Мақта шаруашылығының Республика экономикасында алатын орны

Қазақстанның оңтүстігінде өсетін ауыл шаруашылығының негізгі дақылдарының бірі – мақта. Мақтаның халық шаруашалығында алатын маңызы орасан зор. Қазіргі адамзат қоғамына астық пен металл қандай қажет болса, мақта да сондай қажет болып отыр.

Оңтүстік Қазақстан – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жөнінен республикадағы ең ірі өңірдің бірі болып табылады. Мұнда мақта өсіруші шаруашылықтар табысының негізгі көзі болып табылатын мақта егістері шоғырланған. Соңғы жылдары мақта талшығы еліміздің маңызды экспорттық тауарына айналды. Сонымен қатар ол өсімдік майына деген сұранысты толықтырудың маңызды қоры болып табылады. Сондықтанда Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2001-2003 жж. Арналған мемлекеттік бағдарламасында: “өсімдік майы мен қант тапшылығын жою және нарық жағдайында мақта талшығы жағдайында, өндірісті ұлғайту үшін майлы дақылдар, қант қызылшасы және мақта өнімділігін арттыру қажет”-деп көрсетілген.

Мақта мәдени өсімдіктердің ішіндегі ең бағалы дақыл болып табылады. Біздің елімізде ол халық шаруашылығы үшін өндіріледі. Бұл өсімдіктің, сабағынан әр түрлі өнім алуға болады. Бір түр мақта орта есеппен 33% шитті мақта, 22% жапырақ, 24% сабақ, 12% шикі көсек және 9% тамыр береді.

Мақта шаруашылығының негізгі өнімі – шитті мақта. Оны халық “ақ алтын” деп атайды. Шитті мақтаны заводтарда тазалағанда салмағының  бөлегіндей талшық  бөлегіндей тамыр береді.

Мақта талшығы ең алдымен мата тоқуға және жіп иіруге жұмсалады. Киім тігу мен тұрмыс қажетін өтеудің сыртында соңғы кездерде химияның көмегімен оттан қорғайтын, су өткізбейтін, қышқылға төзімді материалдар, кирза және басқа да бұйымдар жасалады. Сонымен қатар мақта талшығынан автомобиль және авиация өнеркәсібі үшін техникалық маталар тоқылады.

Талшықтан неше түрлі заттар, әр түрлі ваталар, мақта целлюлозасын,жасанды тері, фибра т.б. алуға болады. Мақтаның әрбір центнерінен (мақтаның сортына қарай) орта есеппен 34-33 кг таза талшық және 62-66 кг тұқым алынады.

Мақта талшығын және басқа бөліктерін химиялық жолмен өңдеу арқылы жоғарыда аталған бұйымдардан басқа сынбайтын әйнек, фотопленка, каллойдтар, лактар, қағаз, пироксилин, сірке және лимон қышқылын, сондай-ақ т.б. көптеген өнім алуға болады яғни, 700-ден астам бұйым жасалады. 100 кг талшықтан 2000 м барқыт немесе 1200 м сиса, 2 болмаса, 500 м бөз тоқылады.

Мақтаның түбіті – оның сапасыз талшығы деп есептеледі. Түбіттің құрамында 90-91% целлюлоза, 1,5-2,0% метазон, 2-3% литник, 1% күл және 4-5% басқа заттар болады. Бұдан мақта түбітінде целлюлоза өзге өсімдік материалдарына қарағанда көбірек екені байқалады. Мәселен, ағашта 50-58% қана целлюлоза бар. Сондықтан целлюлоза өндіру үшін мақта жасанды талшықтар мен пластмасса жасауға қажетті аса берік қасиеті бар.

Целлюлоза суда, спирт пен эфирде ерімейтіні мәлім. Халық шаруашылығында одан азот қышқылымен өңдеу арқылы нитроцеллюлоза алынады. Оны спирт пен ацетонда еріткенде хирургияда кеңінен қолданылатын желімдік затқа айналады. Азот қышқылында өңделген целлюлозадан өте күшті қопарғыш зат пироксилин жасалады.

