М А З М Ұ Н Ы
К І Р І С П Е …….3.
І Т А Р А У
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰНИ ЖӘНЕ ОНЫҢ
«ҚҰТТЫ БІЛІК» ДАСТАНЫ….6.
ІІ ТАРАУ
ДАСТАНДАҒЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР МЕН НАҚЫЛ
СӨЗДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ……18.
ҚОРЫТЫНДЫ…….43.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……..46.
К і р і с п е
Түркі халықтарынан шыққан әйгілі ақын, түркі тіліндегі классикалық әдебиеттің негізін салушы- Жүсіп Баласағұни. Х-ХІ ғасырларда шығыс елдерінде, атап айтқанда, арабтар мен парсылардың әйгілі ақындарының шығармашылығынан сусындап, өзі де сол дәстүрде шығарма жазуды алдына мақсат етіп қойған ақын. Ақынның жастайынан өнерге, білімге деген құштарлығы сол тұстағы Қарахан мемлекетінің билеушісі Сатуқ Богра ханның сарайында білім алып, қызымет етуге деген қызығушылығын туғызған. ХІ ғасырда Қараханидтер мемлекетінің астанасы Баласағұн (Құз-Орда) шаһары мәдениет ,ғылым-білім саласында басқа қалаларымен салыстырғанда оқ бойы озық тұрған болатын. Оған дәлел ретінде Махмуд Қашқари «Диуани луғат ат- түрк» (1072-1074) сөздігі мен Жамал Қашқаридың «Мүлхакат ул Сурах» (1230-1305) т.б. шығармаларды айтсақ та жеткілікті.
Ж.Баласағұни де осы қалада білім алып, өнерпаз әкесінің тәрбиесінде шыңдалады. Өсе келе әке жолымен «Құсайынның дерті» дейтін күй де шығарады. Кейін өзі өмір сүрген өлкедегі түркі халықтарының салт-дәстүр, әдет-ғұрпымен жете танысады. Ол өзінің әйгілі шығармасы «Құдағту білікті» (1) 1069-1070 жылдардың аралығында жазған. Таза дидактикалық, моральдық-этикалық қағидаларды қамтитын бұл шығарма 85 тараудан, 6500 бәйіттен тұрады. «Құдатғу», «құт», «бақыт», «құтты», ал екіншісі «сөз» — «білім» деген мағынаны білдіреді. Ақын бұл шығармасында өзі өмір сүрген ортадағы түркі халықтарының 500-ге тарта мақал-мәтелін пайдаланады. Солардың ішіндеқазіргі қазақ тілінде қаз-қалпында кездесетіндері де бар. Ақын, сондай-ақ өз тарапынан небір түйінді, тұжырымды,нақылға бергісіз қанатты сөздерді қалыптастырған. Ж.Баласағұнидың «Құтты білі» дастанының осындай ерекшелік сипатын ескере келіп, «Ж.Баласағұнидың «Құтты білік» дастанындағы қанатты сөз үлгілері» деген тақырыпты диплом жұмысымызға арқау етіп алдық.
Соңғы жылдары «Құтты білік» дастаны жөнінде Х.Сүйіншәлиевтің (2), Н.Келімбетовтың (3), Ә.Дербісәлиевтің (4), А.Егеубайдың (5), тілші ғалым Ә.Құрышжанұлының (6) жекелеген мақалалары мен ғылыми-зерттеу еңбектері жарыққа шықты. соған қарамастан, дастандағы қанатты сөз үлгілері әдебиетші, фольклортанушы ғалымдардың арнайы зерттеу объектісіне айнала қойған жоқ. Тіптен, дастандағы мақал-мәтелдерді тұтастай қамтыған жеке жинақ та жарыққа шығарылған жоқ. Егер бұл мәселе оң шешімін тауып жатса, қазақ халық ауыз әдебиетінің ежелгі үлгілерін оқыту бұрынғыдан да нәтижелі болатындығы анық. Сөзсіз, қазақ мақал-мәтелдерінің де туу, қалыптасу, даму кезеңдері жайлы маңызды мағұлмат ала аламыз. Осы тараптан келгенде біз қарастырып отырған тақырыптың бүгінгі күн талабымен үндескен өзектілік сипаты айқындала түседі.
Мақал-мәтелдер халқымыздың ғасырлар бойы қалыптастырған көркем ойлау жүйесі мен өмірлік тәжірибесінің, философиялық таным-түсінігінің жемісі. Олай болса «Құтты білік» дастанында көрініс тапқан мақал-мәтелдердің қазақ халқының ауыз әдебиетінде қалай жалғасын тапқандығы, өзгеріске түскендігі, мағаналық үндестігін айқындау біздің диплом жұмысымыздың негізгі мақсаты болып табылады. Ж.Баласағұнидың даналыққа толы ғибратты ойлары қазақтың жазба әдебиетінде де дәстүрлі жалғасын тапқан. Әдебиеттегі дәстүр ұғымы- бір ұрпақтан келесі ұрпаққа ұдайы ауысып отыратын, тарихи тұрғыдан қалыптасқан нормалар мен іс-әрекеттердің рухани негізі десек, «Құтты білік» арқылы жалғасын тапқан көркемдік дәстүрдің кейінгі қазақ поэзиясында ықпал етпеуі мүмкін емес. Олай болса, бұл мәселелердің де басын ашу дипломдық жұмысымыздың міндетіне кіреді.
Дипломдық жұмыс / 46 бет