М.Форвергтің ғылыми әлеуметтік-психологиялық тренинг жасауы туралы қазақша реферат
70 жылдары Лейпциг пен Йенск университеттерінде М.Форвергтің басшылығымен ғылыми әлеуметтік-психологиялық тренинг жасалды. Оның зерттеген саласы-өндірістік мекемелерге басшыларды әлеуметтік- психологиялық тұрғыда дайындау болды. Тренингтің негізгі құралдар болып рөлдік ойындарды драматизация элементтерімен, тиімді коммуникация дағдыларын қалыптастыратын шарттарды жасайды. Әлеуметтік-психологиялық тренингтің өркен жаюы 80 жылдарда басталды.
1982 жылы Л.А.Петровскаяның теориялық және әдіснамалық аспектілерге арналған монографиясыжарияланды. Л.А.Петровская «әлеуметтік — психологиялық тренинг» ұғымында топтық жұмыстың белсенді әдістеріне негізделген психологиялық әсер етудің тәжірибесін ұғынуды ұсынды. Әлеуметтік-психологиялық тренингтің негізгі мақсаты ретінде көптеген авторлар қарым-қатынаста компетенттілікті жоғарлатуды жатқызады. А.Петорвская қарым-қатынастағы компетенттілік ұғымында тұлғааралық қарым-қатынас барысындағы білімдердің дамуын, әлеуметтік нұсқаулар, икемділіктер мен тәжірибенің алмасуын түсінді.
В.П.Захаров пен Н.Ю.Хрящева қарым-қатынастағы компетенттіліктің дамуы үшін келесі міндеттер шешу қажет деп көрсетеді:
-қарым-қатынастың икемділіктері мен дағдыларын игеру;
-тұлға, топ, қарым-қатынас психологиясы саласында білімдерді игеру;
-қарым-қатынасты жақсартатын білімдердің дамуы мен қалыптасуы,
түзетуі;
-басқа адамдар мен өзін адекватты бағадаудың қабілеттерінің дамуы;
-тұлға қарым-қатынас жүйесінің дамуы.