Материалдық ресурстар туралы қазақша реферат
Кәсіпорындардың құрамына мынадай ресурстар кіреді:
- Техникалық ресурстар (өндірістік жабдықтар, керек-жарақтар, қосымша материалдар және тағы да басқа.).
- Технологиялық ресурстар (технологиялық әдістердің қозғалыста болатындығы, бәсекеге қабілетті идеялардың болуы және т.б.);
- Кадрлар ресурстары (жұмыскерлердің біліктілік, демографиялық құрамы және т.б.);
- Алқаптық ресурстар (пространственные) (өндірістік жайлардың, кәсіпорындар аумағының, коммуникациясының, кеңейту мүмкіндігінің сипаты және т.б.);
- Ақпараттық ресурстар (кәсіпорынның өзі туралы және сыртқы ортасы туралы қолда бар ақпараттардың сипаты, олардың анықтығын, дәлдігін арттырудың мүмкіндігі);
- Қаржы ресурстары (активтердің жағдайы, өтімділігі, несиелік жолдардың болуы және т.б.).
Осы аталған ресурс түрлерінің әрқайсысы кәсіпорындардың мақсаттарына жету мүмкіндігінің жиынтығы. Кәсіпорындар қызметінің мазмұны мен сипаты оның дамуының сыртқы және ішкі жағдайларымен анықталады. Сыртқы жағдайларға мыналар жатады: шаруашылық жүргізудің (басқарудың) қабылданған жүйесі (нарықтық, орталықтандырылған – жоспарлы, аралас), оның құқықтық (заңдық) негізі, мемлекеттік реттеу дәрежесі.
Ішкі факторлар өзінің әсер ету сипаты бойынша едәуір көп, кәсіпорындардың қызметіне ықпал ету дәрежесі бойынша оларды үш топқа бөлуге болады:
- Өндірісті ресурстармен қамтамасыз ету факторлары. Оларға өндіргіш факторлар жатады (үйлер, құрылыс ғұмараттары, жабдықтар, транспорт құралдары, шикізат, отын материалдары, электр энергиясы, жұмыс күші және т.б.);
- Экономикалық дамудың, еңбек пен өндірісті ұйымдастырудың, біліктілікті арттырудың, инновацияның керекті деңгейін қамтамасыз ететін факторлар;
- Кәсіпорындардың өндірістік-шаруашылық қызметінің коммерциялық тиімділігін қамтамасыз ететін факторлар (маркетинг, жарнама және т.б.).
Кәсіпорындар жұмысының нәтижелілігі айтарлықтай дәрежеде олардың шикізатпен және материалдармен немесе материалдық ресурстармен қаншалықты қамтамасыз етілгеніне байланысты.
Барлық материалдық ресурстар шартты түрде шикізаттық және отын-энергетикалық деп бөлінеді. Шикізаттық ресурстар өнеркәсіптік өнімдерді өндіру үшін пайдаланатын еңбек заттарының жиынтығы болып саналады.
Шикізатты оны өндіруге және қайта өңдеуге шығындалған, және оның әсерінен белгілі бір өзгерістер жасалған қандай да бір еңбек нысаны деп түсінуге болады.
Шикізатқа әдетте өндіруші өнеркәсіптердің өнімдерін (кен, мұнай, құм, ұсақ тас) және ауылшаруашылық өнімдерін (астық, картоп, қызылша) жатқызады, ал материалдарға — өңдеуші өнеркәсіптердің өнімдерін (күкіртті және түсті металлдар, цемент, ұн, жіп) жатқызады.
Негізгі және қосалқы материалдар болып бөлінеді. Негізгі деп табиғи түрде дайын өнімнің құрамына кіріп, оның материалдық негізін құрайтын материалдарды атайды. Қосалқы материалдар дайын өнімнің құрамына кірмейді, тек оның түзілуіне мүмкіндік туғызады.
Отын мен энергия өздерінің экономикалық табиғатында қосалқы материалдарға жатады, алайда маңыздылығының күшіне қарай олар ресурстардың дербес тобына бөлінеді. Потенциалдық және нақты отын-энергетика ресурстары (ОЭР) болып бөлінеді, потенциалдық ОЭР – бұл тұтастай республикада, сонда немесе басқа бір экономикалық ауданда, бар барлық отын мен энергия түрлері запастарының көлемі.
