МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Тарау 1 Қазіргі геосаясат: Қытай Халық Республикасы мен Араб мемлекеттерінің саяси ұстанымдары
1.1Жаңа әлемдік тәртіп мәселесі. Қауіпсіздік факторы
1.2 Жаңа әлемдік саясаттағы Қытай факторы
1.3 Жаңа әлемдік тәртіптегі Араб фактор
2 тарау. ХХ ғ. аяғы және ХХІ ғ. басындағы ҚХР мен Араб мемлекеттерінің қатнастары хақында
2.1 ҚХР сыртқы саясат стратегиясы
2.2 Жетекші Араб мемлекеттерінің саяси ұстанымдары
2.3 ҚХР — ның Араб мемлекеттерімен саясаты: халықаралық және аймақтық қатнастардағы мұнай саясатындағы Араб факторы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жаңа геосаяси жағдайда ҚХР мен Араб мемлекеттері геосаяси және геоэкономикалық ерекшеліктеріне қарай әлемнің ірі мемлекеттерінің назарын аударған стратегиялық маңызды аймаққа айналды. Бұл ең алдымен ҚХР –ның күшеюі мен Араб мемлекеттерінің мұнай факторына байланысты болып отыр.
Қазақстан үшін әлемнің жаңа геосаяси күштерімен қарым-қатынас орнату стратегиялық маңызды. мәселе
Бітіру жұмысының өзектілігі, ең алдымен, ҚХР мен Парсы шығанағындағы қазіргі геосаяси жағдайымен тікелей байланысты.
ҚХР мен Араб елдері Қазақстан үшінде маңызды серіктес. Осыған сәйкес ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «әлемдік шаруашылық байланыстардың қазіргі заманғы даму бағыты «теңдік, ерікті жэне прагматикалық қызығушылық негізіндегі интеграционизм бұл — Еуразия үшін лайықты келешек, яғни тек сондай жағдайда гана ол XXI ғасырдағы әлемдік экономика мен саясаттың жаһандық факторы бола алады» деген болатын [1].
Қарастырылып отырған тақырыпқа ғылыми тұрғыда баға берудің тағы бір қажеттілігі – ҚХР мен Араб мемлекеттерінің Қазақстандағы саяси әрі экономикалық мүдделерін айқындау болып табылады.
Қазақстан үшін сыртқы саясатының негізгі мақсаттарының бірі аймақтағы саяси қауіпсіздікті сақтау болып табылады. Қазақстан үшін Қытай мен Араб мемлекеттерінің және Исламның аймақтағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығы үлкен маңызға ие болады. Өйткені бүгінгі таңда халықаралық деңгейде ушығып отырған аймақтық, тіпті әлемдік қауіпсіздікке нұқсан келтіретін халықаралық лаңкестік, діни экстремизм, ұлттық сепаратизм сияқты келеңсіз құбылыстармен күресу бір ғана мемлекеттің қолынан келмейді.
Заман талабынан туындаған интеграциялық процестер нәтижесінде құрылған аймақтық ұйымдардың қызметі оның айқын көрінісі болмақ. «Шанхай ынтымақтастық ұйымының» пайда болуы аймақ қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтау мақсатында құрылғанын айту керек. ҚХР сыртқы саясаты өз тарапынан бұл ұйымға белгілі деңгейде қызығушылық танытып отырғаны белгілі. Орта Азия мемлекеттері осы ұйым шеңберіндегі ынтымақтастықты Қытай мен Ресейдің әлеуеті арқылы қауіпсіздікті сақтаудың және экономикалық дамуға жетудің жолы ретінде қарастырса, Қытай осы ұйымдағы өзінің жетекші орнын пайдалана отырып, аймақтағы негізгі ықпал етуші күшке айналуды мақсат тұтатыны сөзсіз. Көптеген саясаттанушылар Қытай үшін «ШЫҰ»-ның қызметі сондай-ақ аймақтағы АҚШ ықпалын бәсеңдету үшін қажет деп есептейді.
Қытай мен Араб мемлекеттерінің АҚШ-тың аймақтағы ықпалын бәсеңдету үшін өзара саясатын сараптауда маңызды.
Жалпы жұмыстың тақырыбы болып табылатын ҚХР –ның сыртқы саясатындағы Араб векторы теориялық және практикалық жағынан талдау мен сыртқы сяасттағы басымды бағыттарды айқындау және олардың өзара ықпалдастық деңгейін талдау тараптар арақатынасының болашақтағы дамуына және сыртқы саясаттағы мұнай факторына баға беруге мүмкіндік береді, бұл зерттеу жұмысының өзектілігін арттыра түсері сөзсіз.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі ҚХР құрылу мен Араб мемлекеттерінің тәуелсіздік алған уақытынан бастап бүгінгі күнге, 21-ші ғасырдың алғашқы онжылдығының 1-ші жартысына дейінгі аралықты қамтиды.
