекті  мәселе және маңызды теориялық және практикалық мәнге ие. Осының бәрі зерттеудің өзектілігін анықтап, осы тақырыпты таңдауыма негіз болды.

Зерттеудің мақсаты экономикалық саясатты жоспарлаудың объектісі мен құралы ретіндегі мемлекеттік секторды дамыту және қызметтелунің теориялық және практикалық негізделуі және Қазақстан Республикасында экономикалық саясатты болашақта дамытудың нақты-практикалық ұсыныстарды жасау болып табылады. Осы мақсат келесі мәселелерді шешуде нақтыланады:

— нарық экономика жағдайындағы мемлекеттік меншігінің маңызы мен объективті қажеттілікті көрсету;

— Қазақстан Республикасында мемлекеттік секторды болашақта дамыту үшін жаратымды тәжірибені қолдану мақсатында экономикалық дамыған және постсоциалистік елдердің мемлекеттік сектордың дамуы және қалыптасу тәжірибесін зерттеу;

— Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сектордың қазіргі жағдайына және қызметтелуінің тенденцияларына анализ жасау;

— Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншіктің қызметтелуінің негізгі ұйымдастыру формаларын зерттеу;

— Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншікті  болашақта дамытудың ұсыныстарын жасау.

Мемлекеттік сектордың қызметтелуі мен дамуымен байланысты ұйымдастыру-экономикалық қатынас зерттеудің заты болып табылады.

Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасының экономикасының мемлекеттік секторы болып табылады.

Қазақстан Республикасының экономикасында, басқа да постсоциалистік елдерде сияқты, 90 ж. басынан бастап нарық экономикасына көшу басталды. Қазіргі кезде республикамызда көшу кезеңі негізінде аяқталды, және экономика нарық қатынастар принциптерінде қызмет жасайды.

Нарық экономикасының негізі, бізге белгілі, жеке меншік Институты болып табылады. Сондықтан да нарық экономикасына көшу кезеңінің басынан бастап мемлекеттің да, басқа да зерттеушілердің нарық экономикасының негізі ретінде жеке меншіктің қалыптасуы мен ұйымдастыруына негізгі назары аударылды. Өз кезегінде жеке меншіктің қалыптасуының және қалыптастырудың негізі және жекешелендіру болып табылады. Олар мемлекеттік басқару органдарының да, ғылыми ұйымдардың да негізгі назарында бола алмады.

Осындай жағдайда мемлекеттік меншіктің сақталуы, қызмет етуі және дамуы екінші орында қалып қояды. Бірақ та экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, бұл елдерде 15-20% мемлекеттік меншігіне келеді. Ал біздің республикамызда соңғы жылдары ғана  үкімет мемлекет меншігінің қызмет етуінің тиімділігі, оны басқарудың жетілдіру формалары туралы сұрақтарды көтеріп, оның тиімділігін жоғарлату кейбір жолдарына назар аудара бастады.

Зерттеудің теориялық және методологиялық негізі экономика ғылымының отандық және шетелдік өкілдерінің еңбектері, заңды және басқа да нормативті актілер, Қазақстан Республикасының Президент жарлықтары мен үкімет қаулылары, республикамыздағы мемлекеттік меншікті ұйымдастыру мен дамыту туралы басқа да бағдарламалық іс-құжаттар болып табылады. Дипломдық жұмыста қолданылған деректер ҚР статистикалық агенттігінің статистикалық мәліметтері, Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінің  және жекешелендіру комитетінің және басқа да басқару органдарының мәліметтері, периодикалық басылымдардың мәліметтері, сонымен қатар экономикалық анализдердің жаңа заманғы статистикалық, монографиялық және графикалық әдістерін қолдану көмегімен алынған зерттеу нәтижелері қолданылды.

 Дипломдық жұмыс / 76 бет