Нақты (ОЭР) отын-энергетика ресурстары кең мағынада – бұл ел экономикасында пайдаланылатын барлық энергия түрлерінің жиынтығы. Ал неғұрлым «тар» мағынада отын-энергетика ресурстары деп мыналарды түсінуге болады:
- Табиғи отын-энергетика ресурстары (табиғи отын) көмір, тақта тас (сланец), тарф (шым тезек), мұнай, жер асты газы, ағаш отын, табиғи механикалық энергия; табиғи отын көздері – күн, жер асты нары және термальды сулар;
- Отындарды өңдеу арқылы алынған өнімдер (кокс, брикеттер, мұнай өнімдері, жасанды газдар, байытылған көмір, оның қалдықтары және т.б.);
- Негізінен технологиялық процесстер кезінде алынатын екінші энергетикалық ресурстар (отын қалдықтары, жанатын және ыстық газдар, өңделген газ, өндіріс өнімдерінің физикалық жылуы және т.б.).
Халық шаруашылығы тұтынатын барлық шикізат түрлері экономикалық тұрғыдан алғанда, екі үлкен топқа бөлінеді:
- Өнеркәсіпте өндірілетін және ең алдымен ауыр индустрия салалары тұтынатын өнеркәсіп шикізаты;
- Ауылшаруашылығы салаларында өндірілетін және негізінде жеңіл тамақ өнеркәсібі тұтынатын ауылшаруашылық шикізаты.
Өнеркәсіп шикізаты, өз кезегінде, екі шағын топқа бөлінеді:
минералдардан түзілген шикізат (минералдық шикізат), яғни жер қыртысынан (қойнауынан) алынған шикізат;
жасанды шикізат, яғни жасанды жолмен алынған шикізат, материалдар, минералдардан түзілген (пайда болған) табиғи шикізаттың ең көп түрі бар тобы. Ол өнеркәсіптің минералдық шикізат базасын құрайды және қара, түсті металлургия, отын және электр энергетикасы, т.б. өнеркәсіптің негізгі салаларының дамуын анықтайды. Өнеркәсіптің минералдық шикізат базасы – бұл геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде анықталған жер қойнауындағы минералдық шикізаттар ресурстары. Сөйтіп, минералдың шикізат базасының негізі болып анықталған пайдалы қазбалар кен орындары табылады.
Ғылыми мен техниканың қазіргідей дамыған деңгейінде жер қойнауынан мейлінше тиімді өндіріліп алынған және өнеркәсіптік өндірісте пайдаланылған минералдық шикізат ресурстары пайдалы қазбалар деп аталады.
Өнеркәсіпте пайдаланылатын пайдалы қазбаларды үш топқа бөлуге болады:
- Жаңғыш пайдалы қазбалар (көмір, жаңғыш тақта тастар, шым тезек, мұнай, табиғи газ);
- Минералды пайдалы қазбалар (қара, түсті, бағалы және сирек металлдар);
- Металл емес пайдалы қазбалар (химия өнеркәсібіне арналған шикізат, құрылыс материалдары, қара металлургияға арналған металл емес шикізат).
Экономикалық тұрғыдан алғанда кез келген кен орны ең алдымен
пайдалы қазбалардың сапасымен және оның запас қорымен сипатталады. Барланған және зерттелген дәрежесі бойынша пайдалы қазбалар кен орындарындағы запастар үш категорияға (санатқа) бөлінеді:
А – анықталған запастар
В – ықтимал запастар
С – болуы мүмкін запастар
А категориялы запастар – бұлар толығымен зерттелген, барланған және өндіруге дайындалған, олар кәсіпорынның пайдаға асыру жұмыстарына (эксплуатациялық), сондай-ақ кәсіпорынды жобалау және құрылысын салу жұмыстарына арналған.
В категориялы запастар – бұлар геологиялық зерттеулерге негізделген, біршама барланған және тау кені орындарымен, бұрғылау скважиналарымен картаға түсірілген. Олар тау кен кәсіпорындарының жүрделі құрылыстарын жобалауға негіз ретінде алынуы мүмкін.
С категориялы запастар аз зерттелген, геологиялық барлау жұмыстарын мұқият жүргізудің көмегімен анықтауды қажет етеді, олар тау кен өнеркәсібін дамытудың перспективалық жоспарын жасауға және геологиялық барлау жұмыстарын жоспарлауға пайдаланылады.
Сонымен қатар, пайдалы қазбалар кен орындарының запастары үш топқа бөлінеді: геологиялық және өнеркәсіптік. Өз кезегінде геологиялық запастар баланстық және баланстан тыс болып бөлінеді.
Баланстық запастар – ғылым мен техниканың қазіргі даму деңгейінде жер қойнауынан жеткілікті дәрежеде тиімді өндіріліп алынатын запастар.
