Ма Чжиюань туралы қазақша реферат
«Хан сарайында күздегі аққу әндері мен көреген түстер»трагедиясына Ма Чжиюань беделді кейіпкерлерді таңдады. Ол император және династиялық тарихта айтылатын оның ғашығын бейнелеген. Б.з.д. Iғ. ғұн қолбасшысының сарайына Ван Чжаоцзюньды қалыңдыққа жіберді. Ли Бо оның қайғысын қысқаша «Ван Чжаоцзюнь» төрт шумағында толық бейнелей алды. Бұл сюжет XIII — XIV ғғ. драматургтар, Гуань Ханьциннің, У Чанлиннің, т.б. жоғалған қойылымдары үшін тартымды болып келеді. Чжаоцзюнь туралы әңгімелерде көп адамдардың тағдыры көрініс тапты: жорықтар салдарынан көшпенділердің құлдыққа түсуі, дұшпандармен бейбітшілік келісім жасасу ретінде көсемдерге императорлардың қыздарының берілуінде байқалды. Осының барлығы туралы ғұндардың көсемі өзінің алғы сөзінде айтты. Ол қытай сарайына елшілікті алыммен жіберіп, ханшайымның келуін күтті. Қытайдың салтты бұзбау мақсатында өзінің нөкерлері-жүз мыңдаған салтты әскерлерін аттандырды. Бұл жайт ел үшін үрей тудырды. Сахнада ғұн көсемін сарай маңындағы Мао Яньшоу алмастырып отырды. Ол императорға гаремді толықтырып отыруға кеңес берді. Ол үшін елді аралауға дайын екендігін айтты. Император онымен келісе отыра әр арудың суретін салуды бұйырды. Бұл оған өзіне лайықты ханшайымды анықтауға мүмкіндік береді. Бір бақытты жағдай ғана императорға өз таңдауын анықтауға көмектесті. Ол арулар ішінен таңдаған әнші Ван Чжаоцзюньмен кездесуді ұзақ уақыт бойы күтті. Бірақ ол бір мезеттен ғашық болу сезіміне ұласқан жоқ. Бұнда суреттің әдемілігі шынайылыққа емес, ол суретшіге сыйлаған «сыйлық» көлеміне тәуелді болғанына көзі жетті. Ван Чжаоцзюнь оның сұлу абыройы мен шаруа қызының кедейлігінің параға сатып алынуына жол бермеді. Ал Мао оның бейнесін бұрмалады. Император ашуда оның басын кесуді бұйырады, бірақ суретші қашып құтылады. Ғұндардың мекенінде болып, көсемге Ван Чжаоцзюнің қанға сіңген бейнесін көрсетеді. Мао ғұн көсемінің қолдауымен Қытайға зілді талаппен елшіні жібереді. Ол келесідей талап ретінде айтылды: Олар Ван Чжаоцзюньды қалыңдыққа береді немесе Мао Қытайға соғыс жариялайды. Бұл қатал хабар ғашықтардың бақыттарын тоқтатты. Түрлі кеңестерге қарамастан «соғыстың алдын алу үшін ғұндарға өз еркімен бару!» шешімін Ван Чжаоцзиннің өзі қабылдады. Көсеммен бірге кетіп кейіпкер өз міндетін орындады, бірақ ол дәл шекарада долы өзенге құлайды. Әңгімелер бойынша Ван Чжаоцзюнь ұзақ уақыт бойы ғұндар қолында қиналды. Драматург осылайша трагедияны аяқтады. Чжаоцзиннің өлімі ғұндарға Мао Яньшоудың жаңа айлаларын ашты. Кейін көсем екі ел арасындағы өшпенділіктің себебі ретінде оны күзетпен императорға жөнелтті. Дәстүрлі «жабайы» адамның орнына ғұндардың қайырымды мінез-құлқын бейнелеуде Ма Чжиюаньнің жаңашылдығы да көрініс тапты. Ол айыпты ішкі жауға бұрды. Сатқындардың Қытайға кіруде көмектеспегенін ашты. Қорытынды үшінші қойылымда болды. Соңында кейіпкерге атақты конфуцийлік тұрмысқа ұқсас өлгеннен кейінгі құрмет көрсетілді: жазаланған Маоның басын «Чжаоцзюньге құрбандыққа берілді». Император –бұл трагедиядағы басты кейіпкер болып табылады. Жоғарыда аталған барлық арилерді орындады. Император міндет адамы, ешқашан «мың маңызды істен демалыс уақытын бөле алмаған». Бірақ Ван Чжаоцзюньмен кездесуден кейін оның ойыны оның сұлулығын шырқаумен, оған сезімін білдірумен көрсетілді. «Ол өзінің бұрынғы маңызды істерімен шұғылдануды қойды», «мас болғандай, есінен айырылды». Екінші қойылымда император ашулы монологта ғашығын ғұндарға беру қарсылығын айтты». Ол бәрін жалқаулық пен қорқақтықта, басқаға арқа сүйеуде, опасыздықта айыптады. Толығымен қайғылы қоштасуды ол Чжаоцзюннің алдында тұрған сынақтары туралы шырқады. Соңғы көріністерде жалғыссыздық байқалады. Чжаоцзюннің қайта оралу ниетін түсінде көрді, бірақ оны ғұн қуып жетті. Сол уақытта кейіпкерге аққу үні мен ғашығының