Бітіру жұмысының мақсаттары мен міндеттері.
Бітіру жұмыстың негізгі мақсаты ҚХР – ның сыртқы саясатындағы Араб факторын жүйелі және комплексті түрде зерттеу болып табылады. Осындай мақсатқа сәйкес зерттеу жұмысының алдына мынадай мақсаттар қойылады:
- Жаңа әлемдік тәртіп мәселесі. Қауіпсіздік факторы
- ҚХР – ның сыртқы саясатының қалыптасуының страгеясы мен теориялық негіздерімен ерекшеліктерін айқындау;
- ҚХР мен Араб мемлекеттерінің ЖӘТ орнын анықтау ;
- ҚХР сыртқы саясат стратегиясын айқындау;
- Жетекші Араб мемлекеттерінің саяси ұстанымдарын талдау;
- ҚХР — ның Араб мемлекеттерімен саясатын халықаралық және аймақтық қатнастардағы мұнай саясаты негізінде сараптау;
Бітіру жұмысының ғылыми зерттелу деңгейі.
ҚХР мен Араб мемлекеттерінің дипломатиялық байланыстарына байланысты XX ғасырдың 50 — жж бастап ғылыми -дипломатиялық зерттеулер орын алған. Бүгінгі таңда ҚХР жетекші Араб мемлекеттерімен сыртқы саяси байланыстар кең аумақты саяси қызығу құралына айналды. ҚХР сыртқы саясаты, оның ішінде араб факторы көптеген зерттеушілердің еңбектеріне арқау болды.
Бітіру жұмысында пайдаланылған еңбектер қатарында алдымен ҚР Президенті және қазақстандық дипломаттардың еңбектерін айтуға болады. Мысалы, Н.Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы»[4], «Ғасырлар тоғысында»[5], «Сындарлы он жыл»[6] атты еңбектері еліміздің егемен ел ретінде ішкі және сыртқы саясатын қалыптастырып, даму бағытын қарастырған. Оның ішінде ҚХР мен Араб мемлекеттеріне байланысты және бұл мемлекеттермен өзара тиімді экономикалық, саяси, достық, әріптестік байланыстарды дамытудың қажеттілігі баяндалады. Қазақстанның егемен ел ретінде сыртқы саяси бағыттарын айқындауы, оның халықаралық қауымдастыққа толыққанды мүше ретінде кіруі және Қазақстан – Қытай, Қазақстан мен Араб мемлекеттерінің дипломатиялық қатнастарын, ҚР экс – сыртқы істер министрі, қазіргі таңда ҚР Сенат төрағасы Қ.Тоқаевтың «Под стягом независимости[7]», «Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации», «Беласу» [8]атты еңбектерінде қарастырған. Қ.К. Тоқаев Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі жүргізген сыртқы саясаты баяндалып, сыртқы саясаттың бағыттары, кезеңдері және басым жақтары қарастырылған. Соның ішінде ҚР мен Қытай дипломатиялық байланысына жалпы шолу жасай отырып, Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстар қарастырылып, Қазақстан мен Араб түбегі елдерімен байланыстардың жекелеген салаларына талдау жасалынған.
Сонымен қатар бітіру жұмысында Қытай және Араб мемлекеттерінің басшыларының еңбектері жұмыстың тақырыбын ашуда пайдаланылды. Олардың қатарында ҚХР реформаларды атасы Дэн Сяопин, Араб мемлекеттік қайраткерлерінің еңбектерін атап өтуге болады.
Бүгінгі таңда зор жетістіктерге жеткен Қытайдың экономикалық дамуы туралы ҚХР мемлекет басшылары еңбектері мен саяси сұхбатттары кірген. Бұл еңбектерде ҚХР өзіндік даму жолымен жүруге және қытайлық ерекшелігі туралы баяндалады. .Сонымен бірге Қытай экономикада реформаға бағыт алу қажеттігін және сыртқы байланыстарды кеңейту керектігі баяндалады [11].
Қытайдың жалпы сыртқы саяси бағыты мен оның Араб мемлекеттерімен жүргізген саясатына талдау жасауға бірқатар Ресей зерттеушілері мен ғалымдарының еңбектері арналған. Олардың ішінде Е.Примаков,М.С.Капица,. Сакснов М. Королевство нефтяных скважин // Промышленность Казахстана. — 2004.;Брутенц К.Н. Тридцать лет на Старой площади. Мемуары. — М.: Международные отношения, 1998.Тьюгендхэт К.ч Гамильтон А. Нефть. Самый большой бизнес. -М.: Прогресс, 1978.
