Кремнийорганикалық сұйықтықтар (силиконды майлар)

Кремнийорганикалық полимерлердің бір түрі. Силиконды сұйықтар (полимерлі метилсилоксандар, метилдифенилсилоксандар) тұтқырлығы температураға аз тәуелді болғандығынан гидравликалық майлар ретінде қолданылады.  Минералды майлар тұтқырлығын +500С тан 700С қа дейін 400 есе, ал метилсилоксандар 29 есе (оларды гидрофобизатор ретінде қолданады) өзгертеді. Полиметилфенилсилоксандар әртүрлі металдардың жанасу беттеріне термотұрақты майлаушылар түзеді. Метилсиликонды майлар тиімді көбік басқыш болып табылады, олар химиялық инертті және минималды концентрацияда (1:1000, 1:10000) қолданылады. Кремнийорганикалық жылуөткізгіштер (кремний қышқылының мономерлі және полимерлі эфилер) термотөзімді, көптеген материалдарды коррозияға ұшыратпайды, жанғыш емес және сондығынан кең таралған су, су буы, жанғыш газы сияқты жылуөткізгіштерді айырбастай алады.