жылағаны естілді. Оның өлімін «құлаған жапыраққа» теңеп, өзінің өлімімен де байланыстырды. Оның лирикасында бір қойылымнан екіншіге өтуде барлық сезімдер ашылды, кейіпкердің ішкі әлемі мен мінез-құлқы дамыды. Бастапқыда Чжаоцзюнь жалғандықты жақтырмайтын қарапайым шаруы қыз кейпінде бейнеленді. Ол бақытты армандайтын, бірақ арманы үшін абыройына қарсы әрекет жасамады. Елдің бірінші ханымы болып тапсырушылардан ата-анасының босатылуын императордан сұрайды. Кездесуге дайындық кезінде алдағы жарқын болашағы туралы ойлайды. Бұл шаруа қызы қауіпті хабарды естігенде ел үшін жауапкершілік алды және саналы түрде өзін өлімге қиды. Бұл кейіпкер бейнесі арқылы Ма Чжиюанью мықты және ш
ыдамды әйел бейнесін жасады. Трагедияның басты кейіпкерлері орындарымен ауысып отырды. Ондағы император жеке бастама, ал өмірі отбасымен байланысқан қыз мемлекеттің бастамасын ұстанушысы болып табылады. Өзінің кейіпкерлерінің бойына ерекше сезімдерді дарытты. Бо Пу мен Ма Чжиюаньнің бір мәселені шешуі император бейнесінің ұқсастығымен бірігеді: екі кейіпкер де күрделі жеке уайымға енеді. Екеуінің міндетін сыртқы күштердің басын қайтару әрекетімен түсініледі. Бо Пуда бұлкөрініс халық тобымен және әскермен бейнеленеді, бірақ олардың бет-әлпеті жасырын келеді. Ма Чжиюаньда бұл көрініс бір адамкейпінде бейнеленеді және осының негізінде қаһарлы әйел бейнесін жасады. Қоғамдық және жеке даумен байланысу негізінде жасалған классицизм екі драматургтың басты мәселесі болып табылады. Ол бағыттан көрініс табады, ал оны құру үшін Қытайда абсолютизм жоқ. Абсолютті монархияның рөлі жаулап алушылар билігінен шеттетіледі. Даму ойлары бұл билікке қарсы дамиды. Бұл туындылар үшін сюжеттер бұрынғы дәуірдің дауларымен таңдалды. Ондағы мәселелердің қойылуы, яғни махаббат немесе міндет ауыртпалықтың орталығын сыртқы жағдаяттардан ішкі жанжалдарға ауырстырады. Бұл азаматтық шабытты және жоғары трагедия стилін тудырады, сонымен бірге тарихи кейіпкерлерді тұрмыстық идеалдандыру арқылы мінез-құлықтарын жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Жаңа жанрдың белгілері осындай болмақ. Яғни Бо Пу мен Ма Чжиюанмен жасалған тарихи-саяси трагедия арқылы бейнеленеді. Олардың жаңашылдығы Гуань Ханициндікі сияқты қайғылы кейіпкерлердің өлмес бейнелерін көрсетті. Бұл Доу Э міндеті; міндет үшін өмірін қиятын, тек махаббатты білетін Ян Гуйфей; міндет үшін өмірін қиятын, махаббатты түсінген Ван Чжаоцзюнь. Авторлық драматургияның ірі жетістіктеріне қарамастан Қытайдағы театр дәстүрлі түрде дами бастады. XIII — XIV ғғ.тоғыз амплуа немесе маска дайын болды. Олар азаматтық және әскери, жағымды және жағымсыз, басты және екінші кезекті кейіпкерлер ретінде болды. Актерлердің мамандануы бейнені түсінуде типтік біліктердің жинақталуына әкелді, бірақ уақыт өте келе бұл біліктер шартты театрлы фигураға айналды. Жеке бейненің байлығы сыртқы абстракті сызбанұсқамен алмасып отырды. Маскадағы ойындар мимикалық өнердің дамуын шектеді. Маскалар клоунада мен импровизация сияқты бұл театрды итальяндық commedia dell’arteменге жақындатты. Қойылымның дайындалуы ортағасырлық театр ерекшеліктерімен ортақтас болды: барлық рөлдер, сырт киімдер, ал бояу мен реквизитқа аз мән берілді. Ойынның бұндай дәстүрлі тәсілдері, актерлерді цехтік ұйымдастыру қала өнерінің ерте қалыптасуына қарамастан театрға әдебиетпен шынайы қосылуына кедергі келтірді. Себебі авторлық ой актерлық және режиссерлық тұрғыда нақты іске аспада. Либретто ретінде өмір сүрген туындылар «оқуға арналған драма»түрінде берілді. Бұндай драмалар қытай драматургиясында өз мәнін жоғалтқан үшін. Бұл қойылымдар әңгіме түрінде баяндалады. Актерлық өнерге бейімделмеді, онда диалог пен монологтар аз қолданылады. Олардың авторлары өзінің міндеттеріне әдебиет тұрғысынан қарады, сондықтан мистериалды драманың ірі формасын қолданды.