О Комнор X. Империя нефти. — М.: Наука, 1968. Шевалье Жан-Мари Нефтяной кризис. — М.: Прогресс, 1975.Ергин Д. Добыча. Всемирная история борьбы за нефть., деньги и власть / Пер. с англ. — 2-е изд. — М.: Изд. ДеНово, 2001.Мерке, Фред. Черная кровь / Пер, с нем; Авт.предисл. И.А. Симония. — М.: Наука, 1978.Кинтеро Родольфо Нефтяные конкистадоры. — М.: Прогресс, 1976.Араслы Э.Г. Экономические связи ОАР с арабскими странами. — М.: Наука, 1967.Андреасян Р.Н.; Казюков А.Д. ОПЕК в мире нефти. — М.: Наука, 1978.Андреасян Р.Н., Эльянов А.Р. Ближний Восток, нефть и независимость / Предисл. Р.М. Авинова. — М.: Изд.вост.лит.. 1961.Баскин В.С. Нефтяные монополии на Ближнем и Среднем Востоке. — М.: ГосПолитиздат, 1957. Беляев И.П., Примаков Е.М. Египет: время президента Насера. — М.: Мысль, 1974. Бирюлин В.В, Нефтегазовая промышленность Венесуэлы / М-во нефтедобывающей пром-сти. СССР. Все-союз. Науч-исслед. Ин-т организации, управления и экономики нефтегазовой пром-сти. Обзор зарубежной литературы. Серия «нефтегазовая геология и геофизика. -М., 1967. Бондаревский ГЛ. Багдадская дорога и проникновение германского имперапизма на Ближний Восток /1888-1903/. -Ташкент: Госиздат УзССР, 1955. сияқты зерттеушілерді атауға болады
Қазақстандық зерттеушілер Қазақстан мен Қытай және Қазақстан мен Араб мемлекеттерімен дипломатиялық байланыстарға мәселелерге басаназар аударған
Қазақстан сыртқы саясатында мемлекеттік маңызы бар мәселелер турасында жазған белгілі тарихшы-ғалымдардың еңбектері де бар.
Парсы Шығанағы аймағы тәуелсіздік алғаннан кейінгі ұлттық, аймақтық, ғаламдық, саяси, экономикалық, әскери қауіпсіздігі, сонымен қатар геосаяси жағдай мен өңірдің әлемдік саясатта алатын орны сияқты мәселелер белгілі ғалым Ө.Қасеновтің еңбектерінде қарастырылып, жан-жақты талдау жасалынған[6].
Сонымен бірге зерттеуші К.Л. Сыроежкин мен М.Лаумулиннің бірқатар басылымдары Қазақстан, мен Қытай және ҚХР әлемдік саясаттағы ролі, қарым-қатынасы тұрғысындағы батыс зерттеушілерінің, әсіресе американдық зерттеушілердің, көзқарасын баяндайды. Олардың ішінде Г.Фуллер, Дж.Гинсбург, Ч.Анделенд, Н.Платт, Кайзер, М.Олкотт және т.б. бар.
Қазақстан сыртқы саясатына қатысты әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты кафедрасының оқытушылары Ж.У.Ибрашевтің, К, Қожахметовтың, Қ.Е.Байзақованың, Ф.Т.Көкееваның, Қ.Жүністің және т.б. еңбектері бар.
Зерттеу жұмысында Қытай мен Араб ғалымдары мен зерттеушілерінің еңбектері де пайдаланылды. Қытайлық зерттеушілер ҚХР мен Араб елдерінің арасындағы байланыстардың жаңа кезеңдегі мұнай факторына жалпылама әрі жеке-жеке сипаттама берген.. Кейбір еңбектер Кеңес Одағы ыдырағаннан бұрынғы кезеңдегі қарым-қатынастарға арналған. Олардың ішінде Лю Цин Цай. Современная внешняя политика Китая и кит-рос. Отношения. //Проблемы Дальнего Востока. № 5, 2004.; ДунОу ЧжунъЯ яньцзю. 1994;.Чжен Кун Фу. Геополитика Казахстана: между прошлым и будущим. Алматы. Жеті Жарғы. 1999.;Чжунъ Я яньцзю. 1998. 3-4. 39 бет.;ДунОу Чжунъ Я яньцзю. Бэйцзин. №5. 1996;Чжунъ Я яньцзю. 1998. Хасан Али Ибраһим, Хусейн Мұхаммед Ахмад Хамадей. Хусейн Шарик., Абд Рахим Закир Хасан. Неджати Голамреза т.б.
Зерттеудің деректік негізі. ҚХР мен Араб елдерінің дипломатиялық қатнастары оның сыртқы саясатын зерттеудің деректік негізгі көздерін төмендегідей бес топқа бөлуге болады.
