Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі N 94 Заңы Тұрғын үй қатынастары туралы Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдары.
1.Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңы азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың қатысуымен:
1) тұрғын үйлерге меншік құқығының және оларды пайдалану құқығының пайда болуы мен тоқтатылу негіздеріне;
2) тұрғын үйлерді пайдалану құқығының жүзеге асырылуына;
3) тұрғын үйлерге қойылатын талаптарға;
4) тұрғын үй қорларының сақталуы мен жөнделуінің қамтамасыз етілуіне;
5) азаматтардың тұрғын үй саласындағы құқықтарының сақталуын және тұрғын үй қорының пайдаланылуын мемлекеттік органдардың бақылауына байланысты қатынастарды реттейді.
2. Қазақстан Республикасында тұрғын үй қатынастары осы Заңмен, Азаматтық кодекс нормаларымен және соларға сәйкес шығарылатын өзге де заңдармен реттеледі.
3. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға, тұрғын үй қорының дамытылуы мен ұлғайтылуына байланысты қатынастар осы Заңда белгіленген талаптарды ескере отырып, тиісті заңдармен реттеледі. U070383
4. Мейманханаларда, пансионаттарда, интернаттарда, қарттар үйлерінде және осындай мақсаттағы басқа да үй-жайларда тұру заңдарымен реттеледі.
Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры.
1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры жеке және мемлекеттік тұрғын үй қорларын қамтиды:
1) жеке тұрғын үй қоры — азаматтар мен заңды тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі, мемлекеттік емес меншік нысанына негізделген тұрғын үйлер;
2) мемлекеттік тұрғын үй қоры — меншік құқығымен мемлекетке қарасты және жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы (мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қоры) не мемлекеттік кәсіпорын қарамағындағы (мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қоры) тұрғын үйлер.
2. Тұрғын үй қорына тұрғын үйлердегі тұрғын емес үй-жайлар кірмейді.
3. Жеке тұрғын үй қорының және мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорының үйлеріндегі тұрғын үй-жайларды жергілікті өкілді және атқарушы органдардың немесе өзге де ұйымдардың мәжбүр етіп алуына, осы Заңда және басқа заң актілерінде көзделгендегіден басқа жағдайларда тыйым салынады.
Тұрғын үйлерді пайдалану
1. Тұрғын үйді (тұрғын үй-жайды) немесе оның бір бөлігін тұрғын емес мақсатқа пайдалануға осы Заңда көзделген жағдайларда жол беріледі.
2. Тұрғын үйді пайдалану оның бұзылуына немесе бүлінуіне әкеліп соқпауға, басқа тұрғындардың тұру жағдайларын бұзбауға, қоршаған ортаға залал келтірмеуге тиіс.
3. Тұрғын үйдегі тұрғын үй-жайлар мен тұрғын емес үй-жайларды қайта жабдықтау мен қайта жоспарлауды үй-жай иесінің келісімімен және жобаның құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келуіне жауап беретін заңды немесе жеке тұлға орындаған жоба болған жағдайда жүзеге асыруға болады. Жобаның міндетті талаптарға сәйкестігін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган растайды.
Үй-жайларды қайта жабдықтау және қайта жоспарлау жөнінде нақты атқарылатын жұмыстардың жобаға сәйкестігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен меншік иесі мен жұмысты атқарушы жауап береді.
Үй-жайларды (пәтерлерді) өзгерткен (қайта жабдықтаған, қайта жоспарлаған) кезде тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің міндетті жазбаша келісімі, мынадай:
— өзгерістер тіреуіш конструкцияларды қозғаған;
— өзгерістер ортақ мүлікті қозғаған жағдайларда, талап етіледі.
Жоғарыда аталған өзгерістер өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас басқа да үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің ғана мүдделерін қозғаған жағдайда, тек аталған адамдардың ғана жазбаша
келісімін алу талап етіледі.
Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу.
Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу, оның кімге тиесілі екеніне қарамастан, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен Қазақстан Республикасы үшін бірыңғай жүйе бойынша жүзеге асырылады.
Тұрғын үй дауларын шешу
1. Тұрғын үйге құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды сот шешеді.
2. Азаматтарды және заңды тұлғаларды олардың тұратын тұрғын үй-жайларынан тек осы Заңда белгіленген негіздемелер бойынша, сот тәртібімен ғана шығаруға болады.
Шетелдік заңды тұлғалардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың тұрғын үй қатынастарындағы құқықтары мен міндеттері.
1. Қазақстан Республикасында шетелдік заңды тұлғалар мен шетелдіктер, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгіленбеген болса, тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен және азаматтарымен бірдей құқықтарды пайдаланады және сондай міндеттерді мойнына алады.
2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең құқықтарды пайдаланады және сондай міндеттерді мойнына алады.
10-бап. Халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Тұрғын үйге жеке меншік құқығын алу
11-бап. Тұрғын үйді сатып алу құқығы
1. Азамат немесе заңды тұлға, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы аумағының қай жерінде тұратынына қарамастан, жеке меншігіне заңды түрде тұрғын үй сатып ала алады. P07005S
2. Бір азаматтың немесе заңды тұлғаның меншігіндегі тұрғын үйлердің саны мен көлеміне шек қойылмайды.
3. Тұрғын үйге меншік құқығын алуға немесе жүзеге асыруға байланысты қатынастар да Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.