Баланстан тыс – ғылым мен техниканың қазіргі даму деңгейінде экономикалық тұрғыдан алғанда жер қойнауынан қазып алу тиімсіз болатын запастар.
Өнеркәсіптік запастар – бұлар эксплуатациялық немесе жобалық шығындарды алып тастағандағы баланстық запастар. Эксплуатациялық шығындар неғұрлым аз болса, баланстық запастар соғұрлым көп шығарылады, пайдалы қазбалар кен орны соншалықты тиімді пайдаланылатын болады.
Пайдалы қазбалардың кез келген кен орнының экономикалық маңызы болады. Ең үздігін анықтау үшін оларға экономикалық бағалау жүргізіледі. Оның алдында геологиялық және технологиялық бағалау жасалады.
Геологиялық бағалауға кен орны туралы жалпы мәліметтер, ауданның геологиялық сипаттамасы және кен орнының геологиялық құрылысы кіреді.
Геологиялық бағалау негізінде геологиялық запастар, пайдалы қазбалардың сапасы, кен орнының орналасуының геологиялық жағдайы, кен шығатын орынның тереңдігі, топырақ қабатының қуаты және басқалар анықталады.
Технологиялық бағалау кен шығатын орынның технологиялық мүмкіндігін, қазбалардың өндіруге болатын көлемін, аршу, дайындау әдістерін анықтау үшін және т.б. жасалады.
Кен орындарына экономикалық бағалау геологиялық және технологиялық бағалау мәліметтерінің негізінде жасалады және сол немесе басқа кен орнын пайдалану кезінде мынадай көрсеткіштер анықталады:
— жалпы және үлестік күрделі қаржылар;
— өнімді өндіруге, байытуға және сатуға жұмсалатын шығындар;
— түсімділік (пайдалылық) индексі;
— еңбек өнімділігі;
— пайда және рентабельдік (тиімділік);
— өзін анықтау мерзімі;
— таза дисконтталған табыс (вексель есепке алынған кіріс).
Түрі мен құрылымы бойынша пайда болуына және пайдалану
мүмкіндігіне қарай, пайдалы қолданылуының салаларына және мерзіміне және ұдайы өндірілуіне қарай шикізат базасы потенциалды және пайдаланылатын, биологиялық, литосфералық, гидрологиялық және атмосфералық, минералдық және биохимиялық, бірінші және екінші, отындық шикізат базасы және импортталатын шикізат, қысқа -, орта -, және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Шикізат базасы және оның құрамдас бөліктері 1 — суретте ықшамдалған түрде берілді.
Потенциалды шикізат базасына жер қойнауының байлығы және оларды пайдаланудың технологиялық мүмкіндіктері мен қажетті қуаты әлі де анықталмаған немесе жоқ болған қоршаған ортадағы ресурстар жатады. Оның құрамына өнеркәсіптік, қоғамдық және жеке пайдаланудан қалған, ештеме дайындалмайтын қалдықтар кіреді, себебі оларды пайдаланудың өндірістік әдістері жоқ.
Тұтыну қасиеті және пайда болу ортасы бойынша барлық табиғи шикізаттардың түрлері және ауыл шаруашылығының (егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы, шабындық өсіру мен омарта шаруашылығы), орман шаруашылығының сығынды өнімдері, сондай-ақ өзен және теңіздегі балық шаруашылығы өнімдері биохимиялық шикізат базасына жатады.
Кен және кен емес қазба байлықтар литосфералық шикізат базасын түзейді (құрайды). Жер астындағы және жер бетіндегі, ішкі және теңіз сулары, сондай-ақ ауа мен оның заттық құрамдас бөлшектері минералдық шикізат базасының құрамына кіреді. Пайда болуына байланысты шикізаттарды (өндіру, өңдеу және қалдықтарды дайындау) бірінші және екінші (қайталама) шикізат базалары деп бөлуге болады, өңдеуші кәсіпорындар аталған классификациядағы шикізаттар мен материалдардың барлық түрлерін пайдаланады.
Шикізаттар экономикалық мақсаты бойынша (еңбек түріне, дайын өнім), өндірісітк процесстегі ролі бойынша (негізгі, қосалқы), алу әдісі бойынша (өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық және басқалар), өндіру мезгілі бойынша (маусымдық, маусымдық емес) бір жүйеге келтіріледі.
Сонымен қоса, өңдейтін кәсіпорынға түсетін шикізат бірінші және екінші шикізат ресурстарына бөлінеді.