Мақта заводтарында 60-65% шитті мақтаны өңдеген кезде одан 32-33 проценттен астам торқа алынады. Осы торқадан тоқыма өнеркәсібі әсем және мықты мақта –шыт, сәтен, бәтес, шифон, крепдешин, жасанды, жібек, әртүрлі барқыт мата мен бұйым жасап шығарады. Бір тонна шитті мақтаның торқасынан орта есеппен 4000 метрдей әртүрлі мата тоқуға болады. Сонымен қатар, фабрикаларда өңделген мақта торқасы тек мата жасауға қажетті шикізат қана емес, одан техникаға керекті сан алуан заттар да істеп шығарылады. Мақта торқасынан сүзгілер, мотор арасына салынатын заттар, электрлік орауыштар, белдіктер және басқа да бұйымдар жасалады.

Май заводтарында мақта шитін өңдегенде, одан 20-25 процентке дейін май алынады. Ол майды тамақ үшін пайдалануға да, одан глицерин, сондай-ақ басқа да арнаулы май істеп шығаруға болады. Мақта шитін тазартқанда 3 процентке жуық өте бағалы мақта мамығы алынады. Ондай мамықтан жасанды былғары, авиация өнеркәсібі мен автомобильдер үшін сыр, жасанды жібек және басқа бұйымдар істеледі. Май алу үшін өңделген әрбір тонна мақта шитінен 400-420 кг күнжара, 380-400 кг қабық шығады. Бұлар малға  құнарлы азық ретінде пайдаланылады.

Мақта тұқымының эндоспермінде орта есеппен 35,5% белок заты, 6,5% су, 1,8% госсипол, т.б. бар екені ғылыми тұрғыдан анықталған. Эндоспермнің негізгі бөлегі белок пен углевод қосылысынан және фосфор заттарынан тұрады. Мақта майының құрамында 40-45% линолин қышқылы бар, ол архидон қышқылымен қосылып, адам организміне аса қажетті С витаминінің ролін атқарады. Мақта майынан, сондай-ақ, маргарин өндірісінде кеңінен қолданылатын тағамдық сапалас, таза  глицерин мен май қышқылы алынады.

Мақта тұқымынан алынатын күнжара мол азығына аз қосылады, өйткені, оның құрамында мол организміне зиянды госсипол бар. Госсипол ауыл шаруашылығында өсімдік зиянкестеріне қарсы қолданылатын препараттар дайындауға, ал өнеркәсіпте – смола мен пластмасса т .б., медицинада бірқатар ауруларды емдеуге және медикаменттер әзірлеуге пайдаланылады.

Мақта тұқымының эндоспермінен бөлінген қабаты қауыз деп аталады. Оның құрамында 40-41% целлюлоза, 18-22% центоз, 30-31% литник және 3-7% тері илейтін заттар бар. Гидролиздік заводтарда тұқым қауыздарынан глюкоза мен қышқыл алынады.

Мақта өсімдігінің жапырақтарынан лимон және алма қышқылдары, ал сабақтарынан – спиртпен құрылыс материалдары (картон, шифер, престелген тақтайлар, фанера, әртүрлі плиталар), т.б. жасалады. Еліміздің экономикасы Қазақстанның оңтүстігіндегі жергілікті қарапайым тұрғындарына мақта шаруашылығының маңызы өте зор. Халықтар мақтаның қозасын отын қылады. Ол отынды күнделікті үй пешіне немесе ошағына қолданады. Мақтадан шығатын отынды қозаның паясы делінеді. Бұл отын мақтаның қозасынан алынады. Тағы айта кететін маңыздылығы  мақта заводтарында мақтаны өңдегенде, одан талшығынан бөлек линт, пух, қауашақ және қоқымы қалады. Линтті өңдеп одан порох шығарады. Бұл линтті көбіне Қытай  Республикасы Қазақстаннан сатып алып, оны өңдеп порох шығарады. Ал пухты халықтар мал шаруашылығына қолданады. Пух малдың азығы болып саналады. Қауашағы бұл мақтаның қауызы. Қауашақтыда мал шаруашылығында қолданады. Қауашақты суға салып жібітіп, оны малдарға жем есебінде беріледі. Мақтадан өңделген қоқымына келетін болсақ, бұл қоқымды зауыттардан шығарылып, егістік жерлерге қайтадан сеуіп шығады. Бұл қоқым жердің құнарлығын арттырады. Яғни, қоқымды тыңайтқыш ретінде қолданылады.

