Мал шаруашылығындағы жағдай туралы қазақша реферат
Шаруашылық санатының барлық түріндегі ірі қараның саны 1990 жылғы 9.752,2 мыңнан 2000 жылы 4.106,6 мыңға, яғни 2,4 есеге дейін азайды. Республика бойынша ірі қараның саны 1998 жылға дейін кеми келіп, осы жылдың аяғында 39.57,9 мың ғана болды. Одан кейінгі жылдары малдың бұл түлігінің саны көбейіп келеді. Ірі қараның саны әсіресе Солтүстік Қазақстан облысында қатты азайып кетті, мұнда 1990 жылғы 1.410,4 мың малдан 2000 жылы 297,5 мың ғана қалды, Павлодар облысында 765,7 мыңнан 242,5 мың ғана, Қостанай облысында 1.447,4 мыңнан 431 мың ғана мал қалды. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақмола облыстарында малдың бұл түлігі көбірек сақталып қалды деуге болады. 1999 жылы республика бойынша 3.368 мың сиыр болса, 2000 жылы одан 2.014,7 мыңы ғана қалды. Сиырдың саны Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты кеміп кетті.
1990 жылы Республикада 35.660,5 мың қой мен ешкі болса, 2000 жылы содан 9.981,1 мыңы ғана қалды, яғни 3,6 есе кеміп кетті. Қой мен ешкінің саны, әсіресе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облысында 5.533,6 мың, Оңтүстік Қазақстан облысында 4.074,7 мың, Жамбыл облысында 3.631,3 мың, демек, осы төрт облыста ғана 19.727,1 мың қой мен ешкінің 55,3 пайызы болған еді, 2000 жылы Алматы облысында 2.233,1 мың, Шығыс Қазақстан облысында 1017,0 мың, Оңтүстік Қазақстан облысында 1.903,2 мың, Жамбыл облысында 1.071,6 мың, демек төртеуінде 6.224,9 мың ғана қой мен ешкі қалыпты, Бұл республикадағы қой мен ешкінің 62,4 пайызы. Республикада қой мен ешкінің санының кемуі 1998 жылы тоқтап, одан бері өсу басталды. Бірақ Атырау мен Батыс Қазақстан облысында қой санының кемуі әлі де тоқталған жоқ.
1990 жылы 35,6 миллион қой мен ешкінің 29,2 миллионы кеңшарлар мен ұжымшарларда, 6,4 миллионы жұрттың қолында болды. 2000 жылы – 950 мың қой мен ешкі ауыл шаруашылық кәсіпорындарында, 840 мыңы шаруа (фермер) қожалықтарында, 8,191 мыңы яғни барлық қой мен ешкінің 82 пайызы жұрт шаруашылығында.
Республикада 1990 жылы 3.223,8 мың шошқа болса, 2000 жылы одан 1.076 мыңы ғана қалды, яғни 3 еседей азайған. Шошқа саны 1997 жылы 879 мыңға дейін азайып , одан бергі үш жылда тұрақты өсіп келеді. Атырау мен Батыс Қазақстан облысынан басқаларында шошқа санының азаюы тоқтап, өсу басталды. Шошқа саны Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты кеміп кетті.Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында шошқа көбірек сақталды деуге болады. 1900 жылы шошқаның көп өсірген облыстарға: Солтүстік Қазақстан (651,6 мың), Ақмола (634,8), Қостанай (405,6 мың), Шығыс Қазақстан (390,8 мың), Алматы (310,2 мың) облыстарын жатқызуға болатын еді. Олардағы шошқа саны республикадағы барлық шошқаның 74,2 пайызы еді. Бүгінде шошқасы көп облыстар деп Қостанай (221,1 мың), Солтүстік Қазақстан (175,7 мың), Ақмола (168,2 мың) және Алматы облысын (122,9 мың) атауға болады, бұл 4 облыста 687,9 мың, яғни барлық шошқаның 63,9 пайызы бар.
1990 жылы республикада 1.626,3 мың жылқы болса, 2000 жылы одан 976,0 мыңы ғана қалды, яғни 1,7 есе азайды. Түйенің саны осы жылдары 143 мыңнан 98,2 мыңға дейін, 1,5 есе азайды.