Кремнийорганикалық полимерлер

Кремнийорганикалық полимерлер макромолекуласының қарапайым буыны кремний, көміртек атомы және тағы басқа элементтерден тұратын жоғары молекулалы қосылыстар. Кремнийорганикалық полимерлер негізгі тізбектің химиялық құрылысына байланысты 3 негізгі топтарға бөлінеді:

  1.  Кезектескен кремний және т.б. элементтерден (О, N, S, Al, Ti, В және т.б.) тұратын макромолекулалардың бейорганикалық негізгі тізбектерінен;
  2.  Кезектескен кремний және көміртегі, ал кейде оттегі атомдарынан тұратын макромолекулалардың органобейорганикалық негізгі тізбектерінен;
  3.  Макромолекулалардың органикалық негізгі тізбектерінен.

Басқа полимерлер сияқты, кремнийорганикалық полимерлерді басты полимерлік тізбектерінің құрылымына қарай келесілерге бөлуге болады:

  • Сызықты
  • Тармақталған
  • Циклосызықты (сатылы)
  • Тігілген (оның ішінде циклоторлы)

Сонымен қатар кремнийорганикалық полимерлер, силикондар, каучук, смолалардың үлкен топты сұйықтықтары болып табылады. Олардың барлығының құрамында органикалық көміртегімен тікелей немесе оттегі арқылы (полиорганосилоксаны) байланысқан кремний болады.