Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

Сараптама жасау ұйымына беру шартын тіркеу үшін белгіленген нысан бойынша өтініш беріледі. Өтінішке қосымша: беру шартының түпнұсқасы мұқаба бетімен төрт данада. Шарттың әрбір данасы тігіледі, қағаз пломбасымен бекітіледі, оған тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалады, мөр бедерлемесі мен екі тараптың уәкілетті етілген тұлғаларының немесе өтініш берушінің қолдары қойылады. Шарттың әрбір парағы екі тараптың уәкілетті өкілдерімен қол қойылуы керек.
Беру шартының орнына шарттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері немесе құқықты беру фактісін қамтып көрсететін шарттан алынған нотариалды куәландырылған үзінді беріле алынады;
мұрагерлік құқығын немесе құқықтық мирасқорлығын растайтын құжаттың көшірмесі; өтінішті патенттік сенім білдіруші немесе өзге өкіл арқылы берген жағдайда, сенімхат; белгіленген мөлшерде тиісті төлемді растайтын құжат; қорғау құжаты иесінің басқару органының немесе шарттарды бекіту және оған атқарушы орган басшысының қолын қою құзырлығын беру жөніндегі құрылтайшылар немесе акционерлердің ерекше құқығының жалпы жиналысының шешімі қоса беріледі. Қорғау құжаттарды алу құқығын өзгеге беру шарттарды тіркеу туралы өтініш белгіленген нысан бойынша беріледі. Өтінішке: қорғау құжаттың алуға құқығын өзгеге беру шартының түпнұсқасы екі тарапымен қол қойылған, бар қосымша келісім мұқаба бетімен төрт данада. Шарттың әрбір данасы тігіледі, қағаз пломбасымен бекітіледі, оған тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалады, мөр бедерлемесі мен екі тараптың уәкілетті етілген тұлғаларының немесе өтініш берушінің қолдары қойылады. Шарттың әрбір парағы екі тараптың уәкілетті өкілдерімен қол қойылуы керек.
Беру шарттардың түпнұсқасы орнына олардың нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылуы мүмкін; мұрагерлік құқығын немесе құқықтық мирасқорлығы құқығын растайтын — құжат көшірмесі; өтінішті патенттік сенім білдіруші немесе өзге өкіл арқылы берген жағдайда — сенімхат;
белгіленген мөлшерде тиісті төлемді растайтын құжат.
Ерекше құқықтарын ішінара басқаға беру шарттарды тіркеу туралы өтініш белгіленген нысан бойынша беріледі. Өтінішке:
ерекше құқықтарын ішінара басқаға беру шартының түпнұсқасы екі тарапымен қол қойылған, бар қосымша келісім мұқаба бетімен төрт данада. Шарттың әрбір данасы тігіледі, қағаз пломбасымен бекітіледі, оған тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалады, мөр бедерлемесі мен екі тараптың уәкілетті етілген тұлғаларының немесе өтініш берушінің қолдары қойылады. Шарттың әрбір парағы екі тараптың уәкілетті өкілдерімен қол қойылуы керек. Беру шарттарының түпнұсқасының орнына олардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі ұсынылуы мүмкін.
мұрагерлік құқығын немесе құқықтық мирасқорлығы құқығын растайтын — құжат көшірмесі; өтінішті патенттік сенім білдіруші немесе өзге өкіл арқылы берген жағдайда — сенімхат; белгіленген мөлшерде тиісті төлемді растайтын құжат. ерекше құқықты ішінара беру туралы шартты жасасу мәселелері бойынша қорғау құжаты иесінің басқару органының немесе құрылтайшылар немесе акционерлер жалпы отырысының шешімі.
13. Ерекше құқықты беру шарттарын тіркеу туралы өтінімдердің белгіленген нысандарын Астана қаласы, Сол жағалау, Министрліктер үйі, В-блогы Сараптама жасау ұйымы мекен-жайы бойынша ұсынылады.
14. Құжаттар (өтініштер мен басқа да құжаттар) қабылдауды сараптама жасау ұйымының қызметкерлері жүзеге асырады.
15. Өтініш берушіге оның құжаттарын қабылдағандығы жөнінде (өтініш пен басқа да құжаттар) құжат берілмейді.
16. Тіркелген өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға ерекше құқықты беру туралы шарттар иелеріне жеке беріледі немесе тапсырыстық почта жөнелтілімі арқылы жіберіледі.
17. Шартты тіркеуге кедергі жасайтын, бірақ бұл кедергілерді жоюға болатын негіздер:
соған қатысты шарт жасалатын патентке арналған ерекше құқықтың қолданылуының тоқтауы;
күште қалуына төлемдер жүргізілмеген және төлемнің жеңілдік мерзіміндегі қорғау құжаттары (6 айдан аспағанда);
Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген негiздердiң, сондай-ақ соған қатысты шарт жасалатын ерекше құқықтан қалыс қалуға кедергi келтiретiн, бұрын жасалған шарт бойынша қабылданған мiндеттемелердiң болуы;
шартта Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға қайшы келетiн ережелердiң болуы болып табылады; Шартты тіркеуден бас тарту негіздемелері: соған қатысты шарт жасалатын алдын ала патентке, инновациялық патент немесе тауар таңбасына ерекше құқықтың қолданылуының тоқтауы; қызмет көрсету таңбасы, тауар таңбасына ерекше құқықтарын басқаға берумен байланысты тауар және оны шығарушысына қатысты тұтынушыны жаңылыстыруы мүмкін болған жағдай;
ұсынысқа уақытылы жауап бермеген жағдай;
жауапта барлық қажетті мәліметтер мен құжаттардың жоқтығы болып табылады.