Мақта шаруашылығында мақтаны қол мен немесе машинамен жинайды. Жиналған мақтаны адамдар алып оны күнделікті қолданыста жүрген көрпе жастық, көрпешеге және т.б. заттарға қолданылады. Мақтаны көрпеге, көрпешеге, жастыққа салмастан бұрын, мақтаны шиттеп, шиті мен  мақтасын бөлек алып, жоғарыда аталған заттарға салады.  Мақтаны салмастан бұрын, оны арнайы машинаға салып, өңдеп алады.

Мақта шаруашылығының Республика экономикасында алатын орны қазіргі таңда қарастырылып отырған ең басты мәселелердің бірі болып отыр. Мұнай мен металл халық шаруашылығына қандай керек болса, мақта да дәл  солай керек болып отыр. Бұл мақта шаруашылығы ХІХ ғ бас кезінен – ақ осы Қазақстан Республикасында егіле бастады. Өзіміздің тәуелсіздігімізді алғалы бері мақта шаруашылығының Қазақстан Республикасының экономикасында алатын орны ерекше болып отыр. Оңтүстік Қазақстан облысы елімізде бірден – бір мақта өндіруші өлке. Бұл өлкеде жыл сайын 400 – 500 мың тонна мақта шикізаты өндіріледі, орташа өнімділік  — 18 – 22 ц/га құрайды. Бұл өңірде мақта шаруашылығы ежелден мықты дамыған. Республикамыздағы суармалы жердің төрттен бірін осы өлкеде алып жатыр. Бұл  — үлкен байлық, зор табыс көзі оны ұқыптылықпен, жанашырлықпен пайдалануымыз керек. Қазақстан Республикасының жері қазақтың пейіліндей кең ғой, бірақ мақта Оңтүстік Қазақстанда ғана өсіріледі. Мақта дақылы өніміне халықаралық сұраныс жоғары. Алайда, осы сұраныстың толық дәрежеде пайдаланылмай  келе жатқанын айту керек. Қазір мұнда мақта майы ғана  өндіріледі деуге болады. Шикізаттың негізгі бөлігі сыртқы, экспортқа   шығарылады. Терең өңделмеген өнім бағасы арзан.

Егер шикізат өзімізде өңделіп, одан мүмкін болатын барлық дайын өнім түрлері шығарылса, табыста қазіргіден әлдеқайда жоғары болар еді.

Қазақстан экспортқа 3 – 3,5 млн. тонна астық  шығарып, оны сатудан 300-350 млн.  АҚШ доллары көлемінде қаржы түсірсе, 150 мың  тонна мақта  талшығын экспорттау 165 млн. АҚШ доллары мөлшерінде пайда әкеледі. Демек, мақта дақылының мүмкіндігін толық пайдалану – кезек күттірмейтін міндет. Сол міндеттің бірі – ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде және  өңдеуде кластерлік жүйені белсенді пайдалану. Солардың алғашқылары – тамақ және тоқыма өнеркәсібі кластерлері.  Аталған кластерлерді өркендетуде мақта шаруашылығы аса зор маңызға ие.

Жалпы алғанда мақта – Отанымыздың халық шаруашылығында алатын орны ерекше. Сондықтан мақта шаруашылығының маңызы өте зор.