Күлтегін жыры және қазақ эпосы

Күлтегін жыры және қазақ эпосы туралы қазақша реферат. Түрік қағанатының есімі мәшһүр әскери қолбасшысы, даңқты батыры Күлтегіннің он алты жасынан бастап, қырық жеті жасына дейін, яғни өлгенге дейінгі ерлік істері эпостық сарынмен жырланады. Күлегін тарихи адам болса да жырда ол бейне бір аңыз қаһарманындай ешқашан жеңілуді білмейтін батыр ретінде көрсетілген.

Күлтегін ескерткіші тарихи фактілер тізбегі емес, ежелден еркіндік аңсаған түркі халқының бақытты өмір жайындағы арман-қиялын, тәуелсіздік үшін ғасырлар бойы жүргізіп келген ерлік күресін, кескілескен шайқастарда қол  бастаған хас батырларын жыр еткен батырлық эпосының алғашқы үлгілері деп танығанымыз жөн сияқты.

Міне осы тұрғыдан қарағанда тайпа-ұлыстық  дәуірде өмірге келген «Алпамыс», «Қамбар», «Қобыланды» және «Шора батыр» сияқты қазақ эпостарының да «күлтегін» жыры секілді тарихи негіздері бар болуы ықтимал. Бұл туралы академик Ә. Марғұлан өзінің «Қазақтың ерлік жырындағы әлеуметтік сарындар» деген мақаласында қазақ эпосының халықтық сипаты мен тарихи негіздері барлығын ерекше атап көрсетті.