Зерттеу көздерінің бірінші тобын дипломатиялық құжаттар құрайды. Олар ҚХР мен Араб мемлекеттерінің дипломатиялық қатнастарды дамыту барысында қол жеткізілген келісімдер, декларациялар, коммюникелер т.с.с. Мысалы,
Деректік көздерінің екінші тобына ел басыларының, сыртқы істер министрлерінің, елшілердің баяндамалары, өзара сапарлар барысындағы сөйлеген сөздері және әртүрлі ақпарат құралдарына берген сұхбаттары кіреді. Олар берілген жұмыстың теориялық-әдістемелік негізін құрайды.
Зерттеу жұмысында қолданылған деректердің үшінші тобын Қазақстанның, Ресейдің шығыстанушыларының, соның ішінде саясатшы, тарихшы ғалымдардың зерттеулері мен монографиялары құрайды.
Ал деректердің төртінші тобын отандық және шетелдік мерзімді басылымдарда кездесетін алуан түрлі ақпарат құжаттары кіреді. Ондай мәліметтер Қазақстанның «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Жас Алаш», «Түркістан», «Деловая неделя», «Панорама» газеттерінде және «Дипломатия жаршысы», «Ақиқат», «Саясат», «Казахстан-Спектр», «Центральная Азия и Кавказ», «Казахстан: экономика и жизнь», «Казахстан и современный мир», «Аналитическое обозрение», «Континент» журналдарында бар. Ал Ресейдің «Правда», «Известия», «Аргументы и факты», «Независимая газета» газеттері мен «Проблемы Дальнего Востока», «Мировая экономика и международные отношения», «Азия и Африка сегодня», «Нефть и газ», «Железнодорожный транспорт» журналдары пайдаланылды.
Зерттеу жұмысында пайдаланылған деректердің бесінші тобын Қазақстан мен жетекші мемлекеттердің ақпарат агенттіктерінің хабарлары құрайды. Мұндай ақпарат агенттіктердің қатарында Қазақстанның «Хабар», «ҚазААГ», «Интерфакс-Казахстан», Ресейдің «Новости», «ИТАР-ТАСС» агенттіктері бар. Ақпарат агенттіктерінің хабарлары, негізінен, интернет желісінен алынған.
Деректерді пайдалану жұмыстың алдына қойған мәселелерді мейлінше толық зерттеуге және жұмыстың мақсаттары міндеттерін ашуға мүмкіндік бергені сөзсіз.
Бітіру жұмысының әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысының теориялық негізін отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми қорытыныдылары құрайды. Бітіру жұмысы тарихи оқиғаларға және сан-саладағы мемлекетаралық құжаттарға жинақтау, талдау, жүйелеу әдістері қолданылды. Сонымен қатар кеңінен қолданылатын тарихи-салыстырмалы және жүйелеу әдістері де зерттеу жұмысына арқау болды. Бұл әдістер ҚХР мен Араб мемлекеттерінің сыртқы саясатын жүйелі түрде айқындауға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысын ғылыми негізде жүйелеп, оның нәтижесін шығару үшін, сол арқылы баяндау, талдау және болжау түрінде негізгі мақсаттарға қол жеткізу үшін ғалымдар әртүрлі әдістерді зерттеген. Сыртқы саясаттың дамуына батыс зерттеушілері, әсіресе американдық саясаттанушылар, өз үлестерін қосқан. Олар зерттеудің билікті-элиталық, плюралистік, ұйымдастырушылық-құрылымдық, рационалды, бюрократиялық-саяси модельдерін ұсынып, сыртқы саясат пен халықаралық қатынастарды зерттеу мен талдаудың көптеген әдістемелерін дамытқан.
Зерттеу жұмысында саяси құбылыстарға баға берудің тағы бір әдісі ретінде ойындар теориясы пайдаланылады. Бұдан 40 жыл бұрын метематик Джон фон Нойманн мен экономист Оскар Моргенштерн экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын табуға тырысқан, сол орайда өздерінің «Ойындар теориясы және экономиканың тәртібі» атты ортақ еңбегінде көрсетілген классикалық ойындар теориясын жасап шығарған. Оның негізінде рационализм принциптері бойынша жұмыс істейтін субъектілердің типтеріне талдау және болжау модельдері құрылатын мүмкіндік теориясы жатыр. Біртіндеп бұл ойындар теориясы ғылымның басқа да салаларына қолданылатын құралға айналды. Саясат ғылымында ол құрылым мен процесс тұрғысынан алғанда, мемлекетаралық келіссөздер сияқты саяси құбылыстарды зерттеудің салыстырмалы әдісі болып табылады.
Бітіру жұмысыныың құрылымы кіріспеден, екі тараудан тұрады.
Дипломдық жұмыс / 55 бет